Амбулаторлы-емханалық жағдайында оториноларингология

 

511. Науқас шағымы: тыныс алуының қиындауы, мұрын аймағының ауырсынуы, дене қызуының 37.0 С көтерілуі. Бұл симптомдар үш күн бұрын мұрын жарақатынан кейін пайда болған, мұрынынан қан кеткен. Объективті: мұрын пердесі аймағының жұмсақ тканьдер инфильтрациясы есебінен мұрын жолдарының таралуы. Зонттау кезінде инфильтрат орталығының флюктуациясы байқалады. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?

1.+Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы

2.Мұрыннан қан кету гипертраниялық ауру

3.Мұрын сүйектерінің жабық сынуы, мұрыннан қан кету

4.Мұрын қуысының бөгде заттар

5.Мұрын пердесінің қансыраған полипі

 

512. Мұрынның су аққаннан кейін науқаста сол жақ мұрында ісіну, қызару және мұрын терісінің ауырынуы болды. Ауырсыну тіске, самай аймағына, сол жақ көзге берілді, t – 38 С.

Объективті: сол жақ мұрын қанатында шектелген, ортасында іріңдігі бар ашық қызыл түсті ісіну көрінеді. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?

1.+Мұрын фурункулы

2.Полипозды риносинусит

3.Созылмалы гипертрофиялы ринит

4.Созылмалы атрофиялық ринофарингит

5.Сол жақтық гемисинусит

 

513. Науқас 36 жаста. Сол жақ мұрын қанатындағы фурункулдың іріңдігін жарғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлады. Күшті қалтырау, терлеу, гектикалық температура, қатты бас ауруы пайда болды. Жергілікті мұрын қанаты айналасында, инфильтрат бар жерде ісінуі байқалады. Ол сол жақ бет және ерін аймағына таралған. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?

1.Мұрын фурункулы

2.+Кавернозды синус тромбозды, риногенді сепсис

3.Полипозды риносинусит

4.Созылмалы атрофиялы ринофарингит

5.Сол жақты гемисинусит

 

514. 4 жастағы баланың мұрын демалысы қиындады, ауызбен демалады. Объективті: бала бозарған, аузы ашық, ауыз-мұрын қосылысы айқын емес. Қатты таңдай жоғары көтерілген, маңқаланған.

Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?

1.Бадамша безінің гипертрофиясы

2.Есту түтігі безінің гипертрофиясы

3.Жұтқыншақ арты іріңдігі

4.+Аденоид

5.Паратонзиллярлы іріңдік

 

515. Науқастың шағымы: маңдай мен бетінің сол жақ бөлігінің ауруы, басының ауруы, мқрынның ағуы. Объективті: риноскопияда сол жақ мұрын қуысының шырышты қабатының инфильтрациясы гиперемиясы, ортаңғы мұрын жолының іріңді бөліністер. Пальпацияда: жоғарғы жақ қуысы аймағы мен сол жақ қас үсті аймағындағы ауырсыну анықталады. Рентгенге түсіргенде: мұрын қосалқы қуыстарының оң жақ гаймор және маңдай қуысында қараңғылау. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады?

1.Жедел ринит

2.Кавернозды синустромбозы, риногенді сепсис

3.Созылмалы гипертрофиялы ринит

4.Созылмалы артрофиялы ринофарингит

5.+Сол жақты гемисинусит

 

516. Науқас әйел адам 40 жаста соңғы 9 ай ішінде естудің нашарлауына шағымданды. Анамнезінде тәулігіне стрептомициннің 1 000 000 ӘБ инъекция қабылдаған. Емдеу барысында естудің нашарлауы мен жоғары деңгейдегі шуылы байқалған. ЛОР ағзаларын қарап тексергенде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Естуді тексеру барысында естуді қабылдау типі бойынша бұзылысы анықталды. Осы патология бойынша құлақта қандай патологоанатомиялық өзгерістер бар?

1.Дабыл қуысының ішкі қабырғасында фиброз дамыған, лабиринт терезелерінің тығыздалуы

2.Дабыл жарғағының, қуысының, фистулының, көлденең жартылай айналмалы каналдың қабырғаларының бойында сүйек диструкциясы пайда болады

3.+Кортиев мүшесінде, жүйке талшықтарында және спиралды ганглийлердің жасушаларындағы дегенеративті өзгерістер

4.Лабиринттің сүйекті капсуласы спонгиозды тінмен алмастырылады, бұл үрдіс қозғалмалы үзеңгі сүйекшенің және домалақ байламға таралады.

5.Эндолимфалық қапшыққа судың жиналуы (гидропс)

 

517. Науқаста келесі отоскопиялық көрініс байқалады: гиперемия, дабыл жарғағының ісінуі, нүктелік перфорация, пульсті рефлекс. Қандай ауру айқын көрінеді?

1.Құлақ фурункулы

2.Созылмалы мезотимпанит

3.Созылмалы эпитимпанит

4.Жедел катаральды отит

5.+Жедел іріңді ортаңғы отит

 

518. Бала 5 жаста ұйқысы бұзылған, жөтел ұстамалары мазалайды, жиі баспамен, ортаңғы отитпен ауырады. Қараған кезде аузы ашылған, бұрыс тістүйіс, бозарған. Қандай ауру туралы айтуға болады қандай ем тиімді?

1.Созылмалы ринит, консервативтік ем

2.І дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем

3.ІІ дәрежелі аденоидтар, консервативті ем

4.+ІІІ дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем

5.ІV дәрежелі аденоидтар, консервативті ем

 

519. Бастың ауруына, мұрындағы іріңді бөліністерге, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына науқас шағымданады. Алдыңғы риноскопия кезінде мұрын шырышты қабаты қызарған, мұрын жолдары тарылған, жоғарғы мұрын жолында ірің бар. Зақымдануларға ұшырауы мүмкін қойнаулар?

1.Негізгі және маңдай қойнауы

2.Маңдай және жоғарғы жақ қойнауы

3.+Негізгі және торлы лабиринттің артқы клеткалары

4.Жоғарғы жақ қойнауы, торлы лабиринттің артқы клеткалары

5.Негізгі және жоғарғы жақ қойнауы

 

520. 19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз? және қандай асқынуы байқалады?

1.+Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі.

2.Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит.

3.Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит

4.Оң жедел ортаңғы отит. Ми абсцессі

5.Оң жедел ортаңғы отит. Мишық абсцессі