Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал, топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.

Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыштың мөлшеріне тәуелді.

 

Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім

Мемле-кеттер Бір гектарға берілген тыңайтқыш, кг. (әсерлі зат) Бір гектардан алынған өнім,ц.
астық дақылдары бидай дәндік жүгері картоп
Дүние жүзі бойынша 87,1 25,7 23,1 36,3 151,5
Нидерланды 798,5 - 81,2 - 429,6
Германия 428,0 53,1 63,1 67,3 364,4
Жапония 428,4 59,3 37,1 - -
Франция 302,7 52,5 54,8 57,6 324,4
Ұлыбритания 359,9 60,6 69,5 - 391,4
ТМД 118,1 18,0 17,4 29,5 116,9
АҚШ 93,8 47,3 23,1 74,8 333,4

 

Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 50 проценті тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50 проценті агротехника, сорт‚ мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді. Д.Н.Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте “жаңа континенттердің ашылуы” деп бағалады. Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.

Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 проценттен 1,2 процентке дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.

Қазақстанда 2005 жылғы мәлімет бойынша бір гектар егістік жерге орта есеппен 1,5-2,0 кг минералдық (әсерлі зат бойынша) және 0,05 т органикалық тыңайтқыш енгізілді.

 

Азақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы

Көрсеткіштер Жылдар
Қолданылған минералдық тыңайтқыштар мөлшері, мын тонна ә.з. 14,1 23,6 33,7 42,0 37,5
1 га егістікке қолданылған NPK кг 1,3 1,4 1,8 2,3 2,0
Тыңайтылған егістік үлесі, % 1,2 1,3 1,6 2,9 3,5
Қолданылған органикалық тыңайтқыштар мөлшері, мын тонна 114,1 135,1 164,2 122,6 76,8

Слайдтар, кестелер.

Бақылау сурақтар:

1. Агрохимия пән нені зерттейді?

2. Агрохимияның қандай негізгі объектілері бар?

3. Агрохимия ғылымының негізгі зерттеу әдістерін атаңыз?

4. Ресейде агрохимия ғылымының негізін қалаған кім?

5. Дақылдардың өнімі мен топырақ құнарлылығын жоғарылатуда тыңайтқыштардың рөлі.

Әдебиеттер:

1 Агрохимия (под ред.Б.А.Ягодина) – М., 1989

2 Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2001

3 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. – Алматы, 1989

4 Елешев Р. Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000 ж

5 Прянишников Д.Н. Избранные сочинения. Т.1, 2, 3 - Москва, 1967

6 Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом. – М., 2005

 

Дәрiс №2