III. Алиментарлық фактормен қоса, кӛпфакторлы этиологиясы бар аурулар

Бҧл аурулардың пайда болу себебі әртҥрлі. Бҧндай ауруларға

атеросклероз, гипертониялық аурулар, несеп және ӛт жолы аурулары,

падагра, асқазан ішек аурулары, онкопатология, қант диабеті.

IV. Тағам қҧрамында зиянды факторлардың болуымен байланысты аурулар.

Бҧл топқа тамақтанумен байланысты кӛптеген аурулар жатады –

тамақтан уланулар, ішек инфекциялары, гельминтоздар және басақалар.

Бҧл топ ауруларының профилактикасы – тағамдағы зиянды заттар

мӛлшерін бақылау, оларға бекітілген ШРЕК-ті, нормативтерді,

стандарттарды, тағамды дайындау мен сақтауға қзойылатын талаптарды

сақтау.

V. Тамақтың талғамсыздығы. (Пищевая непереносимость).

Соңғы жылдары жиі кездеседі, әсіресе балаларда – тамаққа аллергиялық реакциялардың жиынтығы.

13 Жарықтандыру түрлері. Анықтама беріңіз: жарық, жарық коэффициенті, бөлмедегі жарықтандыру. Өндірістік жарықтандыру

Жарықтандыру жайлы барлық мәліметтер көз анализаторы арқылы беріледі. Адам көзіне зиянды әсерді келесідей өндірістік қауіпті және зиянды факторлар тудырады:

- жұмыс аумағының жеткіліксіз жарықтандырылуы;

- табиғи жарықтың болмауы/жеткіліксіздігі;

- жоғары жарықтылық;

- анализаторлардың шамадан тыс жүктеме алуы (сонымен қоса көз анализаторы да).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша көзге әсер етеді:

- ультракүлгін сәулелену;

- жарқыраған көрінетін жарық;

- жылт-жылт ету (мерцание);

- дақтар және шағылысқан жарық.

Көздің физиологиялық сипаттамасы:

- көздің көру өткірлігі;

- анық көрудің тұрақтылығы (ұзақ уақыт бойы заттарды өзгешелеу);

- контрастілі сезгіштік (жарықтылығы бойынша әртүрлі);

- көзбен қабылдаудың жылдамдығы (уақытылы фактор);

- көздің бейімделуі;

- аккомодация (ара қашықтықтың өзгеруі кезіндегі заттарды ажырату).

Табиғи жарықтандыру

Қандай да бір горизонтальді жазықтық нүктесінің табиғи жарықтандырылуы кезінде нормалау үшін негізге табиғи жарықтандыру коэффициентінің рұқсат етілген минималды өлшемі қабылданады.

Табиғи жарықтандырудың коэффициенті

 

(КЕО) = Е = EІШ / ЕС х 100 %, (1.10)

 

мұндағы EІШ – ғимараттың ішінде орналасқан горизонталды жазықтықтың қандай да бір нүктесінің жарықтылығы [лк];

ЕС – ғимараттың сыртынан 1 м қашықтықта орналасқан қандай да бір нүктенің жарықтылығы [лк].

Табиғи жарықтандырудың жүйелері:

1) бүйір жақты жарықтандыру;

2) жоғарғы жарықтандыру;

2) аралас жарықтандыру.

Бұл өлшемдер ҚНжЕ П-4 (Құрылыс нормалары мен ережелері. Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жобалау нормалары-М, Стройиздат, 1980) бойынша нормаланады.

Табиғи жарықтандыруды таңдау үшін келесі факторларды ескеру қажет:

1) көзбен көру жұмысының сипаттамасы;

2) рең мен ажырату объектісінің минималды өлшемі;

3) көзбен көру жұмысының разрядтары;

4) жарықтандыру жүйелері.

Рең мен ажырату объектісінің өлшеміне байланысты барлық көзбен көру жұмыстары 8 разрядқа бөлінеді.

Көзбен көру жұмыстарының разряды – рең мен ажырату объектісінің минималды өлшемінің көру органдарынан ажырату объектісіне дейінгі қашықтыққа қатынасы.

1.3.2 Жасанды жарықтандыру

Жасанды жарықтандыру – жасанды жарық көзінен ғимараттың тікелей немесе шағылысқан жарықпен жарықтандырылуы.

Нормалау кезінде негізге қандай да бір нүктенің жарықтандырылуының рұқсат етілген минималды өлшемі қабылданады.

Жасанды жарықтандырудың жүйелері:

- жалпы;

- жергілікті (локальді);

- аралас.

Өндірістік ғимараттарда жалпы және аралас жарықтандыру жүйесін қолдануға болса, тек қана жергілікті жарықтандыруды қолдануға тыйым салынады.

Тұрғын үйлердегі қалыпты микроклимат параметрлері ( ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, ауа жылдамдығы, жарықтандыру-жарық коэффициенті, жасанды жарық көздері).

 

Тұрғын үйдің бөлмелеріндегі микроклимат жағдайлары адам ағзасының жылу алмасуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі және суық кезде де, жаздыгүні де жақсы жылу сезінуін беруі керек (ΙΙΙ –тарау). Жасалған жайлы жылылық адамның бөлмеде белгілі бір уақытта болуымен шектелмеуі керек және қосымша бейімделу механизмдерінің іске қосылуын талап етпеуі тиіс. Жеңіл үй киімін киген адам салыстырмалы түрде аз қозғалу жағдайында да, өзін жайлы сезінуі қажет.

 

Тұрғын үйдің микроклимат көрсеткіштерін нормалағанда, адамдардың жасы, жыл мезгілі, климат жағдайлары, бөлменің қандай мақсатта пайдаланатыны ескерілуі керек, яғни нормативтер дифференциалды түрде бекітіледі. Бөлмедегі ауа температурасының орташа деңгейі және ауа температурасының тәуліктік ауытқулары, температураның тігінен және көлденінең алғандағы ауытқулары, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы нормаланады (7.2- кесте).

 

Қыс мезгілінде орта және жылы климаттық аймақтарда бөлмелердегі ауаның ең қолайлы температурасы - 18-20ºС, суық аймақтар үшін - 20-22ºС, ыстық аймақтар үшін - 17-18ºС болып табылады. Жылдың суық мезгілінде жылылық жағдайды қалыпқа келтіру үшін үйдің ішіндегі температура біршама жоғарғы болуы керек, себебі энергия ағзаның салқындауның алдын алуға бағытталған зат алмасуын ынталандыруға, қан тамырлары реакцияларын іске қосуға жұмсалады. Қазіргі үйлердегі үлкен әйнектелген беттер қыста өздері салқындап, сәулелену арқылы жылу берілуі нәтижесінде, адам ағзасынан жылудың көп мөлшерде жоғалуына әкеп соғады. Микроклиматты қалыптыстыруға, сонымен бірге, құрылыс материалдарының ауа өткізгіштігі мен гигроскопиялылығы, қабырғалардың қалыңдығы да әсер етеді. Ауа өткізгіштігі және гигроскопиялылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бөлмеде температура тез төмендейді. Осыған байланысты, көп адамдар үшін бөлмедегі қолайлы ауа температурасы 20-23ºС болып табылады.