Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды жою бойынша жасалатын іс – шаралар

Шуды төмендетудің қажетті деңгейін анықтау

Шуды төмендетудің қажетті деңгейін анықтау шекті қауіпсіз шуға дейін балмұздақ өндіру цехында, балмұздақты буып түю цехында яғни жұмыс бұлшық етке түсетін динамикалық жұмысқа және бір ауысымдағы 3 тоннаға дейін жүк айналымынIV разрядты жүйке жүктемесіне жатады.

Ауалық сепаратордың шу шығару деңгейі L1= 90 дБА , буып түю автоматы, оның шу шығару деңгейі L2=83 дБА , сонымен қатар 2 конвейер, олардың әр қайсысы Lк=76 дБА шу шығарады. орналасқан

Берілген бөлімдегі тиімді шу деңгейін еңбектің ауырлығы мен қиындық категориясын анықтаймыз. Эргономикалық критерилерге байланысты көзбен көруге жүктеме түсіретін жұмыстар орташа дәлдікпен аз жүктемелі ІІ категорияға бұлшық ет жүктемесі орташа ауырлықты жұмысқа жатады. Санитарлық нормаларға сәйкес жұмысшы орындағышекті шу деңгейі 23–05–95 тиімді шу деңгейін қарастыратын 5 – кесте бойынша [18] табылады. Шудың қалыпты деңгейі 70 дБА бекітілген.

Барлық шу шығатын көздердегі шудың жалпы деңгейін табамыз. Барлық шудың көздері бір уақытта жұмыс істеген кезде жалпы шудың қарқындылығы (дБА):

 

,

 

Мұндағы n – шу көздерінің саны; L – бір көзден шығатын шу деңгейі.

Сонда конвейерлерден шығатын шу деңгейі:

 

дБА.

 

Бірнеше шу көзінің жалпы шу деңгейін анықтау үшін оларды әр түрлі күшпен жұп немесе бірінен кейін бірін қосу қажет. Және әр жұпқа есепті мына формула бойынша жүргізу қажет:

 

,

 

мұндағы Lб – шу деңгейінің қосындасынаң ең көбі, дБА; - қосынды, ол монограмма немесе кесте бойынша қосынды көздердің дБА және шу деңгейінің айырмасы бойынша анықталады.

Ауалық сепаратордың шығаратын шу деңгейінің жалпы деңгейін табамыз, ол үшін қосындыны табамыз , ол фризер мен буып түю автоматының жасайтын жалпы шу деңгейін табамыз L2 – L1 = 90–83=7 дБА. Бұл айырмашылыққа дұрыстау =0,8 дБА [18].

жасайтын жалпы шу деңгейін есептейміз, ол үшін , анықтаймыз, ол Фризердің, буып–түю автоматының және 2конвейердің шу қарқындылығының айырмасының әсерін ескереді

 

дБА.

 

Бұл айырмаға мына дұрыстау сәйес келеді = 0,4 дБА.

Осыдан, дБА.

Бұдан дБА, т.е. өндірістік жайда шекті рұқсат етілген шу деңгейін қамтамасыз ету үшін жалпы шу деңгейін түсіретін бірқатар шараларды іске асыру қажет, барлық машиналардың төмендетілген шу деңгейі 21,2 дБА тең болуы керек.


 

Орытынды

 

Құрылымы белгілі дәнді жеңіл және енімен қалыңдығымен ерекшеленетін қоспалардан тазалауға арналған машиналар жұмыс істеу принциптері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

А/ аэродинамикалық торлы машиналар. Машиналардың негізгі жұмысшы органдары тесіккөздік өлшемдері дәнектердің эквиваленттік диаметрінін кіші торлар секциясынан дән өткізіледі. Секция саны мен қоспалардың түрлеріне байланысты дән массасы іріктеліп, тазаланады. Мұндай құрылымды машиналарды дән сақтау мекемелерінде, элеваторларда пайдаланудың массалық бірлікке шаққандағы шығындары көбірек болғандықтан, процесстің өзіндік құнын көбейтеді; аэродинамикалы тербелмелі, теңселмелі машиналардың құрылымы қарапайым болғанымен пайдаланымы өте күрделі, тор көздері тез толып қалады. Тазартқыш түрпілер тез желінеді;

Б/ аэродинамикалық машиналар. Тек қана аспирациялық сорғыш және үрлегіш пневмоқұрылым көмегімен жұмыс істейді. Оларға дуаспираторлар, шілтерлі және жалюздік торлы шаңсыздандырғыш камералар, аэронауалар, жатады. Кемшілігі – дән массасы тығыз қабат құрайтындықтан, процесс псевдоқопсыту арқылы іске асырылады. Дәнектердің өзара ілінісу күштерін жеңу үшін энергия жұмсалады.

Сонымен қатар тығыз қабатты псевдоқопсыту аса жоғары дәлдікті қажет етеді, яғни дәнді жеңіл қоспалардан тазалау тиімділігі дән қабатының қалыңдығына, дәннің ылғалдығына, ауаның сүзу жылдамдығына, торлардың көлбеулігіне тәуелді:

- қабат шамадан тыс жұқа болса, капиллярлық каналдар пайда болып. Үрленген ауа осы каналдардан өтіп кетеді де, негізгі масса тығыз қабат күйінде қала береді;

- дәннің ылғалдығы артқан сайын дәнектердің өзара ілінісу күші де ұлғая береді. Бұл ауа ағынының дәнаралық кеңістікке бірқалыпты таралуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан қоймаларға жеткізілген дәнді қалыпты ылғалдыққа /10-12 пайыз/ жеткенше кептіргіштен өткізіп алады;

- ауаның сүзу жылдамдығын дәнді дақылдардың түрі мен ылғалдығына байланысты дәл анықтау қажет. Керісінше жағдайда қабат мүлде қопсытылмайды, немесе капиллярлық каналдар арқылы ауа ағыны тез өтіп кетеді;

- дән ағыны тиелетін торлар түрлері мен конфигурациясына байланысты әртүрлі көлбеулікте орналаса алады. Сондықтан дәннің сусымалы қасиетіне байланысты тордың көлбеулігін дәл анықтау қажеттілігі туындайды.