Тақырып 9. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары

Дәріс мақсаты:Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары жайлы түсінік беру.

Дәріс сұрақтары:

1. Мемлекеттік аудит стандарттары

2. Қаржылық бақылау стандарттары

Дәріс тезисі:

Мемлекеттік аудит объектілер бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

- мемлекеттік органдар аудиті;

- мемлекеттік мекемелер аудиті;

- квазимемлекеттік сектор субъектілер аудиті;

- бюджеттік құралдар алушыларының аудиті.

Тағайындау тәсілдері бойынша мемлекеттік аудит жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудиторлық іс-шараларды (сәйкес жылға мемлекеттік аудит объектілер тізімін анықтайды) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізіне сәйкес жоспарлайды.

Мемлекеттік аудиттің объектілер тізімі, өзара келісімнен соң олардың бірінші басшыларымен бекітіледі.Солай бола тұра тексеру комиссиясы мен ішкі аудит бойынша уәкілетті орган өздерінің мемлекеттік аудиттің объектілер тізімінен Есеп комитетінің мемлекеттік аудиттің объектілер тізіміне енген объектілерді алып тастайды.

Тәуекелдерді басқару жүйесі Есеп комитеті мен ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті орган бірігіп орнататын біріңғай принциптер мен тәсілдерге негізделеді .

Мемелекеттік аудит пен қаржылық бақылау объектілерінің тізімін құру кезінде Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің уәкілетті тұлғаларының тапсырмалары, тексеру комиссиялары үшін қосымша Есеп комитетінің сұратулары мен тиісті мәслихаттардың шешімі, ішкі аудит бойынша уәкілетті орган үшін ҚР Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сұраныстар, прокуратура мен қылмыстық қудалау органдарының сұраныстары міндетті есепке алыну мен қаралуға жатады.\

Жоспардан тыс аудит ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті органмен теке келесі жағдайларда жүргізіледі:

1) ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің тапсырмалары бойынша;

2) бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының жоғарылауымен байланысты сұрақтар бойынша;

3) анықталған бұзушылықтар бойынша тексеруге қатысты бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органның тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану арқылы, ақпараттық жүйесінің мәліметтерінің мониторинг қорытындылары бойынша;

4) физикалық және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша.

Мемлекеттік аудиттің типіне байланысты аудиторлық шараларды өткізу кезінде келесі көрсеткіштер есепке алынады:

1) тиімділік – жетістікке жету үшін қолданылған ресурстарды есепке ала отырып алынған нәтижелердің жоспарланғанға қатынасы;

2) үнемділік – тиісті сапаны сақтай отырып, қызметтің бағаланатын нәтижелеріне жету үшін бөлінген ресурстардың құнын минималдау;

3) өнімділік – саны, сапасы және мерзімін ескере отырып бөлінген ресурстарды қолдану арқылы экономика немесе басқарудың бөлек аймағы үшін максималды пайдалы нәтижені алу;

4) нәтижелілік – әрбәр қызмет бойынша белгіленген міндеттерді орындау дәрежесі мен сәйкес қызметтің жоспарлы (тікелей, соңғы) және нақты нәтижелерінің қатынасы;

5) маңыздылық – мемлекеттік аудит объектісінің қаржылық және шаруашылық операциялар орындауы кезінде ҚР заңнамалық нормаларының, оларды орындау үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқуы, сондай-ақ қабылданатын шешімге әсерін тигізетін, рұқсат етілген максималды көлемі мемлекеттік аудит объектісінің қызмет ерекшеліктері мен көрсеткіштер категориясына байланысты мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау туралы ҚР заңнамасына сәйкес анықталатын өзге де қателіктер;

6) перспективалық – белгіленген күтілетін мерзімге қойылған мақсаттар мен міндеттерге өндірістік шығыстардың сәйкестілігі.

 

Қолданылған әдебитеттер:

 

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010