Ылыми танымдағы объективті, салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың мәнін ашыңыз.

Ылыми танымның эмпирикалық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз: бақылау, сипаттау, өлшеу, салыстыру, эксперимент

Метод-(грек тілінде metodos) мақсатқа жету тәсіл-әдісі, белгілі бір түрде реттелген практикалық және теориялық танымдық қызмет. Ғылыми методтар эмпирикалық және теориялықболып бөлінеді. Эмпирикалық методтар қатарына бақылау, салыстыру, өлшеу және эксперименткіреді.Бақылау-объектіні белгілі бір мақсатқа бағытталған түрде жүйелі қабылдау. Бақылау ғылыми зерттеуді алғашқыы материалмен қамтамасыз етеді. Бақылауға мақсатқа бағытталғандық, жүйелілік және бақылау жүргізуші субъектінің белсенділігі тән. Салыстыру-объектілердің ортақ жақтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатымен оларды қатар қойып қарастыру методы. Егнр объектілер эталон ретінде алынған объектімен салыстырылса, мұндай салыстыру өлшеу деп аталады. Өлшеу процесінде субъект (өлшеуші), объект (өлшенуші нәрсе) және өлшем бірлігі, өлшеу аспабы, өлшеу методы қатысады. Эксперимент-experimentum (тәжірибе, сынау) эмпирикалық танымның күрделі және тиімді методы. Зерттеуші-экспериментатор объектіге белсенді әсер етеді, огың қасиеттерін анықтауға ықпал ететін жасанды жағдайлар жасайды.

Танымның теориялық деңгейінің әдістерін сипаттаңыз:анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия, абстрактілеу және идеалдау, тарихилық және логикалық, абстрактылықтан нақтылыққа өту әдісі,модельдеу.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

- аналогия– объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

Идеалдау- назарды заттың бір қасиеттерінен аударып, оның басқа қасиетін бөліп алуға-абстракциялауға негізделіп, идеалды объектілерді, яғни нақты өмірде жоқ, бірақ оларды зерттеу күрделі жүйелерді жеңілдетуге көмегін тигізетін объектілерді ойша құрастыру. Формальдау –формалданған жүйелердегі білімнің кейбір салаларын жасанды тілдердің көмегімен зерттеу методы. Абстрактылықтан нақтылыққа өту.Абстрактылық білім-объект туралы толық емес, біржақты, мазмұны объектінің жеке жақтары болып табылатын ұғымдар мен категорияларда бейнеленген білім. Нақты білім-(konkretus-қоюлаенған) –жан-жақты, толық, объектіні огың жақтарымен байланыстарының жиынтығы ретінде бейнелейтін білім. Тарихи және логикалық методтар. Тарихи метод объектінің тарихын, өткен жолын егжей-тегжейлі зерттейді. Логикалық метод объект тарихын кездейсоқ құбылыстардан тазартып, тек негізгі, маңызды жақтарын қамтиды, соның нәтижесінде тарихи процестің логикасын, даму заңдылықтарын анықтайды.

ылыми танымдағы объективті, салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың мәнін ашыңыз.

Ақиқат –объект туралы сезімдік және интеллектуалдық таным арқылы алынған, шындыққа сәйкес келетін білім. Адасу-дұрыс екендігіне белгілі бір дәрежеде сенім бар, бірақ объективтік шындыққа, ақиқатқа, затқа, нақты жағдайларға, логикалық заңдарға сәйкес келмейтін түсінік, ой немесе ойдың бағыты. Жалған-адасудың әдейі жасалған түрі. Ғылыми процесс қателіктерсіз мүмкін емес. Объективтік ақиқат-таным субъектісінен, адамзаттантәуелсіз ақиқат. Абсолюттік ақиқат-объектісін дәл бейнелейтін, ол туралы жан-жақты, толық, ақиқаттығы ешқашан күмән тудырмайтын, қоғам мен ғылым дамыған сайын жаңа фактілер арқылы дәлелденіп отыратын білім. Салыстырмалы ақиқат- зат туралы негізінен дұрыс, бірақ шектелген, әлі де болса толық емес, таным процесінде одан әрі нақтыланып, тереңдетілген білім.

Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе - дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол - адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.

Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны - объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасақ та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып тұр.

Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.

Негізінен, адамзат қолы жеткен білім әрқашанда салыстырмалы десек те болғаны, өйткені ол оның нақтылы тарихи қалыптасқан іс-әрекетімен, яғни сол заманның практикасымен шектелген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін Марс планетасында су болды ма, я жоқ па деген сұраққа жауап бере алмадық. Өйткені ол жөніндегі болжамдарды тексеретін дәрежеге жеткен жоқ едік. Енді, тек 2004 жылы ғана американ ғалымдары Марсқа жіберген ғылыми аппараттар арқылы онда өткен шақта су болғанын дәлелдейтін деректер алды. Олай болса, бұрын осы планетада өмір формаларының болғаны сөзсіз, өйткені су бар жерде өмір де дүниеге келеді. Мүмкін, вирустар, я болмаса кейбір бактериялар болған болар. Бұл болжам техникалық құралдар дами келе тексерілетіні сөзсіз. Екінші жағынан, дүниеге келген әр ұрпақтың білімінде ақиқатпен қатар әрқашанда жаңылу болатынын да ескеруіміз қажет. Келесі ұрпақ оның біршамасын тексеріп түзетсе де, ғылымды дамыту жолында ақиқатпен қатар жаңылу да болуы мүмкін. Осы тұрғыдан жаңылуды жалғаннан ажыратуымыз қажет. Егер ғылыми танымның қиындықтары кейбір жағдайда зерттеушіні ақиқаттан алшақтатып, жаңылуға әкелсе, жалғандық өтірік айтып адамды саналы түрде қисық жолға түсірумен тең, дер едік.

Ақиқат мәселесін талдай келе, оның әрқашанда нақтылығын ұмыт қылмаған жөн. Дүниеде абстрактіліқ, барлық жағдай мен уақытта пайдалануға болатын ортақ ақиқат жоқ. Бұл жөнінде Гегель былай әңгімелейді: адам өлтірген жас жігітті дарға асуға, алаңға, әкеле жатыр. Алаңға жиналған халық оған тас лақтырып, неше түрлі қарғыс сөздер айтуда. Осы кезде алаңда тұрған бір қыздың аузынан: «Шіркін, қандай сұлу жігіт еді», - деген сөздер шығып кеткенде, басқалар оған жекіп: «Қылмыскер қалай сұлу болады, сен не шатып тұрсың», - десе, екіншілер: «Қазіргі жастар бұзылған», -деген «терең» пікір айтады. Бұл, әрине, мәселеге абстрактілік тұрғыдан қарау деген сөз. Өйткені алаңда тұрғандардың арасында ешкім де сол жігіттің адам өлтіруге қалай барғанын, мүмкін, оны байқамай, я болмаса кездейсоқ жағдайда жасағанын білмейді.

.