Тақырып № 5. Жатырдан қан кету

 

Ситуациялық есептер

Есеп№1

Жедел жәрдем машинасында босанушы әйел кезекті күшену кезінде жетілген қыз бала босанды.

Обьективті қарағанда : Жалпы жағдайы қанағаттанарлық . Қан қысымы 120/80мм. с.б., пульс –80 соққы минутына. Нәресте туылғаннан соң босанушы әйелдің жыныс жолдарынан қан кете бастады, қан шығыны 100-150мм мөлшерінде. Кіндікке байлаған лигатура жыныс жолдарынан 10-15 см. және күшенген кездеде ұзарды , шат үстіне қолдың қырын койып басқанда кіндік бау ішке қарай тартылмайды.

Тапсырма:

  1. диагнозды қалыптастыр
  2. тактикасын анықта

Есеп№2

Жедел жәрдем фельдъшері 26 жастағы жүкті әйел шақыруына келді .

Шағымы: 4сағ. бұрын басталған толғақ және ұрық қозғалысының күшейуі.

Анализі: Күні жеткен жүктілік, асқынумен өткен(УДЗ-де плацентадағы кальцинаттар анықталған), іштің төменгі бөлігінде ауырсыну.

Обьективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ120/80мм с.б., пульс-94 соққы,іші овоид пішінді , ұрық орналасуы ұзына бойы баспен келген. Толғақ ұзақтығы 25-30сек. 6-7 мин сайын. Тыңдағанда ұрық орналасуы ұзына бойы , баспен келген. Толғақ арасында жатыр тонусы жогары. Сайын, . Тыңдағанда ұрық жүрек соғысы тынышталған, жиілігі100 соққы минутына.

Тапсырма:

  1. Диагноз құрастыр және негізде
  2. Осы ситуациядағы фельдшер тактикасын ата

Есеп№3

Жедел жәрдем фельдшері жүктілік мерзімі 37 апталық 34 жастағы босанушы әйел шақыртуына келді.

Шағымы: іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, әлсіздік, бас айналуы, жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлініс.

Анамнезі: Етеккірі ерекшеліксіз. Екінші жүктілік, біріншісін екі жыл бұрын босанған. Осы жүктіліг асқуынсыз өткен. Соңғы екі аптада ісік, зәрінде белок пайда болған, АҚҚ 140/85 -150/90 мм.с.б. дейін жоғарылаған. Емделмеген.

Обьективті: тері және кілегей қабаты бозғылт. ААҚ 140/85 -150/90 мм.с.б., пульс 96 соққы/ мин. Іш аума,ы 90 см, жатыр тұбінің биіктігі 35 см, жатыр ассиметриялы пішімді, тығыз , ауырсынады, үзіліс кезінде босамайды, жатыр тығыздығына байланысты ұрық бөлшектері анықталынбайды, жүрек соғысы естілмейді. Қынаптан қоңыр түсті қою ұйынды қан бөлінеді.

Тапсырмаа.

1) Диагноз құрастыр және оны негізде.

2) Жүктә әйел жағдайын бағала

3) Осы ситуацияда тактикасы

Есеп№4

Жатыр мойны қатерлі ісігі себебінен болған көп мөлшерде қанкеткен, ААҚ 85/60 мм.с.б., пульс 100 соққы/ мин.,

1) диагноз құрастыр.

2) кездегі көрсететін жедел жәрдемді анықтаңыз:

 

Тақырып № 5. Жатырдан қан кету

Вариант 1

1. Ќайталап жұкті болушы 26 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 30 минуттан кейін жедел жєрдем көмегімен келіп тұсті. Жағдайы орташа ауырлықты, АЌ 90/60мм сын баѓ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жұрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек?

А. жатырдың жыртылуы

Б. плацентанның ұрық жолында орналасуы

В. плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы

Г. плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы

Д. кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

 

2.Ќыз балаларда жыныстыќ м‰шелерініњ гематомасы болѓандаѓы дєрігердіњ іс-єрекеті:

А. егерде ‰лкен немесе гематома ±лѓая берсе- гематоманы ашып ќансыраѓан тамырларѓа тігіс салу

В. кез-келген жаѓдайда викасол жєне салќын ќою

Г. ‰лкен гематомаларда к‰ту тактикасы

Д кез-келген гематомаларда- ашып ќансыраѓан тамырларѓа тігіс салу

Е. Ештене істемеу

 

3. Жатырдың айналып кетуінде дәрігердің іс-әрекеті қандай ?

А. ешнәрсе жасамау,өздігімен қалпына келеді

Б. жатырға қынап үстілік ампутациясын жасау

В. наркоз беріп,жатырды қалпына келтіру

Г. антибиотиктер тағайындау

Д. Жатыр экстирпациясы

 

4. Босанудың III кезеңі, бала жолдасы белсенді тактика арқылы туылды, қан кету басталды. Дәрігер іс-әрекеті ?

А. көк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі егу, Лосицкий тігісін салу

Б. жатырға сыртқы массаж жасау, кардинальды жалғамаға тігіс салу

В. мұз басу, қолқаны жұдырықпен басу

Г. жатыр қуысын қол салып қарау

Д. көк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі егу, босану жолдарын айнаман тексеру, жатырға сыртқы массаж жасау, жатыр қуысын қол салып қарау

 

 

\/Тақырып № 5. Жатырдан қан кету

Вариант 2

 

1. Босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу үшін келесі іс-әрекеттерді ретті жасау керек:

А) окситоцин енгізу, кіндікті сәл тарту, плацента туғаннан кейін жатырға массаж жасау

Б) кіндікті сәл тарту, жатырға массаж жасау, окситоцин енгізу

В) ІІ кезеңнің соңында окситоцин енгізу

Г) жатырға массаж жасау, окситоцин енгізу, кіндікті жәй тарту

Д) плацента бөліне бастаған белгілері байқалғанда окситоцин енгізу

2. Акушерияда кездесетін геморрагиялық шок кезінде инфузия мөлшері шамамен жоғалтқан сұйықтықтан:

А) 1,5-2 есе артық болу керек

Б) 2-3есе артық болу керек

В) 2,5 – 3 есе артық болу керекхраза

Г) 3-3,5 есе артық болу керек

Д) 3-4 артық болу керек

 

3. 30 минут ішінде бала жолдасының бөліну белгілері болмағанда істейтін әдіс:

А) бала жолдасын қолмен бөліп алу және шығару

Б) Креде – Лазаревич бойынша бала жолдасын бөліп шығару

В) Абуладзе бойынша бала жолдасын бөліп шығару

Г) жатырға сыртқы массаж жасау

Д) метилэргометринді қан тамыр ішіне еңгізу

 

4. Бала жолдасы туылғаннан кейін плацента бөлігі қалып кетсе немесе бала жолдасының бүтіндігіне күмән туса істейтін әдіс:

А)бірден жатыр қуысын қолмен зерттеу жургізу

Б) қан кету пайда болғаннан кейін жатыр қуысын қолмен зерттеу жургізу

В) патологияны нақтылау мақсатында ультрадыбыстық зерттеу жүргізу

Г) жатыр қуысын қыруды жүргізу

Д) окситоцин енгізу

 

5. Босанудан кейін кеш кезеңде қан кету себебімен әйелді зерттегенде жатыр ішінде плацентаның бөліктері бар екені белгіленді. Дәрігердің тактикасы?

А) жатырды жиыртатын препараттарды енгізу

Б) антибактериалдық терапия

В) УДЗ

Г) гемотрансфузия

Д) плацентаның қалдығын инструментпен алып, жатырды жиыртатын препаратар, АБ тағайындау

 

6.Босанудың ІІІ кезеңі басталады

А) нәресте туылғаннан кейін.

Б) су кеткеннен кейін

В) толғақ басталғаннан кейін

Г) жатыр мойны толық ашылғаннан кейін

Д) плацента шықаннан кейін