Арпа швед шыбынның имаго мен дернәсілі.

Шыбынның ұшуы 1 айға дейін созылады. Сұлылық шведтік шыбыны көбіне ылғал сүйгіш. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50% дейін болғанда, шыбындар өле бастайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстанда арпа швед шыбыны кеңінен таралған. Ересек личинкалар сабақта қоректенген жерінде жалған піллєда қыстап шығады. Көктемде сол жерде қуыршақка айналады. Ò°рғашылары жұмыртқаларын колеоптиль үстіне немесе астына, жапырақтың қынабына біреуден немесе екеуден салады. Барлығы орташа есеппен 30 жұмыртқа салады. 3-4 ұрпақ беріп дамиды.

Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер сабақтың ішіне енеді. Дернәсілдер арпа, бидайдың жас сабақтарына ғана зиян келтіреді. Қарабидай, жүгері, ас-тық шөптер де зақымдануы мүмкін. Сабақ ішінде эмбриональды ұлпалармен қоректенеді, сонымен қатар ортаңғы жапырағы сарғаяды жєне солып қалады. Зақымдану фазасында 2-4 жапырақтар өсімдіктің өлуіне єкеп соқтырады.

Сабақ бүргелері: үлкен - Chaetocnema aridula Gyll. және кіші -Chaetocnema hortensis Geoffr. (жапырақ жемірлері тұқымдасы – Chrysomelidae, қатты қанаттылар отряды - Coleoptera). Қоңыздар қара- қола түсті. Денесінің ұзындығы 1,6-3,0 мм. Артқы аяктары секіргіш. Дернәсілдердің ұзындығы 5 мм дейін, кір лен - акшыл дақтары бар. Басы, кеуде аяқтары жєне денесі қара, ұшы қара. Жұмыртқаларын астық дақылдарының астыңғы жапырақтарына немесе топыраққа салады. Шыққан дернәсілдер сабақ ішіне енеді, сабақтың негізінде қоректеніп, ортаңғы жапырақтың солуына єкеп соқтырады. Кейін сабақтар мүжілуімен қатар, сынады. Дернәсіл сабақтың ішінде дамиды. Көп зиян бидай мен арпаға келтіреді. 2-3 аптадан кейін дернәсіл топыраққа қуыршақтануға кетеді. Ересек коңыз солып қалған жапырақтармен қоректеніп, өсімдікке аса зиян келтірмейді. Құрғақшылық сабақ бүргелердің кобеюіне қолайсыз жағдай тудырады. Жұмыртқалардың көбі кұрғап кетуден өледі.

 

 

Күресу шаралары. Шыбындардың қыстайтын қорын анықтау үшін күзде және көктемде аңыз сабағын 8-16 үлгіден 0,25 м2 алып талдау жасау керек. Егер 1м2 көлемде гессен шыбынының пупарийлер (жалған піллә) саны 10 данадан асатын болса, сүрі жер не болмаса аз зақымданатын дақылдарды (сұлыны, арпаны) орналастыру керек. Топырақты аудара жыртқанда дернәсілдің 90% өледі, ал аудармай өңдеген кезде шамамен 20 % өледі. Жаздық бидайды көп жылдық шөптерден, күздік дақылдардан алшақ орналастыру қажет. Себер алдында тұқымдарды жүйелі әсерлі инсектицидпен уландырғанда (тұқымды токсикациялау) жақсы нєтиже береді. Кеш себілген жаздық астық егістер швед шыбыны єсерінен қатты зақымданады (солтүстік аймақтарда 25 мамырдан кейін). Олармен күресуде ең маңыздысы – астық дақылдардың оңтайлы себу мерзімін сақтау. Тіршілік кезеңінде бақылау жұмыстарды этномологиялық аулағышпен жүргізуге болады. Әр егістіктің 10 жерден 10 рет сермеп кағады, сонымен қатар өсімдіктердің 10-16 үлгілерін (әр үлгі 0,25м2 ) алады. Талдау жасағанда әр өсімдіктің сабақтарын, қынабын ашып қарайды. Сабақ бүргелерінің балаңкұрттарының негізгі айырмашылығы - жұпты аяқтары жєне бастары бар, шыбын дернәсілдері аяқсыз, бассыз түрде болады. Егер шыбын жєне бүргелер ересек жәндіктерінің саны аулағышты 100 рет қаққанына 30-50 дара, не болмаса өсімдіктердің 30% көлемінде гессен шыбынның жұмырт-қалары байқалса, инсектицидтер (Â«Тізім …» бойынша) қолдану керек.

Астық егеушілер: кєдімгі - Cephus pygmaeus L. жєне қара - Trachelus tabidus Ғ. (Cephidae - сабақ егеушілер тұқымдасы, Hymenoptera - отряды).

Екі түрдің биологиясы ұқсас. Ересек егеушінің ұзындығы 8-10 см. Денесі жылтыр-қара, цилиндр тәріздес. Кәдімгі егушінің құрсағында көлденеңнен сары жолақтар, ал қара егеушінің құрсағының үзынша бүйір жағынан орналасқан жирен - сары жолақтар болады. Дернәсіл С- тєріздес, аяқсыз, ұзындығы 12-14 мм. Кєдімгіге қарағанда, қара егеушілердің ұшуы 14-20 күнге кеш басталады. Жылда зиянкестің 1 ұрпағы дамиды. Жартылай мөлдірлі коконда сабақтың астыңғы бөлігінің ішінде қыстайды. Көктемде сол жерде қуыршақтанады.

Ересек жәндіктердің ұшуы бидайдың, арпаның сабақтану жєне күздік бидайдың масақтану бастаған кезеңінде байқалады. Ò°рғашылары