Пісіруге арналған нәрлендіру көздері» пәні бойынша емтихандық сұрақтар

1. Электр доғасын айнымалы токпен нәрлендіру көздері. Пісіру трансформаторлары. Негізгі тораптары.

2. Доғаны тұрақты токпен нәрлендіру көздері. Пісіру генераторлары. Сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі.

3. Пісіру түрлендіргіштері мен агрегаттары. Олардың жұмыс істеу ерекшеліктері. ПСО-300 түрлендіргішінің негізгі тораптары мен жұмысы.

4. Пісіру түзеткіштері. Құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері. Түзеткіш блоктың атқаратын міндеті.

5. Нәрлендіру көздерінің негізгі параметрлері. Нәрлендіргіштің жұмыс ережесі.

6. Нәрлендіру көздерінің топтастырылуы. Көп орынды нәрлендіргіштерге қойылатын талаптар.

7. Нәрлендіру көздерінің сыртқы және доғаның вольт-амперлік сипаттамалары.

8. Пісіру трансформаторларының жұмыс ережесін реттеу жолдары.

9. Түзеткіш блоктарда қолданылатын вентильдер. Оларды қосу сұлбасы. Үш фазалы көпірлі сұлба.

10. Пісіру генераторларының жұмысын реттеу. Реостаттың тағайындалған міндеті. Пісіру генераторының сұлбасы.

11. Доғаны импульсті жалындататын нәрлендіргіштер. Құрылымы мен жұмыс принципі.

12. Сыртқы сипаттамаларына қарай генераторлардың жіктелуі. Әмбебап генераторлардың ерекшеліктері.

13. Магнит ағыны тәуелсіз және өздігінен қоздырылатын генераторлардың жұмыс ерекшеліктері. Электрлік сұлбалары.

14. Магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар. Жұмыс принципі. Электрлік сұлбасы.

15. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар. Жұмыс принципі. Электрлік сұлбасы.

16. Электр доғасына қойылатын талаптар. Доға кернеуі мен оның ұзындығы арасындағы тәуелділік.

17. Электр доғасын нәрлендіру көздеріне қойылатын шарттар. Статикалық және динамикалық жұмыс ережесі.

18. Пісіру трансформаторларында магнит ағынының бос жүріс және жүктемелік жағдайда таралуы.

19. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлардың жұмыс ережесін реттеу. Электрмагниттік сұлбалары.

20. Сыртқы сипаттамалары көлбеу құламалы және қатаң нәрлендіргіштердің қолдану аумағы.

21. Пісіру түзеткіштерінің құрылымы мен жұмыс принципі. Түзеткіштерде құламалы сипаттама қалыптастыру жолдары.

22. Түзеткіш вентильдерді жинастыру сұлбалары. Үш фазалы және алты фазалы теңдестіруші реакторлы сұлба.

23. Осцилляторлар мен импульс бергіш генераторлар. Тағайындалған мақсаты мен жұмыс істеу принциптері.

24. Доғаның физикалық қасиеттері. Газды иондандыру процесі.

25. Көп орынды нәрлендіру көздері. Пайдалану мақсаты. Жұмыс режімін реттеу жолдары.

26. Инверторлы нәрлендіру көздері. Құрылымы мен жұмыс принципі. Басқа нәрлендірігіштерден ерекшелігі.

27. Орамалары жылжымалы пісіру трансформаторлары. Құрылымы мен жұмыс істе принципі.

28. Нәрлендіру көздерінің шартты белгіленулері.

29. Пісіру жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелері. Жерлестіру. Тәсілдері. Сұлбалары.

30. Нәрлендіру көздерінің жұмыс режімдері. Үздіксі, қысқа мерзімді және қайталамалы қысқа мерзімді жұмыс режімі.

31. Доғаны нәрлендіргіштерді топтастыру. Сыртқы вольт-амперлік сипаттамасы күрт құламалы нәрлендіргіштер.

32. Коллекторлы пісіру генераторлары. Тұрақты токтың өндірілу принципі. Пісіру тогын реттеу.

33. Тәуелсіз және өздігінен қоздырылушы генераторлардың жұмысы. Пісіру тогын реттеу.

34. Пісіру доғасы – нәрлендіру көзі энергетикалық жүйесі. Нәрлендіру көздеріне қойылатын талаптар.

35. Пісіру доғасының топтастырылуы. Тұрақты және айнымалы ток доғасы. Айнымалы ток доғасының ерекшеліктері.

36. Доғаның орнықтылығын қамтамасыз ету. Орнықтылық коэффициенті. Нәрлендіргіштің статикалық жұмыс режімі.

37. ВСВУ және ВСП типті пісіру түзеткіштері. Жұмыс принципі. Құрылымдық ерекшеліктері.

38. Қатаң сипаттамалы нәрлендіру көздерінің қолдану аумағы.

39. Әмбебап генераторлардың құрылымдық ерекшеліктері. Қолдану аясы.

40. Жартылай өткізгішті тиристорлардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

41. Пісіру түрлендіргішінің пісіру тогын реттеу тәсілдері.

42. Осциллятор – доғаны тұтандырып жандыруды жеңілдететін құрылғы. Жұмыс принципі. Негізгі элементері.

43. Электрдоғалы пісіру процесінің шығу тарихы. Даму болашағы.

44. Күштік трансформаторлар. Қолданылу аясы. Жұмыс принципі.

45. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлар. Индуктивтілікті реттеу жолдары.

46. Магнит ағыны қалыпты таралған трансформаторлар. Дроссель. Дроссельдің трансформатормен қосылысу ерекшеліктері.

47. Дросселі дербес орналасқан пісіру трансформаторы. Электрлік сұлбасы.

48. Дросселі ортақ магнитөткізгіште орналасқан пісіру трансформаторы. Электрлік сұлбасы. Жұмыс істеу ерекшелігі.

49. Вольт-амперлік сипаттамасы күрт құламалы түзеткіштер. Пісіру тогын реттеу.

50. Полюстері ажыратылған генератордың құрылымдық ерекшеліктері.

51. Балласты реостат. Электрлік сұлбасы. Тағайындалған мақсаты.

52. Транзисторлы пісіру түзеткіштері. Құрылымы мен жұмыс принципі.

53. Тиристор арқылы пісіру тогын реттеу. Электрлі сұлбасы.

54. Автоматты және жартылай автоматты пісіруде қолданылатын нәрлендіру көздері.

55. Пісіру генераторларында пісіру тогын сатылы реттеу. Құламалы сипаттама қалыптастыру.

56. Жұмыс әрекетіне байланысты пісіру доғасының бөлінуі. Тура және жанама әрекетті доға.

57. Доға полярлылығы дегеніміз не, оның пісіру процесіне әсері.

58. Жартылай өткізгішті диодтың құрылымы мен жұмыс принципі. Оның тиристордан айырмашылығы. Жартылай өткізгішті элементтердің ерекшелігі.

59. Электр доғасына қойылатын талаптар. Доға кернеуі мен оның ұзындығы арасындағы тәуелділік.

60. Нәрлендіру көздерінің сыртқы және доғаның вольт-амперлік сипаттамалары. Олардың арасындағы тәуелділік.

61. Көп орынды түзеткштер (ВДМ типті) жұмысы және қолданылу аумағы. Сыртқы сипаттамалары.

62. Доғаны импульсті қоздырғыш құрылғылар. Құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

63. Нәрлендіргіштерді сыртқы сипаттамасына қарай ажыратылуы және соған байланысты қолданылуы.

64. Пісіру аппараттарының жұмыс режімдері. Үздіксіз және қысқа мерзімді режім. Қосылу ұзақтығының (ҚҰ) анықталуы .

65. Доға орнықтылығының статикалық және динамикалық ережелері. Орнықтылық коэффициенті.

66. Жылжымалы магнитті шунтты және жылжымалы орамалы пісіру трансформаторларының құрылымдық және жұмыс істеу ерекшеліктері.

67. Генератордың пісіру тогын реттеу тәсілдері. Сатылы және жатық реттеу.

68. Әмбебап генераторларда пісіру тогын реттеу ерекшеліктері. Сыртқы сипаттамалары.

69. Қаныққан дроссельді қолдану мақсаты және олардың құрылымы мен жұмыс принципі.

70. Жартылай өткізгішті вентильдердің жұмыс ерекшелігі. Селенді диодтар жұмысы.

71. Пісіру түзеткіштерінің пісіру тогын реттеу тәсілдері және олардың ішіндегі тиімдісі.

72. Магнит ағыны шашыраңқы таралған трансформаторлардың жұмыс ережесін реттеу. Электрмагниттік сұлбалары.

73. Доғаны тұрақты токпен нәрлендіру көздері. Пісіру генераторлары. Сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі.

74. Сыртқы сипаттамаларына қарай генераторлардың жіктелуі. Әмбебап генераторлардың ерекшеліктері.

75. Инверторлы нәрлендіру көздері. Құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері.

 

 

ГЛОССАРИЙ

Пісіру – түйістірілген аумақта зат пен энергияның термодинамикалық қайтылымсыз құбылысы нәтижесінде монолит қосылыс қалыптастыру процесі.

Электрдоғасы – екі электрод аралығында ауа арқылы тиянақты орын алған электр разряды.

Нәрлендіру көзі – электрдоғасын токпен нәрлендіретін электрлік машина, трансформатор, түзеткіш, генератор.

Балқымайтын электрод – пісіру процесінде ток келтіруші, балқымайтын, баяу балқитын материалдан жасалған электрод.

Қаптамалы электрод – өзегі металл сыртында арнайы материалдан жапсырылған қаптамасы бар электрод.

Тура полярлы – электродқа нәрлендіргіштің теріс, пісірілетін бұйымға оң полюсі жалғасқан.

Кері полярлы – электродқа нәрлендіргіштің оң, бұйымға теріс полюсі жалғасқан.

Тура әсерлі доға – электродпен пісірілетін бұйым нәрлендіргішке жалғасқан. Доға тікелей екеуінің аралығында жалындайды.

Жанама әсерлі доға – доға екі электрод аралығында жалындайды. Пісірілетін бұйым нәрлендіргішке қосылыстырылмайды да, доғаның жылу әсерін қабылдайды.

Катод – нәрлендіргіштің теріс полюсі жалғастырылған электрод немесе бұйым.

Анод – нәрлендіргіштің оң полюсі жалғастырылған электрод немесе бұйым.

Доға бағанасы – катод пен анод аралығындағы ионданған газ бағана.

Пісіру трансформаторы – доғаны айнымалы токпен нәрлендіретін, желідегі кернеуді пісіруге қажетті кернеу шамасына дейін төмендетіп беретін құрылғы.

Пісіру түрлендіргіші – пісіру генераторы электрқозғалтқышымен ортақ тұғырлы етіп жасалған машина.

Пісіру генераторы – қозғалтқыштың механикалық энергиясын электр энергиясына айналдырып, пісіру доғасын тұрақты токпен нәрлендіретін аппарат.

Пісіру агрегаты – пісіру генераторы іштен жанатын қозғалтқышпен ортақ тұғырлы етіп жасалған пісіру машинасы.

Пісіру түзеткіші – айнымалы токты жартылай өткізгішті вентильдер арқылы тұрақты токқа айналдырып доғаны нәрлендіретін нәрлендіру көзі.

Осциллятор - өндірістік жиіліктегі токты жоғары жиілікті токқа және төмен мәнді кернеуді жоғары мәнді кернеуге түрлендіретін құрылғы.

Доғаны импульсті қоздырғыш – доғаны түйісусіз тұтандырып жандыруға және доға жануының орнықтылығын арттыруға арналған құрылғы.

Инверторлы нәрлендіру көздері – доғаның оңай тұтанып жануын, доға созымталдығын, металдың шашырауын төмендететін, бос жүріс кернеуінің шамасын азайтатын және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беретін нәрлендіру көзі.