Популяцияның тіршілікке икемділігін сақтауға қажетті қорықтық аудандар

Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерстерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.

Кез-келген мемлееттң ерекше қорғалатын табиғи территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндеттің орындалуы қамтамасыз етуі тиіс:

5. Оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі.

6. Жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.

Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.

Тапбиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Мұндай аудандардың мынадай түрлері бар: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғаттағы қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық аудандар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық (Калахари) резерваты: 5,3 млн. га; Вуд-Баффало (анада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоббий қорығы (Монғолстан) – шамамен 4 млн. га.

Қазақстанда 2 ұлттық баққұрылған: Баянауыл және Алтынеміл.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түр себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады.

Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті – халықты реакциялық қамтамасыз ету.

Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады.

Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді:

Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік батыс бөлігін алып жатыр. Ауданы 73 мың га. Бес өсімдік белдеулеріне 1000-нан астам өсімдіктер, құстардың 130-дан астам түрлері, сүтқоректлерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді.

Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жыл құрылған. Ауданы 198 шаршы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді, сүтқоректілердің 6, амфибийлердің 2, құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олар 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Алматы. 1931 жылы құрылған. Алматы облсының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ,

Организмге енген сансыз антиденелердің әрқайсысына берілетін арнаулы иммундық жауап қазіргі кезде иммунологиядағы ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Иммуноглобулиндер үш түрлі генетикалық тіркес емес жүйелермен кодталады. Бірінші топтағы локустар ауыр тізбектерсинтезін, екінші жеңіл тізбек к-синтезін, ал үшіншісі жеңіл l-тізбегінің синтезін қадағалайды. Иммундық жауап деген организмнің бөгде

Тақырып 13. Адам жасанды биоценоздарды жасаушы.

Сұрақтар: Антрофагендік факторлар.

Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады.

Түрлерді санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылыуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану (30-35 %), содан кейінгі орында азық қорының кемуі (4%), зиянкестерді жою (3%) және кездейсоқ жемтік тұр.Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік маңызы бар жануарлар үшін қауіпті. 1983 жылы тек қна тіс сүйекткрі үшін ғана 80 мың африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуындағы басты себептерінің бірі олардың сырттан әкелінген түрлері мен бәсекелестікке қабілетсіз болуы. Мұндай құбылыстарға шектелген территорияларда, аралдарда тіршілік ететін түрлер өте сезімтал болып келеді.

Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануарлардың 173 түрі (109 құстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктерді 20 түрі жойылып кетті.Адамның барлық ірі ауқымды іс-әрекеті биологиялық түрлердің кемуіне әкеледі. Осының нәтижесінде бүкіл табиғи белдеулердің де жойылу фактілері белгілі. Адам рельефі, өзен арналарын өзгертеді,батпақтарды құрғатады, белгілі бір өзіне қажетт ағаш түрлерінен тұратын бағалы ормандарды ғана өсіреді.

Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген экожүйелердің түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден әкелу арқылы қалпына келтіруге мүмкіндік болса, ал толық жойылған түр жүйе ретінде биосфера үшін қайтымсыз.

 

Тақырып 14. Өсімдік, бунақдене,балықтар, құстар, сүтқоректілерді

жер аудару және жерсіндіру.

Буынаяқтылар типі-Arthropoda.

Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типінің классификациясы. Быунаяқтылар типінің филогенеясы.

Буынаяқтылар типі басқа барлық жануарлар типтеріне қарағанда түрге өте бай, 1500000 астам түрлерден тұрады. Суда және құрылықта тіршілік етеді, оларға буынды аяқтар және бунақты дене тән. Барлық буынаяқтылар мынадай негізгі белгілермен сипатталды: Гетерономды бунақталу тән. Буылтық ққұрттардың бунақтары біркелкі гомономды болса, буынаяқтылардың бунақтары дене бөліктерінде әртүрлі сипатта орналасқан. Ұқсас бунақтардың топтары дененің ерекше бөлімдерін немесе тагмаларды құрайды. Көбінесе танманың үш түрін ажырату қалыптасқан: бас, кеуде, құрсақ. Тагмамен оның бунақтары бір-бірімен қосылып кетуі де мүмкін.

Буынаяқтылардың денесін құрайтынбунақтардың саны систематикалық топтарда әртүрлі болғандықтан азайып тұрақтану тенденциясы байқалады. Бас жақтауынан немесе акроннан және төрт бунақтан тұратын бас бөлімінің бунақ құрамы тұрақты. Акрон полихеттердің простомиумына гомологты, ал оның өсінділері, антеннулалары немесе мұртшалары пальпаларға сәйкес келеді. Кеудесі және әсіресе құрсағы өзгергіш. Денесі аналь жақтауы телсмонмен аяқталады, ол буылтық құрттардың пигидиіне гомологты.Полихеттердің параподиіне филогенетикалық дамыған буынаяқтылардың аяқтары денемен буындар арқылы қозғалмалы түрде жалғасады және бірнеше буындардан тұрады. Аяқтарының буылтық құрттардың параподиінен айырмашылығы күрделі қозғалыстар жасау қабілетінде. Әртүрлі тагмаларда орналасқан аяқтары ұқсас емес қызметтер- қорегін ұстау, ұсату және қозғалыс, тыныс алу т.б. атқаруға икемделген. Көпшілік Arthropoda-ның құрсақ буынаяқтарындағы аяқтары жойылып кеткен. Буынаяқтылардың денесі сыртқы қаңқа құратын хитинді кутикуламен қапталған. Қаңқасы склериттер мен жұмсақ жарғақтар сияты қатты тақталардан тұрады. Дененің әр бунағы 4 склериттермен қапталған: арқа тақтасы-тергит дорзалды, вентралды –құрсақ тақтасы немесе стернит және олардың арасында –бүйір тақталары орналасады. Жануарлардың денесінің сырты қатты қаңқамен қапталғандықтан олар түлеу арқылы өседі. Ескі кутикула мезгіл-мезгіл денеден түсіп қалады. Arthropoda-ның денесінде кірпікшелі эпителий болмайды. Ол буынаяқтылардың күшті кутикулалануына байланысты ерекшелігі, себебі олардың жабыны ғана емес , сол сияқты ішек, жыныс жолдары және басқа мүшелері кірпікшелер даму мүмкіндігін болдырмайтындай кутикуламен астарланған. Arthropoda- ның бұлшықеті тұтас тері бұлшықет қапшығын жасамайтын жеке бұлшықет будасынан тұрады. Буынаяқтылардың ас қорыту жүйесі үш бөлімнен тұрады- алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектер. Қан айналу жүйесі орталық жиырылғыш мүше- жүректің пайда болуымен сипатталады. Буынаяқтылардың тыныс алу мүшелері әртүрлі. Бір жағдайларда аяқтары түгелдей немесе кейбір бөлімдері суда тыныс алуға бейімделген желбезектерге айналады. Құрылықтағы түрлерінің ауамен тыныс алатын мүшелері- өкпелер де –түрі өзгерген аяқтар болып табылады. Олар тек жынысты жолмен көбейеді және әрқашан да дара жынысты.Сыртқы жыныс деморфизмі айқын байқалады. Буынаяқтылар типінің класқа бөлінуі:

1. Желбезектыныстылар тип тармағы-

1.1. Шаян тәрізділер класы-

2. Кеңірдектыныстылар тип тармағы-

2.1. Көпаяқтылар класы-

3. Трилобиттәрізділер тип тармағы-

3.1. Трилобиттер класы-

4. Хелицералылар тип тармағы-

4.1. Семсерқұйрықтылар класы-

Arthropoda типінің ата тектері көпқылтандылар класындағы қарапайым полимерлі буылтық құрттар болған. Денесінің бөлімдерге бөлінуі, бас және кеуде аяқтарының жіктелу сипаты мен дәрежесі және дернәсілдік кезеңдерінің ерекшеліктері бойынша буынақтылардың тип тармақтары бір бірінен айқын ажыратылады. Буылтық құрттардың буынаяқтыларға ауысуы құрылысының күрделенуі арқылы жүзеге асты: жұқа кутикуласы қатты сыртқы қаңқаға айналды, тері-бұлшықет қапшығы жеке еттерге ыдырады, аралас дене қуысы пайда болды. Аяқтары ауыз мүшелеріне айналды.