Тпелі экономикадағы әлеуметтік экономикалық қатынастардың қалыптасуы

Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын мәселелерді көлденең тартады: меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен өндірушілермен жақындасу түрлерін табу, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.

Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестіктің болмауына алып келіп, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.

Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік меншікті реформалау қажеттілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықта жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толыға түседі.

Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттік қатынастарды басқаша құрудың халықаралық тәжірибесі - меншік түрлерін өзгертудің эволюция-реформаторлық тәсілін, жекешелендіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.

Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: «мемлекеттен алу» мен «жекешелендіруді» бір-біріне теңестіріп қарайды. Алайда «мемлекетсіздендіру» термині мемлекеттен тікелей басқару қызметін алып тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қәсіпорынға өзінше еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың толық коммерциялық есепке көшуін білдіреді. Мемлекетсіздендіру – жекешелендіруге дейінгі аралық баспалдақ.

Ал «жекешелендіру» термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.

Жекешелендірудің мақсаты:

- өтпелілік мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;

- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату;

Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, жекешелендірудің екі нұсқасы бар:

- «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу;

- «жұмсақ» вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу;

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті жеке меншікке өзгерту ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ-та кеңінен қолданылды. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдер мен нарықтық экономикаға түскен елдерде әр түрлі. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды көздесе, өтпелі экономиканы бастан кешіруші елдерде жеке меншікті құру бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастыруды мақсат етеді.

Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделі арқылы жүзеге асты. Бұл модель мемлекеттік кәсіпорындарды, банктерді, сақтандыру компанияларын жеке тұрғындардың сатып алуына негізделеді.

АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін) төлем жалпы төленетін соманың 20 %-нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.

Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылады.

Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатылса, ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендірілді. Сондай-ақ Чехославакияда кәсіпорындарды сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылды. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.

Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты – мемлекеттік мүлікті сатып алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін біркелкі мүмкіндіктер жасалды. Осыны жүзеге асыру үшін барлық тұрғындарға жекешелендіру чегі ваучерлер берді.

Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехославакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.

Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді (пәтерді) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы жекешелендіру мүмкіндігі жасалды.

Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі, инвестициялық купон иесі өз бетінше шешім қабылдауға құқығы жоқ, тек қана оны инвестициялық қорға сала алады. Бұл адамның нақты кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.

Жекешелендіру процесі - кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам-шаруашылығын құруды жүзеге асырды және олардың акциясының 51 % мемлекет қолында болды.

Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға қатысуы айтарлықтай нәтиже бермеді, банкрот болған кәсіпорындар тіріле алмады. Мемлекеттің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа алып келді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде, «үшінші әлем» дамушы елдерінде «жұмсақ жекешелендіру» варианты қолданылды. Бұл вариант – Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика, Түркия, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде – Оңтүстік Корея мен Тайванда қолданылды.

«Жұмсақ» жекешелендірудің ерекшелігі мұнда мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған. Қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімді жекешелендіру көзделген.

Бұл іс-шаралар - мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану, жекешелендірудің барлық мәселесін шеше алмады.

Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді, яғни:

- ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;

- мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, тұрғындардың өмір деңгейін көтеру;

- бәсекелестік нарықтық орта құру;