Травматикалық шығулар клиникасы

Өзіне тән клиникалық белгілері болғандықтан диагноз қою қиын емес. Зақымдалған буын аймағында ауыру сезімі күшейеді. Буын аймағының пішіні өзгеріп, еріксіз қимылсыз қалыпта болады. Аяқ-қолдың шығуына байланысты оның ұзындығы сау жақпен салыстырып қарағанда өзгеше келеді. Шыққан жерден төмендеу терінің өзгерілуін және тамыр соғуын анықтау керек. Өйткені, кей шығуларда қан, жүйке тамырлары қысылып, зақымдалуы мүмкін. Міндетті түрде рентгендік зерттеу әдісін қолдану керек. Онымен біз буын беткейлерінің қалай тұрғанын көріп, қосымша сүйек сынығы жоқ па екенін анықтаймыз.

Иық буының шығуы

Жіктемесі: толық жəне толық емес, жаңадан болған жəне ескірген, жабық жəне ашық, туа біткен жəне жүре пайда болған (жарақат немесе ауру салдарынан), сүйектің шыққан басының қалпына байланысты: алдыңғы, төменгі, артқы. Егер тоқпан жіліктің шығуы ең болмаса 2 рет қайталанса, онда оны үйреншікті деп атайды.

Диагностика критерилері:

1. Дельта тəрізді бұлшықет рельефінің жалпақтануы.

2. Иықтық өсіндінің айқын шығыңқы болуы, одан төмен жатқан тіндердің ішке қарай тартылуы.

3. Белсенді қимылдардың шектелуі.

4. Серпімділігі.

5. Иықтық буынды қысқан кезде неврологиялық симптоматика анықталады.

 

Инструменталдық зерттеулер: диагноз рентгенография кезінде, тура, бүйірінен жəне аксиалдық проекцияларда дəлелденеді. Шығуды сынықтан ажырату қажет.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Ем мақсаты: тайған сүйекті орнына салу, ауыру сезімін жою. Егер науқас зақымдалған қолдың қолбасын қарама - қарсы иығына сала алса, онда тоқпан жілік дұрыс салынды деген сөз.

Кохер əдісімен тоқпан жілікті орнына салу

- зақымдалған қолдың білегін тік бұрыш жасап бүгіп, тоқпан жілікті денеге қысып, тоқпан жіліктің білігі бойынша созып-тартады.

- тоқпан жілікті денеден ажыратпай, білегі бойынша созып тұрып, тоқпан жілікті баяу сыртқа қарай ротациялайды.

- созуды босаңсытпай, шынтақты алдыға жəне медиалды жаққа қарай тартады.

- иықты күрт ішке қарай ротациялайды. Бұл кезде науқастың қолбасы қарама-қарсы тоқпан жілікке орналасады.

 

Шығуды Гиппократ əдісімен салу

Дəрігер арқасында жатқан науқасқа арқасымен зақымдалған иық жағынан отырып, науқастың қолбасын қолына алады. Одан кейін дəрігер өз аяғының өкшесін (зақымдалған қолмен аттас) науқастың қолтық аймағына орналастырып, қол білігі бойынша соза отырып, өкшесімен тоқпан жіəліктің басына қысым түсіреді.

 

Шығуды Милч əдісімен салу

- науқас артқа қарау 30 градусқа шалқаяды;

- дəрігер науқастың білегін 90 градусқа дейін баяу бүгеді;

- одан кейін науқас дəрігердің көмегімен қолын шүйдесіне жеткізгенше көтереді;

- бұл кезде дəрігер тоқпан жілік білігімен созады, ал оның көмекшісі иықүстін нық ұстап тұрады.

 

Тоқпан жіліктік артқы шығуы.

Ірі буындардың барлық шығуларының ішінде осы шығуды анықтау қиынға түседі. Жарақаттың механизмі – иыққа алдынан тиген қатты соққы немесе тоқпан жілікке қарай ротацияланып тұрғанда созылған қолға құлау. Артқы шығу кезінде иықтық буынның контуры өзгермеуі де мүмкін. Тоқпан жіліктің артқы шығуының негізгі белгісі тоқпан жілікті сыртқа қарай айналдырудың толық шектелуі. Тоқпан жіліктің артқы шығуы қояншық ұстамасынан кейін дамуы мүмкін. Емі – жансыздандырғаннан кейін білекті тік бұрыш жасап бүгеді, одан кейін тоқпан жілікті 90 градусқа дейін əкетіп, оны білігі бойынша соза отырып, сыртқа қарай айналдырады.

 

Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуы.

Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуын орнына салудың қарапайым əдісі бар:

- науқас орындыққа аяғын аяғына салып отырады;

- содан кейін ол үстінде жатқан аяғын көтіріңкіреп, екі қолымен тізесін құшақтайды;

- аяғын біртіндеп түсіре отырып, науқас қолдарын созады;

- осы қалыпта науқас иық белдеуінің бұлшықеттерін толық босаңсытады, осы сəтте сүйек əдетте орнына түседі.

 

Тоқпан жіліктің үйреншікті шығуын радикалдық жолмен емдеудің жалғыз жолы – операция. Қайталанған шығу кезінде тіндер айтарлықтай зақымдалмайды, əрі оңай қалпына түседі. Нығайтуды жүргізудің қажеті жоқ. Тоқпан жіліктің шығуы үшінші рет қайталанғанда науқасты хирургиялық емге жолдайды.

 

Тоқпан жілікті орнына салғаннан кейінгі ем:

• міндетті түрде бақылау рентгенографиясын жүргізеді;

• 2 аптаға Вельпо тектес таңғыш салынады;

• физикалық емдік жаттығуларды неғұрлым ерте тағайындайды;

• таңғышты алғаннан кейін кемінде 3 апта бойы науқастың физикалық белсенділігін, əсіресе тоқпан жілікті сыртқа айналдыру жəне əкетуді шектейді.

 

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. Кетонал инъекцияға арналған ерітінді 100 мг/2 мл амп.

2. *Трамадол инъекцияға арналған ерітінді 50 мг/1 мл амп.

3. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді амп. 1% по 1 мл.

 

Білек сүйегінің сынық- шығуы. Ол бұрыш сүйектерінің диафизінің сынуы және басқа сүйек басының шығуы болып табылады.Шынтақ сүйегінің сынуы және шыбық сүйегінің басының тайқуы – Монтедж сынық –шығуы деп аталады,ал егер шыбық сүйегінің сынуы мен шынтақ сүйегінің басының шығуы –Галеации сынық- шығуы деп аталады.Әдебиеттерде оларды «тайқу» терминімен аталады.

1.3.1 Монтедж зақымдануы.

Жіктелуі: Шыбық сүйегінің дистальды сынықшасының ығысу сипатына байланысты бүккіш,жазғыш деп ажыратады

А.бүккіш Б.жазғыш В.сынуға әкелетін механизм.

Бүккіш түрінде алдыға ашылатын бұрыш түзіледі( алақан жағында) Шыбық сүйегі шынтақ сүйегінің дистальды бөлігімен бірге ығысады.Бұл кезде сақиналы байламды бұза өтіп артқа қарай шығады (қолдың сырт жағы) Жазғыш түрінде керісінше бұрыш қолдың сыртына ашылады.

Жарақат механизмі.Бұл зақымданудың негізгі себебі білекке соққы әсер етуінен болады және қолмен қорғанып құлағанда жиі байқалады.

 

1.3.2.Галеация зақымдануы.

Жіктелуі: Басқа сынықтарға қарағанда сирек кездеседі.Онда бүккіш және жазғыш болады.Бүккіште – шыбық сүйегі сынғанда бұрыш алақан жаққа ашылады,ал шынтақ сүйегі сырт жаққа ығысқан.Жазғышта- шыбық сүйегі сынғанда бұрыш сырт жаққа ашылған ,ал шынтақ сүйегінің басы алақанға ығысқан. Көп жағдайда жазғыш сүйекті сыну жиі байқалады. Галеация сынығындағы сынықшалардың ығысуы

Жарақат механизмі :Ол көбінесе иықтан қатты соққы алғанда ,сирек қолды тіреп құлағанда болады.Шыбық сүйегі негізінен кривизна аймағында сынады.Бұл кезде дистальды сынықша ені ,ұзындығы бойынша ғана емес, ротатор әсерінен пронацияланып та кетеді.

 

Саусақтардың шығуы

Саусақтардың шығуының механизмі саусақтардың кенеттен немесе сәйкес буындардағы фалангтардың аса жазылуына негізделген. Бұл кезде дистальды сегмент сыртқа ығысады. Алақандық ығысу сирек болады және жарақаттың тура механизмінде пайда болады – бүгілген саусаққа немесе фалангқа күш түсу. Шығу дистальды фаланг аралық буында болуы мүмкін – соңғы фаланг шығуы, проксимальды буында – ортаңғы фаланг шығуы, пястно – фалангтық буында – негізгі фалангтың немесе саусақтың шығуы. І саусақтың щығуы ең жиі зақымдалу болып табылады және көбінесе ер адамдарда кездеседі. І саусақтың толық немесе жартылай шығуын ажыратады. Толық шығу кезінде негізгі фаланга сыртқа , сирек – алақанға ығысады. Ал алақан сүйектің басы буын капсуласын және метакарпальды байламдарды жыртып, алақан жаққа ығысады. Сесамовидті сүйектер негізгі фалангпен бірге сыртқа ығысады, үлкен саусақ бүккіш сіңірі пястный сүйек басынан шынтақ жаққа таяды. Сіңір мен сесамовидті сүйектер алақан сүйек пен негізгі фаланг арсында қысылып қалуы мүмкін. Негізгі фаланг пен пястный сүйек арасында сыртқы – шыбық жаққа ашық бұрыш пайда болады. Мұндай шығу І саусақтың сыртқа шығуы деп аталады .

І саусақтың сыртқа шығуы