Орташа дауыс беруші концепциясы. Логроллинг

Көптеген саяси-экономикалық шешімдер көп дауыс жинау нәтижесінде қабылданады. Кез - келген мәселе бойынша айтарлықтай санаулы адамдардан құралған топта ортақ шешімге келу қиын процесс. Белгілі бір топта дауыс беру арқылы шешілген мәселе ешқашан да толық болмайды. Біреулердін мүддесі аздау, екіншілердің мүддесі көбірек ескеріліп шешіледі, барлығының мүддесі толық немесе бірдей есепке алынып шешім қабылдануы мүмкін емес.

«Орташа дауыс берушінің моделі» деп аталатын концепцияға жүгінсек, онда белгілі бір саяси-экономикалық мәселенің онды шешімін тауып, оны заңды түрде бекіту үшін көпшіліктің мүддесіне ең жақын тұрған дауыс берушіні танып алып, мәселені соның мүддесіне сәйкестендіріп анықтап дауысқа салуға болады екен. Сонда,біріншіден, мәселенің өзі дұрыс анықталады, екіншіден, көпшілік мәселені қолдап, оған дауыс беруі оңды шешім қабылдануын қамтамасыз етеді. Бірақ дауыс беру арқылы қабылданған шешім нарық жүйесіндегі қабылданатын шешімге қарағанда, экономикалық тиімділік принципін ең жалпылама, макроэкономикалық деңгейде ғана ескере алады.

Мемлекеттің трансформациясы. Тұрақсыз да құбылмалы әлемде мемлекеттің орнын анықтау, оның тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету басты мәселе ретінде танылуда. Шетелдік және отандық кәсіпкерлердің мемлекетке сенім білдіруі экономикалық өсудің бір факторы ретінде қаралады.

Әкімшілік әлімжеттікке жол бермеу үшін және мемлекет қызметкерлерінің тиімдірек жұмыс атқаруына жағдай жасау мақсатында мемлекет мекемелерін жаңаша ынталандыру реформасын жүргізу кажет болады. Бұл реформаның негізгі қағидалары: тиімді тәртіп ережелерін және шектеулерін жасау, бәсекелік ортаны қалыптастыру, азаматтардың рөлін көтеру, мемлекет пен жеке сектор арасында әріптестік қатынасын қалыптастыру.

Мемлекет тарапынан әкімшілік әлімжеттіктің мүмкіншілігін шектеу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сыртқы сауданы женілдету, өндірісте жекеменшік секторды дамыту кедергілерін жою және мемлекеттік меншікті жекешелендіру сияқты саяси-экономикалық іс-шаралар көмектеседі.

Мемлекет инфрақұрылымдық, әлеуметтік сипаттағы қызметтерді және басқа да қоғамдық өнімдерді қамсыздандырушы монополист болған жағдайда, ол өзінің қызметін жақсы атқара алмайды. Сонымен бірге, технологиялық және ұйымдық жаңалықтар бұрын мемлекеттің қолында болып келген қызметтерді жеке компаниялардың жүргізуіне мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттің шектеулі қорларын үнемдеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде мемлекет инфрақұрылымдық объектілерді салу мен тікелей қызмет көрсетудің орнына оларды қаржыландыруға көбірек назар аударып отыр.

Мемлекет тұрғыңдар мен іскерлер қауымдастығының пікірлерін ескеретін болса және олармен әріптестік қатынасты орнатса ғана өз қызметтерін тиімді атқарады. «Әлем дамуы туралы есеп беру» тобының тұжырымы бойынша «Тұрғындардың пікірімен санаспау мемлекетті жалпы тұрғындар мұқтажына, ал жеке түрде, қоғамның аз мүлікті мүшелерінің және аз ұлттардың қажеттіліктеріне шұғыл түрде жауап беру мүмкіншілігінен айырады». Әріптестік жағдайында халықтын кедей және тұрмысы төмен топтары даму саясатын жүргізу де бірінші кезекте тұруы керек.

Дамушы елдердің көбінде мемлекеттік қызметтер төмен деңгейде екен. Саясатшылар мемлекет мекемелерінің күнделікті жұмысына жиі араласады, мекеме басшыларының еркін қимылдауын, өзіндік іс-әрекет жасау мүмкіншілігін шектейді, сондыктан олардың жауапкершілігі де нақты емес.

Көптеген елдерде мемлекеттік сектор қызмет керсету саласында монополияға айналған. Бұл қызмет көрсету сапасын арттыруда ынта-жігерді әлсіретеді. Бұл жағдайда мемлекет мекемелерінің қызметіне нарық принциптерін енгізуді қажет етеді.

Осы замандағы қалыптасып отырған ғаламдық мемлекеттік процестер мемлекеттік құрылымы тұрақсыз, демократиясы әлсіз елдер үшін қауіпті болады. Сонымен бірге, тиімді де қатты тәртіп қалыптасқан мемлекеттер үшін бұл процесс экономикалық дамуға жаңа жол ашады. Әлем экономикасына жол ашу жеке мемлекеттердің сақтығын түсінуге де болады. Әлем шаруашылығына қосылу – артықшылықтармен бірге қосымша қайшылықтардың пайда болуын білдіреді. Бұл мемлекеттің рөлін және жауапкершілігін арттыра түседі. Мемлекет міндеттері мен жауапкершілігі әсіресе өтпелі экономика жағдайыңда ерекше болады. Өтпелі кезеңде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттікті нығайту – ұзақ мерзімдік қоғамдық стратегиялық басылымдылық деп түсінген дұрыс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с