Мұннай кеніштерін игеруді жобалаудың қазіргі заманғы тәжірибесін және дамуын қысқаша қарастыру

Қабат қысымын ұстауға арналған одан әрі дамытылған шараларды жасауда және ұңғымалардың жаңа (батареял) сұлбаларын орналастыруға кеңінен жүзеге асыруға өндіруші инженерлер және геологтар қатысқан.

Осындай жолмен инженер-өндірісшілердің және ғалымдар еңбектерінің арқасында Кеңес одағының кен орындарында теориялық тұрғыда және тәжірибе жүзінде мұнай-газ кеніштерін тиімді игеру жүйесі дәлелденген болаты.

Алдында жүзеге асырылған жүйелердің қасында, бұл жүйенің үлкен артықшылығы тәжірибе жүзінде көрінді. Игерудің бастапқы кезінде контурдан тыс су айдауды тәжірибеге енгізумен бірге, бастапқы мұнай беру контурына параллель ұңғымалардың батареялы орналасуы, қаржылардың үлкен үнемділіггін және игерудің техника-эконоикалық көрсеткіштердің үлкен үнемділігін қамтамсыз етті.

Әр жаңаданн ашылған кенорын үшін оны игеру алдында, қазіргі заманғы жетістіктеріне сүйеніп, кешенді жобаның жасалуы (геологиялық, геидродинамикалық және экономикалық мәліметтерді есепке алып), біздің мұнай өнеркәсібінің АҚШ мұнай өнеркәсібіне қарағанда бас ерекшелігі болып табылады.

АҚШ кенорындарында қабат қысымын ұстау әдістерін әдетте қабатты біршама бұрғылаудан кейін бастайды, мұнай қабатын игеруді үнемдеу шараларын есепке алмастан ұңғымалардың жобаланған орналасу торабы жүзеге асқаннан кейін.

КСРО-да мұнай кенорындарын игерудің жаңа әдістері, алдын-ала жасалған игерудің бас жобасымен игерудің бастапқы кезеңінде қабатқа әсер етумен, Туймазия (Башқұртстан) және Ромашкино (Татарстан) кенорындарында көріннді.

Мұнай кенорындарын игеру тәжірибесі көрсеткендей, ұңғымалардың кен орныласу торабының таңдалуы, өнімді қабаттың геолгиялық ерекшеліктерін есепке аулмен, мұнай беру коэффииенттірінің есептелуімен, және қабатқа әсер ету шараларының қолданылуымен қатар жүру қажет.

Ұңғымалардың орналасу торабының кез-келген түрімен, игеру жобасы бойынша қабылданатын мұнай беру кожффициентін алу мүмкін екенін есептеуге болмайды.

Геологиялық мәліметтер бойынша игерудің түрлі жүйелерін жобалаудың негіздері және мұнай кенішін тиімді игеру нұсқасын таңдау. Мұнай қабатын игеруін жобалау үшін, зерттеудің бірінші кезеңінде алынған, шыққан мәліметтер қажет. Бұл мәліметтер, игеруді жобалаудың негізі болып табылады.

Игерудің басынан бастап зерттеу жұмыстарының жобасы және кеніштің ортасында зерттеу және бағалау ұңғымалары бұрғылану қажет, бұл ұңғымалар болашақта игеру жүйесін дәлелдеуге және және оны қадағалауға мүмкіндік береді. кеніштен тыс жерде, (айдау ұңғымаларының сақинасына тыс) контурдан тыс сулану процесін қадағалау үшін пьезометриялық ұңғымалар болу қажет, сонымен қатар контурдан тыс зонаға судың ағып кетуін уақытында есептеу үшін.

Жоғарыда айтылған барлық мәліметтерді есепке алу мұнай кеніштерін игеру жүйесіне уақытында өзгерістерді енгізуді және оның тиімділігін қамтамасыз етеді.

Тиімді игеру жүйесі қысымды ұстау үшін оған белсенді әсер етумен, барлық кенішті бірдей алуға мүмкіншілік беру керек, бір учаскіні игеруді жүргізгенде, екінші учаскіні міндетті түрде тоқтатпау үшін. Қазіргі көпсатылы игеру әдісі және бөлек учаскілерді міндетті консервациялау алып тасталыну керек.

Игерудің бастапқы сатысында, ортаға қарай ұңғымалардың қоюлану жүйесін емес, ұңғымалардың біркелкі батареяны орналасу жүйесін құрастыру керек. Болашақта кенішті тереңірек зерттеу кезінде, оның бөлек учаскілерін қосымша ұңғымалармен тығыздауға болады, бірақ гидродинамикалық мәселені шешу үшін емес, қабаттың коллекторлық қасиеттерінің өзгеруі туралы алынған мәліметтерге байланысты, олардың нашарлауы көптеген ұңғымаларды бұрғылауды қажет етуі мүмкін. Кенішті игеруді, оның әрбір учаскесін игеру және қосымша игеру үшін, бар ұңғымаларды пайданауға болатындай етіп істеу керек. Қабат шеттерінде орналасқан мұнайды, ортада орналасқан ұңғымалармен алу мүмкін екендігіне сенуге болмайды. Мұндай жағдайға байланысты қабаттың шеткі аймағын арнайы ұңғымалармен тиімді игеруді жобалау қажет.

Кейбір ұңғымалардың сулануы кезінде, басқа ұңғымалардың ұзақ уақыт бойы тоқтаусыз жұмыс жасауын қарастыру керек. Осы мақсатпен ұңғымалардың айланымды батареяларына сұйықтың келу ерекшеліктерін есепке алып, ұңғымаларда айналмалы жұмыс істеу тәртібін жасау қажет, мұнайдың толық шығуын типінің өзгеруі, мұнай беру коэффицентін үлкейту үшін қажет. Айда фронтының орын ауыстыруын шеткі батареяның бір бөлігінің сулануынан кейін емес, сулану аймағының ұзақ уақыт бойы қосымша игерілуінен және суланған аймақтан мұнайды теріп алуды қамтамасыз ететін күшейтілген пайдаланудан кейін ауыстыру қажет.

Игеруді, негізгі мұнай қорларын алумен және тоқтаусыз өсіп келе жатқан суланумен жобалау керек (әдеттегідей 15-20 пайыз емес).

Ұңғымаларды орналастыру мәселесі қағаз жүзінде емес, кешенді шешілуі керек. Ұңғымаларды тек гидродинамиклық сүйеніп орналастыру жолымен, геологиялық мәліметтерді есепке алмай. Ұңғымалар орналасу варианттарын экономикалық бағалау, мұнай қорының толық алынуына, экономкалық тиімділігіне және осыған байланысты өнімді горизонттың толық зерттелуіне бағытталу қажет.

Мұнай беру коэффициенті ұңғымалардың әр түрлі жолдармен орнласуындағы бірдей болмайтынын есепке алу керек, әсіресе қабаттың коллекторлық қасиеттері біркелкі болмаған жағдайды. Гидродинамикалық есептеулерді жүргізген кезде, қабаттың коллекторлық қасиеттерін сипаттайтын орташа көрсеткіштермен емес, олардың біркелкі учаскілері үшін табылған дифференциалданған көрсеткіштермен жүргізуі керек.

Мұнайды қабаттан толығымен шығару мәселесі, қабаттың табиғи қасиеттерін қолдануға, жоғары технологияларды жүзеге асыруға және фонтанды қолдануды қамтамасыз ететін қолдану техникасын қолдануды талап етеді.

Мұнайлы қабатты игеру процесін тиімді қадағалау үшін қатақа әсер ету шаралары жүргізілуі қажет. Олардың ішіндегі ең тиімдісі үлкен қолданысқа ие болған қабатқа су айдау болып табылады. Қабатқа газ айдау тек өткізгіштілігі төмен қабаттар үшін тиімді болуы мүмкін [<30мл], ұңғымалардың жұту мүмкіншілігі өте төмен болған кезде қабатқа су айдау тиімді болмайды.

Мұнай кеніштері үшін су айдау мен игеруді жобалаған кезде, сына сулану жүйелерін қарастыру қажет:

1. Кішігірім кеніштер үшін егер ұңғымалар батареялары төрттен азжобаланса – контурдан тыс сулану.

2. Орташа кеніштер үшін, егер әр қатпарлану қанаты үшін төрттен жетіге дейін ұңғымалар батареялары жобаланса – жергілікті контурдан тыс және контур ішіндегі орталық сулану.

3. Ірі кеніштер үшін, егер әр қатпарлану қанаты үшін жетіден артық ұңғымалар батареялары жобаланса – контрдан тыс сулану және контур ішіндегі суланудың әр түрлі варианттары, мысалы орталық суланудың екі ошағы немесе бір өзіндік, немесе айдау ұңғымаларының сызықтық орталық батареясымен байланысқан (бір немесе екі) ошақтар, т.с.с.

4. Өте ірі мұнайлы аймақтың үлкен алаңы бар кеніштер үшін – су мұнай аймағыг айдау ұңғымаларымен бөліп алумен сулану, ішкі мұнай беру контуры бойымен айдау ұңғымалары орналасумен өз басымен игеру үшін, (сонымен қатар контурдан тыс айдау ұңғымаларын жобалаумен); кеніштің тек таза мұнайлы бөлігі үшін – әр түрлі варианттардағы контур ішіндегі орталық сулану, ұңғымалар қатарларын істеп шығаруды және ұңғымалардың толық сулануына дейін айдау фронтының орын ауыстыруын және шамалы суланған ұңғымалармен суланан аймақта өндіруге дейін талап етпейді. Игеруді жобалаудың барлық варианттарында барлық әрекеттер, мұнайдың максимальды түрде шығарылуына бағытталу керек.

Негізгі әдебиет: 1[422-427]

Бақылау сұрақтары:

1. Алдын ала зерттеуге нелер жатады?

2. Тәжірибелі әдістік зерттеу дегеніміз не?

3. Мұнай мен газ болашағы бар құрылымдарды іздегенде қандай жұмыстар орындалады?

4. Геофизикалық зерттеулердің негізгі мақсаттары.

 

Дәріс: Кенорындарының қорларының, мұнай және жанғыш газдардың болашақтық және болжау ресурстарының категориялары.