І. Ұйымдастыру кезеңі

І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Спартандық тәрбиенің ерекшелігі неде ?

2) Спарта қалай құрылды ? Сипаттау.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Грек мектептері.

2) Ғылыми білімдер.

3) Грек мәдениетінің маңызы.

III.Жаңа сабақ.

Грек мектептері
І басқыш 3 - 7 жас
ІІ басқыш 7 - 12 жас
ІІІ басқыш 12 - 18 жас

Стиль – бір ұшы үшкір, екінші ұшы доға етіп жасалынған жазу құралы
Палестра – (пале - грекше, күрес) спорт мектебі
Гимнасия – грек мектебі
Бірінші басқыш мектеп жасына дейінгі тәлім-тәрбие (3-7 жасар) беретін орын деп
аталған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқыш гимнасия деп
аталды.

Мектептің екінші басқышында балалар жазуды, оқуды, санауды және сурет салуды
үйренді. Олар жазуды балауыз жағылған тақтайшаларға жазған. Әріптерді салуға ұшы
үшкір темір бізді пайдаланған. Оны стиль деп атады. Стильдің екінші ұшы доғал етіп
жасалынған, оны жазуды өшіруге пайдаланатын болған.

Қыз балаларға арналған мектептер болмаған. Оларды үйде анасы тәрбиелеген.
Қыздар аналарынан хат тануды, ән салуды, би билеуді және үй ішіндегі жұмыстарды
атқаруды үйренген. Аналар қыздарына өзін-өзі күтіп – баптауды, бой түзеуді де үйреткен.

Гректер әдебиетпен, математикамен, философиямен, тіршіліктанумен, тарихпен
танысқан және медицина ғылымын зерттеумен шұғылданған. Олар осы ғылымдар
бойынша бағдарлы мектептер де ашқан.

Гректер Гомерді қатты құрметтеген. Ол б.з.б. 12-8 ғасырлар шамасында өмір
сүрген ақын. Гомер Азияның бір қаласында дүниеге келген екен. Бұл нақтылы қай қала
екені әлі күнге дейін белгісіз. Гомердің Отаны атану құрметін жеті қала иеленіп жүр.
Гомер зағип болған. Оның өмірінің көп бөлігі грек жерінде өткен. Ақын қолына кифара
атты музыкалық аспапты алып, бір қаладан екінші қалаға барып, өзінің өлеңдерін
жырлаған.
Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмалары б.з.б. VIII ғасырда жырланып,
б.з.б.VI ғасырда хатқа түскен деген жорамал бар. Екі поэманың да мазмұны «Троя
жорығына» арналған. Сонымен бірге поэмада гректердің тұрмыс-тіршілігі, әдет-
ғұрыптары және діни нанымдары айтылады.
Гректердегі математикалық білімнің дамуына үлес қосқан Пифагор болды.
Пифагор барлық нәрсенің бастапқы негізі сан деп қараған. Оның теориясы бойынша бүкіл
табиғат тіршілік күйін кешіп, өзгеріп отырады, тек сан ғана мәңгі өзгермейді. Әрбір құбылыс шексіз өзгере алады, бірақ санның көрнекі белгісі өзгермей қала береді деп
тұжырымдады.

Медицина ғылымының өкілі және осы ғылымның негізін қалағандардың бірі ежелгі
грек ғалымы Гиппократ болды. Гиппократ 60-қа жуық әр түрлі медициналық еңбектер
жазды. Ол өте білімді хирург болды.

Грекия – театр отаны. Мұнда алғашқы театрлар салынып, трагедиялар мен
комедиялар қойылды.
Грек ойшылдары мен жазушылары Аристотель, Геродот, Гомер еңбектері көптеген
халықтардың өз тарихы мен мәдениетін білуіне игілікті әсер етті. Гректің кейбір сөздері
қазіргі тілге де енді, мысалы: театр, хор, трагедия, комедия, арифметика және олимпия т.б.

Грекия олимпиялық ойындардың отаны. Ең алғашқы ойындар осы жерде ӛткен.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Ежелгі Грекия мерекелері кімнің құрметіне тойланып отырған?

2) Миф дегеніміз не?

3) Ежелгі Грекиядағы олимпиялық ойындарды, қазіргі кезеңдегі олимпиада ойындарымен салыстыр.

4) Грек мектептердеқай тап өкілдері қоыған ? Қыз балалардың білім алудың көзі ?

5) Б.з.б. III-II ғасырларда Грекияда өмір сүрген ғалымдардың есімдерін атаңдар. Олар
қандай ғылымдарға үлес қосқан? Неліктен оларды біз «ғұлама» дейміз.

6) Грек мәдениеті дүниежүзілік мәдениетке қандай үлес қосты? Мысалдар келтіріңдер.

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау.

 

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______28_____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Македония. ІІ Филлип патша. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын, басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім Александр Македонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту. Оқушыларға ежелгі Македонияның орналасқан жері мен халқы, ІІ Филипп патшаның ішкі және сыртқы саясаты туралы және Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы туралы тиянақты білім беру;

Дамытушылық: Тарихи даталармен, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы, батылдығы туралы айта келіп, оқушыларды батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Афины гимнасиясын сипаттап бер. Гимнасиялар саған несімен ұнайды? Қазіргі гимназиялардан айырмашылығы неде?

2) Оқулық мәтінін пайдалана отырып, «Әдепті бала қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап бер.

3) Қыз балаларға қандай тәрбие берілген?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Табиғат жағдайы мен халқы.

2) I Филиптің ішкі және сыртқы саясаты.

3) Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы.

4) Парсы патшасын жеңу.

III.Жаңа сабақ.

1) Македония - Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оны картадан көрсетемін. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.

Македония жерінде өмір сүрген тайпалар – фракийліктер. Олардың бойы ұзын, аса қайратты келетін.

Халқының көпшілігі ерікті, жарым –жартыс тәуелді малшылар мен егіншілер еді.

Негізгі шаруашылығы – мал өсіру, әсіресе жылқы малын көп өсірген. Жері орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.

2) ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.

ІІ Филипп (б.з.б. 382-336 жж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.

II Филиптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы. Ақша реформасы б.з.б. 356 ж. Жүзеге асты. Ол базар нарқының талаптарын ескере отырып, жаңа ақшаларды шығарды. Оның құны сол кездегі халықаралық рынокта басым болған.

Грекияны бағындырып алғаннан кейін, II Филипп патша парсыларға қарсы жорыққа әзірленді. Жорыққа әзірленіп жатқан кезде II Филипп қастандықпен өлтірілді.

Македондықтар бұл қастандықты ұйымдастырған парсылар деп шешті.

3) ІІ Филипп өлтірілгеннен кейін, оның орнына ұлы Александр Македонский (б.з.б.356-323 жж.) таққа отрыды.

А. Македонскийдің Шығысқа жасаған жорық кезінде негізгі шайқастар.

 

Болған уақыты Шайқас болған жер, елді мекен Нәтижесі :