Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжамдау негіздері

 

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржысын болжамдау саясатының негізгі нысаны - бизнес жоспар. Қазіргі кезде бизнес – болжамдаудың қызметтері мынадай нысанда орындалады:

- бизнес стратегиясы мен оның даму концепциясын құру құралы;

- шаруашылық қызметтің жаңа бағытын бағалау құралы;

- несие тарту құралы;

- сыбайлас тарту құралы.

Бірінші функция мәні кәсіпкерлік қызметтің жаңа бағыттарын сату болып табылады. Екінші функция мәні - кәсіпорын шаруашылық қызметін бақылау мен талдауда бизнес – жоспарды қолдану. Үшінші қызметінде бизнес – жоспар кәсіпорынның несие қабілетін бағалаушы болады. Банкте несие беру үшін негізгі фактор болып бизнес – жоспар табылады. Банк кәсіпорындардан кепіл түріндегі қамтамасыз етуді емес, дұрыс жасалған бизнес – жоспар сүрайды. Төртінші қызметін орындауда кәсіпкерліктің жаңа түріне сыбайлас тарту

Ұзақ мерзімді қаржылық болжамдаудың негізі болып салық сомаларын амортизациялық шығындарының, табыс болжамын, капиталды меншік және қарыздыққа бөлу, бағалы қағаздарды шығару, несие алу мерзімдерін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін капиталды қажетсінуді анықтау.

Қысқа мерзімді қаржылық болжамдау жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді қысқа мерзімге ( жыл, квартал, ай) есептеуді білдіреді. Қаржыларды болжамдау басқа қызмет түрлері сияқты өз міндеттері мен мақсатына ие.

Қаржыларды болжамдау мақсаты болып ақшалай қаражаттардың түсу мөлшері мен олардың жоспарлы кезінде шығарылуын анықтау табылады.

Болжамдаудың міндеттері:

- шаруашылық процесті қажет ақша қаржыларымен қамтамасыз ету;

- бюджет, банк, сақтандыру органдары және тағы басқа шаруашылық субъектілері мен қаржылық қатынас орнату. Бұл қаржылық қатынастар түскен ақша мөлшерімен және берілген ақша көлемімен (салық, несие пайызы, сақтандыру салымдары)өлшенеді;

- капиталды біріккен кәсіпкерлікке, бағалы қағаздарға салудың тиімді жолдарын анықтау;

- ақша қаражатын құру мен пайдалануға бақылау сату;

- ақша қаражатын үнемдеп қолдану есебінен табысты үлкейту.

Қаржылық болжамдаудың маңызды мезеті болжамдау стратегиясын анықтау болып табылады. Қаржылық болжамдаудың стратегиясы табыс көздерінің, ақша түсу көздерінің, қаржылық жоспарды құрудың негізгі бағыттарын білдіреді.

Шаруашылық субъектісі (кәсіпорын) әртүрлі өндірістер, бөлімтар, қорлар, қызметтер (жөндеу), бөлімдер (қаржы, бухгалтерия) лаборатория, дүкен және тағы басқа бөлім мүшелерден тұратын жүйе болып табылады.

Аталған бөлімшелердің табыс алуындағы орны түрлі екені анық. Мысалы, шаруашылық субъектісі бухгалтериясыз болмайды, бірақ бухгалтериядан табыс әкелуді талап етуге лаборатория жөндеу қызметінен де мұны сұрауға келмейді.

Болжамдаудың болмауы оларды төмендегідей жағдайға алып келеді:

· болашақтағы мақсаттарын түсінбеушілік;

· ағымдағы әрекеттер келешектегі әрекеттермен қандай жағдайда үзілмейтін шаруашылық үрдісі ретінде қарауды білмеушілік;

· қысқа мерзімдік мүдделерді басшылыққа алып шаруашылық әлемінде бағыттан адасу және болып жатқан оқиғалардың жалпы мәнін түсінбеу;

· нарықтың негізгі талаптарын анықтай алмау;

· басқа нарық қызметіне қатысушылармен салыстырғанда әлсіз ұстанымда болу.

Болжамдау кәсіпорынның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар болжамдауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде болжамдауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен кәсіпорын басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындар, болжамдауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық кәсіпорындар үшін болжамдауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б.]

1. Жаңадан пайда болған жеке меншік кәсіпорындар. Капитал жинақталуының даму үрдісі осы нысандар қызметінің шиеленісуі мен көбеюіне алып келеді, ал сонымен қатар қазіргі замандағы нарық шаруашылығындағы болжамдау түрлерінде қажеттілікті тудыратын басқа факторлардың пайда болуына алып келеді.

Осы саладағы болжамдауды қолдануға байланысты басты проблема – бизнес “бай болудың көзі” деген пікірде қалыптасқан жай жасалынған жоспарға сенбеу, осыдан барып болашаққа деген жеткіліксіз назар аудару қалыптасады. Осыған қарамастан көптеген жеке меншік кәсіпорындар болжамдау бөлімшелерін, ең болмағанда болжамдаушы лауазымын ендірді.

2. Мемлекеттік және бұрынғы мемлекеттік, қазіргі кезде жеке меншіктегі кәсіпорындар. Бұлар үшін болжамдау қызметі дәстүрлі болып табылады. Дегенмен олардың болжамдау тәжірибесі негізінде экономиканы орталықтан басқару кезеңіне жатады. Осыдан барып бұл кәсіпорындарда болжамдау екінші дәрежелі сипат алды, болжамдау қызметі орталықтандырылған және салалық сипат алды, осыған байланысты дұрыс талдау мен алдын-ала анықтау, нарықтық және командалық экономикадағы болжамдауды салыстырып талдау туралы осы бөлімнің 6 параграфынан қараңыздар. Сондықтан бірінші тұрпаттағы ұйымдардағыдай, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындарға ішкі кәсіпорындық болжамдау тәжірибесін қайта ендіру қажет.

 

  5 жылдық жоспарды жасау циклі Жылдық жоспарды жасау циклі  
  Наурыз    
           
 
5 жылдық жоспарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар дайындау
   
 
 
 
 
 
   
 

 


Жылдың мәселелер ісін анықтау  

 
 

 

  Сәуір  
  Мамыр  
  Маусым  
  Шілде  
  Тамыз  
  Қыркүйек  
  Қазан
  Қараша
  Желтоқсан
  Қаңтар  
  Ақпан  

Сурет-1 – Кәсіпорынның болжамдау сызбасы

1 суретте көрсетілгендей ұйымдардағы болжамдау үрдісі үздіксіз жыл бойына жалғасады. Болжамдаудың негізгі екі бөлігі жылдың әр түрлі кезеңінде орындалады: стратегиялық жоспар қаржы жылының әдеттегідей I - II тоқсандарында жүргізіледі, қалған уақытта жедел болжамдау орындалады. Жедел жоспар алғашқы жылдағы әрекеттерге арналған 5 жылдық жоспардың мазмұнын анықтайды. Болжамдау үрдісі үзіліссіз және екі 5 жылдық жоспар аралығында үзіліс болмау үшін көптеген ұйымдар өтпелі жоспар деп аталатын жоспар құрастырады. Ауыспалы жоспарда ағымдағы жылмен қоса әр кезде жаңа жыл қосылады (2003-2008 жылдарға арналған жоспарда 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы жаңа бес жылдықты айқындайтын 2001 жыл барысы бойынша 2007 жыл қосылады). Мұнымен қатар нарықтық жағдайдағы өткен технологиялардың, саясаттың, өткен (2007 жыл) жылдағы ұйымдардың ішкі факторларының өзгерістері есепке алынады және жаңадан жасалған жоспарға қажетті өзгерістер енгізіледі. [11, 85 б.]

Кейбір жағдайларда стратегиялық жоспармен қоса жедел жоспарлардың бірге орындалуы да кездеседі. Мұндай тәжірибеде басты жетіспеушілік - бұл тиімді болжамдауға кедергі болу шешімдердің жеделділігіне байланысты стратегиялық болжамдау проблемаларына басымдылығын бастайды және кәсіпорын өз қызметіндегі негізгі бағытын жоғалтады. Егер үрдістің мазмұны мен реттілігі анықталған болса, күнтізбелік реттілігін болжамдау үрдісімен сызба жасалынған болса, ұйым үшін пайдалы болып табылады. Бұл сызбалар әр түрлі түрде болуы мүмкін: диаграмма, кесте, кестелік тізбелер, кесте-пирамида және тағы басқа кез келген жағдайда мұндай сызбалар ұйымға көмектеседі: [10, 76 б.]

- жалпы болжамдау үрдісін түсінікті етеді;

- оны бір жүйеге ендіреді және үрдіс кезеңдерін жылдың әр түрлі мерзімі бойынша бөледі;

- болжамдау үрдісінің әрбір кезеңінің орындалуы туралы бақылау үрдісін ұйымдастырады.

Болжамдаудың ұйымдастырылған құрылымдары болжамдау үрдісінде төмендегілер қатысады:

- біріншіден, ұйымдардың жоғарғы басшылығы;

- екіншіден, болжамдаушылар командасы;

- үшіншіден, бөлімшелердің басшылары мен мамандары.

Бұрында көрсетілгендей ұйымның барлық қызметкерлері жоспарды талқылау мен құрастыруға қатысқан кезде бұл жағдай ойдағыдай болып саналады. Болжамдау қызметіне қатысушылар арасындағы міндеттемелер қалай бөлінеді?

Жоғарғы басшылық болжамдау үрдісінің архитекторы болып табылады. Болжамдаудың реттілігі мен оның негізгі сатыларын анықтайды. Жоғарғы менеджмент болжамдау үрдісін ұйымның әрбір қызметкерінің түсінікті және анық болатындай жасауы керек, ол оған өзінің барлық қызметкерлерін толық қатыстыра білу керек.

Жоғарғы басшылықтың басқа қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу мен стратегияны болжамдау бойынша шешім қабылдауында болып табылады. Кәсіпорын басшылығы оның дамуының жалпы мақсаттарын және оған дәл жеткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды. Стратегияны әзірлеу жоғарғы менеджменттен аналитикалық бейімділік пен көлемді ойлауды талап етеді.

Орташа және төмен топ басшылығы, сонымен қатар бөлімшелер мамандары жедел жоспарларды әзірлеумен айналысады. Мамандардың міндетіне сонымен қатар ұйымдардың ішкі және сыртқы ортасына талдау жасау, болжам құрастыру кіреді. Бөлімше басшылары мен штат қызметкерлері ұйымдар үшін ұсынылған ұқсас стратегияларды бағалауда бірігеді.

Болжамдау қызметі кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуге қатысады, оның негізгі мақсаттарын түсіндіреді. Дегенмен кеңес беруші ретінде бұл қызметті болжамдаушылар іске асырады. Кейде стратегиялық негізгі мәселелерді болжамдаушы мен жоғарғы басқарушы жеке әңгімелесу арқылы талқылайды. Стратегияларды бекітуге байланысты қорытынды шешімді жоғарғы басшылық қабылдайды. [12, 281 б.]

Табысты болжамдау қаржылық болжамдаудың қосымша бөлігі. Ол

кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке жүргізіледі. Жеке болжамдау қызметінің әр түрлі түрінен табыс есептеу және салық салу жоспарды дайындау үрдісінде табыс көлеміне әсер ететін барлық факторлар есепке алынады және қаржылық нәтиже әр түрлі басқарушылық шешімдерді қабылдаудан шығады.

Тұрақты дамушы экономика жағдайында табысты болжамдау үш жылдан бес жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.

Шаруашылықтың болжамды жағдайында және тұрақты баға кезінде ағымдағы болжамдау бір жыл ішінде жүзеге асырылады. Түрақсыз экономикалық және саясаттық жағдай кезінде болжамдау қысқа мерзімді кезеңде орындалуы мүмкін — тоқсан, жарты жыл.

Болжамдау объектісі болып баланстық табыс элементі табылады, бірінші кезекте өнімді өткізуден, жұмысты атқарудан, қызмет көрсетуден табыс, табыстың есеп беру негізгі сатудан болжамды және көлемін көрсетеді. Бұл өндірістік бағдарлама және қордың сату көлемімен тәуелдігіне байланысты.

Дегенмен, бұл көлем өндірістік қуаттылықтарымен шектеледі. Бұл жағдайда олар болжамдау үшін жіберуші нүкте болып табылады. Сату көлемін анықтаудан кейін бекітілген келісім негізінде өндірістік бағдарламалар жасалады. Өндірістік бағдарлама өткізуден жоспарлы көлемінен және соңғы жоспарлы кезеңде қоймадағы дайын өнім қорының көлемінен тәуелді. Бұл жағдайда аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгерісін есепке алу қажет. Өз кезегінде бағдарлама материалдарда қажеттілік есебі үшін негіз болып табылады. Материалдарды сатып алудағы қажеттілік бастапқы жоспарлы кезеңде қоймадағы қор есебімен, сонымен қоса кезеңце қалдық есебімен анықталады.