Компьютерлік конференция және телеконференция

Компьютерлік конференция белгілі мәселені шешетін топ мүшелері арасындағы ақпаратты алмастыру үшін компьютерлі желілерді қолданады. Бұл технологияға рұқсаты бар тұлғалар шектеулі.

Әдебиеттерде телеконференция терминін жиі кездестіруге болады. Телеконференцияның үш типі бар: аудио, видео, компьютерлік.

Видеомәтін. Ол мәтіндік және графиктік мәліметтерді монитор экранына, бейнеге шығаруына негізделген. Шешім қабылдайтын тұлға үшін, ақпаратты видеомәтін түрінде алу үшін үш мүмкіндік бар:

- видеомәтіндік файлды өз компьютерінде құру;

- кәсіпорын өндірген видеомәтінге рұқсат алатын маманданған кәсіпорынмен шартқа отыру. Бұндай сатуға арналған файлдар кәсіпорынның серверларында сақталуы мүмкін;

- басқа кәсіпорынмен шартқа отыру олардың видеомәтіндік файлдарына рұқсат алу үшін.

Бейнелерді сақтау. Кез келген фирмаларда көптеген құжаттарды ұзақ уақыт сақтау қажет. Олардың саны көп болуы соншалықты, оларды файл түрінде сақтау да едәуір ауырлық туғызады. Сондықтан құжаттың өзін емес, оның образын (суретін) сақтау идеясы туды. Сонымен қатар, оны цифрлық түрде сақтау. Цифрлық формада сақталған сурет кез келген уақытта экранға немесе принтерге шығарыла алады. Суреттерді сақтау үшін үлкен сыйымдылық оптикалық дисктер қолданылады. Бес дюймдық оптикалық дискке 200 мың бетті жазуға болады.

Аудиоконференция. Олар аудио байланысты алыстағы жұмысшылардың немесе фирма бөлімшелерінің арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолданады.

Аудиоконференцияны қолдану шешім қабылдауды жеңілдетеді, ол арзан және қолайлы. Аудиоконференцияның ыңғайлылығы (эффективность) келесі шарттарды орындау кезінде орындалады:

- аудиоконференцияны ұйымдастыратын жұмысшы алдын ала онда қатыса алатын тұлғалардың мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек;

- конференцияға қатысушылардың саны көп болмау керек;

- конференцияның бағдарламасы қатысушыларға алдын ала айтылуы керек;

- сөйлеудің алдында әрбір қатысушы өзін таныстыруы керек;

- конференцияның жазылуы және сақталуы ұйымдастырылып қоюы керек;

- конференция жазуы баспаға шығарылып, қатысушыларға таратылуы керек.

Видеоконференция. Олар аудиоконференцияның мақсаттарына арналған, бірақ видеоаппаратураның қолданылуымен. Олардың өткізілуі компьютерді талап етпейді. Видеоконференция процессі кезінде, бір-бірінен көп ара қашықтықта отырған оның қатысушылары өздерін және басқа да қатысушыларды теледидарлық экранда көре алады.Теледидарлық бейнемен бірге бір уақытта дыбыс беріледі.

Видеоконференцияның құру жөніндегі үш ең әйгілі кескіндері бар:

- бір жақты видео және аудиобайланыс. Бұндағы видео мен аудио сигналдар тек бір ғана бағытта жүреді, мысалы жоба бастығынан орындаушыларға;

- бір жақты видео және екі жақты аудиобайланыс. Екіжақты аудиобайланыс видеобейнені қабылдайтын конференция қатысушыларына аудиоақпаратпен ауысуға мүмкіндік береді;

- -екі жақты видео және аудиобайланыс. Бұл көбінесе қымбат кескінде екі жақты видео және конференция қатысушыларының арасындағы аудиобайланыс қолданылады.

Факсимильді байланыс . Бұл байланыс факс-аппаратың қолданған кезінде негізін салған.

Факсимильді байланыс топ қатысушыларына құжаттардың жылдам және жеңіл жіберу шотының шешім қабылдауына өз үлесін қосады.

№9 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты»

Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.

Компьютерлі технологияны өңдеу сферасында ақпаратты жүйенің,ақпаратты технологияның сапасын бағалау қажеттілігі, бағдарламалық өнімдердің спецификасын жүргізу қажеттілігі туады.Бұл үшін өзіне ақпаратты ресурстар стандартын, программалық және ақпараттық құралдар стандартын, яғни ақпаратты технологияны қамтамасыз етудің стандарттау жүйесі өңделеді.Ақпараттық технология программалық, технологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету сапасының бірлігімен сипатталады.Бұлар ақпараттық жүйелер және технологиялардың қойған сапасының түрлері мен олардың стандарттарының сәйкестігін сипатталады.Стандарт – органдармен нақтыланған, белгілі бір аймақтық жоғары ережеге жетуге қойылған мақсатты, кенсенсус негізінде өңделген нормативті құжат.Стандартты кез-келген қызметтерді және олардың нәтижелері үшін арналған жалпы және нақты пайдалануға қойылған жалпы және нақты пайдалануға қойылған жалпы принциптер, ережелері үшін арналған жалпы және нақты пайдалануға қойылған жалпы принциптер, ережелер, мінездемелер қарастырылады. Стандарт техникалық және практикалық тәжірибелердің жалпы нәтижелерінде негізделуі керек.Стандарттар халықаралық, аймақтық, ұлттық, фирмалық болуы мүмкін. Стандарттар өзгертулер салуы үшін кезекпен қайта қаралады, олардың талаптары ғылыми-техникалық алға басу деңгейіне сай болуы үшін. Стандарттар фирмалық және салалық бала алады. Ақпараттық жүйелердің сапасының қамтамасыздануына олардың құралдарының қамтамасыз етуіне стандарттар өңделеді. Ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологияның қамтамасыз ету құралдары –бұл ақпараттық жүйелер жобасында қолданылатын және олардың қанауын қамтамасыз ететін программалық, техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдық. Бұл облыстың субъектілері боп ақпараттық жүйелерді құрушылыр және технологияны жасаушылар олардың құралдарын қамтамасыз ететіндер (интегралдық - микросхемалардың, инженерлер- жобалаушылары, программистер, жабдықтаушылар және т.б) және ақпаратты қанаушылық ететіндер табылады. Бірінші субъектілер өңдеушілер деп аталса,екіншілері – тапсырыс берушілер. Бұл облыста объектілер былай бөлінеді: ақпараттық жүйелер, технологиялар және оларды қамтамасыз ететін құралдар (программалық, техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдық құралдар). Келесі стандарттар түрін көрсетуге болады: Стандарт негізі болатын – бұл өзінде нақты қызмет облысында жалпы басқаратын жайлар тұратын нормативті құжат.Оны әдістемелік стандарт деуге болады және оның негізінде басқа стандарттар өңделеді. Терминологиялық стандарт өзінде қолданылатын мысалдардың және терминдердің анықтамаларын, талқыламаларын сақтайды.Байқаулар әдістеріне стандарт. Бұл өнімдерге талаптардан және өз тағайындауы бойынша оның сәйкестігін анықтайды.Сапа параметрлерінен және жеткізу ережелерінен және т.б. тұрады. Қызмет көрсетуге және процеске стандарт. Оның объектісі боп процестер және қызмет көрсетулер табылады. Сәйкестікке стандарт.Өнімнің бір бүтін сәйкестігін және оның әрбір бөліктерін қарастырады. Ақпараттық технологияның тіршілік цикл мезгілі бұл осы технологияны іске асыратын программалық және техникалық қамтамасыз ету мезгілімен анықталады.Ақпараттық технологияның өңделуі мен сапасының қамтамасыз етуі интерфейс үшін стандарттар протоколдарды, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді қажет етеді. Ақпараттық технология үшін стандарттың өңделуінің бірі боп программалық қамтамасыз етудің фирманың әдістемелері және жобалау бойынша стандарттар, технологиялық процестердің ұйымдары боп табылады. Қазіргі уақытта көбінесе халықаралық деңгейдегі стандарттар мен әдістемелер өңделген. Бұл мәліметтерсіз программалық қамтамасыз ету стандарттары. Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сапасының қамтамасыз етуі оның қойылған мақсатқа жетуі үшін және табысты жұмыс жасау үшін қажет. Ақпараттық жүйе тіршілік мезгілі және сапасы бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық құралдар және ақпараттық ағымдар, қызмет етуші мамандықпен қызметшінің тіршілік мерзімімен анықталады. Ақпараттық жүйе сапасын қамтамасыз ету мақсатымен барлық тіршілік цикл кезеңдері үшін стандарттар қолданылады.Бағдарламалық қамтамасыз ету тіршілік циклі айқын кезеңдермен қалыптасады: Ақпараттық технологияға талаптардың анықтамасы және бағдарламалық қамтамасыз етуге немесе ақпараттық технологияның стратегиясы. Ақпараттық технологияның талдауы және қолданбалы жүйеге талаптардың қалыптасуы.Ақпараттық технологияны жобалау және спецификаларға талаптардың өзгертулері.Ақпараттық технологияны орындау және қолданылатын бағдарламалық қосымшаларға, қосымшалардың тестілеуіне лайықты стандарттар.Ақпараттық технологияны енгізу, жаңа қолданбалы жүйені құру, мақұлдау, қанауға дайындау. Ақпараттық технология жасырын жетіспеушіліктердің табылуы, тапсырыс беруші талаптарымен сәйкес интерфейс түзетулері.Ақпараттық технологияны қанау, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйеу, жаңа функционалды кеңейтулерді жобалау. Ақпараттық технологияны өңдеу өзіне келесі процестерді қосады: Объектіні тексеру және ақпаратты технологияны құрудың қажеттілігін негіздеу. Бар ақпаратты технологияны зерттеу. Техникалық сәулет ақпараттық қамтамасыз ету мәні мүмкіншіліктерді анықтау. Анықтама және ақпараттардың ағымдарын құру және олардың өңделуіне талаптар. Пайдаланушы талаптарының құрылуы және осы талаптарға қанағаттанарлық ақпараттық технология концепциясының өңделуі.Ақпараттық технологияны жобалау, құрылған технология бойынша және оның бөліктерінің алдын-ала жобалы шешімдерінің өңделуі. Бағдарламалық қамтамасыз ету тіршілік циклін үлгілеу. Бағдарламалық қаматамасыз ету тіршілік циклінің мерзімінде қолданылатын процестері автоматтандырылған жүйенің тіршілік циклдарының процестерімен сәйкес болуы керек.

 

№10 Лекция. Сабақтың тақырыбы: «Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі»

Жаңа ақпараттық және Телекоммуникациялық технологиялардың енгізілуі экономика, саясат, мемлекет, қоғам мен азаматтың белсенді әрі әсерлі дамуына бірегей мүмкіндіктер туғызды. Мұнымен қоса, бұл үрдістердің өңделуі кезінде жеке адамдардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың міндеттемелерімен байланысты бірнеше заңбұзушылық пен қылмыстық істер кездеседі. Осыған орай заңнамада «Ақпараттық құқық» атты бөлімше құрылып, дамып келеді. Ақпараттық құқық актілеріндегі ақпараттық технологияларды құрушы мен пайдаланушы арақатынасы, субъектілердің құқықтары мен бостандықтары, ақпаратты сақтап, тарату сынды үдістер заңдар мен нормативтік құқықтық актілер көмегімен іске асырылады. Ақпараттық құқық бөлімшесінің бақылау объектілеріне ақпарат, программалық және компьютерлік құрал-жабдықтар мен мәліметтер қоры жатады.

Субъектілер арасында екі категорияны бөліп қарастыруға болады: жүйені эксплуатациялайтын өңдеушілер мен мамандар.

Ақпараттық құқықты бұзу компьютерлік қылмыспен және ақпараттық заңнама нормаларын бұзумен байланысты.

Ақпараттық технологияларды құру және пайдалану кезінде тңмендегілермен байланысты заңдық қатысулар пайда болады:

· ақпараттық ресурстарды құру және тарату құқығымен;

· ақпараттық өнімдерді пайдалану құқығымен;

· жиналынған ақпараттарды іріктеудің әдістері мен тәсілдері және ақпаратты орналастыруға қатысты интеллектуалдық меншік құқығымен:

· машиналық тасушыға заттық меншік құқығымен:

· ақпараттық ресурстардың анықтығы, сапасы, толықтығы және ресурстардың маңыздылығы үшін субъект-тұтынушының жауапкершілігімен;

· қауіп-қатердің барлық түрінен ресурстарды қорғау жауапкершілігімен.

Осы жағдайларға орай заң шығару сферасында құқықтық қатысуды реттеу қажеттілігі туындады.