Тақырып 5. Қаржылық бақылау нысандары

Дәріс мақсаты:Қаржылық бақылаудың нысандарын: алдын ала, ағымдағы, кезекті қаржылық бақылаудың жүргізілу тәртібін зерттеу

Дәріс сұрақтары:

1. Алдын ала бақылау

2. Ағымдағы бақылау

3. Кезекті қаржылық бақылау

Дәріс тезисі:

 

1. Алдын ала бақылау әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді, бюджеттік ұйымдардың шығыстар сметасын, қаржылық жоспарлар мен бағдарламаларды,террриториялардың қаржылық ресурстар балансын және басқа да қаржылық-экономикалық құжаттар мен заң жобаларын әзірлеу, қарастыру және бекіту кезеңдерінде жүзеге асырылады. Ол ескертуші сипатта болады, яғни қаржылық операцияларды жүргізбестен бұрын жүзеге асырылады, ол бұзушылықтарды, салақтық танытуларды, заңсыз әрекеттер мен әр түрлі жоғалтуларды ескертуге, қаржылық ресурстарды мақсатты түрде емес, тиімсіз жұмсаудың алдын алуға, табыстар мен пайданың өсу резервтерін анықтауға көмектеседі.

Алдын ала бақылау ағымдағы және күрделі шығыстар үшін бюджеттік ассигнованияларды, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарының бағыттарын жоспарлау кезінде үнемдірек шешімдер таңдауға мүмкіндік береді. Ол ЖІӨ –ді және ел экономикасының дамуының басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерін бөлудің негізділігін бағалау негізінде, микродеңгейде- қаржылық жоспарларды және сметаларды, несиелік және кассалық өтініштерді, бизнес-жоспарлардың қаржылық бөлімдерін әзірлеу, шаруашылық құрылымдардың болжамдық баланстарын құру кезінде барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру, қарастыру және бекіту процесінде қаржылық бағдарламалар мен болжамдардың негізділігін бағалауды қамтиды.

Ағымдағы бақылау қаржылық бақылау субъектілерінің негізгі қызмет түрі болып табылады. Ол қаржылық (бюджеттік, салықтық) тәртіптің бұзылуының алдын алу және анықтау, қаржылық нормалар мен нормативтердің, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің талаптарын сақтау мақсатында, бюджеттік мекемелердің өндірістік, шаруашылық және қаржылық операцияларды жүргізу, бюджетті, табыстар мен шығыстар сметасын орындау кезінде жүргізіледі.

Бұл жерде бірінші кезекте жеделдік маңызды орын алады. Ағымдағы қаржылық бақылау оперативтік бухгалтерлік есеп пен есептіліктің бастапқы құжаттарына сүйенеді,рентабельділік пен пайданың өсу резервтерін анықтау, өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын,мерзімі өткен дебиторлық және кредиторлық берешекті төмендету, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысудың толықтығы және уақытылығы мақсатында, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне жүйелі факторлық талдауды білдіреді. Микродеңгейде ағымдағы бақылау және талдау процесінде бюджетке салықтық және басқа да төлемдерді жинау деңгейі, мемлекеттік, республикалық және аймақтық әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландырудың уақытылығы, толықтығы және мақсаттылығы, бюджеттік дефицит және уақытша кассалық құлдыраулар көлемі анықталады.

Кезекті қаржылық бақылау – бұл қаржылық операциялар жүргізілгеннен кейін (бюджеттің табыстық және шығыстық бөліктері орындалғаннан кейін; кәсіпорын немесе мекеме ақша қаражаттарын пайдаланғаннан, салық төлегеннен кейін және т.с.с) жүзеге асырылатын бақылау. Бұл жағдайда қаржылық тәртіптің жағдайы анықталады, оны бұзушылықтар, алдын алу жолдары және оларды жою бойынша шаралар анықталады. Кезекті бақылау шаруашылық субъектісінің қызметін тереңірек зерттеумен ерекшеленеді. Негізінен, кезекті бақылау нәтижелері бойынша құжаттар (мысалы, актілер), орындалуы міндетті ережелер құрылады.

Қаржылық бақылау алуан түрлі әдістермен жүргізіледі, оларға бақылауды жүзеге асыру амалдары немесе тәсілдері, құралдары жатады. Нақты әдісті қолдану көптеген факторларға байланысты: бақылауды жүзеге асыратын органдардың құқықтық жағдайы және қызмет нысанының ерекшеліктері, бақылау объектісі мен мақсаты, бақылау құқықтық қатынастарының пайда болу негізі және т.б.

Қаржылық бақылаудың келесідей әдістері қолданылады: ревизиялар,тексерістер( құжаттарды, есеп пен есептілік жағдайын тексерулер және т.б), зерттеулер, қаржылық жоспарлар жобаларын, өтініштерді, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептерді қарастыру, баяндамаларды, лауазымды тұлғалар ақпаратын тыңдау және т.б. Оларды жүргізу, негізінен, жоспарланады. Дегенмен, олар жоспардан тыс, туындаған қажеттілікке байланысты жүзеге асырылуы мүмкін.

Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі– ревизия, яғни кәсіпорындар, ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін, оның заңдылығы, дұрыстығы және жөнділігін тексеру мақсатында тереңірек және толығырақ зерттеу болып табылады. Ревизияларды әр түрлі бақылаушы органдар, ең алдымен қаржылық,сонымен қатар бағынышты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органдары жүргізеді. Ревизиялар осы органдардың жоспары

 

ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ
Алдын ала бақылау
Ағымдағы бақылау  
Кезекті бақылау  
Ревизиялар, тексерістер және бюджеттік қаражаттарды қолдануды талдау  
Мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін тексеру  
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың қаржылық нәтижелерін талдау  
Бюджеттен тыс қорлар сметаларының орындалуын талдау  
Бюджеттің орындалуын талдау  
Бюджетке түсімдерді бақылау  
Мемлекеттік бағдарламаларға сараптама жүргізу  
Бюджеттен тыс қорлардың жобаларына сараптама жүргізу  
Бюджет жобаларына сараптама жүргізу  
ҚБ органдарының предписаний орындалуын талдау және анықталған қателерді жоюды бақылау мақсатында қайтадан тексері жүргізу  
Бюджет қаражаттарын жұмсауды бақылау  
Меншікті қаражаттарды жұмсауды бақылау
Тартылған қаржаттардың жұмсалуын бақылау  

 

 


2 – сурет. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру нысандары мен әдістері

 

бойынша да, басқа құзыретті органдардың, оның ішінде құқық қорғаушы органдардың, нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

Тексеру объектісі бойынша ревизиялар құжаттық, фактілік,толық (басынан аяғына дейін) іріктемелік (ішінара) болып бөлінеді. Ұйымдастырушылық белгісі бойынша олар жоспарлық (сәйкес органның жұмыс жоспарында қарастырылған) және жоспардан тыс (тез арада тексеруді талап ететін, азаматтардың шағымдары мен арыздарының келіп түсуімен байланысты тағайындалған), кешендік (бірнеше бақылаушы органдармен бірлесе жүргізілетін) болып бөлінеді.

Құжаттық ревизияны жүргізу кезінде тек қана есеп берулер, сметалар ғана емес, құжаттар, әсіресе, бастапқы ақшалай құжаттар (шоттар, төлем тізімдемесі, ордерлер, чектер) тексеріледі. Фактілік ревизия тек құжаттардың емес, қолма-қол ақшалардың, материалдық құндылықтардың болуын тексеруді білдіреді. Толық ревизия дегеніміз белгілі бір кезең үшін кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің тұтас қызметін тексеру болып табылады. Іріктемелік ревизия кезінде бақылау қаржылық-шаруашылық қызметтің қандай болмасын жекелеген тұстарына бағытталады (мысалы, іссапар шығыстарын, салықтық және сақтандыру салымдарын қабылдау бойынша жұмысты тексеру).

Ревизия нәтижелері маңызды заңдық күші бар актімен рәсімделеді. Оған ревизиялық топтың жетекшісі, тексерілетін ұйым жетекшісі және оның бас бухгалтері қол қояды. Өз қарсылықтарын және ескертпелерін тексерілетін ұйымның жетекшісі және бас бухгалтер, қол қойып, жазбаша түрде ревизия актісіне тіркеуі керек. Ревизия актісі негізінде анықталған қаржылық тәртіпті бұзушылықтарды жою бойынша, келтірілген материалдық зиянды өтеу бойынша шаралар қабылданады; мемлекеттік тәртіпті бұзулардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленеді; кінәлілер жауапқа тартылады. Ревизияны тағайындаған ұйымның жетекшісі оның нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.

Тексеру шаруашылық субъектілерінің белгілі бір қаржылық-шаруашылық операцияларына қатысты жеке бақылау әрекеті немесе бақылау әрекеттерінің жүйесін білдіреді.

Зерттеу – бұл әрі қарай егжей-тегжейлі тексерудің жөнділігін анықтау мақсатында нақты мәселе бойынша ақпаратты жинау және жалпы талдау болып табылады.

Қадағалау дегеніміз қандай болмасын қызмет сферасында оны жүзеге асырудың бекітілген шарттарын бақылау бойынша мерзімдік бақылау әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Мысалы, шаруашылық субъектілерінің лицензиялау шарттарын сақтауы мақсатында, олардың қызметі қадағаланады.

Қадағалауға қарағанда мониторинг шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі ағымдағы өзгерістерді анықтау мақсатында бақылау бойынша үнемі жүргізілетін бақылау әрекеттері мен операцияларының жүйесін білдіреді.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың теориясы мен тәжірибесіндегі аса маңызды мәселелердің бірі– оның тиімділік критерийлері болып табылады. Қаржылық бақылаудың тиімділігі– күрделі экономикалық категория. Негізінен, басқарушылық қызметтің тиімділігі мәселесін қарастырған кезде, ең алдымен, оны жүзеге асыру процесінде қол жеткізілген нәтижелердің қойылған мақсаттарға баламалылығы, бір уақытта өндірістік шығындарды(уақыт, материалдық және ақшалай қаражат, еңбек ресурстары) есепке алғанда нәтиженің мақсатқа жақындауы дәрежесі туралы айтылады. Осы ережені ескере отырып, қаржылық бақылау тиімділігінің критерийі бақылаушы орган қол жеткізген нәтиженің қойылған мақсатқа қатынасы болады.

Кең мағынада, мемлекеттік қаржылық бақылау үшін мұндай мақсаттар келесілер болады: экономиканың даму қарқынының өсуі, тұрақты қаржылық жүйені қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджеттің табыстық бөлігінің ұлғаюы және оның шығыстық бөлігіндегі қаражатты үнемдеу. Бұл мақсаттар бойынша критерийлер орнатудың әдіснамалық мәселесі қаржылық бақылаудың мақсатқа қол жеткізу деңгейіне «үлесін» анықтау болып табылады. Бірақ, негізінен, бұл мүмкін. Тар мағынада, қаржылық бақылаудың мақсаты экономикалық сферадағы құқық бұзушылықтар саны мен көлемін азайту болып табылады. Бұл критерийді анықтау әдістемелік тұрғыдан қиындық туғызбайды.

Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржылық бақылау тиімділігінің үш негізгі критерийін ажыратуға болады.

- нәтижелілік;

- әсерлілік;

- үнемділік.

Қаржылық бақылаудың тиімділігі түсінігі оның нәтижелілігі түсінігімен тығыз байланысты, себебі нәтижелілік оның басты критерийі болып табылады.

Нәтижелілік критерийінен, тексерілетін органның немесе тұлғаның қызметінің мазмұнына, оның сапасына, қаржылық бақылаудың тигізетін оң әсерін көрсететін қаржылық бақылаудың әсерлілігі критерийі ажырамайды.

Қаржылық бақылау тиімділігінің критерийлері– нәтижелілік, әсерлілік, үнемділік – ол туралы тек жалпы нысанда пайымдауға мүмкіндік береді. Қаржылық бақылаудың тәжірибелік нәтижелерін нақты бағалауға тұрақты өлшеуіштер– көрсеткіштерді әзірлеу және қолдану көмектеседі. Егер бақылау мақсаттарына жету критерийлері жалпы сипатта болса, критерийлерге бақылау жұмысының ішкі мазмұнын ашып көрсету, алынған оң нәтиже құралатын құраушы бөліктерін көрсету тән, ол өз кезегінде, бақылау сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Көрсеткіштер екі жақты рөл ойнайды: бір жағынан, бақылаушы орган жұмысының деңгейін көрсетеді, оның жұмысын бағалау негізі болып табылады, екінші жағынан– бақылаудағы субъектілерде туындайтын бұзушылықтарды анықтайды және жояды. Көрсеткіштер әрқашан бақылау органымен жүргізілетін жұмыстың сандық бағалауын қамту керек. Қаржылық бақылаудың тиімділік критерийлері көрсеткіштерге қарағанда, үлкен беріктікке және тұрақтылыққа ие. Бұл заңды, себебі көрсеткіштер нақты тексерістер міндеттерінің айырмашылықтарын, экономиканың әр түрлі салаларындағы басқару органдарының қызмет ерекшелігін әлдеқайда толығырақ және алуан түрлі етіп көрсетеді. Сөйтіп, қаржылық бақылау тиімділігінің критерийлері бірлігімен, жалпы сипатымен ерекшеленсе, тиімділік көрсеткіштеріне нақтылық, көптік және алуан түрлілілік тән.

Аталған критерийлердің әрқайсысы сандық түрде бағалана алады, және ол жалпы Есеп комитетінің де, оның жекелеген бөлімшелерінің де жұмысының тиімділігін бағалау үшін аса маңызды.

Қаржылардың бақылау функциясы оны қоғамның өндірістік ресурстарын және экономикалық әлеуетін басқару құралы ретінде қолданудың объективті шарттарын анықтайды. Яғни, қаржы бұл өндірістік қатынастардың бөлігі болса, қаржылық бақылау бұл қаржыны басқару элементтерінің бірі болып табылады.

Бақылау шараларын жүргізу республикалық бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін қолдануға жан-жақты жүйелі бақылауды қамтамасыз ету қажеттілігінен қалыптасатын, МҚБ органдарының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

Бақылауды жүргізу процедурасы төрт кезеңнен тұрады: жоспарлау, бақылау,қорытындыны әзірлеу, бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерді жүзеге асыру.

Жоспарлау кезінде қаржылық бақылау органдары кешенділік, үздіксіздік, оңтайлылық және қаржылық бұзушылықтар тәуекеліне бейімділік критерийлерін басшылыққа алады:

1) жоспарлау кешенділігі – бақылау объектісін алдын ала зерттеуден бақылау бағдарламасын құруға дейін, барлық жоспарлау кезеңдерінің өзара байланыстылығы мен келісімділігі;

2) жоспарлау үздіксіздігі – бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне бақылау кезеңдері мен мерзімі бойынша өзара байланысты тапсырмаларды бекіту;

3) жоспарлау оңтайлылығы, аз шығындармен бақылаудың соңғы мақсаттарына қол жеткізу үшін бақылау бағдарламасының тиімдірек нұсқасын таңдауға негізделеді;

4) қаржылық бұзушылықтар тәуекеліне бейімділік алдыңғы тексерулер нәтижелерін, қаржылық қызметтің, басқарудың және мемлекет активтерін қолдану сипатын мониторигілеу жолымен анықталады.

Жоспарлау үш өзара байланысты кезеңнен тұрады: бақылау объектісін алдын ала зерттеу, бақылау жоспарын құру, бақылау бағдарламасын әзірлеу.

Бақылау объектісін алдын ала зерттеу барысында жоспарланған бақылауды жүргізу үшін қажетті сенімді және толық ақпарат көздері анықталады.

Бұл сатыда жоспарланған бағыт бойынша зерттелетін объектіге бұрын бақылау жүргізілді ме немесе қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр ма, соны анықтау керек, сонымен қатар ішкі бақылау жүйесімен танысу қажет.
Әрі қарай оперативтік талдау жүргізіледі және бақылау масштабы (мерзімі, объектілердің саны, толық бақылауды жүзеге асыру үшін қажет еңбек сыйымдылығы және басқа ресурстар) анықталады. Жоспарланатын бақылаудың әлеуетті маңызды бағыттары, тәуекелдері және сұрақтары, сәйкес нормативтік құқықтық актілер тізімі анықталады.

Бақылау объектісін алдын ала зерттеу мәліметтері негізінде бақылау жоспары құрылады және бағдарламасы әзірленеді.

Бақылау жоспары бақылау объектісін алдын ала зерттеу мәліметтері негізінде әзірленеді. Онда бақылау объектілерін, тексерілетін мәселелер, олар бойынша республикалық бюджет табыстары мен шығыстарының сомалары, бақылау жүргізу мерзімдері және қызметкерлерге қажеттілік көрсетіле отырып, негізгі ұйымдастырушылық мәселелер тіркеледі.

Бақылауды жүргізу мерзімі жұмыс көлемін(бақылау масштабын), бақылау объектісінің қызмет сипатын, оның территориялық орналасуын, бақылау актісіне қол қоюға қажет уақытты ескере отырып анықталады.

Бақылауды жүзеге асырушы ревизорлар бақылау объектісіндегі жұмыс көлемін анық түсіну үшін, бақылау мақсаты нақты көрсетілуі керек. Нақты жағдайлар үшін, мақсат ретінде республикалық бюджетке салықтар мен басқа да төлемдердің түсуінің, республикалық бюджеттен түсім сомаларын қайтарудың толықтығы мен уақытылығын анықтау, сонымен қатар республикалық бюджет қаражаттарын, мемлекетпен кепілденген займдарды, мемлекет міндеттемелерін, гранттарын, мемлекет активтерін, бюджеттік инвестицияларды өтеуге республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды мақсатты, негізді және тиімді қолдану болуы мүмкін.

Бақылау пәні – тексеруге жататын, бақылау объектісінің қызмет бағыты. Бақылау пәні ретінде бағдарламалар, бюджеттік жіктеу ерекшеліктері, мемлекеттік, салалық бағдарламалар, мемлекет активтерін, гранттарын, мемлекетпен кепілденген займдарды қолдану, мемлекеттік мекемелердің тауарларды(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып өткізуден түсетін, олардың қол астында қалатын қаражаттар, бюджеттік қаражаттарды және мемлекет активтерін пайдалануға қатысты жекелеген сұрақтар бола алады.

Бақылау объектілері – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – бюджеттік процесс қатысушылары, мемлекет қатысуымен субъектілер, бюджеттік қаражаттарды алушылар, мемлекет активтерін, гранттарын, мемлекетпен кепілденген займдарды қолданатын жеке және заңды тұлғалар.

Нарықтық жағдайда қаржылық қызметтің жеңілдейтіні емес, қиындайтыны, және нәтижесінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың күрделенетіндігін теория мен тәжірибе растап отыр. Бұл күрделену мемлекетпен жүргізілетін қаржылық қызметтің мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың, шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты болуымен түсіндіріледі. Сәйкесінше, мемлекеттік қаржылық бақылау тек мемлекеттік ұйымдардың қаржылық қызметін ғана емес, қаржы сферасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында жанама түрде басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардың қаржылық қызметін қамтиды. Субъект ретінде мемлекет болатын қаржылық қатынастардың алуан түрлілігі, мемлекеттік қаржылық бақылау үшін нақ осы әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу құралы ретінде қызмет өрісінің кеңдігін түсіндіреді. Мемлекеттік реттеу құралы ретінде, мемлекеттік қаржылық бақылау аясында шешілетін міндеттер тізімі, соншалықты үлкен және алуан түрлі болғандықтан, заңды түрде, қандай болмасын функцияларды сәйкес мемлекеттік қаржылық бақылау субъектілері арасында нақты бөлу және бекіту қажеттілігін тудырады.

Қолданылған әдебитеттер:

 

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010