Сабақтас құқықтардың объектiлерi 2 страница


II. Тiлшiлер пунктiн Ашу

4. Шетел мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдары тiлшiлер пунктiнiң ашылуы және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанынан тiлшiнi тiркеу, сондай-ақ тiлшiнiң Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуы туралы шетелдiк мемлекеттiң мүдделi бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жазбаша түрде өтiнiш бередi.

Өтiнiште мынадай құжаттар болуға тиiс:

бұқаралық ақпарат құралының ресми бланкiсiнде оның басшысының қолы қойылған хат немесе тиiстi елдiң Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң тiркеу мерзiмi көрсетiлген дипломатиялық нотасы, толтырылған аккредитациялық форма;

бұқаралық ақпарат құралы туралы мәлiметтер;

тiлшiнiң журналистiк қызметi туралы анықтама;

тiркеу туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi өзге де құжаттар.

5. Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшi пунктiн ашу (кеңейту) туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi барлық құжатты алған күннен бастап 1 айдың iшiнде қабылдайды.

Тұрақты тiркелу келесi кезекте осындай мерзiмге ұзартылуымен 1 жылға жүзеге асырылады.

Уақытша тiркелу - алты ай мерзiмге дейiн ұзартылады.

6. Журналистер, олардың тұрақты мекен-жайына және азаматтығына қарамастан, шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасындағы тiлшiлерi ретiнде тiркеле алады.

7. Шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралының тiркелген тiлшiсi Қазақстан Республикасына келген бойда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде тұрақты немесе уақытша тiркелгенi туралы белгiленген үлгiдегi куәлiктi алады, оның отбасы мүшелерiне тiлшi отбасының мүшесi деген карточка берiледi.

Тiлшi пунктiнiң техникалық қызметкерлерiне белгiленген үлгiде карточка берiледi.

Күәлiктер мен карточкалардың үлгiлерiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiтедi.

Тiркелу туралы куәлiктi, отбасы мүшесiнiң карточкасын немесе тiлшi пунктiнiң техникалық қызметкерi деген карточкасын жоғалтқан жағдайда, құжатты жоғалтқан адам бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне хабарлауға мiндеттi.

Құжаттың дубликаты екi апта iшiнде берiледi.

8. Шетел мемлекеттiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн уақытша тiркеудi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi. Мақсатты тапсырмамен Қазақстан Республикасына келген шетелдiк мемлекеттердiң бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi, сондай-ақ демалыста болған, науқастанған жағдайда және т.б. негiзгi тiлшiнi ауыстыруға келген журналистер уақытша тiркеле алады.

9. Қазақстанда әр түрлi халықаралық және iшкi iс-шараларды (конгрестер, съездер, форумдар, семинарлар және т.б.) өткiзген кезде шет елдiк мемлекеттердiң бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi тиiстi елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы, ал аталған мекемелер жоқ болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы қысқа мерзiмдi сапарды ресiмдейдi және осы Ереженiң солардың құқықтары мен мiндеттемелерi туралы бөлiгiндегi мазмұнын оларға баяндайтын, аталған iс-шараларды өткiзiп жатқан ұйымдардың жанында уақытша тiркеледi.

III. Шетел тiлшiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

10. Қазақстан Республикасында тiркеген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттармен көзделген құқықтар мен еркiндiктердi пайдаланады.

11. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерi Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтiк актiлерiн сақтауға мiндеттi.

12. Шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделгендей заң жауапкершiлiгiне тартылады.

Шет мемлекеттiң бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн заң жауапкершiлiгiне тарту тiркеуден айыруға әкеп соғады.

13. Шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен белгiленген, ақпарат тарату саласындағы ережелердi бұзған, конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың аумақтық тұтастығын бұзу, мемлекеттiң қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, соғыс, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, сословиелiк және рулық артықшылық, қатыгездiк пен зорлық-зомбылық туралы үгiт-насихат жүргiзген жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң тиiстi шешiмiмен тiркеуден айырылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралының тiлшiсiн тiркеуден айыру туралы шешiмi оның тiлшi ретiнде Қазақстан Республикасында одан әрi болуының мүмкiн еместiгiн бiлдiредi.

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өз шешiмi туралы Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдарына, тиiстi елдiң дипломатиялық өкiлдiгiне, шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралының басшылыєына және тiркеуден айырылған тiлшiге хабар бередi.

IV. Ақпарат көздерiне қол жеткiзу

14. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiң ақпарат көздерiне қол жеткiзуi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен және нормативтiк актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

15. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тiркелген тiлшiлерге ресми баспасөз конференцияларына және басқа да ресми iс-шараларға рұқсат алуға көмектеседi.

V. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiнiң жүрiп-тұруы

16. Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерi бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруға құқылы.
3. 155-бабы «Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі» мыналарды орнатады:

1. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру - елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

2. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет - екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға

жазаланады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 352-бабында «Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау» былай делінген:

1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, - лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осылайша, журналистің кәсіби заңды қызметіне кедергі келтіру үшін жауапкершіліктің ауқымы өте кең. Ал іс жүзіндегі қиыншылық мынада: «Әділ сөз» қоры жүргізген мониторинг мәліметтері бойынша, журналистердің құқық қорғау органдары мен соттарға бірнеше мәрте сәйкес өтініштер берулеріне қарамастан, 2001 жылдан бастап осы баптар бойынша ешбір адам жауапкершілікке тартылған жоқ. Журналистер мен БАҚ өзге өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіргендері үшін лауазымды тұлғалардың құқықтық жауапкершілігін арттыру міндеті шектен тыс әрекет болып табылады, себебі қолданыстағы қылмыстық және әкімшілік заңнамаларда мұндай жауапкершіліктің мән-жайы айқын жазылған. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердің қызметін реттейтін заңнамасы айтарлықтай деңгейде халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Онда мемлекеттік шекарадан тәуелсіз ақпаратты еркін тарату қағидасы бекітілмеген. ҚР Қылмыстық кодексінде ел Президенті, Парламент депутаттары, билік өкілдерін қоса

алғанда, лауазымды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтарын қорғаудың күшейтілген шараларын қарастыратын бес бап бар. Жала жабу мен қорлау қылмыс санатына жатқызылып,үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазаларының бір түрі ретінде қарастырылады. БАҚ мен журналистерге жасалатын жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау жөніндегі шағымдар бойынша шағымдану ескілігінің мерзімі жоқ, моральдік зиянды өндіріп алу сомалары анықталмаған. Әкімшілік заңнамада бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың қырықтан астам дербес құрамдары бар. Сонымен қатар, көпшілік жағдайда, санкциялар ретінде БАҚ шығарылымын (шығуын) тоқтата тұру және тоқтату қарастырылған. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң БАҚ мемлекеттік органдардың тарапынан жүргізілетін рұқсатнамалық тіркеуден өткізуді қарастырады. БАҚ қызметі және сөз бостандығын қамтамасыз ету заңнамасын реформалау қарама- қайшы әрекет болды. Либералды жаңартпалармен қатар, сөз бостандығын шектейтін нормалар да қабылданды.

 

11 Билет

1. Тең авторлар:
1. Екі немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлінбес біртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлімдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесілі болады.
Егер туындының бір бөлігін осы туындының басқа бөліктеріне қарамастан пайдалану мүмкін болса, бұл бөлігі дербес мәні бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келісімді өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәні бар өзі жасаған бөлігін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келісім арқылы белгіленуі мумкін. Егер тең авторлардың туындысы бөлінбейтін біртұтас дүние болса, тең авторлардың бір де бірінің туыныны пайдалануға жеткілікті негіздері болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
Жинақтар мен басқа да құрама туындыларды құрастырушылардың авторлық құқығы:
1. Жинақтар мен басқа да құрама туындылардың авторына шығармашылық еңбек нәтижесі болып табылатын материалдарды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырғандығы үшін авторлық құқық беріледі.
Құрастырушының өзі туындыға енгізілген әрбір туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.
Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгізілген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.
Құрастырушының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшін дербес іріктеуіне және орналастыруына кедергі жасамайды.
2. Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздіктерді, мерзімді және шығуы жалғаса беретін ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттерді, журналдарды және басқа да мерзімді басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басылымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық беріледі. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келгн жағдайда пайдаланса да өзінің атауын көрсетуге немесе оны көрсетуді талап етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгізілген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.

2. 16-бап. Мүлiктiк құқықтар

1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.

2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары төмендегi әрекеттердi жүзеге асыру, рұқсат ету немесе жүзеге асыруға тыйым салу құқығын бiлдiредi:

1) туындыны қайта шығару (қайта шығару құқығы);

2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде операциялар жасауына (тарату құқығы);

3) тарату мақсатында туынды даналары, соның iшiнде автордың немесе авторлық құқықтардың өзге иесiнiң рұқсатымен дайындалған даналарын импорттау (импортқа әкелу құқығы);

4) туындыны жария көрсету (жария көрсету құқығы);

5) туындыны жария орындау (жария орындау құқығы);

6) туындыны жария хабарлау (туындыны жалпы жұрттың назарына арнап хабарлау), соның iшiнде эфирде немесе кабель арқылы хабарлау (жария хабарлау құқығы);

7) жалпы жұрттың назарына арнап эфирде алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны эфирде хабарлау (эфирде жариялау құқығы);

8) жалпы жұрттың назарына арнап кабель арқылы алғашқы және (немесе) кейiнгi хабарлауды қоса алғанда туындыны кабель арқылы хабарлау (кабель арқылы хабарлау құқығы);

9) туындыны аудару (аудару құқығы);

10) туындыны қайта жасау, музыкалық әуендеу немесе басқаша түрде қайта өңдеу (өңдеу құқығы);

10-1) туындыны жалпы жұрттың назарына жеткізу (жалпы жұрттың назарына жеткізу құқығы)

11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.

3. Егер туындының заңды түрде жарияланған даналары оларды сату арқылы азаматты айналымға түсiрiлсе, онда олардың автордың келiсiмiнсiз және сыйақы төлемей одан әрi таратуға жол берiледi.
Туындының түпнұсқасын немесе даналарын жалға беру (және көпшiлiкке жалға беру) арқылы тарату құқығы, ол даналарға меншiк құқығына қарамастан:

1) ноталық мәтiн түрiндегi музыкалық туындының;

2) фонограммаға түсiрiлген туындының;

3) дыбыс-бейнежазу туындысының;

4) деректер базасының;

5) ЭЕМ бағдарламаларының авторына немесе авторлық құқық иесiне берiледi.

4. Сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ жобаларын пайдалануға айрықша құқықтар мұндай жобалардың нақты iске асырылуын да қамтиды.

5. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.

6. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүлiктiк құқықтарды шектеулер, егер мұндай шектеулер туындыны дұрыс пайдалануға зиян келтiрмей, автордың немесе өзге де құқық иеленушінің заңды мүдделерiне негiзсiз қысым жасамайтын болса, осы Заңның 18-26-баптарымен белгiленедi.

3. Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді. Барлық ұлттар мен халықтарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттар мен құндылықтарлдың қалыптасуына да себепші болады. Біздің еліміздің жүргізіп отырға ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісімшілідік, прогрессивті және жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Сондықтан, еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлік қазіргі кезеңде орын отырған қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде де маңызды роль атқарған факторлардың бірі бола алады деп ойлаймыз. Өркениетті экономика, өркенді саяси-рухани құрылым дәне дамыған инфрақұрылым қалыптастыру үшін қазір ең керегі – ұлттық ынтымастық пен бірлік

12 билет

1. БАҚ-тағы маркетинг – көпшілік аудиторияның сұранысын қанағаттандыру үшін және оларды өзіне тарту, ауқымын кеңейту, талап-тілектерін орындау үшін жүзеге асырылатын маркетингтік қызметтің бір түрі.[1].

БАҚ маркетингінің тиімді жүзеге асырылуы оның рейтінгінің жоғарылауына әсер етіп, ақпарат құралының табыс көзіне айналуына айтарлықтай септігін тигізеді. Сондай-ақ БАҚ маркетингі аудиторияны толығымен зерттеуге баса назар аударады.

Бүгінде қазақ БАҚ маркетингісі енді ғана даму жолына түсе бастады. Сондықтан қазақ ақпарат айдынында маркетинг жүйесі айтарлықтай дамыған деп айту қиынға соғып отыр.

 

13 билет

1. БАҚ-тың кәсіби қағидалары жөнінде жоба ретінде мынандай қағидаларды ұсынуға болады (Түркия тәжірибесі бойынша):

«Ақпарат еркіндігін елімізде өмір сүріп жатқан адамдардың жариялылыққа негізделген мемлекеттік басқару жүйесіне қол жеткізуінің және демократиялық түзімнің басты қажеттілігі санайтын журналистер ретінде халықтың ақиқатты білу құқығын басшылыққа ала отырып, журналистиканың негізгі міндеті – шындықтарды ешқандай бұрмалаусыз, қоспасыз қоғамға білдіру парызы екенін ескере отырып, төмендегі «Баспасөздің кәсіби қағидаларын» мүлтіксіз орындайтынымызды бұқара жұртшылыққа білдіреміз:

1. БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды.

2. БАҚ-та ешкімді нәсілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы (кемтарлығы), әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге, қорлауға, сөгуге болмайды.

3. Ойлау, ар-ұждан және ойын білдіру еркіндігін шектеуші, жалпы халықтың этикалық құндылықтарын аяқасты етуші, діни сенімдер мен жанұя институтының негіздерін құлатушы ақпараттарды таратуға болмайды.

4. Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуге тиісті журналистер этикалық құндылықтарға қарсы іс істемейді және белгілі бір топтардың мүдделерін орындайтын қолшоқпар болмайды.

5. Заңды яки жеке тұлғаларды сынау шегінен асатын қорлаушы немесе олардың абыройына тіл тигізуші, балағаттаушы, жала жабушы ақпараттарды таратуға болмайды.