Тақырыбы бойынша тест сұрақтары. 1. Компьютерде атқарылатын нақты әрекет ______________ деп аталады:

1. Компьютерде атқарылатын нақты әрекет ______________ деп аталады:

A) Операнд

B) Бағдарлама

C) Бұйрық

D) Интерфейс

E) Операция

2. Магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, қолданушының бұйрығы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны ______________ деп аталады:

A) Бұйрық

B) Бағдарлама

C) Операнд

D) Интерфейс

E) Операция

3. Бағдарламалық жабдық пен қолданушы арасындағы сұқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны ______________ деп аталады:

A) Операнд

B) Бағдарлама

C) Бұйрық

D) Интерфейс

E) Операция

4. Компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық бағдарламалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы бағдарламалар жиынтығы қалай аталады?

A) Операциялық жүйе

B) Бағдарламалық жасақтама

C) Жүйелік бағдарламалар

D) Аспаптық бағдарламалар

E) Бағдарламалық конфигурация

5. Компьютердегі бағдарламалық жасақтама құрамы қалай аталады?

A) Операциялық жүйе

B) Интерфейс

C) Конфигурация

D) Бағдарламалар жиыны

E) Процессор

6. Белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны қалай аталады?

A) Жүйелік БЖ

B) Аспаптық БЖ

C) Интегралды БЖ

D) Қолданбалы БЖ

E) Базалық БЖ

7. Қолданбалы деңгей бағдарламалары қандай топтарға бөлінеді?

A) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап

B) Жүйелік және әмбебап

C) Аспаптық және жүйелік

D) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және аспаптық

E) Базалық және желілік

8. Пайдалану аймағы шектеулі, қолданушының нақты есептерін шығаруға арналған қолданбалы бағдарламалық жасақтама тобы:

A) Жүйелік БЖ

B) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын БЖ

C) Интегралды БЖ

D) Базалық БЖ

E) Аспаптық БЖ

9. Тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын бағдарламалар тобын атаңыз?

A) Жүйелік бағдарламалар

B) Аспаптық бағдарламалар

C) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын бағдарламалар

D) Әмбебап бағдарламалар

E) Базалық бағдарламалар

10. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті бағдарламалар тобы қалай аталады?

A) Жүйелік бағдарламалар

B) Қызметтік бағдарламалар

C) Аспаптық бағдарламалар

D) Базалық бағдарламалар

E) Аспаптық бағдарламалар

11. ЭЕМ-ның ақпараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы бағдарламалармен байланыстыратын бағдарламалар тобын атаңыз.

A) Жүйелік бағдарламалар

B) Қызметтік бағдарламалар

C) Аспаптық бағдарламалар

D) Базалық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

12. Базалық аппараттық құрылғылармен байланысуға жауап беретін бағдарламар тобы ___________ деп аталады.

A) Жүйелік бағдарламалар

B) Қызметтік бағдарламалар

C) Аспаптық бағдарламалар

D) Базалық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

13. Жаңа бағдарламалар және автоматтандырылған жүйелер жасау үшiн қолданылатын бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер қалай аталады?

A) Жүйелік бағдарламалар

B) Қызметтік бағдарламалар

C) Аспаптық бағдарламалар

D) Базалық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

14. Бағдарламалау жүйелері немесе аспаптық (инструментальдық) жасақтамалар қандай екі түрге жіктеледі?

A) Жүйелік және әмбебап

B) Бағдарламалау тілдері және трансляторлар

C) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап

D) Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және аспаптық

E) Интерпретаторлар және әмбебап

15. Күрделі бағдарламалық жүйені өңдеу, жобалау, сараптау процесінің технологиясын автоматтандыратын бағдарламалық кешені қалай аталады?

A) CASE – технологиясы

B) Базалық бағдарламалар

C) Web- редакторлар

D) HTML редакторлары

E) Әмбебап бағдарламалар

16. Әрбір бұйрықты машина тіліне аудара салып, бірден орындайтын трансляторлар тобын атаңыз.

A) Операторлар

B) Интерпретаторлар

C) Иметаторлар

D) Компиляторлар

E) Трансляторлар

17. Командаларды орындамай тұрып, машиналық кодтарға толық аударатын бағдарлама қалай аталады?

A) Операторлар

B) Имитаторлар

C) Интерпретаторлар

D) Компиляторлар

E) Трансляторлар

18. ЭЕМ iске қосылғаннан кейiн иiлгiш немесе қатты дискiден оқылып алғаш жұмыс iстейтiн бағдарлама ___________ деп аталады.

A) Операциялық қоршамдар

B) Жүйелік бағдарламалар

C) Операциялық жүйе

D) Аспаптық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

19. ДК-мен жұмыс істеуші адамның арасындағы іс-әрекеттерді жеңілдететін бағдарламалар ___________ деп аталады.

A) Операциялық жүйе

B) Операциялық қоршамдар

C) Жүйелік бағдарламалар

D) Аспаптық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

20. Операциялық жүйені сыртқы құрылғылармен байланыстыратын бағдарламалар тобы қалай аталады?

A) Драйверлер

B) Утилиттер

C) Жүйелік бағдарламалар

D) Аспаптық бағдарламалар

E) Базалық бағдарламалар

21. Драйверлер қандай екі топқа жіктеледі?

A) Сыртқы, оперативті

B) Әмбебап, қарапайым

C) Стандартты, жүктелінетін

D) Базалық, стандартты

E) Оперативті, тұрақты

22. Стандартты ДК-нің құрамына кіретін сыртқы құрылғыларды басқару үшін қызмет ететін бағдарламалар атауы қандай?

A) Утилиттер

B) Сыртқы драйверлер

C) Оперативті драйверлер

D) Стандартты драйверлер

E) Жүктелінетін драйверлер

23. Стандартты құрылғылардан өзінің техникалық параметрлері бойынша ерекшеленетін сыртқы құрылғыларды басқаруға арналған бағдарламалардың атауы:

A) Утилиттер

B) Сыртқы драйверлер

C) Жүктелінетін драйверлер

D) Стандартты драйверлер

E) Оперативті драйверлер

24. Операциялық жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша бағдарламалар ___________ деп аталады.

A) Стандартты бағдарламалар

B) Сервистік бағдарламалар

C) Аспаптық бағдарламалар

D) Базалық бағдарламалар

E) Әмбебап бағдарламалар

25. Қызметші бағдарламалар магниттік дискілермен әр түрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалар түрін атаңыз.

A) Стандартты бағдарламалар

B) Аспаптық бағдарламалар

C) Базалық бағдарламалар

D) Әмбебап бағдарламалар

E) Қызметші бағдарламалар

26. Диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу үрдісі қалай аталады?

A) Дискілерді дефрагментациялау

B) Дискілерді пішімдеу

C) Дискілерді қателікке тексеру

D) Дискілерді тазарту

E) Дискілерді адрестеу

27. Файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын үрдісі қалай аталады?

A) Дискілерді дефрагментациялау

B) Дискілерді пішімдеу

C) Дискілерді қателікке тексеру

D) Дискілерді тазарту

E) Дискілерді адрестеу

28. Дискілік кеңістікті әр түрлі қажетсіз файлдардан босату үрдісі қалай аталады?

A) Дискілерді дефрагментациялау

B) Дискілерді пішімдеу

C) Дискілерді қателікке тексеру

D) Дискілерді тазарту

E) Дискілерді адрестеу

29. Қандай үрдістің көмегімен дискіні пішімдемей жөндеуге болады?

A) Дискілерді дефрагментациялау

B) Дискілерді пішімдеу

C) Дискілерді қателікке тексеру

D) Дискілерді тазарту

E) Дискілерді адрестеу

30. Дискіні қажетсіз файлдардан тазалау ненің көмегімен жүзеге асырылады?

A) Архиваторлардың

B) Операциялық қоршамдардың

C) Операциялық жүйелердің

D) Утилеттердің

E) Операндтардың

31. Мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдын ала қысу, сығу үрдісін орындайтын бағдарламалық құралдарды ______________ деп атайды.

A) архивтеуші бағдарлама

B) қысушы бағдарлама

C) операциялық қоршамдар

D) утилеттер

E) диспетчерлер

32. Файлдарды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз сырқы тасуышта сақтау алдында қандай процедура қолданады?

A) дифрагментациялау

B) архивтеу

C) пішімдеу

D) қателікке тексеру

E) кодтау

33. Мәліметтерді архивтеудің негізгі пішімдері:

A) set, arj, rar

B) zip, arj, doc

C) zip, exe, rar

D) zip, arj, rar

E) set, doc, exe

34. Зақымдау әдісі бойынша вирустардың жіктелуі:

A) Жүктейтін, файлдық, желілік, микровирустар

B) Резиденттік, резиденттік емес

C) Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті

D) Зиянсыз, өте зиянды

E) Желілік, резиденттік

35. Мекендеу ортасы бойынша вирустар төмендегі топтарға жіетеледі:

A) Жүктейтін, файлдық, желілік, микровирустар

B) Резиденттік, резиденттік емес

C) Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті

D) Зиянсыз, өте зиянды

E) Желілік, резиденттік

36. Вирустар мүмкіндіктеріне байланысты қалай жіктеледі?

A) Жүктейтін, файлдық, желілік, микровирустар

B) Резиденттік, резиденттік емес

C) Зиянсыз, өте зиянды

D) Зиянсыз, қауіпсіз, қауіпті, өте қауіпті

E) Желілік, резиденттік

37. Жеке түрде сирек кездесетін, белгілі вирустардың бірімен зақымдалған файлдарды табатын антивирустық бағдарламалар тобы қалай аталады?

A) Ревизор-бағдарламалар

B) Детектор - бағдарламалар

C) Фильтр - бағдарламалар

D) Доктор – бағдарламалар

E) Вакцина - бағдарламалар

38. Вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейтін» антивирустық бағдарламаны атаңыз.

A) Ревизор-бағдарламалар

B) Фильтр - бағдарламалар

C) Күзетші – бағдарламалар

D) Детектор - бағдарламалар

E) Вакцина - бағдарламалар

39. Антивирустық бағдарламаның қай түрі компьютердің вируспен зақымдалмаған кезін есте сақтап, оқтын-оқтын ағымдағы жағдайды алғашқы жағдаймен салыстырып отырады, егер өзгеріс табылса, экранға хабарлама шығарады?

A) Ревизор-бағдарламалар

B) Фильтр - бағдарламалар

C) Доктор – бағдарламалар

D) Детектор - бағдарламалар

E) Вакцина - бағдарламалар

40. Компьютердің операцияларын бақылайтын және компьютер жұмысының барысында вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табатын антивирустық бағдарлама қалай аталады?

A) Ревизор-бағдарламалар

B) Доктор – бағдарламалар

C) Фильтр - бағдарламалар

D) Детектор - бағдарламалар

E) Вакцина – бағдарламалар

 

Дұрыс жауаптар коды