XIX ғасырдағы Жәңгір хандығындағы іс жүргізу

XIX ғасырдағы іс жүргізу туралы сөз қозғалғанда Жәнгір ханның кезіндегі іс жүргізуге тоқталмай өтуге болмайды. Тарихтан белгілі үлкен аймақта билік құрған. Білімді, заман талаптарын тиімді меңгерген хан өзінің хандығында қатынас пен хат – хабарды кез келген түкпіріне жылдам жеткізу жолдарын қарастырды. Мұны старшындардың әкімшілік, сот істеріне қатысты өзінің бұйрықтарын, жарлықтарын, нұсқауларын мүлтіксіз, әрі мезгілінде орындатудың тәсілі деп санады. Осындай тәсілдің нәтижесі болып Жәнгір ханның қалыыптастырған өзіндік феодалдық егерлік қызметі табылады. Жәңгір корреспонденциялар мен өзге де іскерлік қағаздарды хандықтың ішкі және көршілес Астрахан, Орынбор губернияларына жеткізу мақсатында қатынастар жолдарын Жәнгір хан ордасынан Астрахан губерниясындағы Черный Яр қаласына, Элтон көліне және Орал шептеріне, нақтырақ Глиненский шебіне дейін ретке келтіріп, қадағалап отырды. Қатынас жолдары бойында пошта бекеттері қойылып, оны ұстап тұрушыларға ақшалай және малмен ақы төленіп отырды. Старшындар ұсынып, таңдап алынған 14 штаттық жеткізушілер, яғни шабармандар ханның жіберілімдерін және өзге де құжаттарды Орданың барлық ауданна үздіксіз жеткізіп тұрды. Хан қазнасы жыл сайын шабармандардың еңбегіне сол кез үшін қомақты қаржы 6300 сом бөлінді.

Империя мен оның билеушілеріне тәуелді болса да Жәңгір хандқтың ішіндегі ахуалды, мәселелерді барынша реттеп отыруға тырысты. Хандықты басқарудың бірыңғай жүйесін құра білген Жәнгір дәстүрлі хандық мемлекеттілік элементтерімен бірге жаңалықтарды да енгізді. Дегенмен халықтық дәстүрді отарлық саясаттың шеңберіне сыйдыра білді. Жәңгірдің сарайды мойындай отырып, тиімді басқару жүйесін құру патша шенеуніктерін таң қалдырды. Олар " как изгладить (из памяти) совершенно вредные (для России) следствия ханского управления" деп ойланып қалды. Ал граф В.А.Перовский: "Но и это устройство не может почитаться заслугой перед русским правительством. Соответствовавшие цели понятиями азиатца Джангера не удовлетворительны для наших выгод", - деп жазды. 22 жылдық басқаруында Ордадағы хандыық биліктің институты алдыңғы кезеңдердегідей қоғамның әлеуметтің құрылымында қызмет еткен жоғары тектілерден құралды. Ол биліктің арқа сүйері бола отырып, ескі мен жаңаны ұштастырды. Жәңгірдің кезінде ерекше тапсырма орындаған шенеуніктер институты өмір сүрді. Ол екі сұлтаннан және екі орыс шенеунігінен тұрды. Ханның кезінде екі сұлтан хандық өкілеттілікті иеленіп, қырғыз депутаттары деп аталды. Оларға аса жауапты міндеттер жүктелді.

Жәңгір хан Ордада іс қағаздарын жүргізетін арнайы кеңсе құрды. Кеңседе ресми іс қағаздарына жауапты қызмет адамы болды. Оның қол астында іс жүргізуге тікелей қатысты бірнеше қызметкер еңбек етті. Баса айтатын жайт, кеңседе іскерлік хаттарға ерекше назар аударылды. Хаттар кіріс және шығыс деп екіге бөлініп, арнайы журналда тіркеліп отырылды. Сот, сауда, несие, тағы басқа істеріне байланысты қалыптастырылған құжаттар хан ордасында құрылған мұрағатта сақталды. Егер Ресейде осы кезде атқарушы, яғни министерлік іс жүргізу қалыптасып, дамып алғашқы толыққанды сипатқа ие болса, Бөкей Ордасында бүкіл қазақ даласында байқалмаған іс жүргізу орын алды [3].

Орытынды

Қазақ даласында XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың бас кезінде іс жүргізу алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай дамып, қазіргі уақыттағы іс жүргізуге жақындай түсті. Ол Ресей империясының отарлау саясатының ықпалында айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, дамуының өзіндік келесі сатысына көтерілді. Іс қағаздары қазақ тілінде дайындалып, іс жүргізу құжаттардың түрлері көбейді.

Жалпы XVII - ХІХ ғасырдағы Қазақстанға ендірілген патшалы Ресейдің басқару институтының тетіктері іс жүргізу саласымен бірге мемлекеттік деңгейде реттеліп отырды. Мемлекеттік іс жүргізу империяның саясатын бір орталықтан іске асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайда әрекет етті. Жоғарғы мекемелерге бағынған қазақ жеріндегі басқару мекемелерінің қызметі жан жақты іс жүргізу де басқару жүйесіндей белгілі мақсатты көздеуге бейімдендірілген. Заңдастырылған құжаттарды рәсімдеу, оларға қол қою және куәландыру, бұл кеңестік дәуірге дейін сақталды.

Өркениеттілік тұрғыдан яғни басқару жүйесін, оның ішінде іс жүргізуді қарастыруда революцияға дейін және кеңестік кезеңдердің, кеңестік кезең мен тәуелсіздік кезеңнің тарихи сабақтастығы бір-бірімен астасып жатыр. Іс жүргізу мемлекеттік басқару жүйесімен өте тығыз байланыста және сол арқылы басқару мәдениетінің жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етсе, қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық мәдениеттің бөлігіне айналып отыр. Қазақстанда іс жүргізу әр тарихи кезеңде мемлекеттік мекемелер тарихымен өзара тығыз байланыста болды және олардың жан жақты қызметтері іс жүргізу құжаттарында көрініс тауып отырды. Іс жүргізудің ұйымдастырылу формасын өзгертсе де, оның ішкі мазмұны өзгерген жоқ. Іс жүргізу әр тарихи кезеңде ілгері дамып, жаңа сапалық деңгейге ауысып отырды. Жалпы айтқым келгені XIX ғасырдағы іс жүргізу қазіргі іс жүргізуге жақындады.