Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) аясында өтетін сабақтар жоспары

15-кесте

№   Тапсырма Әдістемелік ұсыныстар Ұсынылған әдебиеттер  
 
Пісіру жабдықтарын жерлестіру тәсілдеріне талдау жасау, пісіру генераторларының жерлестіру сұлбасын құрастырып көрсету Нәрлендіру көздерін пайдалану барысында жерлестіру шарасының маңызын білу және белгілі бір жабдық түріне жерлестіру сұлбасын құрастыру 1 нег. [3-9] 3 нег. [390-395]    
Нәрлендіру көздерінің шартты белгіленулеріне талдау жасап, оларды түсіндіріп беру Нәрлендіру көздерінің шартты белгіленулерін талдай отырып, әртүрлі типті нәрлендіргіштер-дің белгіленулеріне мысалдар келтіру 2 нег. [122-131]    
Электр разрядының пайда болуы және оның электрдоғалы пісірудегі алатын орны жайлы реферат жазу Электр разряды жайлы мағлұматтарды оқып, электр доғасына негізгі белгілері бойынша топтастыру 1 нег. [9-22] 2 нег. [23-34] 3 нег. [26-43]    
Пісіру доғасының физикалық қасиеттерін талдап, оларды анықтау әдістемесін келтіру Электр доғасындағы ток тығыздығы, температура, иондану процесі және т.б. шамаларды түсіндіру 1 нег. [9-22] 2 нег. [23-34] 3 нег. [26-43]    
Доғаны тұтандыру және орнықты жалындату шартын анықтау, доғаны тұтандыру тәсілдеріне мысал келтіру Доғаны тұтандырып жандыру және орнықтылығын қамтамасыз ететін факторларды анықтау. Тұтандыру тәсілдерін баяндау. 1 нег. [9-22] 2 нег. [23-34] 3 нег. [26-43]    
Жылжымалы магнитті шунтты пісіру трансформаторларының құрылысы мен жұмысын түсіндіру және олардың электрлі сұлбаларын сызып көрсету Жылжымалы шунтты трансфор-маторлардың типтерімен, негізгі сипаттамаларымен және жұмысымен танысу. Пісіру тогын реттеуді меңгере білу. 1 нег. [43-49] 2 нег. [131-139] 3 нег. [296-311]    
Пісірудің әртүрлі тәсілдері үшін пісіру трансформаторларын таңдау жолын және таңдаудың критерийлерін көрсету. Доғалы қолмен, жартылай автоматты және автоматты пісіруде қолданылатын трансформаторларға сипаттама беру, олардың сыртқы сипаттамаларына түсінік беру 1 нег. [43-49] 2 нег. [131-139] 3 нег. [296-311]    
Трансформатордың бос жүріс кернеуін анықтау әдістемесін талдау және бос жүріс кернеуінің трансформаторлардың жұмыс режіміне әсерін анықтау. Трансформатордың орам сандарының орналасу ерекшеліктеріне қарай олардың бос жүріс кернеуін анықтау және пісіру тогын сатылы реттеу мен жатық реттеу сұлбаларын келтіру 1 нег. [43-49] 2 нег. [131-139] 3 нег. [296-311]  
Пісіру трансформаторында дроссельдің атқаратын міндетін және олардың нәрлендіргіштің сыртқы вольт-амперлік сипаттамасын анықтаудағы ролін түсіндіру. Магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар жұмысына сипаттама беру және дроссельдің қосылу сұлбасын көрсету 1 нег. [43-49] 2 нег. [131-139] 3 нег. [296-311]  

15-кестенің жалғасы

 
Көп орынды нәрлендіру көздерінің пісіру тогын реттеудің сұлбасын келтіру және оған қолданылатын құрылғылардың жұмыс принципін түсіндіру Көп орынды нәрлендіру көздеріне сипаттама беру. Олардың сыртқы вольт-амперлік сипаттамасын құламалы сипатқа келтіру тәсілдерін баяндау. Балласты реостат жұмысын түсіндіру және оны жалғастыру сұлбасын беру. 2 нег. [149-150] 3 нег. [336-338]
Пісіру генераторларындағы ток мәнін реттеу тәсілдерін меңгеру Пісіру тогын сатылы және жатық реттеуді іске асыратын генератор тетіктерінің жұмысын түсіндіру. 1 нег. [36-39] 2 нег. [145-147] 3 нег. [312-323]  
Өздігінен қоздырылушы пісіру генераторының жұмыс істеу принципін баяндау және электрлі сұлбаларын құрастырып көрсету Өздігінен қоздырылушы генераторлардың құрылымымен танысу және олардың қолданылу аясына мысалдар келтіру 1 нег. [36-39] 2 нег. [145-147] 3 нег. [312-323]  
ВД және ВДУ типті пісіру түзеткіштеріне сипаттама беру және құрылымы мен жұмыс принципін түсіндіру. Электрлік сұлбаларын салу. Түзеткіштердің құрылымымен және жұмыс принципімен танысу. Олардың неізгі мүмкіндіктерін және пісіру өндірісіндегі алатын орнын көрсету 1 нег. [39-43] 2 нег. [140-145] 3 нег. [326-335]  
Көп орынды ВДМ типті пісіру түзеткіштерінің пісіру өндірісінде қолданылу мүмкіндіктерін баяндау және олардың пісіру процесіндегі маңызына баға беру ВДМ типті пісіру түзеткіштерінің техникалық сипаттамаларын беру, құрылымы мен жұмыс істеу принциптеріне түсініктеме беру 1 нег. [39-43] 2 нег. [140-145] 3 нег. [326-335]    
Доғаны тұтандыруды жеңілдететін және оның орнықты жалындауын қамтамасыз ететін көмекші құрылғылардың пісіру сапасына тигізетін әсерін баяндау Осциллятор, импульс бергіш генератор және тұрақтандырғыш құрылғыларының жұмысымен танысу. Электрлік сұлбаларын келтіру 2 нег. [147-149] 3 нег. [332-335]