ФудМастер» ЖШС-нің жалпы сипаттамасы

«ФудМастер» компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында орналасқан. «ФудМастер-Алматы» мекемесі 1995 жылы құрылған. Кәсіби мамандар тобы мекемені алдыңғы қатарлы озық мекемеге айналдырды. Тәулік сайын сүт зауыты жүз тонна сүтке дейін өңдеп шығарады. Зауыт өнім құю жөніндегі жоғары технологиялық желілермен жарақтандырылған. 2001 жылы құбыр жуу бойынша қос желілі автоматты стансасы мен сағатына 50 000 литр су өткізетін қуаттылығы бар CIP жабдықтамалары орнатылған. Жоғары технологиялық жабдықтама өндірілетін өнімнің мүлтіксіз сапасын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жж. Есік сүт зауытын жаңалау мен қалпына келтіруге 2 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Енді зауыт жарақтандырылуы бойынша алдыңғы қатарлы еуропалық мекемелерден кем түспейді. «ФудМастер, ЖА» Компаниясы ЖШС-і 1997 жылғы қаңтарда құрылған. Мекеме алдында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын сапалы және Алматыда танымал «ФудМастер»-лік сүт өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қысқа мерзім ішінде негізінен Астананың қалалық сүт зауытының “бұрынғы” жұмысшыларынан тұратын мамандар тобы «ФудМастер» компаниясы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі мен сатуды бастай алды. Тек сапалы өнімдер шығара және жаңалықтар енгізе отырып, мекеме тұтынушылар тарапынан сенімге ие бола бастады. Мекеме мамандарының көпшілігі Еуропа мен Американың жетекші тағам өндірісі мекемелерінде тәжірибе жинақтаған. 1998 жылы «ФудМастер» Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк саек ауылындағы май-сыр зауытын меншіктеді. «ФудМастер» компаниясының иелігіне өткеннен бастап зауыттың жеті жылғы тұралаудан кейінгі жаңа тіршілігі қайнап кетті. Күніне 30 тонна сүтке дейінгі қуаттылығы бар зауытта, Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болған айран, био-айран және сүт өндіріледі. Заманауи «Хугарт» және «Роверси» технологиялық желілері жаңа және сапалы өнімдердің көптеген түрлерін өндіруге мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындардан құралған еңбек ұжымы өз ісінің шеберлері және мекеменің үздіксіз өскен жетістіктерінің айқындауыш бөлігі болып табылады. 2003 жылғы тамызда «ФМ – Шымкент» компаниясы сүт өңдеу және сүт өнімдерінің өндірісі саласында ISO – 9001 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестіктің халықаралық сертификатын алды. Жамбыл облысының Қордай кентінің жанында Қырғызстанмен шектескен жерге таяу шұрайлы жерде «ФудМастер» компаниясының сыр зауыты орналасқан. «ФудМастер» компаниясы қатқыл сырдың бірегей дайындау тәсілін сақтап қана қоймай, атақты сыр жасау шеберлерін сақтай алды. 1998 жылдан бастап «ФудМастер-Қордай» Костромалық, Ресейлік, Голландиялық сияқты дәстүрлі қатқыл іріткі сырларын өндіреді. Зауыт күрделі қалпына келтіру жүргізілді. Жаңартылған жабдықтама анағұрлым ұзақ сақтау мерзімді мінсіз, сапалы сырларды өндіруге мүмкіндік береді.

Компания республиканың түрлі аймақтарынан меншікке зауыттар ала бастады. Бүгінгі таңда Компанияның 6 зауыты және бір сүт-тауар фермасы бар. Еліміздің бірнеше аймақтарында – Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында «ФудМастер» компаниясы сүт қабылдау тораптарының желісін ұйымдастырды. Жекеменшік мал қожалықтары өтеусіз жалдау шарттарында шведтік өндірістің сүт қабылдау резервуарларымен, қабылданатын сүттің экспресс талдауына арналған жабдықтамамен жарақтандырылған. Ауыл халқына көлік, бұзау сатып алуға несие берілді. Шаруалар қарыздарын сүтпен қайтарды. Сүт зауыттарына сүт ағылды. Біртіндеп шикізаттың тек жоғары сапалы болуына қол жеткізуге мүмкіндік туды. Қазіргі таңда «ФудМастер» компаниясының құрамында бірнеше сүт өндірісі, сонымен қатар Қазақстанның түрлі облыстарында орналасқан бір сүт-тауар фермасы бар. «ФудМастер» компаниясының негізгі міндеті Қазақстанда сүт өндірісін көтеру және Республика халқын сапаның жоғары стандартына сәйкес келетін өніммен тұрақты түрде қамтамасыз ету болып табылады. Компанияның міндетті ісі.

Сурет4- «ФудМастер» компаниясының негізгі қоймалары

Тұтынушының жоғары талаптарына толық сәйкес келетін сапалы өнім өндіру. Біздің тұтынушы өнімінің сапасына және Компанияның барлық салаларының жұмыс деңгейіне көңлі толуы тиіс. Біздің тұтынушыларымыздың барлық тілектері қанағаттандырылуы қажет. Алматы облысы, Есік қаласында орналасқан «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық экономикалық қызметін талдауда оның өтімділік, қаржылық тұрақтылық, іскерлік белсенділік, өтемпаздық және табыстылық көрсеткіштерін есептеу 2009 және 2009ж.ж. мәліметтеріне негізделіп отыр.

2.2 «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайына талдау

Басқару қызметінің тиімділігін анықтауда ұйымның қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізудің маңызы зор. Ол кәсіпорынның балансы мен оның қаржылық іс-әрекет қызметінің жылдық есебінің мәліметтеріне негізделеді. «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайын зеттеу үшін ең алдымен басты техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қарастырып көрейік (3 кесте).

Дайын өнімнің бір теңгесіне шығындар есепті жылы негізгі шикізатқа (сүтке, қантқа) көтерме бағаның өсуінен көбейіп отыр.

 

Кесте 1 - «ФудМастер» ЖШС-нің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2009ж. 2010ж. Ауытқуы   өзгерімі %
Өнім көлемі тонна 17858,0 19674,0 +1816,0 +10,1
Еңбекақы қоры мың тг. 79218,9 115512,7 +36293,8 +45
Жұмыскерлердің жалпы саны адам +150 +34,3
1жұмыскерге шығымдылық теңге -3749 -3,1
Орташа айлық еңбекақы теңге +2809 +15
ҚҚС-сыз жалпы табыс мың тг. +124656 +22
Шығындар (өз, құн) мың тг. +144908 +31
1 теңге пропорцияға шығындар тиын 0,83 0,89 +0,06 +7,2
Рентабелділік % 20,6 12,5 -8,1 -39
Бағалы қағаздар мың тг. 1110,0 1110,0 - -
Негізгі құралдар мың тг. 200020,3 267827,3 +67807 +34
Негізгі өндірістік қорлар мың тг. 861113,6 127235,5 +41121,9 +47,7
Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы мың тг. 25266,6 53510,0 +28243,4 +111
Бюджетке аударымдар мың тг. 17658,6 12462,0 -5196,6 -70,5
Таза табыс мың тг. 82717,3 -38115,1 -54
Ескерту «ФудМастер» ЖШС-ның жылдық есептемелері бойынша
                     

 

3-кестеде 2009 жылы өнім көлемі 10,1 %-ға, жалпы табыс 22 %-ға, ал шығындар 31 %-ға артқан. Келтірілген мәліметтер негізгі құралдардың пайдаланылу тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Ол 2009 жылы жоғары өндірістік технологиялық­ линияларды енгізу, құрал-жабдықтарды ауыстыру, барын модернизациялау есебінен қол жеткізілді. Негізгі өндірістік құралдардың тиімді пайдаланылуы Компанияның 2009 жылдың аяғына технико-экономикалық параметрлерінің жағдайын жақсартты. Алайда осы себептермен таза табыстың көлемі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 54 %-ға кеміді.

Рентабелділік жоспарға қарағанда -8,1 %-ке кеміді, рентабелділіктің баяу дамуы, ең алдымен, негізгі өндірістік құралдардың құнының өсуімен байланысты.

«ФудМастер» ЖШС-нің каржылық-экономикалық жағдайын талдау үшін курстық жұмыста 2009 және 2010 жылдардағы кәсіпорынның балансы, қаржылық-шаруашылық қызметтері туралы есептер пайдаланылып, соның негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық, өтімділік, іскерлік белсенділік және табыстылық көрсеткіштері есептелген.

Қаржылық тұрақтылықты сипаттау үшін кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының сомасын есептеу керек. Меншіктік капитал есебінен айналымнан тыс құралдар да, айналым құралдары да қалыптасатын болғандықтан, меншіктік капитал сомасы мен ұзақ мерзімді активтердің айырмасы меншіктік айналым құралдарының мөлшерін құрайды.

2009 жылы: 96343,2+166624,0-175330,1 = 77637,1 мың теңге;

2010 жылы: 133409,0+100684,8-234699 = -605,2мың теңге.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, меншіктік айналым құралдары біршама азайған. Ал 2010 жылдың аяғына қарай олар мүлдем болған жоқ, ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің 55840,2 мың теңгеге азаюына және бір мезгілде ұзақ мерзімді активтердің 59368,9 мың теңгеге көбеюіне байланысты.

Меншіктік айналым құралдары материалды өндірістік қорларды жабу үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қорлар қысқа мерзімді несиелер мен жабдықтаушылардың, подрядчиктердің алдындағы несиелік қарыздар есебінен де қалыптасады. Қорлардың қалыптасу көздері төмендегідей болып келеді:

2009 жылы: 77637,1+21404,5 = 99041,6 мың теңге;

2010 жылы: 0+62941 = 62941,2 мың теңге.

2009 жылы кәсіпорының абсолютті қаржылық тұрақтылығы байқалады, яғни келесі шарт сақталады:

ТМҚ < Меншіктік айналым құралдары

30827,5 мың теңге < 77637,1 мың теңге

Осылайша, барлық қорлар меншіктік айналым құралдарымен жабылады және кәсіпорын сыртқы несиелерге тәуелді емес.

2010 жылы кәсіпорынның меншіктік айналым құралдарының жоқтығынан абсолютті қаржылық тұрақтылық қалыпты қаржылық тұрақтылыққа ауысады, мұнда келесі шарт сақталады:

Меншіктік айналым құралдары < ТМҚ < Қорлардың қалыптасу көздері;

0 < 51080,2 мың теңге < 62941,2 мың теңге.

Ағымдағы өтімділік коэффиценті 2009 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ағымдағы активтердің 3,3 теңгесін құрады, яғни кәсіпорынның айналым құралдары қысқа мерзімді қарыздарды өтеуге мүмкіндік береді, бірақ олардың тиімсіз пайдаланылғаны байқалады. 2010 жылы бұл көрсеткіш 0,99-ға дейін төмендеген, бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтер есебінен жабуы мүмкін еместігін көрсетеді.

Жылдам өтімділік коэффиценті ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне өтімді активтердің 2,39 теңгесінен 0,4 теңгеге дейін төмендеген. Егер 2009 жылы қысқа мерзімді қарыздарды жабу үшін өтімді активтер жеткілікті болған болса, 2010 жылы олардың азаюы байқалады (дебиторлық қарыздардың азюы мен міндеттемелердің өсуі есебінен), ал қысқа мерзімді міндеттемелер қажет болған жағдайда тауарлы-материалды қорлар есебінен жабылады.Абсолютті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін көрсетеді. Бір жыл ішінде ол 0,01-ге төмендеп, 2009 жылы ағымдағы міндеттемелердің 1 теңгесіне ақша-қаражаттардың 0,11 теңгесін құрады.

Өтімділіктің есептелген көрсеткіштері кәсіпорынның жағдайы 2009 жылы жеткілікті тұрақты болғанын, ал 2010 жылы ағымдағы міндеттемелердің ауыр болғанын көрсетеді. Қысқа мерзімді активтерді жабуға кәсіпорынның ақша қаражаты жоқ. ТМҚ-ға салынған құралдар пайдаланылса да, кәсіпорын қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша кредиторлармен 100% есептесе алмайды және оған қарыздардың бір бөлігін ұзақ мерзімді активтер есебінен жабуға тура келеді.

 

Кесте 2 - «ФудМастер» ЖШС-нің өтімділік көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер жылға 2010 жылға өзгеруі, мың тг. 2010 ж. %-пен
Ағымдағы активтер, мың тг. 111376,0 84995,5 -26380,5 -24,7
Өтімді активтер, мың тг. 80548,5 33915,3 -46633,2 -47,9
Ақша қаражаттары, мың тг. 3951,2 9217,8 +5266,6 +33,2
Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг. 33738,9 85600,7 +51861,8 +53,72
Ағымдағы өтімділік коэффиценті 3,30 0,99 -2,31 -70
Жылдам өтімділік коэффиценті 2,4 0,40 -1,99 -84,3
Абсолютті өтімділік коэффиценті 0,12 0,11 -0,01 -8,3
Ескерту - «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша

Әрі қарай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау көрсетілген (5- кестеде). Автономия коэффиценті кәсіпорының қарыз капиталды меншіктік капиталмен орнын толтыруы мүмкін емес екендігін көрсетеді, өйткені меншіктік капитал үлесі жалпы капиталдың 34%-дан 42%-ға дейін құрайды.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесі 2010 жылы 35,8 %-ға төмендеген, сондай-ақ жабдықтаушылар мен подрядчиктердің алдындағы қарыз жоғары болып қалуда (194 %), ал қалдық құны бойынша негізгі құралдардың сомасы 2009 жылғы көрсеткіштен 22 %-ға өсті.

Сондай-ақ инвестицияны жабу коэффиценттінің 0,17 %-ға дейін кемуі байқалады, 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,88 қалыпты мәнге ие болған, ол қысқа мерзімді кредиторлық қарыздардың өсуімен және меншіктік айналым құралдарының жоқтығымен түсіндіріледі. Осы себептен қорларды жабу коэффиценті де кеміген деп айтуға болады

 

Кесте 3- «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау

    Көрсеткіштер 2009 жылға 2010 жылға өзгеруі мың тг. 2010ж. %-пен
Меншіктік капитал, мың тг. 96343,2 +37065,8 +38,5
Міндеттемелер, мың тг. 190362,9 186285,5 -4077,4 -2,2
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың тг. 156624,0 100684,8 -55939,2 -35,8
Жабдықтаушылар алдындағы қарыз, мың тг. 21404,5 62941,2 +41536,7 +194
НҚ мен МЕА-дің бастапқы құны, мың тг. 200961,8 268555,8 +67994,0 +33,9
НҚ мен МЕА-дің тозуы, мың тг. 25266,6 +28243,4 +111,7
Қалдық құны бойынша негізгі құралдар, мың тг. 174753,7 214317,3 +39563,6 +22,63
Ағымдағы активтер, мың тг. 84995,5 -26380,5 -23,7
ТМҚ, мың тг. 30827,5 51080,2 +20252,7 +65,69
Жалпы капитал, мың тг. 286706,1 319694,5 +32988,4 +11,50
Автономия коэффиценті, % 0,33 0,42 0,1 +27,2
Қаржылық тәуелділік коэффиценті, % 0,66 0,58 -0,1 -13
Қарыз қаражаттарының коэффиценті, % 1,98 1,40 -0,6 -29,4
Инвестицияларды жабу коэффиценті, % 0,88 0,73 -0,2 -17

3-кестенің жалғасы

ТМҚ-ды жабу коэффиценті, % 3,21 0,74 -2,5 -77
Негізгі құралдардың нақты құнының коэффиценті, % 5,67 4,20 -1,5 -25
Амортизацияның жинақталу коэффиценті, % 0,13 0,2 +0,1 +53
Ағымдағы активтер мен қозғалмайтын мүліктің арақатынасының коэф., % 0,71 0,84 +0,1 +18,7
Ескерту - «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша

 

Қаржылық тәуекелділік коэффициенті 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ға төмендегенін анықтап көрсетіп тұр.

Кәсіпорын дағдарысты жағдайдан өзінің несиелік қарызын азайту, артық ТМҚ мен негізгі құралдарды өткізу арқылы ғана шыға алады. Кәсіпорын өзінің күшін қаржылық тұрақтылықты көтеруге бағыттауы керек, өйткені ол жалпы алғанда қанағаттанарлықсыз болып табылады.

«ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайы туралы толық көрініс алу үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен табыстылығы көрсеткіштеріне талдау жасау қажет, олар 6 және 7 кестелерде көрсетілген.

Бұл көрсеткіштер компанияның қызметінің экономикалық тиімділігінің айғағы.

Кесте 4- «ФудМастер» ЖШС-нің іскерлік белсенділігін талдау

Көрсеткіштер өзгеруі
        теңгемен %-бен
2. Активтердің орташа жылдық құны, мың теңге 303200,3 258170,3 -45030 -15
3. Өзіндік капиталдың орташа жылдық құны, мың теңге 114876,1 60058,4 -54817,7 -52,2
4. Ұзақ мерзімді активтердің орташа жылдық құны,мың теңге 128654,4 136751,3 +8096,9 +6,2
НҚ орташа жылдық құны, мың теңге 238021,0 166285,0 -71736 -30
Ағымдағы активтердің жылдық құны, мың теңге 98185,8 87436,7 -10749,1 -11
Матер. орташа жылдық құны, мың теңге 34794,0 25504,6 -9289,4 -26,7
Дайын өнімнің жылдық құны, мың теңге 1361,6 2271,8 +910,2 +66,8

4-кестенің жалғасы

Дебиторлық борыштың орташа жылдық шамасы, мың теңге 50647,4 53172,2 +2524,8 +5
Кредиторлық борыштың орташа жылдық шамасы, мың теңге 7902,3 5914,8 -1987,5 -26,2
Активтердің айналым коэффиценттері 2,6 2,5 -0,1 -3,9
Өзіндік капиталдың айналым коэфф-і 6,9 10,7 +3,8 +55,0
Ағымдағы активтердің айналым коэффиценті 8,1 7,3 -0,8 -9,9
Ағымдағы активтердің айналым ұзақтығы 44,3 48,7 +4,4 +10  
Материалдардың айналым коэффиценті 22,9 22,9 - -
Дайын өнімнің айналым коэффиценті 585,8 284,5 -301,3 -51,5
Дебиторлық борыштардың айналым коэффиценті 15,7 12,1 -3,6 -22,9
Кредиторлық борыштардың айналым коэффиценті 100,9 109,2 - -
Ескерту - «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша

 

4-кесте бойынша активтердің орташа жылдық құны 15 %-ға кеміді. Сонымен қатар активтердің айналым коэффициенті 3,9 %-ға, ал дайын өнімнің айналым коэффиценті 2 есе төмендеп, 284,5-ді құрады. Активтердің айналымдылық коэффиценті 1 жыл ішінде 2,6- дан 2,5 есеге кішкене ғана төмендеген, яғни ол бір жыл ішінде өндіріс циклі неше рет болғанын көрсетеді.

Сондай-ақ өндірістік қорлардың айналымдылығы баяулағанда инфляция мен шаруашылық байланыстардың құлдырауы жағдайында айтарлықтай таралымды болып келетінін айта кеткен жөн.

 

Кесте 5 - «ФудМастер» ЖШС-нің табыстылығын талдау

Көрсеткіштер 2009 ж. 2010ж. Өзгеруі
мың тг. %-бен
Өнімді өткізуден түскен табыс, мың тг. 646402,6 797610,0 151207,4 +23,4

5-кестенің жалғасы

 

Жалпы табыс, мың тг. 230287,4 254049,1 23761,7 +10,3
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг. 545522,6 720685,9 175163,3 +32,1
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. 100880,0 79624,1 -23955,9 -24,7
Таза табыс, мың тг. 82717,3 41632,9 -41084,4 -49,7
Ағымдағы активтер, мың тг. 111376,0 84995,5 -26380,5 -24,7
Ұзақ мерзімді активтер, мың тг. 175330,1 234699,0 59368,9 +33,9
Меншіктік капитал, мың тг. 96343,2 133409,0 37068,8 +38,5
Ағымдағы активтердің табыстылығы 0,74 0,49 -0,25 -34
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы 0,47 0,18 -0,29 -62,4
Өткізілген өнімнің табыстылығы 0,13 0,05 -0,08 -59,2
Өткізу көлемінің табыстылығы 0,36 0,32 -0,04 -11,6
Негізгі қызметтің табыстылығы 0,18 0,11 -0,08 -42,3
Меншіктік капиталдың табыстылығы 0,86 0,31 -0,55 -63,7
Ескертулер - «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелері бойынша

 

5-кестеде «ФудМастер» ЖШС-нің табыстылық көрсеткіштері талданған. Кестедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның жалпы табыстылығы төмендегені туралы қорытынды жасауға болады.

Өнімді өткізуден түскен табыс (23,4 %), жалпы табыс (10,3 %), активтер (24,7 %), меншіктік капитал (38,5 %) көбейгенімен таза табыс (50 %) пен негізгі қызметтен түскен табыстың (24,7 %) төмендеуі байқалады, ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының жылдам өсуі салдарынан болған.

Осылайша «ФудМастер» ЖШС-нің қаржылық жағдайының төмендеуі туралы қорытынды жасауға болады, оны кәсіпорынның табыстылық, қаржылық тұрақтылық, өтімділік және іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің талдауы растайды, мұның барлығы өнімді шығару және өткізу бойынша шығындардың көбеюімен, міндеттемелердің өсуімен және таза табыстың азаюымен түсіндіріледі [21].