бап. Журналистiң мiндеттерi

Журналист:

1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;

2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;

3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;

4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;

 

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.

3. Мемлекеттік құпияны сақтаудың мәні

Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары

1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары;
мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері жатады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.
3. Мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызметінің бір түрі болып табылады.

22 билет

1. Мерзімді басылымның әрбір шығарылымында берілетін мәліметтер.

1. Мерзiмдi басылымның әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер болуға тиiс:

1. Бұқаралық ақпарат құралының атауы;

2. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi;

3. бас редактордың (редактордың) тегi және аты-жөнi;

4. есепке қою туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;

5. басылымның мерзiмдiлiгi;

6. Бұқаралық ақпарат құралының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;

7. таралымы;

8. баспахананың атауы, оның мекен-жайы және редакцияның мекен-жайы.

2. Бұқаралық ақпарат құралы эфирге әрбiр шыққан сайын, ал үздiксiз хабар таратқан жағдайда тәулiгiне кемiнде төрт рет өзiнiң атауын жариялап отыруға мiндеттi.<*>

Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.. N 181 Заңымен.

2. 4-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының
азаматтармен және ұйымдармен қатынасы

17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар

1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті.

2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.

3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.

18-бап. Ресми хабарлар

1. Мемлекеттік органдардың ресми хабарлары бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес орналастырылады.

2. Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне, олардың меншік нысанына және кімге қарайтынына қарамастан, өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатынынан басқа ақпаратты тең шарттарда беруге міндетті.

2-1. Мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар сұратылып отырған ақпаратты өтiнiш түскен күннен бастап үш күннен кешiктiрмей беруге не беру мерзiмiн немесе беруден бас тарту себебiн көрсете отырып жауабын беруге мiндеттi.
Қосымша зерделеудi және тексерудi қажет ететiн өтiнiшке жауап ол келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралынан қойылған мәселелердi шешу құзыретiне кiрмейтiн мемлекеттiк органдарға немесе өзге де ұйымдарға өтiнiш келiп түскен жағдайда, осы өтiнiш бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей тиiстi органдарға жiберiлiп, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына хабарлануға тиiс.

3. Сұралып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуға бұқаралық ақпарат құралының өкілі мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығына қысым жасайтын заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға арналған заңда көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, не сотқа шағым жасауы мүмкін.
19-бап. Теріске шығару құқығы

1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.

2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгілейдi.

3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.

4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, адiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

3.