Ферменттер класстарының жалпы сипаттамасы

Оксиредуктазалар (1 класс)

Бұл классқа дегидрогеназалар, трансгидрогеназалар, гидроксилазалар — барлығы 14 топқа бөлінетін 86 фермент кіреді.

1.1.1. Анаэробтық дегидрогеназалар. Сутегі акцепторы ретінде оттегіден басқа кез келген қосылыс реакциясын катализдейді. Лактатдегидрогеназа, алкогольдегидрогеназа және т.б. жатқызылады, кофермент НАД+.

1.1.3. Аэробтық дегидрогеназалар. Сутегі акцепторы ретінде оттегі болатын реакцияны катализдейді

1.9.3.1. Цитохромоксидазалар. Электрон тасымалдауын катализдей­тін, простетикалық тобы металл иондарынан тұратын ферменттер.

 

Трансферазалар (2 класс)

Бұл классқа 8 топқа бөлінетін 200-дей фермент кіреді. Жеке топтар, радикалдар мен атомдардың молекулалар мен молекула ішілік тасымалдануын катализдейді.

2.6.1. Аминотрансферазалар. NH2-тобын α-кетоқышқылға тасымалдайтын фермент (АсАТ, АлАТ).

2.6.2. Амидинотрасферазалар. Амидиндік топты аргининнен басқа аминоқышқылға тасымалдайды.

2.7.1. Фосфотрансферазалар. Фосфаттық қалдықты (АТФ, ГТФ және т.б.) акцепторларға тасымалдау.

2.7.1. Метилтрансферазалар. Метил топтарын тасымалдаушы ферменттер.

 

Гидролазалар (3 класс)

Бұл классқа 9 топтан түратын 169 фермент кіреді. Эстераза, фосфатаза, карбоксиэстераза, сульфоэстераза, глюкозидаза, пептидаза, амидаза, полифосфатаза жатқызылады.

3.1.1. Эстеразалар. Спирттермен түзілген күрделі эфирлік байланыстарды ыдырататын ферменттер.

3.1.3. Фосфатазалар. Спирт пен фосфор қышқылы арасындағы күрделі эфирлік байланысты ыдырататын фермент (қышқылдық, сілтілік, спецификалық, бейспецификалық) түрлері болады

 

қышқылдық фосфатаза

 

сілтілік фосфатаза

 

3.1.4. Фосфодиэстераза. Фосфор қышқылы мен екі түрлі спирттер арасындағы күрделі эфирлік байланысты ыдырататын ферменттер. Мысалы, ДНҚ, РНҚ, фосфатидилхолин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилинозит.

3.2.1. Глюкозидазалар. Көмірсуларды (глюкозид) ыдыратушы фермент.

3.4.1. Пептидогидролазалар. Белоктағы пептидтік байланыстардың гидролизін катализдейді. Пепсин (3.4.4.1), трипсин (3.4.4.4) және т.б. жатқызылады.

 

Лиазалар (4 класс)

Бұл классқа органикалық қосылыстарға кіретін С-С, С-N, С-О т.б. байланыстарды гидролитсіз (су қоспай) ыдырататын, немесе синтездейтін, 9 топтан тұрады.

4.1.1. Карбоксилазалар. Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары.

4.1.2. Алдегидлиазалар. Альдолаза реакциясын жүргізеді.

Изомеразалар (5 класс)

Бұл классқа молекула ішілік сутегі, фосфор, қосбайланыстар алмасуларын катализдейтін, 9 топтан тұратын, 30 фермент кіреді.

5.3.1.1. Триозофосфатизомераза.

Лигазалар (6 класс)

Бұл классқа 7 топтан тұратын, 41 фермент кіреді, C-N, C-C, C-O, C-S байланыстары түзілуін катализдейтін синтетазалар.

6.3.2.1. Пантотенатсинтетаза. С-N байланыстарды катализдейтін лигазалар.

6.4.1. Карбоксилигазалар. С-С байланыстарды катализдейтін лигазалар.

6.2.1. Қышқыл-тиолды лигазалар. Макроэргиялық ацил-КоА-ның биосинтезін катализдейді.