К өндірудің номенклатурасы

Мазмұны

 

  Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Әк өндірудің номенклатурасы
ІІ Технологиялық бөлім
2.1 Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау
2.2 Шикізаттар және әк шихта сипаты
2.3 Әк зауытының жұмыс режимін есептеу
2.4 Әк өндірудің технологиялық үрдісінің сипаттамасы және оның түсінігі
Құрылыс әгін айнамалы пеште күйдіру технологиясы
3.1 Шикізатты айналмалы пеште күйдіруге дайындау
3.2 Айналмалы пеште әк өндіру әдістері
3.3 Экзотермиялық реакциялар зонасы
3.4 Жарым - жартылай балқыта күйдіру зонасы
Күйдіруден кейінгі технологиялық операция
4.1 Құрылыс әктін П=400 т/жыл технологиялық есептеу
Өмір қауіпсіздігі қауіпсіздіктері және техникалық ережелер
  Қорытынды
  Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

 

 


 

Кіріспе

 

Əктас көбінесе шахталы немесе айнымалы пештерде қатты, сұйық не газ күйіндегі отындарды қолданып, күйдіреді. Күйдірілген затты одан əрі өндіру əдісіне байланысты ауа əгінің мынандай түрлері алынады: сөндірілмеген кесек пен ұнталанған қайнама əктер жəне сөндірілген ұлпа əк. Сөндірілмеген ауа əктері су тисе өте тез сөнеді, əрі көп жылу бөліп шығарады. Бұлардан алынатын əк қамырының иленгіштігі өте жақсы болады. Бірақта əк алу үшін қолданылатын шикізатта қоспалар (балшық, кварц, көмір қышқылды, магний, т.б.) көбейген сайын өндірілген өнімнің сапасы төмендей береді: əк баяу сөнеді, жылуды аз бөледі, қамыр нашар иленеді.

Сөндірілген ұлпа əк алу үшін күйдірілген əк тастан өндірілген əк оған көп су қосып, үздіксіз істейтін «гидратор» атты машинада (диірменде) сөндіріледі. Бұл жағдайда əк өз көлемін 2−3,5 есе өсіріп, өте уақ, кеуекті ұнтаққа айналады. Алынған ұлпа əктің орташа тығыздығы 400−500 кг/м3, ұнтақ түйірлерінің мөлшері микронға жуық, яғни кəдімгі цемент ұнтақтары мөлшерінен кіші. Осының салдарынан сөндірілген əк ұнтақтарының беттік ауданы өте үлкен, су ұстағыш қасиеті мен қамырының иленгіштігі жоғары болады.

Майда және тиімділігі төмен пештермен жабдықталған кәсіпорындары біртіндеп жабылмақ. Егер олардың орнына әк және әктілі – шлактық, әктілі – гипстік байланыстырушыларын шығарумен қатар дайын силикаттық бұйымдарын жасайтын өнеркәсіп орындары тұрғызылса эктен жасайтын заттар мен бұйымдардың тиімділігі тіпті көтеріңкі болады.

Гидравликалық әк деп құрамында 6 – дан 24 пайызға дейін сазы жэне ұнтақ дисперсиялы құмды қоспасы бар, тау әк тасын /СаСО2/ балқытуға жеткізбей күйдіргенде алынатын өнімді айтады. Күйдірген өнімді диірменде тартып дайын ұлпа тэрізді гидравликалық әк шығарады.

Минералды байланыстырғыш заттар алдымен ірі топқа: ауалық жəне гидравликалық болып бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттарды сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатайтып, қатаю салдарынан пайда болған беріктігін сақтайды. Бұл топқа: гипс, əк, магнезиалды байланыстырғыш заттар мен сұйық шыны жатады.

Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада аз уақыт қатайғаннан барып, су астында жəне басқа ылғалды жерде одан əрі беріктелініп, қатая түседі. Бұл топқа портландцемент пен оның түрлері, глинозем цементі жəне оның егізінде алынатын цементтер, гидравликалық əк жатады.

 

І Негізгі бөлім

 

к өндірудің номенклатурасы

Әк өндіру процесстері операциялардан құралады. Байытуды кейде бірден бітіріп жəне концентраттар мен қалдықтарды бөліп алуға болады. Байыту фабрикасының схемасы зауытының апараттарының схемасы.

Көбіне 1-ші байытудан кейін концентраттар толығымен байытылмайды, ал қалдықтары толығымен азймайды, сондықтан қайта байыттуды қажет етеді. Сол үшін концентраттарды қайта тазалаумен қалдықтарды қайта байыту қолданылады. Барлық жүйелік қабылдаулар байыту операциялар деп аталады, алдындағы операциясынан келген өнімдер аралық өнімдердеп аталады.

Пайдалы қазбалар байыту фабрикаларында бірнеше өңдеу процесстерінен тұрады. Олар өздерінің тағайындалуына байланысты фабриканың технологиялық цикілінде даярлайтын, байыту қосалқы деп бөлуге болады. Даярлайтын процесске бөлшектеу, ұсақтау жəне топтастырылулар жатады. Олар минералдарды алшақтауға дейін пайдалы өңдеумен қазбаларды көлемі бойынша жетеді. Олар жақсы байыту үшін қажет.

Байыту процессінде минералдарды бөлу арқылы пайдалы қазбалардан концентратпен қалдықтарды бөлуге мүмкіндік береді. Қосалқы прцессінде, концентраттарды құрғатумен қалдықтарды қоймалау кезінде концентраттардың ылғалдылығы керекті шамадан төмендейді жəне ортақ қолданыстағы су қорына, ағынды суы келер алдында жақсылап тазартылады немесе зауытта қайта қолданғанда тазартылады.

Жүйені өңдеу операциясында пайдалы қазбалар байыту фабрикаларында технологиялық байыту схемасын құрайды. Əдетте схемадан материялдың саны мен сапасы, өнімнің байытылу жəне кейбір бөлек өнімді операциялар көрсетіледі. Бұндай схемалар санды-сапалы схемалар деп аталады.

Байытылу схемасында операциялармен өнімдерге керекті су мөлшері көрсетілген.

Операциялармен өнімдерге керекті су мөлшері шлам деп аталады. Даярлайтын процесске бөлшектеу, ұсақтау жəне топтастырылулар жатады. Олар минералдарды алшақтауға дейін пайдалы өңдеумен қазбаларды көлемі бойынша жетеді. Олар жақсы байыту үшін қажет.

Байыту процессінде минералдарды бөлу арқылы пайдалы қазбалардан концентратпен қалдықтарды бөлуге мүмкіндік береді. Қосалқы прцессінде, концентраттарды құрғатуменқалдықтарды қоймалау кезінде концентрат-тардың ылғалдылығы керекті шамадан төмендейді жəне ортақ қолданыстағы су қорына, ағынды суы келер алдында жақсылап тазартылады немесе қайта қолданғанда тазартылады.

Жүйені өңдеу операциясында технологиялық схемалардан басқа да апарат схемалары құрастырылады. Бұл графикалық суретте пайдалы қазбалармен өнімдердің жүрген жолы көрсетілген. Схемада апараттың мөлшері саны көрсетілген

 


 

Әк тастарды /известняктарды/ екі немесе үш стадияда жақты және балғалы ұсатқыштарда ұсақтайды. Ұсақталған известняк жэне саз қопарылыспасынан саз шламы белгілі мөлшерде шикі заттар диірменіне келіп түседі. Шламның керекті химиялық құрамын қамтамасыз ету үшін, оны бассейнде немесе өндіріс потокы бойынша түзейді Қаймақ тәрізді шлам диірменнен кейін насоспен күйдіру пешінің шағын багына айдалады. Бактен шлам бірқалыпты айналмалы ұзын пешке келіп құйылады. Қазіргі цемент заводтарында құрғақ тәсіл бойынша известняк пен саз ұсақтанудың бірінші стадиясын/ сатысын/ өткеннен соң химиялық кұрамын анықтайтын сынаққа алушы аппаратардан, 0-10 мм дейін майдалайтын ұсақтағыштардан, ренгенрадиометриялық сараптаушылардан тұратын пункттерден өтеді.

Бұл химиялық анализдің негізінде ұнтақталған шикізаттардың дэлдігі 3-4 пайыз шамасындай бірінші дозалауды жасайды. Дозаланган эк тасы мен саз «Аэрофол» диірменіне келіп өзінен -өзі ұнтақталынады. Оларды кептіру үшін «Аэрофолга» пештен шығатын температурасы 600-650 °С ыстық газды жібереді. Өздігінен ұнтақтау диірмені «Аэрофол» - тиеуші/ салушы/ және түсіруші қаптармен/ тығыздалып қосылған қуыс науа/ жабдықталған диаметрі 7–10 м/ диаметірінің ұзындығына қатынасы 3:1 н- 4:1 / айналмалы барабан. Бұл тәсілмен ылғалдылығы 20–25 пайыз минералдық жыныстарды кептіріп ұнтақтауға болады. Қуыс науаның диаметрі үлкен болғандықтан, мұнда жіберетін ыстық газдың да көлемі жетерліктей. Оның үстіне газдың материалдарымен жанасу ауданы кең болғандықган, диірменнің өнімділігі де жоғары.

«Аэрофол» диірменінде шикі затты тарту цемент өндірісіндегі минералдық шикізаттарды ұнтақтау техникасындағы нағыз маңызды тиімділігі зор шешімнің бірі. Біріншіден, әк тасты екінші рет ұсақтау бөлімі соғылмайды; екіншіден, шикі затты ұсақтау және кептіру процесі бір агрегатта қатарынан орындалатындықтан арнаулы кептіру бөлімде тұрғызылмайды; үшіншіден ұнтақтауға қажет ұнтақтаушы денелер және электр - энергия шығындары едәуір төмендеиді; төртіншіден шикізатты пештен шығатын ыстық газды қолдану арқылы құрғату отын шығынын қысқартады. «Аэрофол» диірменінде өз бетімен ұнтақталу көрсетілген. «Аэрофол» барабанының іш жағынан бекітілген қалақтар ұсақталған тасты жоғарғы шекті нүктеге дейін көтеріп тастап отыратын болғандықтан шикі зат ұнтақталып, әрі ыстық газдың жылумен кеуіп те үлгереді. Құрғақ тәсіл өндірісінде шикі заттарды екі түрлі схемамен ұнтақтайды: ашық және жабық ұнтақтау циклі. Ашық цикл бойынша материал диірмен арқылы бір – ақ рет өтеді; жабық циклде ірі фракциялы материалдар сепаратор арқылы диірменнен ұнтақтығын жеткізу үшін екінші рет жібереді. Сонымен, диірменнен жақсы майдаланған және кептірілген құрамы біркелкі шикізат алынады. Жалпы техникалық және экономикалық көрсеткіштер жағынан құрғақ тәсіл өндірісі сулы тәсілден басымдау келеді.