Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.

Үлкен молекулалық массасы ж\е өзіне тән қасиеттері бар қосылыстарды ЖМҚ н\се полимер д\а. Олар табиғи н\се синтетикалық болады. Табиғи түріне: ақуыз, полисахарид, каучук, табиғи шайырлар т.б, синтетикалыққа: полиэтилен, полиамид, полистирол, фенолды шайырлар т.б. Ең қарапайым органикалық полимер полиэтилен, оны этиленді полимерлеп алады. Формуласы:
nCH2=CH2à[-CH2-CH2-]n
мономер буын jhghhvhvhvhvhvhvhvhvhvhv
Алғашқы зат этилен мономер деп аталады. Көп рет қайталанатын мономерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтарды буындар деп, буындардан құралған үлкен молекула макромолекула д\а. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны ЖМҚның полимерлену дірежесін көрсетеді. Оның белгісі Р.Р=Mn/m, мұндағы m буынның мол\қ массасы. Мол\қ массасы 500-5000 аралығындағы қосылысты олигомерлер д\а. Бірдей мономерден құралған полимерді гомополимер (-A-A-A-) деп, ал тізбегінде әртүрлі мономері бар полимерді сополимер

(-A-B-A-B-) д\а. Полимер тізбектері блок деп аталатын әр түрлі полимерлердің қысқы тізбектерінен құралуы мүмкін.Мысалы:егер мономер молекуласының біреуін А әрпімен,ал екіншісін В әрпімен белгілесек:

-А-А-А-А-А-В-В-В-В-В-

Мұндай полимерлерді блок-сополимерлер деп атайды.

Мұндай полимерлерді жалғанған сополимерлер немесе графт сополимерлер деп атайды.

Негізгі тізбектің құрамына қарай полимерлік молекулалар екігебөлінеді: гомотізбекті, гетеротізбекті. Гомотізбекті деп макромолекуласының негізгі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерлерді айтады. Егер ол С атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлер карботізбекті д\а. Мысалы полиэтилен. Ал егер негізгі тізбекте кремний атомы тұрса,онда полимеркремнийтізбекті болады .Нег.тізбегі әр түрлі атомдардан құралған полимер гетеротізбекті д\а. Мысалы, жай полиэфирлер, яғни, полиамид пен полиэтиленгликольді жатқызуға болады. Макромолекула тізбектерінің құрылымы бойыншы жіктелуі:сызықтық, тармақталған, торлы. Нег. тізбектен жан жағына таралған тармақтары бар макромолекула тармақталған полимер д\а. Олардың тармақтарының саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін.Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды.Ассиметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромол.сызықты полимер д\а. Мысал ретінде поливинил спиртін келтіруге б\ды.
-CH2-CH-CH2-CH-CH2-CH-
OH OH OH рррррррррррррр
Ұзын тізбекті макромолекула бір бірімен көлденең байланыспен қосылса, торланған немесе кеңістіктік полимер түзіледі. Мысалы, алмаз, фенолформальдегид шайыры, натрий бутадиенді каучук ж\е резеңке.
Химиялық табиғатына байланысты полимер органикалық, бейорганикалық, элементоорганикалық болып бөлінеді. Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттек және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді. Бейорганикалық полимерлердің молекуласы кремний,алюминий және т.б.элементтердің атомынан құралған. Элементорганикалық полимерлер екі түрлі бола алады. негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалық болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.