Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырудағы прокурорлық қадағалау

ҚР Конституциясында жарияланған және бекітілген азаматтардың құқықтары мен босатандықтарын тәжірибеде іске асыру едәуір қиыншылық тудыратындықтан, жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы құқық қорғау органдары азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қорғау, меншікке қылмыстық қол сұғудан сақтау жөніндегі міндеттерін кейде тиісті түрде орындамайды. Сондай – ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыра отырып, осы саладағы заң талаптарынан жалтаруға жол беріп, арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Шұғыл қызметтер тапсырмаларын орындау маңыздылығын, олардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескерсек, ол үнемі прокурорлық қадағалауды талап етеді. Бірақ, жедел - іздестіру қызметінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың қажеттілігі теорияда дұрыс негізделгеніне қарамастан, көптеген жылдар бойы жеке пркурорлық тәжірибеде осы қызметті жүргізу барысында заңдардың орындалуын тексерген. Бұл жағдай прокурорлардың қадағалау жұмыстарын жүзеге асыруға құқықтық негіздердің болуымен түсіндірілген.

Жедел - іздестіру қызметі заңдармен емес, партиялар мен үкіметтің директивтік актілерімен, жабық сипаттағы заңға сәйкес нормативтік актілермен реттелген және оларға сәйкес тек белгілі бір жағдайларда ғана облыс деңгейінен төмен тұрмайтын прокурор ғана араласа алатын болған.

Прокуратура туралы заңда жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен заңдардың орындалуын қадағалауды прокуратураның құқық қорғау міндетін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарының бірі деп негіздеуінің себебі, бұл органдар қылмыстылықпен күресті жүзеге асырады.

Жедел - іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде азаматтардың Конституциямен және өзге де заңдармен - жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің құпиялығы сақталуы, еркін жүріп - тұрулары кепілденген құқықтары мен заңды мүдделері кейде елеулі түрде шектеледі. Құқықтар мен бостандықтарды шектеуге тек «Жедел - іздестіру қызметі туралы» Заңға және өзге заңдарға тікелей қатысы бар Конституцияда қарастырылған тәртіптер және оларды сақтау негізінде ғана жол беріледі.

Құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып, прокурор бірде бір қылмыстың ашылмай немесе бірде бір кінәлі адамның заңда көзделген жауапкершілікке тартылмай қалмауын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға міндетті. Мұнымен жасалған қылмыстан құтылмаушылық қамтамасыз етіледі. Прокурор жедел - іздестіру қызметін, алдын - ала тергеу және анықтауды реттейтін заң нормаларын ешкімнің бұзбауын қадағалауға, ал заң бұзушылықты анықтағанда - оларды жоюға шұғыл шаралар қолдануға, азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, заң бұзушылықты ескертуге міндетті. Қылмыстармен күрес оларды дереу және толық ашылуы қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылмауына жол бермеу кезінде ғана нәтижелі болады.

Прокурорлық қадағалау жедел - іздестіру қызметі саласындағы бұл міндеттермен тығыз байланысты. Бұл бағыттағы қадағалаудың мәні ҚР прокуратурасы туралы заңының 34-бабына сәйкес: бірінші, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; екіншісі, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қараудың белгіленген тәртіптерін сақтау, жедел - іздестіру шараларын орындау; үшінші, жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын шешімдердің заңдылығы болып табылады.

Қадағалауды жүзеге асыру кезінде прокурорлар Конституция және өзге заңдармен кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, сондай-ақ осы заңдарда ескертілетін ерекше жағдайлардың сақталуына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің негіздері мен тәртіптеріне назар аударуға тиіс.

Жедел - іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде тек мынадай хабарламалар қарастырылады:

· Құқыққа қарсы әрекет белгілері туралы, ол бойынша алдын - ала тергеу міндетті түрде қажет.

· Құқыққа қарсы дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасаған тұлғалар туралы, ол бойынша алдын – ала тергеу міндетті түрде.

· ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы. Кейінге қалдыруға болмайтын және басқа да ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға әкеліп соғуы мүмкін, сондай - ақ ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалар мен әрекеттер туралы мәліметтер бар болғанда, құқықтар мен мүдделерді шектеу біршама жақсы, бірақ бұл да белгілі нормалармен қатаң регламенттеледі.

Тексеріс жүргізу кезінде прокурорлар жәбірленушілердің қылмыстардан құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай – ақ өзге де заң тындаушы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, материалдық немесе моральдық залалды өтеуге барлық шараларды қолдануға тиіс.

Прокурорлардың анықтауына жататын тағы бір негізгі мәселелердің бірі, жедел - іздестіру шараларын өткізу негіздері болып табылады.

Жедел - іздестіру шараларын өткізу негіздері бойынша:

· қозғалған қылмыстық істің болуы;

· жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мәлім болған: құқыққа қарсы әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасаған әрекеттер, сондай - ақ оны әзірлеуші, жасап жатқан немесе жасаған адамдар туралы, ҚР мемлекеттік, әскери, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін оқиғалармен әрекеттер туралы; жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар туралы; хабар - ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және танылмаған өліктерді тауып алу туралы мәліметтердің болуы;

· тергеушінің, анықтау органының тапсырмалары, прокурордың нұсқауы немесе олардың өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша сот ұйғарымының болуы;

· жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы өзге органдардың сұранымдарының болуы;

· ҚР заңдарында қаралған тәртіпте уәкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қауіпсіздік шараларын қорғалатын адамдарға қолдану туралы қаулының болуы;

· ҚР халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының сауалдарының болуы.

Нақты жедел - іздестіру шараларының заңдылығын тексеру кезінде прокурор оларды жүргізудің белгіленген тәртібіне, мысалы, азаматтың конституциялық құқығын шектейтін жедел - іздестіру шараларын өткізуге сот шешімінің бар болуына да көңіл бөледі.

Өткізілген жедел - іздестіру шараларына баға беруде прокурор заңда бар ережені ғана емес, заңды жетілдіру мақсатында қабылданған ведомстволық нормативтік актілерді де ескереді. Ұйымдасқан қылмыстық топқа енген адамдар туралы, жедел - іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың жасырын штаттық қызметкерлері туралы, сондай - ақ осы органдарға құпиялық негізде үлес қосатын адамдар туралы мәліметтер қылмыстық жауапкершілікке, тартуды талап етпейтін жағдайлардан басқа кездерде, тек аталған адамдардың жазбаша рұқсатымен ғана прокурорға ұсынылады.

Прокурор жұмысының жауапты участігі - жедел - іздестіру, анықтау және алдын - алу қызметтерін жүзеге асырушы органдармен қыбылданатын шешімдер заңдылығын қадағалау.

Прокурорлық қадағалаудың мәніне жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен қабылданатын мына шешімдердің заңдылығы жатады:

· Шұғыл есепке алу істерін жүргізу және тоқтату туралы

· Нақты жедел – іздестіру шараларын жүргізу немесе тоқтату туралы

· Жедел – іздестіру шараларының нәтижелерін анықтау органына, тергеушіге немесе сотқа ұсыну туралы

· Жедел – іздестіру шараларын өткізу барысында қолданылған немесе қолданыталын күштер, құралдар, деректер, әдістер жедел – іздестіру қызметінің жоспарлары мен нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай – ақ жедел – іздестіру шараларын ұйымдастыру мен жүргізу әдістерін құпиялау туралы.

· Сот шешімі негізінде жүргізілген жедел – іздестіру шараларының нәтижелері көрсетілетін материалдарды жою туралы.

Анықтама мен жедел-іздестіру іс-әрекет органдарымен заңдар орындалуын бақылауды жүзеге асырушы прокурордың өкілеттігі.

Ең алдымен олардың ішінде заңдардың атқарылуын бақылау функциясын ашу керек. Осы екі реттіктерге сүйене, прокурор кез-келген тергеу органдары шешімінің не актісінің күшін жоюға немесе өзгергуге, тергеуді жүзеге асырып жаткан тұлғаны ауыстыруға, қылмыс ісін басқа тергеушіге тапсырылуын талап етуге, тергеушімен колданылған бұлтартпау шарасын өзгертуге немесе жоюға құқылы болады.

Заң атқарылуын бақылау кезінде прокурор төмендегі өкілеттіктерді пайдаланады:

· жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан, анықтама мен іергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасалған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзі де мәліметтерді алады;

· тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;

· қылмыстық істерге тергеу жүргізу, бұлтартпау шараларын тандау, өзгерту немесе жою туралы, қылмысқа занды баға беру, жекелеген тергеу әрекеттерін өткізу және кылмыс жасаған адамдарды іздеу туралы жазбаша нұсқаулар береді;

· анықтама органдарға қамауға ұстау , қамауға алу, тінтуді өткізу, зат алуды өткізу, қылмыс жасаған адамдарды іздеу, басқа да тергеу әрекеттер туралы қаулылар орындалуын тапсырады;

· зат алу, айыпкерді қызметіннен шеттету туралы әрекеттер өткізугеі санкция береді;

· жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың арнайы жедел-іздестіру шаралары» өткізу заңдылығына бақылауды жүзеге асырады;

· тергеу мен анықтама толық болмаған, сондай-ак тергеу мен анықтама барысында заңдылыктың бұзылуына жол берілгені белгілі болған жағдайда қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарады немесе оны толық көлемінде не нақтылы адамдарға қатысты тоқтатады;

· егер анықтама мен тергеу процеске қатысушылар мен басқа да азаматтардың құқықтарының бұзылуына, тергеудің заңсыз әдістеріне жол беріледі, кінәлі адамдарды тергеу жүргізуден шеттетіп, олардың жауапкершілігі туралы мәселені қояды .

Бақылауды жүзеге асыру кезінде прокурор тәжірибеде сыналған тиімді құқықтық нысандарды пайдаланады. Олардың ішінде ең тиімділердің бірі болып тергеу әрекетерін өткізуге санкция беруден тұрады.

Іс мәні бойынша қарау үшін сотқа тек прокурор айыптау қорытындысын бекіткеннен кейін (санкция бергеннен кейін) ғана жіберілуі тиіс.

Бұл әрекеттердің әр қайсысы тек мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті зерттеу нәтижесінде, сондай-ақ екінші жақтан, процес қатысушыларының құқықтары мен занды мүдделерін сақтау шартымен ғана жүзеге асырылуы тиіс. Санкция беру тетігі дәл осы мақсатқа жету үшін арналған, және оның мәнін құрайды.

Прокурор қылмыстық іс жүргізу нормаларды елеулі бұзу анықталған жағдайда заң бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымды енгізеді және оны заң бұзуға жол берген органға немесе лауазымды адамға не жіберілген заң бұзу шылықты жоюға өкілетгі органға немесе лауазымды адамға жібереді. Ұйғарымда Конституцияның, заңдар мен Республика Президенті актілерінің нормалары көрсетіліп, құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар паидаланды. Ұйғарым орындалуы туралы прокурорға хабарланады.

Прокурор өз құзыреті шегінде төмендегі мәселелер бойынша ұсынуы мүмкін: Заңдылық бұзуды болдырмау туралы; қылмыс жасауға және тәртіп бұзушылыққа ықпалын тигізген себептер мен жағдайларды жою турлы; ҚР сының Конституциясын сәйкес қол сұғылмау құқығы бар одан айру мәселелсрі бойынша. Ұсынысты лауазымды адам немесе бір ай мерзімде қарау тиіс. Прокурор ұсынысты қарауға қатысуға құқылы. Ұсыныс караудың нәтижелері және қолданылған шаралар туралы прокуратураға хабарлайды.

 

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Жедел іздестіру кезінде прокурорлық қадағалаудың принциптерін атаңыз?

2. Жедел іздестіру кезіндегі қолданылатын шаралар?

3. Жедел іздестірудегі прокурордың рөлі?