Тақырып. Қазақстан прокуратурасының қалыптасуы және дамуы

 

1. Прокуратураның пайда болуы және қалыптасуы. Ресей прокуратурасының қалыптасуы және дамуы.

2. Кеңестік кезеңдегі прокуратура органдары.

3. Тәуелсіз Қазақстанның прокуратурасы.

1.Прокурорлық қадағалау сотқа қарағанда кейінрек пайда болды. Монархтың өкілдік органы ретінде прокуратура алғаш рет Францияда 1302 жылы IV Филип королі кезінде пайда болды. «Прокурор» термині тек ХVІІІ ғасырдың басында қолданыла бастады. Прокуратураның атқарымдарын (функцияларын) оның пайда болу сәтінен бастап тек құқық өрісінде қолданған емес болатын. Орыс тарихшысы В.И.Веретенниковтың айтуы бойынша «прокурор нақты және толық мағынасына қарай корольдің көздері болды, ол арқылы король бүкіл мемлекеттік тетіктің дұрыстығын қадағалады».

Осы міндеттерді орындап, Бас прокурор «әрқашан және барлық уақытта» король тәжінің мүдделерін қорғаған, корольдік шендерді тағайындауын бақылап, олардың істерін және дін мен шіркеудің істерін қадағалады.

Прокурор сот процедурасын безендірілу туралы іске қатысуға құқығы бар болды. Франция прокуратурасының қызметінде, кейінірек Ресейде де, ерекше орын алған фискалат міндеті, яғни қазынаның (фиска) мүддесін қамтамасыз ету болды. Өйткені сол уақытта салықты алудың басты қайнар көзі сот болғандықтан, прокурор азаматтардың бұзушылықтары туралы сотқа хабарлау, сонымен қатар мемлекеттік шешімдердің қамын ойлау керек болды.

Францияның прокуратурасы Ресей прокуратурасына үлгі ретінде болды (кейін Кеңес билігі кезінде мемлекеттік аппараттың тетігіне кірді).

Қазақстан прокуратурасының қалыптасуы мен дамуы туралы айтар бұрын Ресей прокуратурасының тарихына назар аудару қажет, өйткені екі мемлекеттің және олардың халықтарының тарихи тағдыры ғасырлар бойы өте тығыз байланыста болған.

18 ғасырда басталған Ресейдің Қазақстанды өзінің колониясына айналдыру процесі қазақ қоғамына көптеген өзгерістер әкелген. Қазақ даласына Ресей империясының мемлекеттік басқару органдары, сонымен қатар прокуратура органдары да енгізіле бастаған.

Бұл процесс 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін созылды. Сондықтан Қазақстанда прокуратура институтының пайда болуы Ресей империясы прокуратурасының тарихына байланысты.

Ресейдегі прокуратураның құрулуы І Петрға байланысты, ол бұл органның нақты атқарымдарын (функцияларын) белгіледі, атап айтқанда ол - орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдардың қызметтерінің заңды орындалуын бақылау. 1722 жылғы 12 қаңтарда патша жарлығымен Сенаттың жанында генерал-прокурор лауазымы тағайындалған. Онда бас прокурор «патшаның көзі» және «мемлекеттік істер туралы хабарлаушы» деп аталды. Ең бірінші генерал-прокурор болып І Петрдің серіктесі, атақты мемлекет қайраткері П.И.Ягужинский тағайындалған. Сол жылдың 27 сәуірінде «Генерал-прокуроры лауазымы туралы» одан нақты жарлық шығарылды.

Генерал-прокурорға келесі өкілеттіктер берілген:

1) патшаның жазалары мен бұйрықтарының орындалуын тексеру;

2) 1 Петрдің ұйғарымдарын орындамау жағдайларына ықпал ету;

3) өз бастамасымен Сенаттың қарауына мемлекетті басқарудың аса маңызды мәселелері бойынша түсінікті жарлықтардың болмағаны жағдайда тиісті заң енгізу құқығы;

4) Сенатта іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу атқарымын жүзеге асыру. Сенат кеңсесі оның нақты бағынышында болған;

5) фискалат қызметін бақылау.

Ресейдің атақты мемлекеттік қайраткері, бұрынғы әділет министрі, генерал-майор Н.В.Муравьевтың айтуынша, Ресейде прокуратураны құру сәттен бастап (1722) ІІ Александрдың сот реформаларына дейін (ХІХ ғасырдың 60 жылдары) органның жалпы (әкімшілік) қадағалауы көбірек болды.

1722 жылы генерал-прокурордан басқа оның қарауында болатын обер-прокурорлар лауазымы және барлық алқаларда болатын прокурорлар лауазымы тағайындалған. Сонымен қатар, соттардың және губерниялық мекемелердің жанындағы прокурорлар тағайындалған.

Тағайындалған прокурорлар көпшілік жерлерде заңдардың орындалуын байқаған; қажеттілік туындаған жағдайда судьялардға олардың міндеттерін ескертіп, заңсыз және әділетсіз өкімдері мен әрекеттерін тоқтатқан. Осы атқарымдарды жүзеге асыру үшін прокурорлар аталмыш мекемелердің мәжілістеріне қатысуға тиіс болған.

Прокурорлар қылмыстық қудалау барысына нақты кіріспеген, тек қана осы қызметті байқап отырған.

Сонымен, Ресейде прокуратураны құрудың алғашқы мақсаты - бұл жалпы қадағалау, яғни мемлкеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен қабылданатын құқықтық актілердің заңдылығын қадағалау болды.

Прокуратура өзінің жалпы қадағалау өкілдігін 1864 жылғы сот реформасының нәтижесінде жоғалтты.

Бұл сәтте мемлекеттің мүдделері ескерілмеді. Осының нәтижесінде прокуратура әкімшілікке қадағалау өрісі шегінде әсер ете алмады. Сондықтан прокуратураның жалпы қадағалау атқарымын жоғалтуын көптеген Ресейдің саясаткерлері, мемлекеттік ісі жөніндегі мамандар, сот қызметкерлері реформаның кемшілігі ретінде санады.

ІІ Александр патшаның өлімінен кейін (1.03.1881) ІІІ Александр билігі кезінде революциялық қатынастарға соттық репрессияның күшеюіне шаралар қолданыла басталды. Сот алқа билерінің өкілдігі шектеле басталды, керісінше, патша соты дами басталды.

ІІІ Александрдың рескриптумы бойынша комиссия құрылып, ол прокурорлық қадағалауды күшейту туралы жоба дайындау, прокуратураны аса жазалаушы органға айналдыру жөнінде 6 жыл бойы жұмыс істеді. Прокуратураның бұл қызметі 1905 жылғы революциядан кейін аса көрініс тапты.

2.Революцияға дейінгі Ресей прокуратурасының институты 1917 жылғы 24 қарашадағы «Сот туралы» Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының Халық Комиссарлар Кеңесінің (Совнарком) декретімен қысқартылды. Оның тұжырымдамасында былай делінген: «осы уақытқа дейінгі өмір сүрген сот тергеушілер, прокурорлық қадағалау институттары қысқартылады...»

Кеңес билігінің алғашқы жылдарында заңдылықтың сақталуын қадағалау атқарымын бірнеше органдар атқарған: Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК), Совнарком, Әділет Халық Комиссариаты (Наркомюст), жұмысшы-шаруашылық инспекция (Рабкрин), жергілікті кеңестер, Бүкілресейлік Төтенше Комиссиясы (ВЧК) және басқалар.

Жаңа өкімет, прокуратура органдары мен мекемелерін қысқартып, оларды 1922 жылы қайта құрған. Бұл кезде елде пролетариат үстемдігі толық орнатылған, өкіметті нығайту үшін революциялық шараларды, "қызыл террор" әдістерін қолданудың керектігі болған жоқ. Керісінше, қоғамдық қатынастарды жаңа заңдар қабылдау және оларды жүзеге асыру тетігін жасау арқылы реттеу қажеттілігі туындады.

ВЦИК-тің сессияларына бысшылық ету үшін тағайындалған комиссия мүшелері арасында прокуратура органдары мен мекемелерін ұйымдастыру мәселесі көптеген даулар мен келіспеушіліктер тудырған. Олардың көпшілігі прокуратураның бір жағынан орталық прокуратураға, екінші жағынан жергілікті өкімет органдарына бағынуын талап еткен.

Сондықтан В.И.Ленин Саяси бюроға өзінің "екі жақты бағыну және заңдылық туралы" деп кейін аталып кеткен хатын жазады. Хатта ол заңдылық бір уақытта калугалық немесе казандық болуы мүмкін емес, ол бірыңғай бүкіл ресейлік, тіпті бүкіл кеңес республикалар федерациясы үшін болу керек, деген пікір білдірген.

ВЦИК-тің III сессиясымен қабылданған Прокурорлық қадағалау туралы ережеде прокуратура органдарының жүйесі В.И.Лениннің осы пікірінде негізделген.

Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (АССР) прокуратурасының құрылу күні - 1922 жылғы 13 шілде, өйткені дәл сол күні ҚазЦИК өзінің 3-сессиясында Прокурорлық қадағалау туралы ережені бекітті.

Бұл ережеге сәйкес прокуратура органдары заңдардың сақталуын қадағалауды жүзеге асыру үшін және қылмыстылықпен күресті дұрыс орнату мақсатында құрылады.

Кейін прокуратураның соттағы атқарымы өзгертілді. 1924 жылғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) және кеңестік социалистік республикардың соттарының негіздеріне сәйкес прокурорға сот қызметінің заңдылығын қадағалау жүктелді. Республикалық прокуратура органдары кассациялық және қадағалау тәртіпте жазаларға, шешімдерге қарсылық білдіру және кеңестік республикалардың соттарын анықтау құқығын алды.

Қазақ Республикасының прокуратурасы Наркомюсттың құрамында құрылды, және оның басшылығында Әділет Халық Комиссары болды. Аталмыш тұлға Республиканың прокуроры да болды (1928 жылдан бастап Республика прокуроры комиссардың орынбасары бола бастады).

Наркомюсттың құрамында прокуратура бөлімі құрылды, және ол Республика прокурорына тікелей бағынды. Республика прокуроры көмекшілерінің бірі әскери прокуратураны басқарды.

Республика прокурорының тікелей бағынуында губерниялық прокуратура болды, олар жергілікті билікке бағынған жоқ. Уездерде губерниялық прокурорлардың көмекшілері жұмыс істеді.

Сонымен, прокуратура құрылу кезінен бастап тек кеңестік республикалардың шегінде орталықтанған болды. Бүкіл Кеңес одағының шегінде орталықтандыру кейін жүзеге асырыла бастады.

КСРО-ның Жоғарғы Сот прокуратурасына:

- КСРО Конституциясымен және жалпы одақтық заңдармен көзделген одақтық наркоматтардың және басқа орталықтанған КСРО мекемелерінің қаулыларын, одақтық республикалардың ЦИК және олардың президиумдары қаулыларының заңдылығын бақылау;

- Бас саяси басқармасы (ОГПУ) істерінің заңдылығын бақылау;

- одақтық Жоғарғы Сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау, сондай-ақ одақтың және одақтық республикалардың сот мекемелерінде тәжірибе жүзінде жалпы одақтық заңдардың біркелкі және дұрыс қолданылуын бақылау, - жүктелді.

Басқа сөзбен айтқанда, одақтың Жоғарғы Сот прокуратурасы одақтық республикалардың орталықтанған органдары қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырды, бірақ республикалық органдарды басқарған емес.

1933 жылғы 20 маусымдағы КСРО Прокуратурасын құру туралы ЦИК пен Совнаркомның қаулысымен аталмыш Ереже өзгертілді.

Сол жылғы 17 желтоқсандағы ЦИК пен Совнаркомның қаулысымен КСРО Прокуратурасы туралы ережесі бекітілген. Осы ережемен одақтық Жоғарғы Сот прокуратурасы қысқартылып, одақтық прокуратураның ұйымдасуы мен қызметі негізіне дара басшылық және орталықтандыру қағидалары салынған.

КСРО Прокуратурасының негізгі міндеттері болып КСРО аумағында социалистік заңдылықты және қоғамдық меншікті қоғамға қарсы элементтер тарапынан жасалған қастықтардан қорғау көзделген.

Осы тұрғыда КСРО прокуратурасына келесі өкілеттіктер берілген:

- Кеңес Одағының, одақтық республикалардың және жергілікті билік органдардың, кейбір ведомстволардың қаулылары мен бұйрықтары одақтың Конституциясы мен Үкіметінің қаулыларына сай келуін қадағалау;

- одақтық республикалардың сот мекемелерінде заңның дұрыс және біркелкі жүзеге асырылуына, барлық соттардың шешімдерінің орындалуына наразылық білдіру және тоқтатуына бақылау жүргізу;

- Кеңес Одағы аумағында барлық соттарда қылмыстық ізге түсуді қозғау және мемлекеттік айыпты қолдау;

- Ереженің ерекше негізі бойынша милициядағы, еңбектік түзеу мекемелердегі істердің заңдылығын және дұрыстығын қадағалау;

- одақтық республикалар прокурорларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру.

Одақтық прокуратураны КСРО Прокуроры басқарды. Одақ Прокурорының бұйрықтары мен тапсырмалары прокуратураның барлық органдары үшін міндетті болды.

Одақтық республикалардың прокурорлары республикалардың ЦИК келісімімен одақ Прокурорымен тағайындалып, босатылады.

Одақ прокуратурасының құрамына бұрын одақтық Жоғарғы Сот прокуратурасының құрамында болған әскери прокуратура және бұрын республикалық прокуратураға бағынған теміржол прокуратурасы кірді. 1934 жылы одақ прокуратурасының құрамында су көлік прокуратурасы құрылды.

Осымен прокуратураның орталықтандыру процесі аяқталған емес, өйткені одақтық республикалардың прокуратуралары республикалық наркомюсттер жүйесіне кіріп, прокурорлар әділет наркомдары болды, және де олар Үкіметке бағынды. Сонымен прокуратурада екі бағынушылық қағидасы сақталды.

Прокурорлық жүйесінің орталықтандыру процесі Одақтың ЦИК пен Совнаркомының 1936 жылы 20 шілдеде «КСРО Әділет Халықтық комиссариатын құру туралы» қаулы қабылданғанда аяқталды.

Осы қаулымен одақтық республикалардың прокурорлық-тергеу органдары республикалық наркомюсттерден бөлініп, одақтық прокуратураның бағынушылығына тікелей берілді.

КСРО Совнаркомының 05.11.1936 қаулысымен КСРО Прокуратурасының құрылымы бекітілген, оның ішінде: 1) Бас әскери прокуратура; 2) Теміржол көлігінің Бас прокуратурасы; 3) Су көлігінің Бас прокуратурасы; 5) Жалпы қадағалау бөлімі; 6) Қылмыстық-сот бөлімі; 7) Азаматтық-сот бөлімі; 8) Тергеу бөлімі; 9) Арнайы істер бойынша бөлім; 10) Қамау орындарын қадағалау бөлімі; 11) Өтініштер бөлімі; 12) Кадрлар бөлімі; 13) Есеп және ақпарат тобы; 14) Ерекше сектор; 15) Істер басқармасы; 16) Хатшылық.

Прокурорлық қадағалау туралы заңнаманың дамуында аса маңызды орын алған 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданған КСРО Конституциясы.

Ол КСРО Бас прокурорына КСРО барлық министрліктері және оларға бағынышты ведомстволармен, лауазымды тұлғалар және азаматтармен заңдарды дәл орындалуын жоғарғы қадағалау міндеттеген.

Прокуратура бірыңғай, жергілікті органдардан тәуелсіз және тек қана КСРО Бас Прокурорына бағынатын дербес мемлекеттік органдар жүйесі болып бөлінген. Бас прокурор КСРО Жоғарғы Кеңесіне есеп беріп, оның алдында жауапты болған.

Ал 1955 жылы 24 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумы КСРО-да прокурорлық қадағалау туралы ереже бекітті.

Онда кодификациялық нормалар жүзеге асырылып, олар прокуратура органдарында құрылу және жүйелік тәртіпті орнатты, сонымен қатар қадағалау қызметінің әртүрлі бағыттарында прокурорлардың негізгі құзыреттерін көрсетті. Сонымен бірге, прокурорлық қадағалау қатынастарына қатусышылардың міндеттері белгіленді.

Аталмыш Ереже ширек ғасыр бойы қолданыста болып, 1979 жылы 30 қарашада «КСРО Прокуратурасы туралы» КСРО Заңы қабылданған кезде өз күшін жойды.

Аталмыш заң 1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясының 21- тарауына сәйкес қабылданды.

Конституциямен, кейін Заңмен прокурорлық қадағалаудың саласы мен оның ерекшелігі анықталып, субъектілердің кең түрлерінің тізімі берілді, оларға прокуратураның қадағалауы таратылды. Прокуратураның өзі біртұтас орталықтанған жүйе ретінде жарияланды және оны КСРО-ның Бас прокуроры басқарды. Прокуратураның жергілікті органдардан тәуелсіздігі қағидасы аса көрініс тапты. Прокуратура жүйесіндегі барлық сатылы прокурорлардың тағайындау және өкілдіктері мерзімі нақты белгіленген.

3.Кеңестік заңдылықтың күші шын мәнінде Беловеж келісміне қол қойғаннан кейін жойылды. Бұл оқиғаның нәтижесінде жаңа заңнама, соның ішінде прокуратура қызметін реттейтін жаңа заңнама қабылдау керек болды.

Мұндай заң 1992 жылы 17 қаңтарда қабылданды. Жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңның маңызы алғаш рет тәуелсіз Қазақстан прокуратурасын құрғанында.

Бұл заңнамалық актіге сай прокуратура заңдардың дәл және бірыңғай орындалуын қадағалаған. Яғни оның мазмұны күйреген Кеңес Одағының прокуратура туралы заңнамасына сай болған.

Бұл заңның күші 1995 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған жаңа "Прокуратура туралы" заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жойылды.

Аталмыш жарлыққа 2002 жылғы 9 тамызда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, жарлық «заң» деп аталатын болды.

Бұл заңмен алғаш рет Қазақстан прокуратурасына заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау жүктелген.

Қазіргі кезде Республиканың прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері осы заңның негізінде жұмыс істейді. Кейінгі дәрістерде осы заңды зерделеу арқылы бүгінгі күнгі прокуратураның қызметіне толыққанды талдау жасалады.

Тақырып 3. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының