Нормативті этика Мораль психологиясы

Нормативтік этика – заты болып адамның моральдық нормалар мен принциптерді ескере отырып қалай істеу керек деген сұраққа беретін барлық жауабы есептелінеді. Нормативті этика және мораль теориясы әрбір азаматты саналылықта тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен практикасын дамытуда елеулі орын алады. Нормативті этика және мораль теориясы негізінде моралдың мына түрлерін атауға болады: ұжымшылдық мораль, гуманистік мораль, белсенді, қарекетшіл мораль. Әрбір адам өмірінде, іс - әрекетінде кездесетін мораль категорияларын (жақсылық, жамандық, борыш, ұят, адалдық, әділеттілік, қайырымдылық, абырой,т.б.) терең ұғынуы қажет.
Моральдық этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет – ғұрыптары қалыптасқан дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады, жастардың мінез – құлқына байымды әсер етеді өйткені, халқымыздың өзі келешек ұрпаққа айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт – сананы, дәстүрлерді насихаттап келді. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, ұрпақты адал еңбекке, өнер – білімге тәрбиелейді, үйелменнің, ауыл –аймақтың, елдің ар – намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Қай қоғамда болмасын, оның барлық салаларында өмірде, еңбекте, тұрмыста, үйелмендік жеке қатынастарда, мораль адамның мінез – құлқын, сана – сезім реттейді. Мораль принциптері белгілі қоғамдық бастауларды, өмір құрылысын, қарым – қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді.
Адамгершілік дағдыларының мектеп оқушыларының моральдық бейнесін қалыптастырудағы орны ерекше. Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Қандай да болмасын адамгершілік дағдыларының негізінде шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Мінез – құлық дағдылары баланың жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдар мен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін түсіндіреді. Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатты сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Қазіргі кезеңде көпшілік арасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мақсаты мен мазмұны әр адамға, оның ой - өрісіне, сезіміне, мінез- құлқына ықпал жасауы тиіс.
Кез-келген қоғамда қауымдасып өмір сүру ережелерін сақтау қоғамдық тәртіпті ұстаудың ең маңызды шарты болып табылады. Түрлі елдерде бұл ережелердің жергілікті жағдайларға, дәстүрлер мен салттарға тәуелді өзіндік ерекшеліктері болады. Ғасырлар бойы қалыптасқан үйелмендегі және қоғамдағы тәртіп ережелерін үйреншікті орындауда адамдардың өндіріс пен тұрмыстағы күрделі өзара қарым – қатынасы тасада қалады.
Қазіргі ғылым тұрғысында адамның өміршең белсенді қалпы – адамның қоғамдық мәнінің біртұтас қасиеті. Ол адамның әлеуметтік және табиғи ортамен қарым – қатынас шеңберін құрайды. Өзінде адамның және қоршаған ортаның шындығының күрделі құнды қатынастар жиынын біріктіріп, өміршең белсенді қалып адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік бағдарының сипатын, оның азаматтық тәртібі және іс - әрекетінің түрін анықтайды.
Адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік қалпында өнегелікті сенімдер ерекше роль атқарады. Сенім – адамның қоғамдық мәніне енген білім. Жалпы сана сияқты, өнегелікті сана, қандай деңгейде болмасын өзінің нәтижесі ретінде әрдайым белгілі бір бағаға ие болады, яғни шындықты белгілі бір дәрежеде білу болады. Айтылған білімді қоғам өмір сүретін өнегелік ережелерді, принциптерді түсіну болып табылады.
Мінез – құлық мәдениеті жөніндегі білім өнегелі тәртіптің алғы шартын ғана жасайды. Адамның қоғамдық мәнінің өнегелік дамуының негізінде оның өнегелік тәжірибесін қалыптастыру жатады. Осымен қатар өнегелік тәжірибеде адам тәртібінің барлық тәжірибесі сұрыпталмайтынын еске алу керек. Ең алдымен ол үшін белгілі бір маңызы бар және қажетті жоғары ой - өрістік және сезімдік белсенділік туғызатын өнегелік әрекеттер сұрыпталады. Олар адам санасы мен сезіміне елеулі із қалдырады, тек бұрынғы емес, жаңа өмір шеңбері мен жағдайларда онан арғы тәртібіне ықпал жасайды.
Адамның өзін қоршаған әлемге, алатын білімге, өмір сүріп, дамитын жағдайларға қатынасы баға беру сипатында болады. Білім адамның сезімі мен күйзеліс шеңбері арқылы өткенде ғана өнегелік көзқарастардың жалпы жүйесіне қатынасады және оның моральдық сезіміне дейін көтеріледі. Күйзеліс моральдық ережелердің сезімдік тасмалдаушысы ретінде көрінеді.
Мектеп тәртібінің қалыптасу барысының нәтижесі, адамның мәнінің маңызды сапалық қасиеті – тәртіптілік. Оның негізінде адамның қоғамдық мәнінің еркін дамуы, өз тәртібін қоғамдық мүддеге бағындыру білігі, мақсатты жүзеге асыру жолында өз құлқының ынтасын өшіре отырып қиындықтарды жеңе білуі жатады.
Адам тәртібінің ішкі өлшемі қазіргі кезде оның тек жеке еңбегіне ғана емес, ұжымның, тұтасынан алғанда, қоғамның іс - әрекетіне елеулі ықпал жасайды
Гуманизм адамның моральдық бейнесінің көрінісі ретінде адамдарға көмек етуге бағытталған іс - әрекеттерде, жолдастарымен қарым – қатынастарда, өзара талапты қайырымдылықта, жауапкершілікте, оқушылар арасындағы қара бастың қамын ойлау көріністерімен белсенді күресте тәрбиеленеді.
Өнегелік ұғымдар мен сенімдердің қалыптасу барысы тек мінез-құлық мәдениетінен ағарту жұмысын жүргізу емес, жоғары ой - өрістік және практикалық іс - әрекеттің кең шеңберін қамтитын.
Тәжірибе оқушылардың өнегелік санасы білім мен тәртіп тәжірибесінің бірлігіне негізделсе ғана нәтижелі қалыптасады.
Қайырымдылық пен зұлымдық жөніндегі өнегелік түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуына, олардың жеке көзқарастар мен сенімдерге айналуына өнегелік жайында лекция, баяндама, әңгіме, пікір талстырулар ықпал жасайды.
Өнегелікке тәрбиелеу тәжірибесінде ең көп тарағаны – мінез – құлық шамаларына арналған әңімелер. Ол оқушларға моральдық принциптер мен шамаларды түсіндірудің түрі және оқушы бойына өнегелік баға, пікір, ұғым – сенімдерді қалыптастыру мақсатында оларды құбылыстар, қылықтар және әрекеттерді талқылауға және саралауға қатыстыру әдісі ретінде көрінеді.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгімелердің негізгі мақсаты – оқушыларға мораль жөнінде күрделі мәселелерді түсінуге, балалардың берік өнегелі тәртіп тәжірибесін саналы ұғынуына, мораль жөніндегі алған білімдері негізінде тәрбиеленушілерге өнегелік көзқарас, бағалау, пікірлерді қалыптастыру біліктерін дамытуға көмектесу.

Моральдық сана – жекелеген тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және бүкіл қоғамның көзқарастарын, пікірлерін және мінез-құлықтарын нормалармен бағалау қызметін атқаратын қоғамдық сананың бір формасы.
Моральдық қызмет – бұл мораль нормаларымен, қағидаларымен және әлеуметтік көзқараспен бағаланатын адамдардың, топтардың, қоғамдастықтардың кез-келген қызметі. Мысалы, соғысып жатқан екі мемлекеттің әрекеттерін алайық, бір мемлекет оны дұрыс деп бағалайды, ал басқалары бұл қатыгездік дұрыс емес бағалайды.
Моральдық қарым-қатынас – бұл адамдар, топтар, кластар, мемлекеттер арасындағы айқындалған, бағаланған қатынас аспектілері.

Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтер Моральдың қоғамдағы қызметі, функциялары мыналар болып табылады: Реттеушілік қызметі, мораль нормалары адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отырады, бірақ құқық нормалары сияқты толық реттемесе де, оны толықтырып отырады. Бағалау (аксиологиялық) қызметі, адамдардың, топтардың арасындағы қатынастар мораль нормалары арқылы жақсы немесе жаман, қажетті немесе қажетсіз мінез – құлық деп бағаланады. Бағыттау қызметі, яғни адамдарды, топтарды, қоғамды дұрыс жолға, жақсы жаққа бағыттап, итермелейді. Дәлелдеу (мотивациялық) қызметі, мотив немесе мотивация моральдық немесе аморальдық, жақсы немесе жаман екенін айқындайды. Танымдық (ақпараттық) қызметі, яғни ортақ этикалық білімдер: қағидалар, нормалар, кодекстер, ақпараттар беру арқылы әртүрлі жағдайларда, конфликт жағдайында және төтенше жағдайларда моральдық тұрғыдан дұрыс шешім жасауға көмектесу, жәрдемдесу. Тәрбиелік қызметі, қоғамды мораль нормалары арқылы тәрбиелеу болып табылады. Коммуникативтік қызметі, бұл ең негізгі қызметтерінің бірі болып табылады, мысалы, үлкен кемелерде, ұшақтарда және тез қоғзалатын обьектілерде арнайы құрылғыларда орнатылады, олар сәйкесінше келіп түскен сигналдарға “мен өзіміздікімін” деп жауап қайтарады, сол сияқты мораль құндылықтарының да жүйесі сондай қасиетке, қызметке ие. Идеологиялық қызмет, яғни бұл қызмет арқылы кез-келген қоғамдар, адамдар арасында нақты бір бағыт, мақсат көздеуге жәрдемдесуі.