Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары

1. Кез келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны қалай аталады?

A) Есептеу жүйесі

B) Есептеу желілері

C) Есептеу техникасы

D) Цифрлық компьютерлер

E) Аналогты компьютерлер

2. Бір-бірімен нақты түрде байланысып, біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны қалай аталады?

A) Есептеу жүйесі

B) Есептеу желілері

C) Есептеу техникасы

D) Цифрлық компьютерлер

E) Аналогты компьютерлер

3. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы деп нені атаймыз?

A) Жүйелік блок

B) Электронды есептеу машинасы

C) Есептеу желілері

D) Процессор

E) Цифрлы автомат

4. Мәліметтерді өңдейтін және есептеулер жүргізетін, сол сияқты символдармен өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алатын бағдарланған электрлік құрылғыны атаңыз?

A) Жүйелік блок

B) Есептеу желілері

C) Компьютер

D) Процессор

E) Цифрлы автомат

5. Мәліметтерді екілік кодтар түрінде өңдейтін компьютерлерді қалай атаймыз?

A) Дискретті компьютерлер

B) Аналогты компьютерлер

C) Цифрлы компьютерлер

D) Бинарлы компьютерлер

E) Сервер

6. Үздіксіз өзгеріп отыратын физикалық шамаларды өңдейтін компьютерлер _______________ деп аталады.

A) Дискретті компьютерлер

B) Аналогты компьютерлер

C) Цифрлы компьютерлер

D) Бинарлы компьютерлер

E) Сервер

7. Компьютерлер қандай негізгі екі класқа бөлінеді:

A) Есептеу жүйесі

B) Hardware,. software

C) Аналогты, дискретті

D) Цифрлы, дискретті

E) Цифрлы, аналогты

8. ЭЕМ_______________ деп компьютер бөліктерінің негізгі жиынтығын және олардың бір-бірімен байланысу сипатын айтады.

A) құрылымы

B) архитектурасы

C) конструкциясы

D) арифметикалық-логикалық құрылғысы

E) схемасы

9. Құрылғылардың функционалдық схемасы бір-бірімен байланысқан көптеген _______________ блоктардан тұрады.

A) үшбұрышты

B) төртбұрышты

C) бесбұрышты

D) төртқырлы

E) алтықырлы

10. Архитектура ұғымының мағынасын ашатын, оған жақын терминді атаңыз?

A) құрылым

B) интегралдық схема

C) функционалдық схема

D) конструкция

E) жүйе

11. Өңдеуге болатын түрге келтірілген бастапқы информация қалай аталады?

A) Алгоритм

B) Бағдарлама

C) Сигнал

D) Хабар

E) Мәлімет

12. Барлық функционалды бөліктері бір бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шина арқылы байланысқан дербес компьютер қандай архитектуралық топқа жатады?

A) Классикалық архитектура

B) Көп процессорлы архитектура

C) Көп машиналы есептеуіш жүйе

D) Параллельді процессорлы архитектура

E) Бір машиналы есептеуіш жүйе

13. Бірнеше арифметикалық-логикалық құрылғының және бір басқару құрылғысының басшылығымен жұмыс жасайтын компьютерлер қандай архитектуралық топқа жатады?

A) Классикалық архитектура

B) Көп процессорлы архитектура

C) Көп машиналы есептеуіш жүйе

D) Параллельді процессорлы архитектура

E) Бір машиналы есептеуіш жүйе

14. Есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болатын компьютерлер қандай архитектуралық топқа жатады?

A) Классикалық архитектура

B) Көп процессорлы архитектура

C) Көп машиналы есептеуіш жүйе

D) Параллельді процессорлы архитектура

E) Бір машиналы есептеуіш жүйе

15. Компьютерлердің басым көпшілігі жұмыс жасайтын негізгі ортақ принциптер қай жылы негізделді?

A) 1937 ж.

B) 1945 ж.

C) 1949 ж.

D) 1975 ж.

E) 1981 ж.

16. Компьютерлердің басым көпшілігі жұмыс жасайтын негізгі ортақ принциптерді қай ғалым негіздеді?

A) Блез Паскаль

B) Джон Атанасов

C) Чарльз Беббидж

D) Джон фон Нейман

E) Герман Холлерит

17. Қандай принцип бойынша компьютердегі бағдарлама бұйрықтар тізбегінен құралып, белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалады?

A) Бағдарламалы басқарылу принципі

B) Бағдарламаны жадта сақтау принципі

C) Адрестік принцип

D) Екілік кодтау принципі

E) Кезектесу принципі

18. Бағдарламалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір _______________ бірнеше рет қайталап пайдалану болып табылады.

A) деректі

B) құжатты

C) бағдарламаны

D) мәліметті

E) анықтаманы

19. Қай принцип негізінде трансляция тәсілдері — бадарламау тіліндегі бұйрықтарды нақты компьютер тіліндегі бұйрықтарға түрлендіру жасалады?

A) Бағдарламалы басқарылу принципі

B) Бағдарламаны жадта сақтау принципі

C) Адрестік принцип

D) Екілік кодтау принципі

E) Кезектесу принципі

20. ДК модульдік құрылымды, оның барлық модульдері _______________ арқылы байланысқан.

A) жүйелік магистраль

B) жүйелік блок

C) слоттар

D) контроллер

E) регистрлер

21. RAM немесе жедел есте сақтау құрылғысы дегеніміз:

A) информацияны тұрақты сақтау үшін арналған арнайы жады

B) компьютер өшірілгенде берілгендері өшпейтін сыртқы жады

C) компьютер өшірілгенде берілгендері өшірілетін сыртқы жады

D) информацияны тұрақты сақтау үшін арналған сыртқы жады

E) берілгендерді уақытша сақтайтын ішкі жады

22. Контроллер дегеніміз:

A) Жазу және жаңадан өндіру құрылғысы

B) Компакт дискілердегі берілгендерді оқуды қамтамасыз ететін құрылғы

C) Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерден мәлімет алмастыратын құрылғы

D) ДК құрылғыларын басқаратын электрондық схема

E) Ақпаратты өңдейтін және барлық есептеулерді орындайтын электрондық схема

23. Ақпаратты өңдеп және барлық есептеулерді орындайтын электрондық схема:

A) Тышқан

B) Микропроцессор

C) Дисковод

D) Адаптер

E) Қатты дискі

24. Микропроцессор — бұл:

A) Принтердің жұмысын басқару үшін арналған программа

B) Логикалық операцияларға арналған негізгі тақша

C) Ақпаратта арифметикалық операцитяларды орындау үшін арналған аналық тақшаның орталық блогы

D) Ақпаратта арифметикалық және логикалық операцияларды орындау үшін және машинаның барлық блоктарының жұмыс істеуін басқару үшін арналған дк-дің орталық блогы

E) Ақпаратта арифметикалық операцияларды орындау үшін арналған бағдарлама

25. Микропроцессор разрядтылығы дегеніміз:

A) логикалық операциялар арқылы шақырылған жағдайлар

B) информацияның ең кіші өлшем бірлігі

C) процессор операцияларының есептегіші (микропроцессорда біртұтас қабылданатын биттер саны)

D) информацияның ең үлкен өлшем бірлігі

E) 1 секундта орындалатын операциялар саны

26. Микропроцессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші:

A) Жедел жад

B) Көлемі

C) Бейнежад (видеопамять)

D) Тактілік жиілік

E) Қатты диск

 

Дұрыс жауаптар коды

Сұрақ нөмірі
Жауабы C A B C C B E B B C E A D
Сұрақ нөмірі
Жауабы C B D A C B A E D B D C D

 


Алгоритмдеу негіздері

 

Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны бағдарлама түрінде жазып шығу керек. Бағдарлама машинаға түсінікті командалардан тұрады. ЭЕМ-нің жұмысы бағдарламалық принципке негізделген, яғни ол өзінің жадында сақталатын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады.

Алгоритм оны атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады. Алгоритмді атқарушының рөлін негізінен адам немесе автоматтандырылған аспап, яғни ЭЕМ, робот т.б. атқарады.

Алгоритмнің орындалу кезінде оны орындаушыға келесі жолы қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгілі болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны – командалар жүйесін құрайды.

Алгоритм мен бағдарламаға байланысты ЭЕМ-нің мынадай жұмыс ерекшеліктері болады:

1) есепті шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;

2) алгоритм бағдарламаға айналдырылуы тиіс;

3) бағдарлама машина жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек. Алгоритм күнделікті тұрмыста да кеңінен қолданылады, Мысалы, студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек.

1. Орта мектепті бітіріп, аттестат алу.

2. Керекті құжаттарды аттестаттың түпнұсқасымен бірге белгілі бір институтқа өткізу.

3. Конкурстан өту.

Бұл көрсетілген пункттердің орнын ауыстыруға болмайды. Олар көрсетілген ретпен кезектесіп орындалуы тиіс. Сонда ғана керекті нәтижеге (студент болу) қолымыз жетеді.

Алгоритм информатиканың іргелі ұғымдарының бірі. Квадрат теңдеудің түбірін табу ережесі, үшбұрыштың ауданын есептеу жолдары алгоритмдердің мысалдары болып табылады.

Алгоритм қасиеттері. Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар келтірейік. ЭЕМ-де орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:

1) анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;

2) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

3) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс;

4) модульдік (бөлік), яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет.

Біріншіден, алгоритм анық, әрі дәл өрнектелуі қажет. Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек соны ғана орындау керек. Есеп шығару жолына керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті, әрі нақты болуы тиіс. Екіншіден, алгоритм нәтижелі болуы керек. Әрекеттердің шектелген санынан кейін белгілі бір уақыт ішінде қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм біршама бастапқы мәліметтердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Мысалы, сандарды қосу алгоритмі үшін бастапқы мәліметтерге қосылғыштар мәні жатады, ал нәтижесі қосынды болады. Үшіншіден, алгоритмнің жалпылық қасиеті болады, яғни бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже береді. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді. Басқаша айтқанда, бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтижелер беруі тиіс. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген а, b, с мәндері үшін оның түбірін дұрыс табуы керек. Төртіншіден, алгоритмнің үздік модулдерге бөліну қасиеті болуы тиіс, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеуге әрқашанда мүмкіншілік болуы керек. Сондықтан алгоритмді екі-үш бөлікке бөліп, оларды өзінше құра алатын дәрежеде жұмыс істелуі қажет. Олар тек бірінің қорытындысын келесі жолы керекті мәлімет ретінде қолдануы тиіс.

Алгоритмдерді ЭЕМ-де орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алгоритмді жазып өрнектеу түрлеріне:

1) табиғи тіл арқылы жазу;

2) графика жолымен жазу;

3) кестелік турде жазу,

4) алгоритмдік тілдермен жазу жолдарын жатқызуға болады.

Бірақ алгоритмді табиғи тілде өрнектеу ЭЕМ-дерде қолданылмайды, өйткені онда дәлдік, нақтылық болмайды.

Алгоритмдерді графика жолымен жазу, онан кейін оны бағдарламаға айналдыру істері мемлекеттік стандартпен бекітіліп ақпарат өңдеу жұмысында кеңінен қолданылып келеді. Алгоритмдік, яғни бағдарламалау тілдері есептерді шығару жолын баяндау-өрнектеу үлгісі, белгілі бір проблеманы шешу негізінде орындалатын әрекеттерге басшылық, ой еңбегін үнемдеуге мүмкіндік беретін әдіс, есеп шешімін табуды автоматтандыруға қажетті іс-әрекет, жаңа проблеманы шешу кезінде қолданылатын тәсілдер, күрделі процестерді өрнектеу және математикалық дәлдікпен анық етіп жазу құралы бола алады.

Компьютерде есеп шығару төмендегі кезеңдерден тұрады:

1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.

2. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.

3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.

4. Есепті ЭЕМ-де шығару бағдарламасын жасау және оның қателерін түзету.

5. Есепке керекті мәліметтер дайындау.

6. ЭЕМ-де есепті шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.

Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз – есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды, өрнектерді анықтау болып саналады.

Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есепті шығарудың сандық тәсілдерін табу не анықтау жолы болып есептеледі. Қазіргі кезде барлық есептердің шығару жолының сандық тәсілдері белгілі десе де болады, тек солардың ішінен өзімізге тиімді жолын таңдап алуымыз керек. Бұл мақсатта есепті шығару дәлдігін, нәтижені жылдам табу мүмкіндігін, мәліметтерді дайындау мен есепті шығарудың бағасын салыстыра отырып қарастыру қажет.

Есептің алгоритмін жасағанда, оның шығару жолын тізбектелген іс-әрекеттер ретінде схема түрінде өрнектеледі.

Бағдарлама жасағанда қазірде кеңінен тараған бағдарламалау тілінің бірінде алгоритм нақты түрде жазылады. Бізде кең тараған тілдерге - Паскаль, Дельфи, Си жатады. Жасалған бағдарламаның қатесін түзету ЭЕМ-нің көмегімен шешіледі, өйткені жіберілген қателерді тек ЭЕМ ғана жылдам аңғарып, түзету мүмкіндігін береді.

Есепті шығаруға керекті деректерді сұрыпталған күйінде алдын ала қағазға, әйтпесе магниттік дискіге жазып, ЭЕМ-нің жадына реттей отырып енгіземіз. Есептің нәтижесін алған соң шешім қабылдау және оны іс жүзінде қолдану – мамандардың жұмысы. Тек солар ғана белгілі бір шешім қабылдай алады. Бірақ оқып-үйрену барысында кездесетін, яғни оқушылар мен студенттерге арналған есептерде жоғарыда көрсетілген сатылардың бірсыпырасы болмайды, өйткені олар бірден формула күйінде беріледі, шығарудың сандық тәсілі формулада айқын көрініп тұрады (интеграл, туындылар болмаса), нәтижені алған соң оны мұғалімге көрсету жеткілікті. Мәселені шешудің немесе есеп шығарудың көрсетілген алты сатысы күрделі өндірістік есептерде, дипломдық немесе курстық жұмыстарда жиі кездеседі.

Алгоритмдерді өрнектеудің көп тараған түрі – оны график арқылы бейнелеу. Ал бұл – түсінікті, анық, көрнекті түр болып есептеледі. Тек оларды сызу көбірек еңбекті талап етеді. Графикалық жолмен алгоритмдерді жазу үшін мемлекеттік стандарт белгіленген, онда кез келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Ол фигуралар немесе блоктар амалдар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі орналасады. Жиі қолданылатын амалдар, яғни мәліметтерді ЭЕМ-ге енгізу, формуламен есептеу, шарттардың орындалуын тексеру, нәтижені қағазға басу символдары 1-кестеде көрсетілген. Осы суреттегі көрсетілген блоктардан (символдардан) алгоритм схемалары құрастырылады. Алгоритмдер схемасымен ақпаратты өңдеудің әрбір сатысы немесе орындалатын операциялар реті анықталады. Кейде алгоритмдер схемасын оның блок-схемасы деп те атайды.

 

5 кесте – Алгоритмдерді бейнелеу блоктары

 

Іс-әрекеттің аты Блоктың пішімі Атқаратын жұмысы
  Процесс     Математикалық өрнектерді есептеу
  Басы – соңы     Алгоритмдерді бастау, аяқтау
Алдын ала анықталған процесс (ішкі бағдарлама)     Қосалқы бағдарламаларға кіру және шығу
    Шешім     Есеп шығару жолын таңдау
    Модификация       Цикл басы
    Құжат     Нәтижені баспаға (қағазға) шығару
  Енгізу-шығару       Мәліметтерді енгізу және шығару
    Түсініктеме         Схеманы, формулаларды түсіндіру
       

Сонымен алгоритм блоктармен немесе геометриялық көпбұрыштармен өрнектеледі. Әр блоктың ішіне орындалатын іс-әрекеттің (амалдың) мазмұны жазылады. Символдардың (блоктардың) бір кіру және шығу сызықтары болуға тиіс.

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш түрлі бірыңғай құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік болып үш топқа бөлінеді. Енді соларды қарастырайық.

Күрделі алгоритмдерді құру үшін қарапайым бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдар қолданылады. Олар сызықтық, тармақталу және цикл құрылымдарынан тұрады.

Бағдарламалау теориясында кез келген күрделі бағдарламаны үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дәлелденген, олар:

сызықтық, тармақты және циклдік құрылымдар. Осы үшеуі құрылымдық бағдарламалаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады.

Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбектеле орналасқан бірнеше операторлардан тұрады.

Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы

Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орындалуы.

Сызықтық құрылым Тармақты құрылым Циклдік құрылым
 

Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір әрекет немесе амал орындап, ; таңбасымен аяқталады.

Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты – қарапайым құрылымды бағдарлама алу болып саналады. Мұндай бағдарламалар оңай оқылады, түзетіледі және керек болса, оңай өзгертіледі. Құрылымдық бағдарламалауда goto операторын қолдануға болмайды, өйткені ол бағдарлама логикасын түсінуді қиындатады. Бірақ кейде goto операторын қолдану қажет болатын кездер болады.

Бағдарлама жұмысын басқару операторларын бағдарламаның басқарушы конструкциясы деп атайды. Олар:

· құрама операторлар;

· таңдау операторлары;

· цикл операторлары;

· көшу операторы.

Сызықтық құрылымды алгоритм немесе қарапайым сызықтық алгоритм іс-әрекеттердің орындалу ретіне қарай тізбектеле орналасқан блоктардан тұрады. Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.

Тармақталу алгоритмдері. Тұрмыста кездесетін алгоритмдер әр түрлі болып келеді. Олардың жиі кездесетін түріне алгоритмнің белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты тармақталып бірнеше жолдарға бөлінуі жатады.

Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып келеді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоритмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар "таңдау" және "аттап өту" мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.

Циклдік алгоритмдер. Математикада, экономикада көптеген есептерді шығару кезеңінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалының өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келетін сәттер де жиі кездеседі. Осындай қайталап орындалатын есептеу процесінің белгілі бір бөліктерін цикл деп атайды. Осы бірнеше рет қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану оларды кейіннен бағдарламаларда цикл операторы түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді. Циклдер қайталану санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты екі топқа бөлінеді. Қайталану сандары алдын ала белгілі болып келетін циклдер тобы арифметикалық цикл болып есептеледі, ал орындалу саны белгісіз циклдер – қадамдық (итерациялық) цикл болып аталады.

Цикл орындалуы алдында оның айнымалы аргументі – параметрі алғашқы мәнге ие болуы керек, сонан кейін қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір шамаға (қадамға) өзгере отырып, ол алдын ала берілген ең соңғы мәнге дейін жетуі қажет.

Циклдардың топтастырылуы:

«ДЕЙІН» циклы бір шарт іске қосылған соң, бірнеше рет жасалатын әрекеттерді істеу үшін пайдаланатын цикл. Бұл циклдің ерекшелігі мынада: бұл цикл бір рет болса да жасалады.

«ӘЗІРШЕ» циклы «ДЕЙІН» циклынан айырмашылығы мынада: шарттың тексерілуі циклдің денесі іске қосылғанға дейін болады. Егер шартың бірінші тексерілуінде циклдан шығуы болмаса, онда циклдың денесі бір ретте орындалмайды.