Мір қауіпсіздігі қауіпсіздіктері және техникалық ережелер

Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын (құрама) өндіру, тасымалдау және сақтау, құрылыста және азаматтардың тұрмыстық мұқтаждары, кәдеге жарату үшін (өмірлік циклдің барлық кезеңдері) пайдалану кезінде олардан шығуы мүмкін механикалық (соққы) әсерінен қорғау үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін мынадай талаптар орындалуы тиіс:

1) жеке құрылыс бұйымдары немесе құрама құрастырмалары, сондай-ақ оларды қаттап жинау кезінде қатарларының аударылу, құлау немесе бұзылу қаупінсіз пайдалануды қамтамасыз ете отырып, қарастырылған жұмыс жағдайларында тұрақты болуы тиіс;

2) құрылыс объектілерінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларды пайдалану кезінде жобалық ережеде белгіленген орнына жылжытылатын құрылыс бұйымдары мен құрастырмаларынан пайда болған қауіптерден қызметкерлерді қорғау үшін қорғау қоршаулары мен аспалары (күнқағарлар) қолданылуы тиіс;

3) жобалық күйге орнатылу кезінде құрылыс бұйымдары мен құрама құрастырмаларының, сондай-ақ қаттап жинау кезінде қатарларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті бекітпелерді қолдану қарастырылуы қажет.

Құрылыс материалдарының, бұйымдары және құрастырмаларының сипаттамаларына (қасиеттеріне) қатысты механикалық (соққы) әсерден қауіпсіздік талаптары.

Өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптары:

Құрамында жанатын сұйықтықтар немесе қатты заттар бар құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.

Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі олардың өрт қауіпсіздігін және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар орындалуы тиіс.

Өрт-жарылысқа қауіпті құрылыс материалдарын дайындау кезінде қалыпты жағдайларда жарылысқа қауіпті қоспалар түзетін химиялық заттарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Өрт-жарылыс қауіпті құрылыс материалдарымен жұмыс істеу кезінде өрт пен жарылыс туатын жағдайлардың алдын алатын шаралар қарастырылуы тиіс:

1) әрлеу жұмыстарын жасауда пайдаланылатын, бір-бірімен өзара әрекеттесу кезінде тұтанатын, жарылыс туатын немесе жанғыш газдар түзетін құрылыс материалдарын бірге қолдануға, сақтауға және тасымалдауға рұқсат етілмейді;

2) тұтынушы құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмаларының өрт-жарылысына қауіптілігі туралы ескертіледі;

3) оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар және өрт қауіпсіздігі ережелерінің жалпы талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуы тиіс.

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша барлық жұмыстар қауіпті өндіріс факторларының жұмысшыларына әсер етудің алдын алуға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесін құруға бағытталады. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық әзірленеді және бекітіледі:

1) жұмысшылардың жекелеген санаттарына (электр дәнекерлеуші, станокта жұмыс істейтін жұмысшы, слесарьлер, электр-монтерлер, зертханашылар, тазалаушылар) байланысты;

2) жұмыстың жекелеген түріне байланысты (биіктікте орындалатын жұмыс, монтаждау, ретке келтіру, жөндеу, сынау).

Әрбір жұмысшы жұмыс орындарындағы жұмысты ұйымдастыруға және жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысты еңбек қауіпсіздігінің талаптарын білуі және қатаң түрде орындауы қажет.

Энергетикалық кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы салалық ережеге сәйкес болуы тиіс.

Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды жалпы басқару энергетикалық объектінің бірінші басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.

 


Орытынды

Əктас көбінесе шахталы немесе айнымалы пештерде қатты, сұйық не газ күйіндегі отындарды қолданып, күйдіреді. Күйдірілген затты одан əрі өндіру əдісіне байланысты ауа əгінің мынандай түрлері алынады: сөндірілмеген кесек пен ұнталанған қайнама əктер жəне сөндірілген ұлпа əк. Сөндірілмеген ауа əктері су тисе өте тез сөнеді, əрі көп жылу бөліп шығарады. Бұлардан алынатын əк қамырының иленгіштігі өте жақсы болады. Бірақта əк алу үшін қолданылатын шикізатта қоспалар (балшық, кварц, көмір қышқылды, магний, т.б.) көбейген сайын өндірілген өнімнің сапасы төмендей береді: əк баяу сөнеді, жылуды аз бөледі, қамыр нашар иленеді.

Сөндірілген ұлпа əк алу үшін күйдірілген əк тастан өндірілген əк оған көп су қосып, үздіксіз істейтін «гидратор» атты машинада (диірменде) сөндіріледі. Бұл жағдайда əк өз көлемін 2−3,5 есе өсіріп, өте уақ, кеуекті ұнтаққа айналады. Алынған ұлпа əктің орташа тығыздығы 400−500 кг/м3, ұнтақ түйірлерінің мөлшері микронға жуық, яғни кəдімгі цемент ұнтақтары мөлшерінен кіші. Осының салдарынан сөндірілген əк ұнтақтарының беттік ауданы өте үлкен, су ұстағыш қасиеті мен қамырының иленгіштігі жоғары болады.

Əктің сапасы оның активтілігі, сөнуінің жылдамдылығы жəне əктегі сөнбеген түйірлердің мөлшері арқылы сипатталынады. Құрамындағы магний оксидінің мөлшеріне байланысты əк: кальцийлі, магнезиялы жəне жоғары магнезиялы немесе доломитті болып бөлінеді. Магний оксиді көбейген сайын, əктің активтігі төмендейді. Сөну жылдамдығына байланысты əк тез сөнетін (8 мин), орташа сөнетін (25 мин) жəне баяу сөнетін (25 мин) болып сипатталынады.

Ауа əгінен дайындалатын құрылыс ерітінділерінің беріктігі төмен. Мысалы, сөнген əктен дайындалған ерітінділердің 28 тəулік ауада қатайғаннн кейінгі сығуға беріктігі 0,4-1 МПа аралығында: ұнталған сөнбеген əктен дайындалған ерітінділердің сығуға беріктігі 5 МПа-ға дейін. Сондықтан ауа əгінің сорты əктің беріктігі арқылы емес, оның құрамының сипаттамаларына байланысты бекітіледі. Бірінші сорт əкте басы бос (карбонатта немесе) кальций мен магний оксидтері 90 процент %-тен, 2-сортта 80 %-тен, ал 3 сортта70 %-тен кем болмауы шарт. Əктің бұл сорттарына су қосқанда сөнбейтін, құюы жетпеген не аса күйіп кеткен түйірлердің мөлшері сəйкесінше7; 11 жəне 14 %-тен аспауы қажет.