Травматикалық шығулар механизмі

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультеті: Жалпы медицина

Кафедра: Хирургиялық аурулар №2. Травматология,ортопедия және ӘДХ курсы

Дисциплина: Травматология және ортопедия

Тақырыбы: Травматикалық шығулар: механизмі, клиникасы, репозиция және оперативтік емдеу әдістері.

Орындаған:Зардыхан Айсауле 402«Б»гр.

Тексерген: Кожаков А.Г

Ақтөбе – 2016

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

2.1. Травматикалық шығулар механизмі

2.2. Травматикалық шығулар клиникасы

2.3. Травматикалық шығулар репозициясы

2.4. Травматикалық шығуларды оперативтік емдеу әдістері.

III Қорытынды

IV Пайдаланған әдебиеттер

I Кіріспе

Буын шығуы – деп сүйек эпифиздерінің өз орнынан толық тайып кетуін айтамыз. Кейде буынның жартылай шығуын да (подвывих) байқауға болады. Буынның орнынан толық шығуы, - деп екі сүйектің буын басының орнынан шығуын айтады. Омыртқа сүйегінде жоғарғы омыртқаның орнынан таюын шығу, - деп атайды.

Даму себептері бойынша шығу – туа біткен, жүре қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Соңғысы өз алдына:

1) жарақаттан соң дамыған шығу; уақытымен – 3 күнге дейін, кешеуілдегенде - 3 аптаға дейін,

кешіккенде –3 аптадан жоғары немесе әдетке айналған шығу қалыптасады;

2) патологиялық үрдістерден кейін дамитын шығу;

Анатомиялық тұрғыдан буынның көлемінің маңызы зор. Мысалы, жауырынның буын беткейі иық буынымен салыстырғанды кіші және де олардың құрылысы да өзгеше. Жамбас – ұршық буын – шар тәріздес болып келіп, өз орнында тереңде жатыр, жан-жағынан мықты бұлшық етпен, байланыстырушы сіңірлерімен қоршалған.Сонымен қатар, буын байланыстырушы сіңірлердің мықтылығы да шығуда маңызды орын атқарады. Сондықтан, мысалы: ұршық буын, иық буынына қарағанда сирек шығады. Тағы да, буындағы қозғалыс көлемінің шекті шамасы мен шығарушы күштің арасында маңызды қатынас бар. Неғұрлым шығарушы күш үлкен болып, буындағы қалыпты қозғалыс көлемі аз болса – буын шығуы жиі кездеседі. Негізінен буын тайғанда буын қабы жыртылып, байланыстыру сіңірлері мен қан тамырлары жарақаттанады. Сондықтан буын айналасының қанталауы мен буын қуысына қан жыйналу (гемартроз) жиірек кездеседі. Буын шыққанда бұлшық еттердің бекіну жерлері ауысып, аяқ қолдың не ұзаруы, не қысқаруы байқалады. Бұлшық еттің жиырылуы буынды қисық қалыпта көрсетіп, қозғалуын тежейді. Сондықтан, шыққан сүйекті неғұрлым ертерек орнына түсіру қажет, ол үшін еттің босаңсуын жақсы қалыптастыру керек.

II Негізгі бөлім

Травматикалық шығулар механизмі

Буын шығуы сүйек сынығына қарағанда 18-20 есе сирек кездеседі.

Жарақаттан алған шығу орналасуы бойынша әртүрлі болады. Иық шығуы - 40-50%, шынтақ шығуы - 8,5-27,2%, ұршық шығуы - 8-9%, саусақ шығуы - 7-8%; бақайлар шығуы - 5-6% кездеседі. Қолдың буындарында шығу 7-8 есе аяққа қарағанда жиі байқалады. Дене буындарының шығуы Ленинградтың жарақаттану және ортопедия ғылыми зеріттеу институтының (ЛИТО) мәліметі бойынша 5,8-8,7% кездеседі.

Шығудың жиілігі мен шыққан сүйектің қозғалыс бағыты буынның анатомиялық құрылысына және әсер етуші күшке байланысты қалыптасады. Бұл жағдайларды - шыққан буынды орнына салып, түсіру кезінде естен шығармау керек.