Орғаншылардың және қамқоршылыққа алғандардың құқықтық жағдайы.

Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алынған тұлғалар мынаған құқылы:

Өздерінің адамдақ қадір-қасиеттерінің құрметтелуіне ;

Қорғаншы немесе қамқоршы тарапынан көмек көруге;

Қорғаншы немесе қамқоршымен бірге тұруға (112- бабының 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқасында);

Өздеріне тиесілі алименттерді, зейнет ақыларын, жәрдемақыларын және де өзге әлеуметтік төлемдерді алуға;

Тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауға;

Қорғаншы қамқоршы тарапынан қиянат етушіліктен қорғануға.

Қорғаншылыққа алынған балалар жоғарыда көрсетілген құқылардан басқа мынандай құқыларға ие:

Қорғаншының отбасында тәрбиеленуге;

Оларды асырап-бағу , тәрбиелеу, білім беру, және жан-жақты дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге;

Тұрғын үйі болмаған сәтте тұрғын үй заңдарына сәйкес оны алуға;

Отбасында өмір сүруге және тәрбиеденуге;

Ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға;

Өз пікірін білдіруге;

Ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға;

Қорғау алуға.

Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердегі балалар мынандай құқыларға иемденеді:

Асырап-бағылуға, тәрбиеленуге, білім алуға, жан-жақты дамуға, өздерінің адамгершілік қарым қасиеттерінің құрметтелуіне, өз мүдделерінің қамтамасыз етілуіне;

Өздеріне тиесілі алименттерді, зейнет ақыларын, жәрдемақыларын және де өзге әлеуметтік төлемдерді алуға;

Тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтауға, ал тұрғын үй-жайы болмаған сәтте тұрғын үй-заңдарына сәйкес тұрғын үй-жай алуға;

Аталған мекемелерде тұруы аяқталған соң еңбек туралы заңдарда көзделген жұмысқа орналасу кезіндегі жеңілдіктерге ие болуға.

Қорғаншы және қамқоршы органдар балаларға тиісті жағдайлар жасалуына бақылауды бақылауды жүзеге асырады. Осы мекемелерді бітіріп шыққан түлектердің құқықтарын қорғау осы органдарға жүктеледі.

Қоғаншылар өз қарамағына алған балалардың заңды өкілдері болып есептеледі және олардың қызығушылықтарын сақтай отыра қажетті мәмілелерді жасауға келісім береді. Сонымен қатар, олардың өз құқықтарын жүзеге асыруға және міндеттерін атқаруға көмек көрсетулері тиіс.

Қорғаншылық және қамқоршылық тегін тегін атқарылуы тиіс, егер заңда басқасы көзделмесе.

Қорғаншы немесе қамқоршы өз есебінен қамқоршылыққа алынған балаларды асырап-бағу міндетті емес. Бұл олардың жалақысынан, алиментінен, зейнетақысынан және басқа әлеуметтік төлемдерінен жүзеге асырылады. Ал егер де қамқоршылыққа алынған тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болса , онда жәрдемақыны қорғаншы және қамқоршы органдары тағайындайды.

Қорғаншы және қамқоршылардың заң бойынша мынандай құқылары бар:

Қорғаншыларды және қамқоршыларды тағайындауға;

Қамқоршылыққа алынған баланың алты жасқа толуымен қамқоршыдан бөлек тұруына рұқсат беруге, егер қамқоршылықтағы баланың құқылары мен мүдделеріне нұқсан нұқсан келмесе;

Сырқаттануына байланысты қорғаншыны (қамқоршыны) олардың өтініші бойынша міндеттерін орындаудан босатуға;

«Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес баланы асырауға келісім беріледі;

Асырап алудың тоқтатылуын талап етуге, егер асырап алушы баланы асырап-бағудағы өз міндеттерін жөнді орындамағын болса немесе баланың қызығушылығы бұзылытын болса;

Асырап алуды жарамсыз тануды;

Ата-аналық құқыларынан айырылған ата-аналарымен қарым-қатынасуға рұқсат беруге, егер бұл балаға кері әсерін бермесе;

Ата-аналық құқылары шектелген ата-аналарымен қарым қатынасуға рұқсат беруге , егер балаға кері әсер бермесе,

Балаға тәрбие беру мақсатындағы ата-аналар арасындағы қарама-қайшылықтарды;

Қорғаншыға (қамқоршыға ) мүлікті иеленуден босату бойынша мәмілелерді жасауға рұқсат беруге, соның ішінде мүлікті айырбастауға немесе сыйға беруге, сенімгерлік шартының негізінде мүлікті дауға беруге, ақысыз пайдалануға беруге немесе кепілдікке беруге , сонымен бірге қамқоршылыққа алынған тұлғаның мүлкінің кемуіне соқтыратын басқа да мәмілелерге;

Жоғарыдан көрсетілген мәмілелерден алынған табысты қалай бөлуді анықтауға;

Қорғаншының (қамқоршының), оның жұбайына немесе туыстарына өзінің қорғаншы ретінде танылғанға дейін пайда болған қамқоршылығындағы тұлғаның қарыздарын өтеуге рұқсат беруге;

Белгіленген тәртіп бойынша өлді деп танылғанға немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған тұлғаның мүлкін басқаруға қорғаншыны белгілеуге;

Асырап алуды жарамсыз деп тануға;

Асырап алуды тоқтатуға;

Ата-аналардың ата-аналық құқыларын айыру немесе олардың біреуінің ата-аналық құқыларын айыру иуралы істерді қозғауға;

Қорғаншы мен қамқоршылардың әрекеттері бойынша берілген арыздарды қарастыруға.

Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметіне бақылау жасауы тиіс. Жылына екі рет олардың өз міндеттерін қалай орындап жатқандығын тексеріп отырады. Сонымен бірге, жыл сайын қорғаншылар мен қамқоршылардың қамқоршылығындағылардың денсаулығы туралы , оларды тәрбиелеу бойынша бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы есептерді қорғаншы мен қамқоршыдан талап етеді. Қорғаншы және қамқоршы органдар ата-аналық құқыларынан айыру немесе шектеумен, ата-аналық құқыларын қайта қалпына келтірумен , асырап алуды тоқтату немесе жарамсыз деп танумен , кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалған некені жарамсыз деп тануымен байланысты қарастырылып жатқан істер бойынша сотқа қатысуға міндетті. Сонымен бірге, асырап алушының және баланың өмір жағдайын зерттеп қарастырулары қажет.

Он жасқа толған баланың асырап алуға келісімі алынады және асырап алудың қажеттілігі түсіндіріледі. Қорғаншы мен қамқоршылардың қамқорлыққа алынған тұлғаға қатысты келесідей міндеттер жүктеледі:

- асырап-бағуға;

- бағып-күту мен емдеуді қамтамасыз етуге;

- құқықтары мен мүдделерін қорғауға қамқорлық жасауға.

Бұл міндеттер сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған кәмелетке толған адамдардың қамқоршылығына жүктеледі.

Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салыну салдарынан әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адам жөніндегі негіздер жойылса, қорғаншы немесе қамқоршы қамқорлыққа алынушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы және одан қорғаншылық пен қамқоршылықты алып тастау туралы сотқа өтініш беруі міндетті. Баланың қорғаншысы қорғаншылығындағы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, ден, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауына құқылы әрі міндетті. Тәрбиелеу жолдарын белгілеуде қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы баланың пікірі және қорғааншысының және қамқоршысының пікірі ескерілуі тиіс. Бала пікірі ескеріле отыра қорғаншы және қамқоршы орта білім беретін оқу орнын және нысанын таңдауға құқылы. Қорғаншы және қамқоршы органдар балаға өз ата-аналарымен, туыстарымен қарым қатынас жасауына бөгет жасамауы қажет. Белгілі бір себептермен қорғаншылар және қамқоршылар өздерінің тұрғылықты жерлерін өзгертетін болса, онда қорғаншы және қамқоршы органдарға осы туралы мәлімет берулері тиіс. Денсаулығына орай кәмелетке толған адамға өтініші бойынша қамқоршылық белгіленуі мүмкін. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлік мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлікті сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады. Қамқоршысын қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз адамның келісімі бойынша ғана белгілей алады. Қамқоршылыққа алынған кәмелетке толмаған баланың ата-анасы қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда қорғаншы мен қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатылады. Кәмелетке толған әрекетке қабілетті адамды қамқорлыққа алу осы адамныңталабы бойынша тоқтатылуы мүмкін. Қамқоршылыққа алынған адамның кірістрін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін , қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын-ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.

Қорғаншы мен қамқоршы органдардың рұқсатынсыз қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алынған тұлғаның тиісті соммасы есебінен оны асырап- бағу үшін қорғаншы мен қамқоршы кішігірім шығыстар жасауға құқығы бар.

Қорғаншы мен қамқоршы органдардың алдын-ала берген рұқсатынсыз қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылықтағы тұлғаның мүлкін иеліктен алу туралы мәмілелерді жасауға құқылары жоқ.

Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген тұлғаның мүлкі басқа жерде орналасқан болса, онда басқару мақсатында осы мүлік орналасқан жердегі қорғашы мен қамқоршы органдар қорғаншыны белгілейді. Кәмелетке толмаған , әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі кәмелетке толған тұлғалардың, өлген немесе соттың шешімімен өлді немесе хабар –ошарсыз кетті деп танылған тұлғаның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.

Қорғаншы мен қамқоршы , олардың жұбайлары және жақын туыстары қамқоршылыққа алынған тұлғамен мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже тек сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруге қатысты емес. Қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған қамқоршылыққа алынған баланың өз ата-анасы қайтып оралған немесе ол асырап алушыға қайтарылған жағдайларда, қорғаншы немесе қамқоршы өз міндеттерін атқарудан босатады.

Қамқоршылыққа алынушыны тәрбие, емдеу мекемесіне, халықты әлеуметтік қорғау мекемесіне немесе басқа да мекемеге орналастыру кезінде, егер бұл қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншы және қамқоршы орган бұрын тағайындалған қорғаншыны немесе қамқоршыны олардың өз міндеттерін атқарудан босатады.

Қорғаншының және қамқоршының өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатылу үшін дәлелді себептері болуы керек. Осы дәлелді себептерге мыналарды жатқызуға болады: сырқаттану, мүліктік жағдайдың өзгеруі, қамқорлыққа алынушының өзара түсініспеушілік және т.с.с.

Қорғаншылыққа алынған бала 14 жасқа толған сәтте қорғаншылық тоқтатылады, қорғаншы болып келген адам оның қамқоршысы болып есептеледі. Бұл үшін қосымша шешім қажет етілмейді.

Қамқоршылыққа алынушының әрекетке қабілетті деп тану немесе қорғаншының немесе қорғаншы және қамқоршы органның арызы бойынша оның әрекет қабілеттілігі шектеулілігінің күшін жою туралы сот шешімі шығарған жағдайларда кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық тоқтатылады.

18 жасқа толуымен немесе некеге тұруымен қамқоршылық тоқтатылады. Бұл үшін қосымша шешім талап етілмейді. [1;71бет]

Патронат туралы ереже

Жалпы ережелер

1. "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патронат нысанындағы қорғаншылық және қамқоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның iшiнде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да осындай мекемелердегi кәмелетке толмаған балаларға белгiленедi.

Патронат - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берiлетiн тәрбиенiң нысаны.

Баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген тұлға (патронаттық тәрбиешi) мен қорғаншы және қамқоршы органның арасында жасалатын баланы (балаларды) тәрбиелеуге беру туралы шарт патронаттың пайда болуына негiз болып табылады.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шарт:

1) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын;

2) патронаттық тәрбиешiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн;

3) қорғаншы және қамқоршы органдардың патронаттық тәрбиешiге қатысты мiндеттерiн;

4) шартты тоқтатудың негiздерi мен салдарын;

5) баланың патронаттық тәрбиешiге қандай мерзiмге берiлетiндiгiн қамтуы тиiс.

Патронаттық тәрбиешiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Баланы тәрбиелеуге беру туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға:

1) дәлелдi себептер (сырқаттану, отбасылық немесе материалдық жағдайдың өзгеруi, баламен өзара түсiнiстiктiң болмауы, балалар мен басқалардың арасындағы шиеленiстi қарым-қатынастар) болған кезде патронаттық тәрбиешiлердiң бастамашылығы бойынша;

 

2) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және бiлiм беру үшiн қолайсыз жағдайлар пайда болған кезде қорғаншы және қамқоршы органның бастамашылығы бойынша;

3) бала ата-анасына қайтарылып берiлген немесе баланы асырап алған жағдайларда мүмкiн болады. [2]

Патронат негізі және субъектілері

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық нысанындағы патронат ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе осы тәрізді басқа да мекемелердегі кәмелетке толмаған балаларға белгіленеді.

Патронат дегеніміз - бұл, патронаттың субъектілері, яғни тәрбиелеуге ынта танытқан тұлға мен қорғаншы және қамқоршылық орган арасында жасалған шарт бойынша, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасына беруден тұратын тәрбие нысаны. Патронаттың тууының негізі болып патронат тәрбиеші мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың жасалуы табылады. Осы шартта мына мәселелерді міндетті түрде қамтуы керек:

Баланы асырап-бағу, тәрбиелеу және білім беру;

Патронат тәрбиешінің құқықтары мен міндеттері;

Патронат тәрбиешіге қатысты қорғаншы және қамқоршы органдардың міндеттері;

Шарттың тоқтатуға негіздері және салдары;

Патронаттық тәрбиешіге бала қанша мерзімге берілетіндігі.

Патронаттық тәрбиешіге жалақы заңнамаға сәйкесмемлекеттік білім беру мекемелерінде жұмыскерлердің жалақыларымен тепе-тең төленеді.