II. СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Энзимологияның дамуына кімдер, қандай ғылыми еңбектері ар­қылы ықпал етті?

2. Ферментті және ферментсіз катализдің ортақ және ортақ емес ерекшеліктері неде? Катализдік реакцияның жай реакциядан айырма­шылығы неге байланысты?

3. Ферменттік реакциялардың сандық сипаттамары.

4. Ферменттің құрылысы туралы не білесіз?

5. Ферменттің қызметтік ұйымдары туралы не білесіз?

6. Ферменттің субстратты танып білуі ерекшелігі неге негізделеді? Оның түрлері, мысалдары.

7. Ферменттердің әсерінің кинетикалық негіздері (Михаэлис-Мен­тен теңдеуінің маңызы).

8. Фишер мен Кошленд гипотезалары қандай ферменттердің әсер­лесуінің қандай қасиеттеріне негізделген?

9. Ферменттердің активті, активсіз қалыптарының реттелуінің, механизмдері және түрлері туралы не білесіз?

10. Фермент активтілігінің реттелуі механизмдерінің әдістерін медицинада және тұрмыста қолданудың мысалдарын келтіріңіз.

11. Ферменттердің аталуы және жіктелуі.

12. Энзимопатия (тұқымқуалаушы аурулар себептері, түрлері).

13. Энзимодиагностика туралы жалпы түсінік.

14. Энзимотерапия (клиникада энзимдерді қолдану мысалдары).

15. Тікелей реакцияны катализдейтін ферменттің активтену орта­лығы, кері бағыттағы реакцияны катализдеуге сәйкес келе ме? Жауа­быңызды негіздеңіз.

16. Арасындағы айырмашылықтарын келтіріңіз:

а) гидролаза мен гидротазаның; б) фосфатаза мен фосфорилазаның; в) экзопептидаза мен эндопептидазаның; г) пепсин мен катепсиннің; д) трипсин мен трипсиногеннің.

 

III. ФЕРМЕНТТЕР ТАРАУЫН МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ.

Теориялық тақырыптан алынған білімді тексеру және бақылауға арналған тест оқулықта берілген материалдың әрбір бөлімін қамтиды. Құрастырылу жолы бойынша қазіргі кездегі жоғары оқу орындарында қабылданған тест талаптары негізінде жасалған. Тест сұрақтары күрделілігі бойынша келесі үш денгейде құралды:

1) №1- деңгей – қарапайым тест. Олар тек белгілі бір түсініктерді дұрыс тұжырымдауға арналған;

2) №2- деңгей – күрделі тест. Олардағы анықтама, түсініктер, механизмдер мен құбылыстардың берілуінің белгілі бір бөлігі тест сұрағының негізгі бөлімінде, ал келесі толықтырушы негізгі анықтама (жауап) төменгі жағында беріледі. Жауаптар 5 түрлі біріне бірі ұқсас, бірақ нақты, түрде сәйкес келмейтін 4 бұрыс жауаптан және бір дұрыс жауаптан тұрады;

3) №3- деңгей – өте күрделі тест. Құрастырылу формасы №2- деңгейге ұқсас. Тек бір жағдайда дұрыс жауап бірнешеу болуы мүмкін. Ал екінші жағдайда сөйлем бір түсінікті құрайтын екі анықтамадан немесе ситуациялық тапсырмадан тұрады. Жауап логикалық анализ жасаудың нәтижесінде ғана дұрыс берілуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ: тесттердегі дұрыс жауаптар “+” таңбасымен, ал бұрыс жауаптар “-” таңбасымен белгіленеді.

СЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. С. Биологиялық химия, Алматы, «Білім», 1994.

2. Сейтов З. С. Биологиялық химия. Алматы, «Қайнар», 1992.

3. Николаев А. Я. Биологическая химия. М., «Высшая школа», 1989.

4. Березов Т. Т. Коровкин Б. Ф. Биологическая химия. М., «Медицина», 1990.

5. Мохир Ю. М., Баранов Н. П., Әрісбаев Т. Ә. Биохимиядан практикум. Қарағанды, 1991.

6. Марри Р. т.б. Биохимия человека. М., 1993.

7. Филиппович Ю. В. Основы биохимии. М., «Высшая школа», 1985.

8.Мусил Я., Новакова О., Кунц К. Современная биохимия в схемах. М.,«Мир»,1984.

9.Докинз Р. Эгоистичный ген: Пер. с англ.-М.: Мир, 1993.

10.Эллиот В., Эллиот Д. Биохимия и молекулярная биохимия. НИИ биомедицинской химии РАМН. Москва. 1999.

 

 

РЕЗЮМЕ

 

Способность ферментов оказывать влияние на направление и скорость химических реакций протекающих в живых организмах, является гарантией сохранения их жизнеспособности, постоянства вида и процесса репродукции.

Даже те, незначительные казалось бы, изменения биохомических реакций обязательно приводят к изменению метаболических процессов, что влечет за собой нарушение обмена веществ в целом организме и создает условие патологического состояния.

Успешное и широкое применение ферментов в медицине основано, прежде всего, на накопленных теоретических и практических знаниях в области энзимопатологии, энзимодиагностики и энзимотерапии.

Изучение и знание энзимологии необходимо для студентов в их становлений как профессиональных врачей.

 

RESUME

 

Enzyme capacity to influence upon the direction and the rate of chemical reactions running in living organisms is the guarantee of keeping of their viability, permanence of species and the process of the reproduction.

Even insignificant changes of biochemical reactions result in the changes of metabolic processes and it conseguently leads to the disturbance of metabolism in the whole organism and the development of the certain state.

The successful and wide application of enzymes in the medicine is first of all based on the accumulation of theoretical and practical knowledges in the field of ensymopathology, ensymodiagnostics and ensymotherapy.

Making a study of ensymology and its knowledge are necessary for the students in their formation as high skilled doctors.

 


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 3

 

I. ТЕОРИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР 4

 

ФЕРМЕНТТЕР

Ферменттердің жалпы сипаттамасы 4

Ферменттердің суббірліктік құрылымының ерекшеліктері. 10

Әртүрлі субторшалы құрылымдардың ферменттік құрамы. 12

Ферменттердің әсер ету механизмдері. 16

Ферменттік катализдің теориялық негіздері. 16

Ферменттік реакциялардың реттелуі. 22

Ферменттердің биосинтезінің реттелуі. 25

Ферменттердің активтілігінің реттелуі. 26

Модуляция туралы жалпы түсінік. 27

Аллостерлік реттелу немесе аллостерлік модуляция. 28

Ферменттік реакциялардың ортаның рН-на тәуелділігі. 31

Ферменттік реакциялардың термолабилділігі. 31

Ферментердің аталуы және жіктелуі. 32

Ферменттер класстарының жалпы сипаттамасы. 33

Энзимологияның медициналық аспектілері. 36

 

II. СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР 40

 

III. ФЕРМЕНТТЕР ТАРАУЫН МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ. 41

1- бөлім 41

2- бөлім 55

3- бөлім 70

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 88

РЕЗЮМЕ 89

Подписано к печати 20.11.03г.

Печать - ризография

Усл. Печ.л. 2.14. Тираж 200 экз.

Печать г.Караганда, ЦТО «Семира»