V Пациенттерді үйрету және өзін өзі бақылау.

Тәжірибе көрсеткендей пациентті емдеу әдістерінің барлық түріне және өзін өзі бақылау тәсілдеріне үйрету қант диабетін емдеудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Сондықтан науқастар емдәммен емдеу, тамақтану тәртібін реттеу, инсулинмен және қант мөлшерін кемітетін дәрілермен емдеу қағидаларын, физикалық жүктеме, дем алу тәртібін, отбасын жоспарлауды үйренулері, білуі керек.

Осы мақсатта әр бір науқас диабет мектебінде барлық әдістерге

Үйренеді, қолдарына диабеттік паспорт алады.

Ант диабеті асқынуларының арнайы емінің ерекшелігі.

Диабеттік ретинопатия- эндокринолог және окулист бірлесе емдейді.Ол үшін Қ/Қ жіті бақылау керек. Қан қысымы көтерілген жағдайда нефропатияны бақылау. Соқырлықты болдырмаудың тиімді емі: лазеротерапия.

Ретинопатияның кеш сатысында - Витрэктомия. Өз уақытында жасалған

Лазеротерапия – 60 % науқастың көзінің көру қабілетін 10-12 жыл бойы сақтайды

Диабетикалық нейропатия - нейропатияның кең тараған түрінің бірі – полинейропатия. Полинейропатияда эндокринолог пен невропатолог бірлесе комплексті ем тағайындайды.

Диабетикалық табан синдромы- диабетикалық полинейропатияның бір түрі. Өз уақытында жүргізілген консервативтік терапия 95% жағдайда науқастардың хирургиялық ем қабылдауына жол бермейді.

Консервативтік терапия бағыты:Инсулинотерапия, антибиотикотерапия, зақымданған аймаққа жүк түсірмеу (кресло- каталка, арнайы аяқ киім.)жараны жергілікті өңдеу. Нейропатиялық остеоартропатияда – қалыптасқан Шарко буыныменнемесе сүйектер сынғанда толық бітісіп кеткенге дейін, зақымданған аймаққа жүк түсірмеу, кейін жеке ортопедиялық аяқ киім беріледі.

• Консервативтік ем көмек бермесе – реконструктивтік операция жасау мәселесі қойылады. Диабетикалық гангренада ампутация.

Диабетикалық нефропатияда

– емдеу және асқынудың үдеуінің алдын алу үшін; гипергликемия, гиперлипидемияны коррекция жасау, белок пен тұзды шектеу, емдәммен емдеу, ААФ ингибиторларын, кальций антогонистерін, селективті бетта блокаторларды, диуретиктерді тағайындау. Терминальдық бүйрек тапшылығы сатысында – аппарат көмегімен және хирургиялық емдеу тағайындалады: гемодиализ, перитонеальды диализ, бүйрек трансплантациясы.

Алдын алу шаралары және диспансеризация.

Қант диабетінің біріншілік профилактикасы: семіздікпен, гиподинамиямен, стресспен, вирустық инфекциялармен күресу және туыстарында қант даиебі, артериальді гипертензия, гиперлипидемия, семіздік аурулары бар пациенттерді жоғары калориялық тамақтарды шектеу. Осы науқастарда диабетогендік медикаментозды дәрілерді (тиазидті диуретиктер, орталық симпатоликтер, адреномиметиктерді, цитостатиктерді, самицилаттарды глюкокортикоидтарды) ұзақ уақыт тағайындауға болмайды. 40-60 жас аралығындағы адамдарға жүкті әйелдерге ерекше көңіл аударылады.

Жылына 2 рет эндокринологиялық кеңесі, 1 рет офтальмолог кеңесі тағайындалады.

Семіздік.

Адамныңәр түрлі мүшелері мен ұлпаларда майдың қалыптан тыс жиналуымен сипатталады ауру семіздік ден аталады.Дүние жүзінде 250 млн. Адамда семіздік анықталған.БДҰ қабылдауы бойынша бұл ХХІ ғасырдың жаңа созылмалы инфекциясы емес,эпидемиясы. Семіздік – бұл майды көп мөлшерде пайдалану салдарынан дамитын эпидемиялық ауру.Семіздік басқа аурулармен байланысты.Семіз адамдарда жиі гипертониялық ауру,сусамыр,қатерлі ісіктер,деформациялаушы остеоартроз,бауыр мен өт қабының аурулары т.б кездеседі.

Этиологиясы.

• Біріңғай тамақты көп ішу,әсіресе оған қоса арақ ішсе,аз қимылдау.

• Нейроэндокринді бұзылыстар(етеккір тоқтаған кезде,гипотериоз,гипофиз аурулары),гипоталамустың аурулары.

• Дәрі – дәрмектердің әсері – кортикостероидтар,инсулин,в-адреноблокаторлар,антидеприсанттар.

• Тұқымұуалаушылық.

Клиникасы.Салмағы артады,шаршағыштық, әлсіздік,әлсіздік,ентігу, шөлдеу.егер семіздік гипофиз бен гипоталамус ауруларына байланысты болса,науқаста шөлдеу,тамаққа тәтеттің жоғарлауы артады,ұйқышылдық мазалайды.Кейде ауруға ашқарақтық ,әлсіздік қосарласады,басы айналады. Бұндай ұстамалар жиі кешке немесе түнде болады.

Гипотиреоидті түрінде – науқас баяу,тоңғақ болады,іш қатуы пайда болады.Көбінесе шағымдары қосымша ауруларына байланысты.

Алиментарлық – конституционалды семіздікте май біркелкі бұл денеге жиналады.

Гипоталамо – гипофизарлы түрде май көбінесе бетінде,дененің жоғарғы жағында,сүт бездерінде,ішінде жиналады,аяқтары бірқалыпта болады.

Гипотиреоидты түрде май бүкіл денеге біркелкі жиналады,терісі ақшылт және құрғақ болады.

Гипоовариалды түрінде май бөксеге,шаттарына,желкесіне жиналады.Науқас терлегіш болғандықтан,терісі тез зақымданып,пиодермия,фуренкулез сияқты қабыну процестер дамиды.шаштары түсіп,таз болады.Тырнақтары сынғыш болады.

Семіз адамдарда сүйек – буындар зақымданады,оларда ауырсынулар пайда болады.Бұл ауырсынулар оларға өте үлкен күш түсу саодарынан пайда болады.Омыртқа жотасында остеохондроз,лордоз,кифоз,остеопороз дамуы мүмкін.Семіздікпен бірге науқас адамның өліміне себеп болатын жүрек-тамырларының зақымдалуы дамиды.Ең жиі себепші болатын аурулар артериалық гипертензия,атеросклероз,өйткені біл аурулар жиі асқынады.Семіздік тыныс алу жүйесінде әсер етеді,олардың қызметі нашарлайды.Науқаста өкпе сыйымдылығы азаяды,өкне гиповентелясиясы дамиды.Семіз адамдарға гастрит,колит,панкреатит,холецистит,гепатит дамуы мүмкін.Бүйректің контрециялық қызметі бұзылады.

Жүйке-жүйесінен – ұйқысы ,психикасы бұзылады,вегетативті өзгерістер пайда болады.

Эндокрин жүйесінен гоиотиреоз ,сусамыр дамуы мүмкін.

Семіздіктің сатыылары:

І сатысы –дене салмағынан қалыптыдан 10 нан 30 %дейін жоғарлайды.

ІІ сатысы- 50% дейін жоғарлайды.

ІІІ сатысы -100% дейін жоғарлайды.

VІ сатысы- 100% жоғары болады.

Брок формуласы егер бойы 165-170 см болса ,бойынан 100 см алады,егер бойы 180-185 см болса,105 см алады,егер бойы 185 см болса,110 см алады.

Белінің көлемі :әйелдерде 88см аспауы керек,ерлерде 102 см аспауы керек.

Емі.

Емдеудің мақсаттары:

1.Салмағын төмендететін шаралар.

2.Қалыпты салмағын ұзақ сақтау.

3.Салмағының жоғарлауының алдын алу.

4.Белсенді өмір сүру.

5.Өмір сапасын жақсарту.

Емдәм терапиясы № 8,көмірсулармен майларды шектеу.Белок қалыпты немесе сәл жоғары болуы керек.Ем дәм міндетті түрде 400-500 гр.ет ,балық,ірімшік сияқты тағамдар болуы керек.Егер белок аз болса ,бұлшық еттері босансып салбырап қалады;тығыздығы жоғалады.Жануарлар майын өсімдік майымен арластыруға болады.Тез сінетін көмірсулар шектеледі.Тұздыда тәулігіне 5-7гр дейін шектеу қажет.Сұйықтық мөлшеріде тәулігіне 1-1,2 л дейін азайтылады.ыстық күнде суды қажет емес.Тамаққа тәбеттін жоғарлататын тұздықтар,тұздалған,қақталған тағамдар шектелуі қажнт.Ішімдіке тиым салуы керек.

Дәрілік ем.

Дәрі-дәрмектер 3 топқа бөлінеді

• Горманальды

• Симптоматикалық

• Басқалар

1.Горманалды –көбіне қалқанша без препараттары қолданылады-териондин-L – тероксин.Тереондин мен L – тероксин негізгі зат алмасуын жоғарлатады,соның әсеріне май мүшелерге жиналмайды,тез күйіп кетеді.Жыныс гармондарынан әйелдерге- фолликулин,прогестерон,ер адамдарға метилтестостерон, тестостерон.

2. Симптоматикалық ем- тамаққа тәбеттін төмендететін дәрілер –февранон,дезопимон,ампентамин.Ксеникал изолипан –май ұлпасының салмағын азайтады.Орлистат ішек қарын липазаның ингибиторы.

3.Басқалар – семіздікті емдеу үшін сұйықтықты шектеп зәр айдататын дәрілер қолданады – фуросемид,гипотиазид,урогит т.б.

Хирургиялық ем – адам тұлғасының сыртқы жетіспеушіліктерін дұрыстау үшін және семіздіктің себептерін жою үшін қолданылады.

Этиологиялық ем- орталық жүйке жүйесінің әр бөліктерінде орналасқан ауруға себепші болатын ісіктерді алып тастау.

Алдын-алу- бала кезінен бастап тиімді тамақтану

• Дене шынықтыру,емдік дене шынықтыру,салауатты өмір сүру.

• Дер уақытында эндокрин жүйесінің ауруын емдеу

Салмағы жоғары адамдарға мынандай ережелерді ұстану керек

1.Жоғары колориялы тағамды шектеу

2.Жартылай орта колориялы тағамдарды шектеу

3.Төмен колориялы тағамдарды пайдалануын жоғарлату-минеральды су,кофе,қантсыз шай,жемістер,шөптер.