Медицина қызметкерінің кәсіби «жанып кету» синдромы

 

«Эмоцияның сөнуі» деген терминді американ психиатры Х.Дж.Фрейденберг 1974 жылы эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) науқастармен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған «үлкен шығармашылык мүмкіндікке (потенциалға) ие, ...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады». В.Мосс кәсіби болдыруға «Күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық таусылу» деген анықтама береді.

Медицина қызметкерінің кәсіби жанып кетусиндромы депфизикалық, эмоциялық, ойлау қабілеттерінің таусылуын айтады.Бүл жағдай жұмыста таусылмайтын, атқарылмайтын күйзелістен кейін дамиды. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының негізіне қызметкерге кәсіби әрекет кезінде күйзелістің әсер етуіұзақ уақыт жатады. «Жанып кету» немесе «Сөну» синдромының пайда болуына адам мен адамның, бастық пен бағыныштының арасындағы ауыр қарым-қатынаста болу негізгі рөл атқарады. Бұл процесс біртіндеп дамиды. Алдымен эмоциялар оңай білінбейді, артынан адамдар ашулана бастайды. Кейінірек ашулануды тоқтату қиындайды. Бұл ызалану мен ашық қайшылық тудырады. Ақырғы кезеңде өзін-өзі бағалау мен кәсіби мотивация төмендейді. Кейбір адамдар бұл кезеңде психикалық белсенді заттарды пайдалануды (ішімдік ішу, темекі тарту, есірткіні пайдалану) күшейтуі мүмкін.

«Кәсіби жанып кету» кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процесті жабық кастрөлдегі сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады.

«Жанып кету» синдромы болғанда адамның жұмысқа деген ықыласы жойылып, оның өмір сапасы темендейді.

А.Гюллен мейірбикелік қызметкердегі «Кәсіби жанып кетудің» 3 сатысын былайша сипаттайды:

1-ші саты - мазасыздану;адам қалайтын деңгейде қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: «Үйде қызығарлық не бар?», «Маған жұмыс көбірек ұнайды». Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану- адамның бірдеңені дұрыс істемегенінің белгісі;

2-ші саты - қарсылық;бұл сатының басты сипаттамасы -бірбеткейлік, бағынбау, қатаңдық; адам ережелер мен нұсқауларга жабысып, өз позициясын (көзқарасын) өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға-тұйық, әзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике кенеттенқарым-қатынасты күрт үзсе, онда ол «кәсіби жанып кету» синдромын бастан кешіруі мүмкін;

3-ші саты- таусылу;А.Гюллен бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, сылбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жаза қолданылады: бұл ретте баламалы ең жақсы тәсіл - маманнан кеңес алу.

Қазіргі медицинада Гиппократ антының патерналистікбастауынан бас тарту анық біліне бастады. Ант бойынша «Мен науқастардың режимін өз біліміме, түсінігіме байланысты тиімді жаққа бағыттаймын».

Қазіргі медицинада керісінше емделуші мен әріптестік карым қатынас қалыптаса бастады.

Комплаенс (ағылшынша соmрlіаnсе - келісім) - науқастың терапия режимін сақтауға келісуі, дәрігердің ұсыныстарын қабылдау. Келісім деңгейіне дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы әсер етеді. Қазіргі кезде терапевтикалық альянс туралы айтылады, бұл дәрігер мен науқас арасындағы әріптестік қарым-қатынас.

Әріптестік қарым-қатынас пен терапевтикалық альянсты қуру дәрігердің кәсіби деңгейінің жоғары екенін, деонтология принциптерінің сақталатынын көрсетеді.

«Егер науқас дәрігермен әңгімелескеннен соң, өзін жеңіл сезінбесе, ол дәрігер емес» - дейді В.М.Бехтерев. Сонымен дәрігердің сөзі емдеу кезіндегі ең маңызды фактор болым саналады, қандай болсын жазаға дайынмын дейді. Әдетте бұл сандырақ психоз ауруына жақын.