Жабдық пен жұмыс орындарының есебі

 

Дәнекерлеу цехін жобалау үшін бастапқы мәліметтер контсрукция дайындау бойынша технологиялық үрдіс болып табылады. Әр операцияға штукты калькуляциялық уақыт.

Сериялық өндіріс кезінде металл конструкцияларын шығару такті жұмыс орындарында операция орындаудың орташа уақыты бойынша анықталу мүмкін. Шығару тактін анықтаймыз:

; (3.32)

90 қабылдаймыз

мұндағы Тшт.к. – жеке жұмыс орындарында операция орындау уақыты, мин.

n- жұмыс орындарының суммалық саны.

Металл конструкция шығарудың жылдық жағдайрламасын анықтаймыз:

,шт. (3.33)

мұндағы Фa- жабдық санының немесе жұмыс орының шынайы қоры дәнекерлік жабдық үшін Фa=3860 сағат (екі ауысымды жұмыс).

Сериялық өндіріс кезінде жұмыс орындарының синхронизациясы берілген шығару такт кезінде 70-100% жүктелуді қамтамасыз етуден тұрады.

Синхронизация қажетті жұмыс орындары мен олардың жүктелуін анықтаудан пайда болады. Жұмыс орындарының саны операция үшін жеке анықталады.

Қажет жабдық есебі келесі формуламен анықталады

; (3.34)

мұндағы Тшт.к. –жеке жұмыс орындарында операция орындау уақыты, m=1 –, , мин;

τ – өнім такті, мин;

кн.м.=1,1 – норма орындаудың орташа коэффиценті.

Жабдық қолдану дәрежесі несе уақыт бойынша жұмыс орындары η жүктеу коэффицентімен анықталады

ηср = ; (3.35)

мұндағы Мпр. –әр операция үшін М жуық мән.

Есептер нәтижесін 3.10 кестеге енгіземіз

 

3.10 кесте Қажетті жабдық

Жұмыс орны М Мпр h hср
Түзету 0,67 67 % 65 %
Белгілеу 0,57 57%
Бұрғылау 1,07 107 %
Механикалық кесу 0,52 52 %
Алдынғы бөлікті құрастыру дәнекерлеу 0,38 38 %
Ұңғы құрастыру дәнекерлеу 1,72 86 %
Тірек құрастыру дәнекерлеу 0,19 19%
Жалпы құрастыру дәнекерлеу 0,71 71 %
Барлығы:      

 

3.9 Өндірістік жұмыскерлердің тізімдік саны

 

Сериялық өндіріс үшін өндірістік жұмыскерлердің санын анықтау технологиялық үрдістің нормалануын негізіне сай жүреді:

Р= ; (3.36)

мұндағы Фр – жұмыскер уқаытының шынайы жылдық қоры 1860сағ;

β=1 – бригада санын ескеретін коэффициент;

 

Алынған мәндер жұмыскер санының есебі бойынша бүтін санға дейін жуықталажы. Есептер нәтижесін 3.11 кестеге толтырамыз

 

3.11 кесте Жұмыскерлердің қажетті саны

Технологиялық операция Количество рабочих
расчетное принятое
Түзету 1,39
Белгілеу 1,19
Бұрғылау 2,23
Механикалық кесу 1,08
Алдыңғы бөлікті құрастыру дәнекерлеу 0,79
Ұңғы құрастыру дәнекерлеу 3,57
Тірек құрастыру дәнекерлеу 0,39
Жалпы құрастыру дәнекерлеу 1,47
Барлығы

 


3.10 Сапаны бақылау және біліктерді жою

 

Өнім сапасы оның пайдалану талаптарына сай келуіне жауап беру керек.

Бақылау міндеті беріктік, материалдың нормативке, берілген өлшемге, өңдеуге, сонымен қатар ақаулау жоюға сәйкестігін анықтайды.

Дәнекерлеу конструкциясының сапасы нормативті сілтемелерге сай дәнекерлеу үрдістерінің тиімділігі мен оларды орындау тәртібіне тәуелді болады.

Дәнекерлік қосылыстарда ақаулардың болуы олардың беріктігіне қауіп тудырып, сенімдігін төмендетеді. Олардың теріс әсері жүктемелердің статикалық қосымшасы, төмен температуралар мен агрессивті орта әсерінен пластикалық төменде кезінде де байқалуы мүмкін.

Жіктерді сыртқы тексеру дәнекерлеу үрдісінің барлық кезеңдерінде жүргізіледі, тәжірибелік үлгілерді дәнекерлеуден, болаттың дәнекерленуін анықтаудан бастап дайын өнім қабылдау бойынша дәнекерлеу жұмысрарын орындауға дейін.

Дәнекерлік қосылыстың сыртқы түрін бақылау кезінде сызғыштар, шаблондар, катет өлшеуіштер мен тереңдік өлшеуіштер қолданылады.осы эталондармен бұйымның дәнекерлік жік өлшемдерін тексереді.

Сыртқы тексеру кезінде дәнекерлік жік пен оған қатысты негізгі меатлл дәнекерлеу орнында 100 мм ен өлшемінде шлак, металл тамышсы мен басқа ластанулардан тазартылу керек.

Қаруланбаған көзбен немесе әйнеккөзбен сыртқы тексеру кезінде сыртқы саңылауларды, жіктің біртексіздігін, жік бетінің кедір бұдырлығын, жарылаулар мен балқымаған кратерлерді, жік өлшемінің сызба талаптарына өрескел сай келмеуін байқауға болады.

Жікте жарылулардың пайда болуы күтілетін жағдайларда дәнекерленетін бұйым бетінде қызудың бөліну сипатына назар аудару керек. Металл шаңы жарылу астында магнит өрісінің шашырау ағынының әсерінен болады. Жарылу жіктегі жарылуды білдіруі мүмкін.

Кратерлерді табу кезінде оларды мұқият тексеру керек. Кратерлерде саңылаулар мен жарылулар жиі пайда болады. Жарылуларды анықтау кезінде олардың шектерін белгілеу керекү жарылу шектерін арықтау бұрғылаумен, немесе алдын ала шлифтеуден кейін жүргізіледі. Кейде дәнекерлік қосылысты алқызыл түске дейін қыздыру арқылы анықтауға болады. Жікте ұсақ жарылулар анықталған кезде қыздырылған металлдың ақ фонында қара зигзаг түріндегі сызықтар пайда болады.

Жік бетінің біртексіздік дәрежесі дәнекерлеушінің жұмысын, оның доға ұзындығын тұрақты қамтамасыз ету дағдысы мен дәнекерлеу жылдамдығының бірыңғайлығын көрсетеді. Біртексіз кедір бұдырлық, жіктің әркелкі ені мен биіктігі доға қуатының тербелісін және оның жиі үзілулерін көрсетеді. Мұндай жікте толық дәнекерленбеу мен біртексіз тығыздық мүмкін болады.

Вертикаль және бойлық күйде дәнекерлеу қысқа доғамен жүргізіледі, мұнда жиі «қатып қалулар» мен доғаның үзілуі мүмкін болады. Вертикаль және бойлық дәнекерлеу кезінде жіктің кедір бұдырлығы біртексіз. Жақсы орындалған дәнекерлеу жігі негізгі металлға біркелкі ауысады, қызып кетулер мен тіліктер болмайды, жік ені ұзындығы бойынша біртекті. Жік беті қалыпты кедір бұдырлыққа ие болады, дәнекерленбеген кратерлер болмайды.

Дайын жікті сыртқы тексерумен дәнекерлеу бағытының дұрыстығы, жіктің жеке бөлімшелерінің басы мен аяғы анықталады. Елеусіз тілікке рұқсат ету әр жеке жағдайда берілген бұйымды қабылдаудың техникалық талаптарына сай рұқсат етіледі. Сонымен қатар тілік ені мен тереңдігін өлшейді. Жіктің сыртқы түрі бойынша кейбір дәрежеге дейін жіктің ішкі сапасы туралы айтуға болады. Осылайша, мысалы жіктің бір жағынан тілік жіне қызып кету жиек бойынша толық дәнекерленбеуді көрсету мүмкін. Беттік қалдықтардың болуы кезінде балқытылған металл тығыз емес және бейметаллдық қосылыстармен қосылғанын болжауға болады.

Білікшені балқыту кезінде егер токтың жеткіліксіз шамасы орын алма, ол жоғары болады; өте үлкен ток кезінде білікше шеті электод сымымен қарқынды балқыту әсерінен біртексіз болады; электродтың өте жылдам орын ауыстыруы кезінде жік пішіні біртексіз және кратер ұзындығы елеусіз болады; электродтың өте баяу орын ауыстыруы кезінде балқулар мен кратер тереңдігі өте үлкен болады және т.б.

Дәнекерлік бұйым жіктері сызбада көрсетілген өлшемдерге ие болу керек, жалпы бұйым өлшемдері де сызбада бекітілген өлшемдерге сай келу керек.

Дайын бұйымдарды өлшеу дәнекерлеу өндірісінің үрдісі секілді құралдармен шаблондармен жүзеге асады.

Металлоконструкцияларын дайындау кезінде құрастырудың сонымен қатар дәнекерлеудің әр түрлі ақаулары пайда болу мүмкін: дәнекерлік жіктер мен конструкцияның берілген геометриялық өлшемдер нормасынан ауытқуы; жергілікті балқып кетулер, тіліктер, қызып кетулер, кратерлер, аралық саңылаулар, жарылулар, толық дәнекерленбеу, шлакты қосылыстар.

Ақаулардың пайда болу себептері әр түрлі болу мүмкін: негізгі металлда және дәнекерлеу сымында зиянды қоспалардың болуы (нормадан жоғары), дәнекерлеу астында жиектерді дайындау технологиясының, дәнекерлеу режимінің, жік салу технологиясы мен ретінің сақталмауы,доға ұзындығының артуы, кептірілмеген және лас металл дәнекерлеу, дәнекерлеу материалдарында ылғалдың болуы.

Егер жіктің ақаулы бөлігінің бөлісі жапсап периметрінен 25% өмен болса (МЕСТ 23055-78) бойынша оны түзетуге рұқсат етілген. Қарсы жағдайда, түзетуге болмайды. Дәнекерлеу жігін алдағы бөлімшесін қайта дәнекердеу жолымен түзетіледі, егер өлшемдер шектік нормалардан үлкен болмаса. Шектік өлшемдерді арттыру кезінде жапсар жойылып, оның орнына жаңа жік салыну керек. допускается его исправление. В противном случае, исправление не допускается.

Ақауларды жою ақауға жол берген жұмыскерге арнайы бөлінген жұмыс орнында жүргізіледі.

 

4.11 Өндірістің үрдістің кеңістік орналасуы.

 

Жобаланған өндірістік үрдіс кеңістігінде тиімді орналасу осы үрдісті жүзеге асыру үшін барлық сызбалаық жоспар мен тапсырма кесінділерін талап еетді.

Жинау құрастыру цехінің аралық биіктігі жиын бірліктерімен бұйымдарымен шығады.

Жоғары көліктің болуы кезіне аралық биіктігі келесі формуламен анықталады:

H3=Hn+h7+h8, м (3.37)

мұндағы h7 –кран астын жолының бастиегінің деңгейінен жабдықтың жоғарғы нүктесіне дейінгі қашықтық h7=1.8 м

h8-кран арбашасының ең жоғарғы нүктесі мен ілмектің төменгі деңгейі арасындағы қащықтық, hp=1.3 м

Hn=h1+h3+h4+h5+h6 (3.38)

мұндағы h1 -жабдық биіктігі, h1=5.2

h3-рельс бастиегінің ілмектің төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық, h3=1м

h4- ілмектер мен тасымалданатын жүк арасындағы қашықтық, h4=1.2 м

h5-тасымалданатын жүктердің ең үлкен биіктігі, h5=3.5 м

h6-жүк пен жабдық арасындағы қашықтық, h6=1м

мәліметтерді формулағы қоя отырып:

H3=5.2+1+1.2+3.5+1+1.8+1.3=15 м

Цехтың барлық биіктігі құрайды:

H=H3+6, м (3.39)

H3 формулаға қойып:

H=15+6=21м