Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары

Лицензиялардың қолданылуының ерекше шарттары лицензияға:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензиаттың санатын, өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылатын саланы көрсету үшiн енгiзiледi.[8]

Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:

Iздестiру қызметi.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:

· инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:

· геодезиялық орталықтарды салу және қалау;

· жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;

· жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);

· инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;

Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

· геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;

· жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;

Жобалау қызметі.

Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды: қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:

· жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);

· елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;

· құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;

· ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;

· тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;

· елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;

· құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;

· инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;

Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк - реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:

· объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;

Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

· негiздер мен iргетастарды;

· бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;

· металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;

Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

· жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

· су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

· тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;

· iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және

· 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;

· 35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;

· магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

· мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;

· көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

· энергетика өнеркәсiбiне арналған;

· жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;

· ауыр машина жасауға арналған;

· медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;

· бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;

· мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;

· көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

· автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;

· жергiлiктi байланыс, радио, телекоммуникация желiлерiне;

· байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

Мыналарды:

· теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;

· барлық санаттағы автомобиль жолдарын;

· қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;

· көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);

· өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);