Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

7. Дайындық кезеңі (12 сағ):

1) бірден онға дейінгі сандар тізбегі. Кері тізбек (оннан бірге дейінгі тізбек);

2) заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзын (ұзындығы бойынша артық). Қысқа (ұзындығы бойынша кем), массасы бойынша салыстыру. Ауыр (массасы бойынша артық). Жеңіл (массасы бойынша кем), сыйымдылығы бойынша салыстыру. Көбірек (азырақ) сыйдырады, бағасы бойынша салыстыру. Қымбат (бағасы бойынша артық). Арзан (бағасы бойынша кем), ауданы бойынша салыстыру. Ауданы бойынша артық (кем);

3) заттарды санау. Есептік санау. Реттік санау. Артық, кем, сонша. Тура және кері санау;

4) заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Қозғалыс бағыты (бір-біріне қарама-қарсы, бір бағытта, қарама-қарсы бағытта);

5) қозғалысты жылдамдық бойынша салыстыру. Жылдам (жылдамдық бойынша артық). Баяу (жылдамдық бойынша кем);

6) заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу, қисық), сәуле, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, текше, шар. Заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша салыстыру;

7) уақыт бойынша салыстыру (ерте, кеш). Үлкен (жасы бойынша үлкен). Кіші (жасы бойынша кіші);

8) есеп. Заттың көрнекілігі негізінде жауабы санау арқылы табылатын қосындыны (қалдықты) табуға, бірнеше бірлікке ұлғайтуға (кішірейтуге) берілген есептерді шығаруға дайындық;

8. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Кесінді. 1 см дәлдікке дейінгі кесіндінің ұзындығын табу (24 сағ):

1) 1-ден 9-ға дейінгі атау. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатары;

2) санауы бойынша сандарды салыстыру;

3) алдыңғы санға 1-ді қосу, санау барысында келесі сан болатын саннан 1-ді азайту арқылы санды алу;

4) қосу. «+» белгісі. 2 + 1 түріндегі жазудың оқылуы:«екі қосу бір», «екіге 1-ді қосу», «екіні бірге арттыру», «екі мен бірдің қосындысы»;

5) азайту. «–» белгісі. 2 – 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі минус бір», «екіден 1-ді азайту», «екіні бірге кеміту», «екі мен бірдің айырымы»;

6) қосу мен азайтудың тәсілдері:  ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту,сандық қатарды қолдану;

7) санау нәтижесі мен сандарды салыстыру (соның ішінде есептеудің көмегімен есептің сұрағына жауап табу кезінде);

8) санның құрамы;

9) әртүрлі өлшеулер арқылы заттардың ұзындығын өлшеу. Заттың ұзындығы өлшеу нәтижесі мен санын салыстыру;

10) 0 саны. 0 санын алу және белгілеу.0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу;

11) 1 сағ. дәлдікке дейін сағат бойынша уақытты анықтау;

12) « < », « > », « = » белгілері. Теңдік. Теңсіздік;

13) тура және тура емес теңдіктер мен тексіздіктер;

11) кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындық бірлігі – сантиметр (1 см); Бөліктері бар сызғыш;

12) кесіндіні салу. Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш;

9. 10 –ға дейін қосу мен азайту. Есептің құрылымы. Теңдік. Теңсіздік (48 сағ):

1) қосу. Қосынды. Қосылғыш. Қосындының мәні;

2) санды өрнек;

3) азайту. Айырма. Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні;

4) қосу мен азайтудың компоненттерінің арасындағы байланыс;

5) өзара кері амалдар;

6) қосу мен азайтудың тәсілдері: сандарды бөліктері бойынша қосу және азайту;

7) қосу мен азайтудың тәсілдері:  ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды, санның құрамы туралы білімдерін қолдану;

8) қосудың ауыстырымдылық қасиеті;

9) 10 дейінгі қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары;

10) 0 санымен қосу мен азайтуды орындау;
11) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының құрамы.1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг.;

12) ұзындық бірлігі – дециметр (1 дм). 1 дм = 10 см;

13) әріпті өрнек. Бір әрпі бар өрнектің мәні;

14) теңдеу. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде және таңдау тәсілі арқылы теңдеулерді шығару. Теңдеудің түбірі;

15) есептің құрамы. Шарты және сұрағы. Есептің шешуі және жауабы. Қосындыны және қалдықты табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған есептер.

10. Толық ондықтар. Жүз (12 сағ).

1) жаңа санау бірлігі – ондық, оның құрылуы;

2) ондықпен санау. Ондықтардың атауы, реті, оқылуы және жазылуы;

3) ондықтарды салыстыру;

4) ондықтарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу мен азайту;

5) 20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар (ірілеу және ұсақтау);

6) азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер.

11. 10-нан 20-ға дейінгі сандар. Өзара кері есептер (24 сағ):

1) екінші ондықтың сандарын оқу және жазу;

2) біртаңбалы және екітаңбалы сандар;

3) екітаңбалы санның бірліктер және ондықтар разрядтары;

4) екітаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;

5) айырымдылық салыстыруға берілген есептер;

6) кері есеп. Өзара кері есептер.

12. Қайталау (12 сағ):қосу және азайтудың сәйкес жағдайларының кестелері; 10-ға дейін және ондықтарды қосу және азайту; өрнек, теңдік (оның ішінде теңдеу) және теңсіздік; есепті шығару;кесінділерді салу, олардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.