Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардың осыған байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?

Деген сауалдар төңірегіндей ойлауға үйренеді.

Жоба 80- ге жуық стратегиялардан тұрады.

Педтехнологияларды зерттеушілер пікірін тұжырымдасақ, педагогикалық технологияларға сипаттама беру және талдау үшін төмендегідей белгілер ескерілуі тиіс:

1) педагогикалық технологияның қабылданған технологиялар классификациясына сәйкестендірілуі немесе теңестірілуі;

2) технология атаулының оқыту жүйесіндегі идеясын, негізгі сапасын, ақырында оқу- тәрбие үрдісін қазіргі заманға сай жетілдіретін негізгі бағытын бейнелейтіндей болып келуі;

3) тұжырымдық бөлімнің болуы, білім беру үрдісіндегі оқушы позициясының есепке алынуы;

4) бағдарламалық- әдістемелік қамтамасыз етілуі.

Ал педагогикалық технологияны сараптау мен бағалаудың ең басты өлшемі болып оның тиімділігі, нәтижелілігі және қазіргі заманға лайықтылығы мен жаңашылдығы есептеледі.

Сөйтіп, қорыта айтқанда, жекелеген оқу- тәрбие бағытында мектептің ілгері дамуы ескірген, тиімсіз әдістерден арылып, бүгінгі өмірге сай жаңа технологияларды қолдануға тікелей байланысты. Бұл үрдісті ұйымдастыру: біріншіден, педагогикалық технологиялар банкіне, яғни олармен қамтамасыз етілуге, екіншіден педагогикалық технологияларды таңдай білуге, үшіншіден оны іске қосу механизміне негізделеді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін- зерделік, кәсіптік, адамгершілік және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасыуна игі әсерін тигізеді, өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

№3 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «IT-технология түсініктері. Информациялық технологияның даму кезеңдері.»

ЖАТ( жаңа ақпараттық технология) жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.

Ақпараттық технология –ЭЕМ –нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.

Ақпаратты өндеуге қолданылатын кейбір адам қызметінінің аумақтары тізбесін береміз:

білім беру;

банктік қызметтің барлық жақтары;

сақтандыру және кауіппен басқарудың барлық түрлері;

байланыс, әсіресе спутниктер арқылы;

бағалы қағаздарды және тауарларды сату;

медициналық диагностика;

жарнама және сауда;

тауарлырдың сыртын көркемдеу және ораушы;

баспа қызметі, жаңалықтарды және ойын-сауықты жинау;

видеографикадан және лотереядан ойын ұйымдастыру және жүргізу;

жазуды байқау, бақылау және жүргізу;

болжау және модельдеу;

тегік инженерия және биологикалық жинақтау.

Дербес компьютерлер ЖАТ негізі іспетті. 1981ж ІВМ фирмасы дербес компьютер (ДК) жасауы және оның нарыққа жол тартуы барлық америка қоғамы үшін терең экономикалық жөне әлеуметтік зардап келтірді. Біріншіден, ол америка кәсібіне (бизнесіне) қатысты, өйткені сапалы өзгеріске төтеп берді. Былайша айтқанда, компьютерлендіру шағын кәсіпкерліктің гүлденуіне жол берді. Олар ірі кәсіпкерлікпен бәсекелестікте тең түсуіне мүмкіндік алды. Дербес компьютердің кең қолданылуы корпорацияларды үйымдастырудың жаңа модельдерін туғызды. Әсіресе бүтіндей өндіріс орындары мен оның салаларының жұмысын басқаруда дербес компьютер негізінде жілілік технологиялардың дамуы өте маңызды орын алады. Дербес компьютердің пайда болуы жүз мыңдаған жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, көптеген талантты адамдарға сәтті жол ашылды. Дербес компьютердің енгізілуімен өте ауыр және бірсарынды еңбектің үлесі азайды да олардың еңбек өнімділігі едәуір өсе түсті, сонымен бірге жүмыс. орындары сапалы өзгерістерге ұшырады. Дербес компьютер іскер адамның дербес құралына айналды.

 

Біз ақпараттандырылған қоғамның дамуының толық қайшылықгы және әруақытта қүбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңакезеңіне кірдік. Біздің түрмысқа техникалық жағынан өте күрделі қүрылғы-дербес компьютер енді. Дербес есептеулер технологиясы ақпараттарды өндеудің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінәкелді, ал бүдан сәл бүрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес компьютердің қолданылу әдісі өте кең. Адам баласының ақпараттарды өңдеу істерін-ол сандық,, текстік графиктік, аудио-және бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бүл өріс кеңінен де дамуда, яғни күн өткен сайын жаңа есептер пайда болуда, сол сияқты ішіне қарай тереңдей түсуде, яғни бұрынғы есептер қайта қаралып, тиянақталып , күрделене түсуде. Қазіргі кезде дербес компьютерді пайдаланбаған бірде-бір ғалым, инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десе де болады.

Ешбір өнеркәсіп технологиясы есептеу техникасын өндіру технологиясы сияқты өте тез қарқынмен дамып отырған жоқ. Ал бұл адамзат қоғамының белгілі бір ғылыми-техникалық деңгейге жеткен обьективті талабынан туындайды. Әртүрлі мемлекеттердің инфрақұрылымына компьютердің ену ауқымы мынадай: Барлық өтіп жатқан процестердің бәріне өте үлкен ықпал етеді,иолар ақпараттық, технологиялық, әлеуметтік, экономикалық. Практикалық және ғылыми есептерді шешуде компьютердің қолданышуының барлық құбылымының жиынтығы қоғамды ақпараттандыру деп аталады. Үдемелі ақпараттандыру — ілгерішіл (өрлеу) процесс, өйткені оның даму дәрежесіне әрбір мемлекеттің экономикалық мүмкіндігі тәуелді. Дербес компьютердің пайда болуы басқа да мынадай алдыңғы қатарлы технологиялық-дербес компьютер үшін әртүрлі құрылғыларды шығаратын жоғарғы өнімді автоматтандырылған кешендер және есептеу жүйелерінің көптеген басқа да компоненттерімен бірге белгілі бір дәрежеде микроэлектроникада революциялық жетістік болып табылады. Дербес компьютерді тетіктермен қамтамасыз етуде өрлеу(ілгерілеу) бағдарламаны қамтамасыз етугеәсереткенібелгілі, ал ол өз кезегінде дербес компьютердің сааплы түгынуына елеулі ықпал етті. Сонымен, дербес компьютердің жетістігі (табысы) өзара байланысты ғылым мен техниканың көптеген технологиялық жетістіктермен дайындалғаны заңдылық.

Қоғамды ақпараттандыру. Дүние жүзінің өркендеген елдері куатты ақпараттық құрылымды күрды және бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жоғарғы қарқынмен іске асыруда. Мемлекет жоғарғы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жетуі мүмкін және дүниежүзілік экономикалық жүйеге тең құқылы бәсекелес болуға үміткер бола алады, егер ол мемлекетте ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер қоғамның барлық өрісінде қолданьшу табатын, әсіресе кәсіпкерлік пен басқару істерінде қолданыс табатын болса.

Ақпараттындыру адам қызметінің, нарықгағы кез-келген адамның және мемлекеттің барлық істеріне бағытталған болу керек.и Ақпараттандыру адам қызметінің барлық өрісінде ақпараттық технологияны (АТ) жаппай қолдануды, ақпараттық жүйені қүруды, кез-келген экономикалық, ұйымдық немесе әлеуметтік қүрылымның қызмет етуіне әсерлі қолдануды көздейді.

Ақпараттандыру және ақпараттық ортаны құру үрдісі материалдық өндірісті, әлеуметтік өрісті және қызмет көрсетуді көрсетуді қамтиды және мыналарды атқарады:

• өндірісті, өңдеуді және ақпаратты таратуды қамтитын ақпараттық техника мен технологияны қүру:

• ақпараттандыру қүралы мен үдерісін дамытуды -және қолданьшуын . қамтамасыз ететін инфрақұрылымды талдауды:

• ақпараттың өзін, ақпараттандыру өнімдерін жөне қызмет көрсету өндірістерін: Ақпараттандырудың инфрақұрылымы мынаны иемденеді:

1) ақпараттандыру обьектілері мен технологиялардың өзара бірлесе жұмыс істеуі үшін байланыс жолдары, есептеу құралдары мен желі торлары жүйесін;

2) аппараттар кешенінің қызмет етуін қолдап отыратын бағдарламалық қүралдарын;

 

3) ақпараттандыру құралдары мен мәліметтер жиынтығын;

4) осы технологияны тиімді пайдалануға қабілетті мамандарды дайындау жүйесін;

5) ақпараттандыру үдерісін тиімді дамытуға мүмкіндік жасайтын экономикалық және қүқықгық механизмдерді. Ақпараттандырудың экономикалық мақсаттары.

2. Ақпараттық технологияның даму кезеңдері. Ақпаратты өңдеу үрдісі мен есеп түрінің бөлу белгісі. Қоғамның ақпараттану жолындағы мәселелер, мәселелер бөлу белгісі. Компьютерлік технологияның әкелетін артықшылығының бөлу белгісі. Технология құрал түрлерінің бөлу белгісі.

Жаңа ақпараттық технологияның қадамдары. ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкеледі. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі “information” деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі “Computer science” деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.

Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына есепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан ( құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктафонға жазу) айырмашылығы–тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, “жылы жүзді” прогромалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:

- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалау емес) керек;

- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірығай үлгісіне келтіріп жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсеру;

- кез келген құжатты қағассыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі;

- адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу;

- бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даяарлау;

- есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.

Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысқа тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника –ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптен жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуінде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:

еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;

ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;

ЭЕМ-дерді халық шаруашылығындағы экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарында пайдалану;

ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;

ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медецина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.)

 

№4 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Қашықтықтан оқыту технологиясы»

 

Қашықтан білім беру деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып,

істеп жүрген жұмысынан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру ісін жүзеге асыру дегенмағынаны білдіреді. Бұл сөздің мәнін тереңірек ашар болсақ қашықтан білім беру ісі оныжүзеге асыру бағытындағы әдістер мен тәсілдерді жете меңгеруге талпынғаннан көрі осындаймүмкіндіктер болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын байқауға болады.1995 жылы Ресейдің жоғары оқу орындары жөніндегі мемлекеттік комитетінде зерттеліп бекітілген оқытудың бірегей жүйесін құру туралы негізгі концепция бойынша қашықтан білім беру дегеніміз - белгілі бір қашықтықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін қызметтерінің жиыны деп атауға болады. Қашықтан оқыту үздіксіз білім беру тәсілінің бірі болып саналады. Ол білім жетілдіруге арналған ақпараттармен қамтамасыз ету тұрғысынан алынғанда әрбір адамның білім алып, керекті мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін атқарады. Білім беруді оқу жүйесіне берілген анықтаманың ішінде А.А. Андреевтің еңбегінде

атап өтілген халықаралық экономика және құқық инстуты ұсынған нұсқасы көңіл аударуға тұрарлық деп айтуға болады. Онда қашықтан білім беру оқытудың қоғамдағы интегралдық түрлерінің қатарына жатқызылған. Білім берудің бұл тәсілі ақпараттық технологияларды және оқу материалдарын шәкірттер санасынан ұғынықты етіп жеткізіп, оларға оқу бағдарламасын өз беттерімен оқып үйренуге, оқушылармен оқытушыларды өзара сұхбаттасу арқылы пікір алмасуына және оларды техникалық құралдарды кеңінен қолдана білуге машықтандыруға бағытталған. Оған қоса оқу процесі уақыттан тәуелсіз «кез келген шақта», нақты білім беру мекемесіне орналасуына қарамастан жүргізіле береді. Осындай ерекшеліктеріне қарай қашықтан білім берудің бірегей жүйесін құру мен оны дамыту бағытындағы басты мақсаты мектеп оқушыларына, студенттерге азаматтық және әскери мамандық иелеріне өз еліміздегі және шетелдердегі шәкірттерге олардың қалаулары бойынша кез келген оқу орнынан білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Ол білім берудің дәстүрлі түрлеріне, қарағанда, оқуға жұмсалатын шығын мөлшерін 2 - 3 есеге қысқарту есебінен халықтың осы жаңа тәсілімен оқуына кеңінен жол аша отырып, оқыту сапасын анағұрлым жақсарта түсуді де қамтамаыз ете алады. Дүниежүзіндегі қашықтан білім берудің өркен жаюы. Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде шетелдердегі білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр.

Яғни оқытушы әрбір студентпен жеке – жеке сөйлесіп, сабақтың қоспаларында жазылған

материалдарды түсіндіреді. Осыған орай, ДТО тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы

оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүзінде жұмыс істей білуі шарт. ҚО тәсілімен оқытатын оқытушылар және осы істе басқа да мүдделі адамдарға мына төмендегідей міндеттер жүктеледі: - оқытушының компьютерлік сауатты жоғары болуын қамтамасыз ету;

- қашықтан оқытудағы алда тұрған мақсаттар мен міндеттер, оның алдағы уақытта ақпараттық

технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы түсіндіруі:

- қашықтан оқыту технологиясымен таныстыруы;

- оқытушының ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы;

- оқытушының осы курс бойынша ақпараттық құралдарымен жұмыс істеуге дағдылануы,

оның консультациялық кеңес берудегі, оқушыларымен сұхбат өткізудегі ақпарат берудегі,

яғни оқу процесін тіркеудегі мүмкіндіктері;

- оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру,

атап айтқанда тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға (жүйедегі мәліметтер базасын) дағдылануын қалыптастыруы;

- жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндауы;

- оқу процесін ҚО шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау оқытушының ролін тек

білімге «түсініктеме беруші» деп қарастырмай, ашық, икемді де бейімді болып келетін

қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу процесіндегі үйлестіруші деп қабылдау.

Қашықтан оқыту ісін Қазақстанда ұйымдастыру негіздері. Қашықтан оқыту жүйесін (ҚО)

техникалық тұрғыда қазіргі замандағы телекоммуникациялық жүйелермен техникалық

құралдарды пайдалану тұрғысында және әкімшілік-ұйымдастырушылық тұрғыда ҚО – дың мемлекеттік (респбуликалық) орталығын, аймақтық – салалық және ақпараттық орталықтарын құру және осындай орталық басқа оқу орындарында да құру тұрғысынан алып қарағанда, қашықтан оқыту жүйесі көп деңгейлі болып келеді.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жүйесі ұйымдастырылып, сол

жұмыстарды жүргізудің әдістемелік (методологиялық) негіздері жаңа ғана қалыптасып келеді. Білім және Ғылым Министрлігі Алматының кейбір жоғары оқу орындарында

қашықтан оқыту түрін жүргізу мақсатында эксперименттер өткізіп жатыр. Қазақ ұлттық

техникалық университетінде мұнайшы инженерлерді даярлауда барлық пәндерден

электрондық оқулықтар жасалып, олар Алматы мен мұнайлы өңір арасында қашықтан оқытуісін жүзеге асыруда. Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде шет тілдерді игеру үшін электрондық оқулықтар жасалып компьютерлік кітапхана іске қосылған. Соңында, қорыта айтатын болсақ, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, соның ішінде қазақстандық білім беру жүйесі алдындағы жауапты міндет. Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен, білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім берудің қамтитын, қашықтан білім беру жүйесін дұрыс түсінсек, оның бағытын дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп сенеміз. Қашықтан оқыту жүйелері тек білім берудің ұлттық жүйелерінде ғана дамып қана қоймай, кәсіпкерлік саласында дайындық жүргізуге бағыт алған коммерциялық компаниялар тарапынан да қолдау тауып, өрістей түсуде. Атап айтқанда, қашықтан оқыту тәсілімен жүргізілетін жоғары білім беру жөніндегі бағдарламалардың төрттен бір бөлігі кәсіпкерлік саласын қамтиды. Осындай бағдарламалардың ішінде бакалавр, магистр дәрежелерін алу жолындағы мамандарды дайындау туралы бағдарламалар саны басымырақ. Бұл күндері NTU және EuroPace корпорацияларын есептемегеннің өзінде де тек IBM фирмасының ішкі спутниктік қайта даярлау және біліктілікті жетілдіру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру электрондық жүйелері жоғары білім беру ісіндегі аса маңызды бөлім болып табылады. Жекеше корпоративті компаниялар білім беру желілерін қашықтан оқыту ісіне кең пайдаланып келеді, олардың қатарында General Motors, J.C. Penney, Ford, Walmart, Federal Exprass және басқалары бар. Осы оқыту жүйелері университеттерде құрылған қашықтан оқыту жүйелерінен саны жағынан да, күрделілік пен кең таралуы жағынан да анағұрлым артық болып саналады.

Қазіргі заманғы техникалық құралдардың көмегімен білім беру ақпараттық

технологияларды игерудің көп тараған тәсілдерінің бірінен саналады. Осының дәстүрлі

тәсілдерден айырмашылығы қандай? Егер терең білім алу – ең басты бағыт дейтін болсақ, онда қашықтан оқыту жоғары технологияларды қолданып оқытудағы аспаптық құралдардың ішіндегі ең күшті компоненті бола алады. Жалпы қашықтан оқыту деген сөзге әлі онша көп мән берілмей келеді. Оның басты себебі бұл топ оқытудың өте көп салаларында пайдаланып, оның тек бір саладағы орнына онша көп маңыз берілмейді. Дәстүрлі түрде бұрыннан қолданылып келе жатқан

аудиторияларда өткізілетін сабақтар оқытушының басқаруымен өткізілетін болса, қазіргі

кезде оның орнына компьютерлендірілген электрондық оқу құралдарын пайдалану әдістері кеңінен қолданылып келеді. (Computer-Based Training). Қазіргі кезде оқу материалдарын сыныптағы жергілікті компьютер желілері арқылы немесе Интернет жүйелері бойынша алуға болады. Интерактивті түрде компьютерде оқытудың саналуан түрлері бар, оның бұрынғыға қарағанда мүмкіндіктері де өте мол. Осындай мүмкіндіктер қатарында оқу курсын виртуалды аудитория (Web) көмегіне сүйене отырып, дыбыспен оқыту бөлмелерінде өзіңе ұнайтын мұғалімнің дәрісін тыңдай отырып жүргізуге болады. Оған қоса бір бірінен қашықта орналасқан оқытушы мен оқушы арасында компьютер арқылы сұхбат жүргізу арқылы, электрондық пошта байланысын пайдалана отырып, алыстан пікірталас өткізіп, аудиобайланыс, теледидар арқылы көрсетілімдік конференцияларға қатысу көмегімен білім алу жолдарын кеңейтуге мүмкіндіктер ашылды. Интерактивті зертханалардағы эмуляторлармен жұмыс істеу, нақты уақыт аралығында оқу курсының материалдарын жаңарту жолымен білім алу, т.с.с. мүмкіндіктері бар синхронды және асинхронды категорияларға жіктелетін оқыту түрлері етек алып келеді. Қашықтан оқыту тәсілі екі негізгі топқа бөлінеді. Оның алғашқы синхронды тәсілі бойынша оқытушылар мен студенттер белгілі бір уақытта арнайы бір аудиторияларда отырып, түрлі аспаптық әдістермен алыстан ақпараттар алуды, бір бірімен сұхбаттасуды, сұрақтарға жауап беруді жүзеге асырады. Ал асинхронды тәсіл бойынша студент өзінің оқу уақытын, мерзімін, жиілігін өзі белгілеп отырады. Ол мұнда ақпараттар жинақтайтын, оны алыстан жылдам жеткізетін сан алуан компьютерлік және телекоммуникациялық құралдар түрлерімен жұмыс істей алуы тиіс. Студенттер аудиториялық жоспарға немесе бағдарламаға сай өзіне берілген тапсырманы орындап, қашықтан оқытушыға тест тапсырып, оның бағасын алады. Қашықтан оқыту ісі көпшілік арасында кеңінен тарап әйгілі болған сайын, осы істің салыстырмалы түрдегі анағұрлым ыңғайлы тәсілдерінің құндылығы жөніндегі пікірталастар толастамауда. Білім беру ісіндегі жаңа, әрі маңызды болып табылатын ақпараттық және желілік технологияларды пайдалану тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылай отырып, қашықтан оқыту әдісінің болашағы зор екенін тағы да баса айтқымыз келеді. Сондықтан қашықтан оқыту бағдарламаларының дұрыс критерийлерін тауып оларды реттеу қажет деп санаймын. Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде ғылыми – техникалық прогрестің дамуы және оның қоғамға әсер етуі білім беру жүйесіне айтарлықтай құрылымдық өзгерістер әкелді. Шетелдік тәжірибелер мәліметі бойынша (2002ж.) әрбір жұмыс істейтін адам өз тіршілігі үшін ең аз дегенде жоғары білімді қажет етеді екен. Студенттердің мұндай тегін күндізгі бөлімде оқыту ең бай деген мемлекеттің өзінің бюджеті көтермейді. Сол себепті соңғы оң жылдықта дәстүрлі емес технологиялар бойынша оқитындардың саны күндізгі бөлім студеттері санынан артық бола түсуі кездейсоқтық емес. Жоғары және үзіліссіз білім беру қажеттілігінің өсуіне орай интернационалдық білім беру құрылымының әр түрлері мен мақсаттарын құру тенденциялары күшейе түсуде. Білім беруді

интернационализациялау процесі тек мазмұны жағынан ғана емес, оқыту әдістемесі,

ұйымдастыру формасы бойынша дамуда. Сондықтан қазіргі заманғы технологиялық

жетістіктер арасында қашықтан оқыту әдістемесі жетекші орын атқарады. Қазіргі кезде

әлемде телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып қашықтан оқыту жүйесінде айтарлықтай бай тәжірибе жинақталған. Компьютерлік желілер жүйелері мен тікелей теледидарлық хабарламалар жүйесі маңызды орынды алады. Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманға сипаты психолог, педагогтар мен білім

беру саласындағы барлық мамандар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті

мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:

- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;

- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және

оларды шешу жолдарын іздей алатын;

- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;

- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;

- Өзінің өз бетінше ой – өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын.

Жоғарыда келтірілген мәселелерден мынандай тұжырымдар жасауға болады:

1. Оқыту мен білім беруде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны біріктіруге

арналған оқу бағыттарын дамыту;

2. Неғұрлым жақсы технология пайдаланушыларын дайындау кепілі ретінде

оқытушылардың екпінділігін арттыру;

3. Жаңа технологияны қолдануды сапалы түрде талдау;

4. Университеттер арасында және университетке бөлімдермен (гимназия, колледж,

бакалавр т.б) кіреді.

Оқыту тәжірибесінің негігі сипаттамалары жеке қабілеттілікті арттыру, сынмен талдау,

шығармашылық түрде ойлай білу, студенттерге білім алудағы қабілеттіліктерін дамытуға

жәрдемдесіп алуға дайындауға арналуы қажет. Келешекте білім беру мемлекеттік бақылаудан

босап, жеке мекемелер шеңберінде дамитын болады. Бұл оқуға төленетін бағаның арзандап,

сапасын арттыруға және оқытуды түрлендіруге мүмкіндік береді. Яғни, білім беруде

ренессанс болады деп күтілуде. Технологияның дамуы жаңа типтегі (ауқымды, виртуалды,

қашықтан оқыту т.б.) оқу орындарының пайда болуына әкеледі, оқытушылардан оқу

жоспарының сапасы мен студенттер қажеттілігін есепке алуды талап етіледі. Жоғары білімді дамытудың барлық сатыларындағы басты мәселелердің бірі қашықтан оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту білім беру процесінде ең алдыңғы қатарлы дәстүрлі

және инновациялық әдістемелер, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқыту құрал жабдықтары қолданылатын технология болып табылады. Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту гуманистік принциптерге сай келеді, жетіспеушілік салдарынан, географиялық, әлеуметтік қорғалмаған, білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі жоқ немесе кәсіби не жеке іспен қолы бос емес болғанына қарамастан ешкім де оқу мүмкіндігінен айырылмайды. Қашықтан оқыту қоғамды ақпараттандыру және білім беру обьективті процесінің жалғасы ретінде басқа оқыту түрлерінің жақсы жерлерін пайдалана отырып, анағұрлым болашағы бар, синтетикалық, гуманистік, интегралды білім алу формасы ретінде XXI ғасырға аяқ басты.

№5 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Оқу тәрбие процесіне модульдік оқыту технологиясын енгізу тиімділігі»

Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі- оқушылардың өзін- өзі басқаруға үйрету, жеке тұлға ретінде жан- жақты дамыту. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» еңбегінің маңызы ерекше екені мәлім.

Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Өйткені, модульдің оқыту технологиясында оқытудың әртүрлі белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, диспуттар т.б.) қоладнуға мол мүмкіндіктері бар.

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі- оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағыдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі бекіту, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша түрінде) дамытуға бағытталуы.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлімі. (С.И. Ожегов)

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.жаңа технология әр түрлі пәннің оқытушыларына жұмыс істеу ерекшелігіне, әдістемелік тәжірибелерісіне шығармашылықпен қарауына, жаңашыл тәжірибелерін және әдістемелерін кең пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесі бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе бөлінген сағат санына байланысты.

Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат- міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалдарын қысқаша (10- 20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру әртүрлі белсенді формаларды қолдану- оқытудың міндетті шарты болып табылады.

Оқу модулінің Сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйе қолданылады, бұл оқушыларға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қояу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады.

І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне- интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.

Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыларға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезінде- ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер т.б. рөлдерді атқара алады.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін- өзі оқытуына және өзін- өзі бағалауына, бірін- бірі оқытуына және бірін- бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.

Бұл технологияның маңызды шарты- оқушылардың кез- келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай- ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.

Сөйлеу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлеу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір- біріне көмегі, бірін- бірі оқыту, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлеу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Оқушылардың тақырып немесе тару бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады.

Егер сөйлеу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалдар беріледі.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде ойындар кеңінен пайдаланылады. Сөйлесу бөлімінің 1,2,3 сабақтарында «Қарлы кесек» ойынында оқушылар тақырыпты көру, оқу, сөйлесу арқылы меңгеріп, 3,4,5 сабақтарында «Брейн- ринг» ойыны арқылы тақырыпты қай деңгейде меңгергенін анықтаймыз. Ол үшін оқушылар деңгейлі тапсырмалар орындайды.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы:

- Оқытудың жалпы мақсатын қою;

- Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

- Оқушылардың алдын- ала білім деңгейін бағалау;

- Оқу әрекетінің жиынтығы;

- Нәтижесін бағалау.

Модульдік оқыту технологиясының тағы бір ерекшелігі оқушылардың танымдық қызметін арттырады. әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын ытңдау, жазу, көру, айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылады. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең- кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушыны тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарй таңдауға ерікті.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі тұжырымдамасы, М.О.Т. жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар, М.О.Т- сын оқу- тәрбие үрдісіне енгізу жолдары көрсетілген кестелер төменде келтірілген.

 

М. О. Т. Тұжырымдамасы

Тұлғаның танымдық қабілеттерін, шығарма-шылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі Оқу материалын қайта жаңғырты, қарапайым білік пен дағды қалып-тастыру, алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қол-данылады.
Оқушылар кез- келген деңгейдегі тапсырмалар-ды өздері таңдайды Оқу үрдісі белсенді формаларды: топтық, жұптық, ұжымдық қолда-ну арқылы іске асады. Білім стандарты бекіткен оқу материалдарын бар-лық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамта-масыз етеді.

 

 

О. Т. жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар

Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу Оқушылардың сабақ бастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру Оның ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушыға үнемі талдау жасап, назарда ұстау Білім деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу Оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу

 

Мониторингтік басқару жүйесі, мұғалімдердің білімі мен біліктілік сапасы, кәсіби деңгейі және мониторингтік бақылау: сыныптар бойынша, пән бойынша тоқсандық есеп, жылдық өсу деңгейі бойынша

 

Модульдік технологиясын оқу- тәрбие үрдісіне енгізу жолдары

Жаңалықты ендіруге стратегиялық және технологиялық өңделген құжаттардың болуы Мұғалімдерді М.О.Т. меңгеруге қолдануға деген қажеттілікті туғызу, конструктивтік технологиялық жұмысқа бағыттау
Технологияны қолдануға қатысатын оқушыларды және олардың ата- аналарын даярлау Мұғалімдерді психологиялық әдістемелік тұрғыдан даярлау
М.М. Жанпейісова«М.О.Т оқушының дамыту құралы ретінде» «Ізленіс» клубы, шығармашылық топ Әдістемелік кеңес пән, айлық Үйірме, дарынды балалармен жұмыс
       

Осы технологиямен жұмыс істеген әрбір бастауыш сынып оқушысы кез- келген материалды дидактикалық тұрғыдан талдай білуге, матеиралды топтай отырып, қорытындылау, ең негізгісі мен маңыздысын ажырата алуға қалыптастыратындығын байқадық. Яғни, оқушылар осы технология барысында сөздік, энциклопедия, анықтамалық алғы сөздермен жұмыс жүргізе білуді үйренеді, баспа және жалпыға бірдей ақпаратық- техникалық құралдарды (үнтаспа, теледидар, компьютер т.б.) пайдалана білуге және картотека, жоспар, реферат құра білуге дағдыланады. Оқушылардың білім- білік дағдылары: өз ойын әдеби тілмен жеткізе отырып, ғылыми сөздерді пайдалана алу, аудитория алдына шығып сөйлеу, өз сөзінің жоспарын жаза білу, сұрақ қою арқылы нақты дәлелдермен тыңдаушының көзін жеткізе білулері жақсы қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде бұл технологияның мектеп оқушылары үшін үлкен маңызы бар.

 

 

№6 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері»

Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды құру жобалаудың күрделі процесі болып табылады. Жобалаудың мақсаты жобалаушы құжаттарды дайындау мен ұйымның басқарудың адам-машиналық жүйесін енгізу болып табылады. Жобалау процесінде экономикалық объектінің ең маңызды сиапаттамалары анықталады, оның ішкі және сыртқы ақпараттық ағымдары зерттеледі, зерттелуші жүйенің және оның элементтерінің математикалық және физикалық баламалары жасалады, адам мен басқарудың техникалық құралдарының өзара әрекеттесу шарттары белгіленеді.

Ақпараттық технологияның жобаланушы технологиялық жабдықтауының міндетті элементтері болып табылатындар: ақпараттық, лингвистикалық, техникалық, программалық, математикалық, ұйымдық, құқықтық, эргономикалық.

1. Ақпараттық жабдықатау (АЖб) – АЖ-де циркуляцияланатын ақпараттың көлемдері, орналастырылуы, ұйымдастыру формалары бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы.

2. Линвистикалық жабдықтау(ЛЖ) – табиғи тілдің формалауына, қолданушылардың есептеу техникасының құралдарымен араласу барысында ақпараттық бірліктерді құру және сәйкестендіруге арналған тілдік құралдардың жиынтығы.

3. Техникалық жабдықтау (ТЖ) – АТ жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені болып табылады (ақпаратты жинау, тіркеу, беру, өңдеу, кескіндеу, тираждауға арналған техникалық құралдар, оргтехника т.б.).

4. Программалық жабдықтау (ПЖ) – ақпараттық жүйелердің функциялары мен есеперін жүзеге асыратын және техникалық құралдар кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығын құрайды.

5. Математикалық жабдықтау (МЖ) – функционалдық есептерді шешуде және жобаланушы жұмыстарды автоматтандыру процесінде қолданылатын ақпаратты өңдеудің математикалық әдістері, модельдері мен алгоритмдерінің жиынтығы.

6. Ұйымдық жабдықтау (ҰЖ) – АЖ-ні жобалау процесінде құрылған, бекітілген және пайдалану негізінде жататын құжаттар кешені.

7. Құқықтық жабдықтау (ҚЖ) – АЖ мен АТ-ны құруда және ендіруде құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

8. Эргономикалық жабдықтау (ЭЖ) – АЖ мен АТ-ны өңдеу және функционалдануының әртүрлі кезеңдерінде пайдаланылатын әдістер мен құралдар жиынтығы. Адамның АТ-дағы жоғары сапалы, жоғары эффективті және қатесіз жұмысының оптималды шарттарын құруға, оны тез меңгеруге арналған.

Ақпаратық жүйелерді жобалау технологиясы дегеніміз жүйе жобасы мен оның компоненттерін құрудың немесе өңдеудің ортақ концепциясын жүзеге асыруға бағытталған, логикалық бірізділік бойынша реттелген методикалық тәсілдер, техникалық құралдар мен жобалаушы әдістер терімі. Басқарудың АЖ-сын жасауда жобалау базасының сапасы мен құрамы өте үлкен мәнге ие.

АЖ мен оның басты компаненті – ақпараттық технологияны жобалаудың технологиялық тізбегінің міндетті базалық конструкциясы болып технологиялық операция – технологиялық процестің бөлек тетігі табылады.

Бұл түсінік ақпараттық технологияларды жасау процесін кибернетикалық тұрғыдан қарастыру негізінде анықталады. Берілген процесті автоматтандыру технологиялық процестерді формалау қажеттілігін алдын ала анықтайды, өзара байланысқан жобалық процедураларының тізбегін және олардың бейнеленуін технологиялық бірізді біріктіреді.

Пәндік облысты жоба-алдылық зерттеу объектінің барлық сипаттамалары мен ондағы басқару іс-әрекетін, ішкі және сыртқы ақпараттық байланыс ағымдарын, есептердің мен жаңа технологиялық жағдайларда жұмыс істейтін мамандар құрамын, жүйенің болашақ қолданушылары ретіндегі олардың компьютерлік және кәсіби дайындық деңгейін анықтаудан тұрады.

Бірінші түрді, яғни қолданбалы программалар пакетіне кіретін типтік жобалық шешімдерді пайдаланудың мүмкіншіліктерін қарастырайық. Бәрінен де эффективі ақпараттандырылатын жұмыс түрлеріне келесілер жатады:

· бухгалтерлік есеп, басқару және қаржылық та кіреді;

· экономикалық қызмет саласына анықтамалық және ақпараттық қызмет көрсету;

· басшы еңбегін ұйымдастыру;

· құжат айналымын автоматтандыру;

· экономикалық және қаржылық іскерлік;

· оқу.

Жобалаудың автоматтандырылған жүйелері – жобалау жұмыстарын жүргізудің екінші, жедел дамып келе жатқан түрі.

Құрылымдық методология автоматизациясынан басқа және жүйелік және программалық CASE инженериясының қазіргі заманғы әдістерін қолдану мүмкіншіліктері келесі негізгі артықшылықтарға ие:

автоматтық

· автоматтық бақылау (ең алдымен жоба бақылауы) құралдары есебінен жасалатын АЖ (АТ) сапасын жақсартады;

· қысқа уақыт ішінде болашақ АЖ (АТ) протатипін құруға мүмкіндік береді, бұл бастапқы кезеңдерде күтілетін нәтижені бағалауға мүмкіндік береді;

· жүйені жобалау және жасау процесін жеделдетеді;

· құрастырушыны созылмалы күрделі жұмыстан босатып, оған жобалаудың шығармашылық бөлімінде ойын толық жинақтауға мүмкіндік береді;

· қазір функцияланып тұрған АЖ-ны (АТ) дамуын және жүруін қолдайды;

Жүйенің адаптациялық қасиеттері ұйымның өндірістік және ішкі басқару ортасының айналасындағы сыртқы фон өзгерістеріне бейімделу қабілеттілігін көрсетеді. Тапсырыс берушінің маңызды міндеті – жобалау кезеңінде бүкіл жүйенің функциялануында маңызды мәнге ие басқарушы және шығатын параметрлер мәндеріндегі ауытқулар жіберу шекараларын қалыптастыру.

Жалпы түрде есеп қойылуы төрт принципиалды маңызды компоненттерден тұрады:

· ұйымдық-экономикалық схема және оның сипаттамалары;

· қолданылатын математикалық модельдер жиыны;

· есептеу алгоритмдерінің сипаттамалары;

· жүйенің ақпараттық моделін құру концепциясы.

Математикалық модель және оның негізінде құрылатын алгоритмдер: анықтылыққа (мірмәнділікке), есептегі әртүрлі альтернативті жағдайларға қатысты инварианттылыққа және нәтижелілікке (оны қадамдардың соңғы санынан шешу мүмкіндігі) қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы керек. Алгоритмдеудің нәтижесі логикалық құрылған және реттелген блок-схема болып табылады.