Сулы және сусыз құрамдарды жағу.

Шөткелер мен валиктер.Қолдан сырлағанда шөтке, кішкене және үлкен сапты шөткелер: флейцалы шөтке, макловицалы шөтке, мехтан және поролоннан жасалған валиктер қолданылады. Шөткелер қылының қалыпты тозуы және өнімді жұмыс істеуі үшін оларды орап байлаудың маңызы зор. Жаңа алымды шөтке мен сапты шөткені кесілген жіппен орып байлау керек: егер сулы бояу болса – 40%, сусыз бояу болса – 30% ұзындықта шөтке қылын кеселген жақпен орау керек. Шөткені орап байлаудың барысы, ал орап байланбаған, орап байланған және жұмыс істеуге даяр шөткелердің конструкциясы 122 – суретте көрсетілген.

Шөткелерге қарағанда мехты және поролонды валиктермен екі есе артық жұмыс істеуге болады. Валикпен жұмыс істеу үшін артық бояуды сығуға арналған биік кенерлі және торланған қаңылтыр таба және шелек болуы қажет.

 

Шөткелер мен валиктерді күтіп ұстау. Жұмыс аралығында аз үзіліс болған кезде бояу құрамының артық мөлшері сығып, шөткелерді суы бар ашық ыдысқа немесе тордың үстіне немесе еріткішібар жабық ыдысқа іліп қояды.

Үзіліс ұзақ уақытқа созылса, сулы бояудан кейін жібі шешілген шөткені, валиктерді сумен жуады, ал сусыз бояу болса, еріткішпен және ыстық сумен жуады.

Алымды шөткелер мен сапты шөткелерді кептіріп, сақтау үшін қылын жоғары қаратып, тапшандарға қояды, макловицаларды іледі немесе оларды да қылын жоғары қаратып қояды, ал валиктерді тапшандардың қоспаларынан бұрғыланып тесілген тесіктерге сабымен шаншып қояды.

 

Сырлауға арнап сулы желімді құрамдарды даярлау. Құрғақ пигмент пен борды суда ерітіп, оның түсін рецепке орай таңдап алады. Түсіне қарай іріктеліп алынған 25 проценттік мал желімі немесе сол концентрацияға сәйкес келетін желім құрамасымен (мал желімінің 1 бөлімі мен желімінің 3 бөлімі ) желімдейді.

Түсі біркелкі құрам өте көп мөлшерде қажет болса, түсті пастаны жұмыс көлеміне жетерліктей етіп дайындап, оның қажетті бөлігінен 1-2 күнде желімдік зат жасайды.

Шөтке, валик және краскопультпен сырланған кезде құрал-саймандардың қозғалу бағыты шөткемен жүргізілген бояу ізі және валик пен краскопульт қармақшасы форсункасының бояулы жолақтарының бір-біріне шектес қосылысқан жері көзге аз байқалатындай болуы керек. Сондықтан төбені сырлаған кезде бояу жолақтары жарық ағымына параллель ( терезе ойығынан түскен жарыққа ), ал қабырғаларды сырлағанда – вертикаль болып келуі қажет.

Майлы бояулар ерекшелігіне қарай жылтыр және күңгірт болып екіге бөлінеді. Жылтыр майлы бояу берік қабат түзетін болғандықтан конструкцияны ауа әсерінен қорғап қалу үшін үнемі қолданылады. Күңгірт майлы бояулар көбінесе декоративтік мақсатқа пайдаланылады, сондықтан үй-жайлардың ішін сырлаған кезде қолданылады.

Зат бетіне жағылатын лай қабатының мөлшері сылақтың түріне байланысты болады:

Қарапайым сылақ екі рет сыланады-бүрку және кейін тегістелетін қалың сылау қабаттары;

Жақсартылған сылақ үш рет сыланады-бүрку, қалың сылау және жұқа сылақ қабаттары;

Қолмен бүрку үшін консистенциясы 8-12 см едәуір сұйық лай, ал қалың сылау үшін стандарттық конус бойынша консистенциясы 7-8 см лай қолданылады. Бүрку қабатының қалыңдығы ағаш дене бетін сылағанда кем дегенде 9 мм (дрань қаптаудың қалыңдығына қоса есептегенде ), ал тас, бетон және кірпіш дененің бетінде 5 мм болу керек. Әрбір қалың сылау қабатының қалыңдығы ізбес және ізбесті-гипст жайды пайдаланғанда 7мм-ден цемент ерітіндісін пайдаланғанда 5 мм-ден аспауы шарт. Наметтің жалпы орташа қалыңдығы қарапайым сылақта 12 мм-ден, жақсартылған сылақта 15 мм-ден аспайтын болсын.

Сылақ наметтінің әрбір келесі қабатын, лайда гипс немесе цемент болса, тек алдыңғы қабат ұстасқан соң ғана, ал ізбесті лай болса алдыңғы қабатты әктегеннен соң ғана жағу керек.

Әрлеу қабатын - жұқа сылақты тұтқыр заты көп, неғұрлым сұйық лаймен жүргізеді.оның консистенциясы стандарттық конус бойынша 9-10 см. Жұқа сылақтын жағылғаннан кейінгі қалыңдығы 3-4 мм болады, ал ыспалау немесе тегістеу арқылы нығыздаған соң 2 мм-ден аспайды.

Бүрку және қалың сылаққа мөлшері 0,3-тен 2,5 мм-ге дейінгі, ал жұқа сылаққа 0,3-тен 1,2 мм-ге дейінгі шекте толтырғышы болатын ерітінділер қолданылады.

 

Сылақ лайын даярлау. Пайдалану мақсатына, сылақ жүргізілетін зат беттерінің түрі, пайдалану жағдайларына қарай құрамындағы заттардың арақатынасы әр алуан, әрлеу жұмысына қажетті беріктік беретіндей тиісті тұтқыр заттары бар ерітінділер қолданылады.

Жұмыс ауқымы үлкен болған жағдайда цемент және ізбес ерітінділерін орталықтандырылған әдіспен ерітінді заводтарында дайындап, құрылысқа жеткізеді. Ізбес ерітіндісіне тез ұстасатын қосындыларды – гипсті жұмыс орнында қосады.

Жөндеу жұмыстарының ауқымы онша үлкен болмаған жағдайда сылақ лайын көбінесе жұмыс орнында дайындайды, бұл үшін ізбес қамыры мен құм қосқан цементке су құйып, лай иелгішпен араластырады.

Кейде (жөндеу жұмыстарының көлемі аз болғанда ) лайды шағын мөлшерде даярлау қажет болады. Мұндайда ізбес ерітіндісін сылақ жәшігінде даярлайды, оған өлшеп алған ізбес қамырын салып, үстіне қажетінше су құяды. Ізбес суы пайда болғанша ізбесті араластыра отырып, өлшеп алған (көлемі бойынша) құмды тиісті бөлігіне қарай салады да ерітіндіні кельмамен үздіксіз араластырады. Сылақтың әр қабатына қажетті сылақ лайы консистенциясының әр түрлі болатынын ескере отырып, ерітіндінің ширақ-тығын қажетті мөлшерде су құя отырып, реттейді.

Ерітіндінің консистенциясын анықтағанда әуелі стандартты конусты пайдаланған жөн. Кейінірік, дағдыланып алғаннан соң, ерітіндінің консистенциясын кельма алақанынан тамған ерітіндіге қарап-ақ анықтай береді.

Оқып үйрену үшін саз ерітінділері лай ретінде кең қолданылады, өткені олардың созымдылығын су қосып оңай қалпына келтіруге болады.

 

Зат беттерін қолдан сылағанда мұндай құрал-саймандар пайда-нылады: сылақ лайын лақтыра салғанда – ожау, қалақ, металл немесе ағаштан жасалған тік тұтқалы тұғыры бар кельма; тегістегенде үлкен немесе кіші жартылай майдалағыш, құрсаулы түзеткіш; ішкі және сыртқы бұрыш-тарды әрлегенде-ішкі және сыртқы бұрыштарды әрлеуге арналған жартылай майдалағыштар заттың тегіс беттерін әрлеу үшін ағаштан жасалған тегіс майдалағыш және кейіз, поролонды, жиынтық майдалағыштар, сондай-ақ металдан жасалған үлкен және кішкене тегіс майдалағыштар қолданылады. Жұмыс көлемі шағын болғанда немесе тар үй-жайларда – ванналарда, кілеттерде және т.б. зат беттерін сылағанда сондай-ақ жөндеу жұмыстары кезінде сылақ лаймен қолдан сылайды.