І. Ұйымдастыру кезеңі

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Тест

1. Италия жері қанша ұлыстан тұрды?

А)10

В)12

С)8

Д)20

Е)11

2. Рим тарихшысы:

А)Арриан

В)Страбон

С)Титливий

Д)Геродот

Е)Ксеркс

3. Римнің соңғы патшасы :

А)Пирр

В)Ромул

С)Цезарь

Д)Тарквиний

Е)Рем

4.Рим республикасы мемлектттік құрылысы жағынан қандай республика болды?

А)аристократиялық

В)абсолюттік

С)монархиялық

Д)демократиялық

Е)феодалдық

5.Римдіктер кімдерді пундар деп атады?

А)гректерді

В)арабтарды

С)парсыларды

Д)македондықтарды

Е)карфагендіктерді

6.Халық жиналысының соңғы түрін қалай атады?

А)трибалар

В)центуридат

С)магистраттар

Д) сенетаорлар

Е)курия

7.Екінші пуни соғысы қанша жылға созылды?

А)17

В)23

С)50

Д)3

Е)19

8.Рим сенатының құрамын кімдер толықтырып отыр?

А)абыздар

В)салт аттылар

С)сенаторлар

Д)Нобилдер

Е)плебейлер

9. Астық жинау кезінде құлдар қанша сағат тәулігіне жұмыс сітеді?

А) 15-16

В)17-18

С)16-17

Д)14-16

Е)14-15

10. Б.з.б 74 құлдар көтерілісін гладиатор кім басқарды?

А)Ганибал

В)Архонт

С)Спартак

Д)Максимус

Е)Леонид

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Империялық басқарудың орналуы.

2) Империяның шет аймақтарындағы рим салтының нығаюы.

3) Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыс.

III.Жаңа сабақ.

1. Мемлекетті басқарып отырған Гай Юлий Цезарь қаза тапқаннан кейін, елде билік үшін күрес басталды. Бұл күреске сол кезде аты шыққан Октавиан да қатысты. Ол қарсыластарын елшілік жолмен және әскердің күшімен жеңіп отырды. Октавиан ӛзінің аса қауіпті қарсыласы Антони мен Клеопатраны жеңгеннен кейін, Римді және оның бүкіл иеліктерін дара басқара бастады. Елді дара басқарушыны император деп атады. Оның императорлық биілігі б.з.б. 27 жылдан басталып, б.з. дың 14 жылына дейін созылды. Октавианның билік еткен кезінен бастап

Сенат Октавианды өзінің бірінші азаматы - принцепс деп жарияланды. Ол сенатордың тізімінде бірінші тұрды. Сенат мәжілісінде кез келген мәселе бойынша алғашқы болып өзінің пікірін айтатын болды. Октавиан елде азамат соғысының аяқталып, тыныштық орнағанын мәлімдеді. Ел арасындағы қауіп-қатер, ұрлық-қатер, ұрлық-зорлық атаулының бәрі тоқтатылды. Осымен байланысты сенат оған Август (қасиетті деген мағынаны білдіреді) деген жанама есім берді. Октавиан іргесін қалап, оның ізбасары болған императорлар жетілдіріп, нығайтқан мемлекеттік басқару жүйесі – приципат қалыптасты.

Принципат б.з.б. II ғасырға дейін сақталды. Бұл жүйе бойынша республикалық басқару ережесі сақталды, бірақ билік бір адамның – императордың қолында болды.

Император Диоклетиан билік жүргізгеннен бастап өкімет абсолюттік деп танылды. Диоклетиан табиғатынан ақылды, мемлекеттік қызметке аса қабілетті адам болған. Бір өзінің бүкіл Рим имперясын басқаруы мүмкін еместігін түсініп, өзіне көмектесетін қосалқы әмірші тағайындайды. Император мен оның қосалқы әміршілері белгілі бір аумақты өкімет билігін жүргізді. Бұларға августар лауазымды атағы берілді.

Диоклетиан жасаған басқарудың бүкіл жүйесін «доминат» деп атады.

2. Шет аймақтарды Рим өкіметі билігін нығайтуға б.з.- дың I ғасырындағы императорлар зор ықпал жасады. Олар аймақ ақсүйектерімен ымыраға келді. Галлдық шонжарлар сенатқа мүше бола алатын болды. Испания қалаларына латындық үрдісті енгізді, соның нәтижесінде сол қалалардың барлық магистраттары рим азаматтығына қабылданды. Рим салтын қалыптастыру қарапайым адамдардың да болашағына жол ашты. Міндетін атқарып, «құрметті демалысқа» шыққан жауынгер отбасымен рим азаматтығын, жер кесіндісін алды және

3. II ғасырда болған өзара және азаматтық соғыстар елдің шаруашылығын құлдыратты. Бұған қоса құлиеленушілік құрылыстың дамуы империяның күш-қуатын әлсіретіп, шаруашылықтың дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқты.

Римдегі құлиеленушілік өндіріс құралдарының дамуын тежеді. Бұл ауыл шаруашылығының дағдарысқа ұшырауына әкелді. Құлдардың еңбегі құлиеленушілерге тиімсіз болды. Өйткені өз қожайындарын жек көретін құлдар жұмысты өте нашар істеді.

Рим империясында шаруашылқтың дағдарысқа ұшыраумен қатар әлеуметтік жағдай да шиленесе түскен. Ірі жер иелері өз жерлерін шағын учаскерлерге бөліп, жалға берді. Жерді жалға алған қайыршыланған шаруалар мен азат етілген құлдарды колондардеп атады. Жердің қожасына алған өнімінің бір бөлігін беріп келген колондар, бұған қоса император қазынасы үшін салық төлеуге міндеттелді. Салық жинаушылар колондардан

Колондарға өздері өңдеп, өнім жинап жүрген жерлерін тастап кетулеріне тыйым салынды. Олардың балалары да сол жерлерде қалып, ата-анасының ісін жалғастыруға тиіс болды.

Колондар мен құлдар көтеріліске шықты. Олардың бой кӛрсетулері Галлия мен солтүстік Африкада болып, Рим әскерлері көтерілісті басып тастады. Бірақ құлдар көтерілісті біржола тоқтата алмады.

ІV. Сабақты бекіту:

1) Октавианның енгізген жаңалықтарын жазу. Мағынасын түсіндіру.

2) Құлиеленушілік шаруашылық не себепті құлдырады ?

3) Колонналар деген кімдер ? Олар не себепті өкіметке қарсы шықты ?

4) Шет аймақтарында рим өкімет қандай өзгерістер енгізді ?

5) Мәтіннен жаңа сөздерді көшіру, мағынасын жазу.

V. Бағалау: әр оқушылға тиісті баға қою.

VІ. Үйге тапсырма: үйде оқу, мазмұндау.

 

 

Сынып: 6 «а». Сабақ №:______31_____ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүниежүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлдырауы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Батыс Рим империясының құлауының негізгі себептері туралы оқушыларға ғылыми ақпарат беру. Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, жан - жақты мәлімет беру;

Дамытушылық: Батыс Рим империясындағы ішкі және сыртқы қайшылықтар тамырының басқа елдермен салыстырғанда өте тереңде жатқанына көз жеткізу;

Тәрбиелік: Қарудың күшімен құрылған империяның құлауы заңды құбылыс екендігіне тоқталып, тәуелсіздікті қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сөз әдісі, сұрақ - жауап, ауызша, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.