Халық медицинасы сияқты басқа да альтернативті ем бар ма?

Мүмкін Сіз халық медицинасы, емдік шөптер, альтернативті емделу туралы жақсы пікірлер оқыған шығарсыз. Бірақ бұл емдік заттардың жүрек жетіспеушілігінде көрсететін нақты әсеріне медициналық кепілдік жоқ. Керісінше, дәрігердің жүрек жетіспеушілігіне жазып берген дәрілерін шөптердің құрамындағы кейбір ингредиенттері әсерін жойып, жанама әсер көрсетуі мүмкін.

Төменде, жүрек жетіспеушілігі дәрілерінің әсеріне кедергі келтіретін кең таралған табиғи немесе альтернативті заттардың бірнешеуі:

  • Эфедра (ма хуанг)
  • Эфедриннің адам ағзасындағы қайта өңдеуден өткен өнімдері
  • Қытай шөптері
  • Долана тұндырмасы
  • Сарымсақ
  • Женьшень
  • Гингко
  • Кофермент Q-10

Альтернативті емдік заттарды, шөптерді, халық медицинасының емдік заттарын қабылдау алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен, медбикемен немесе фармацевтпен міндетті түрде кеңесіңіз.

Құрылғылар (имплантталатын құрылғылар)

Егер Сізде аритмия немесе электрлік импульстер жүректен дұрыс өтпесе, емдеуші дәрігеріңіз Сіздің жүрегіңізге қосымша қолдау көрсету керек екенін ескертеді. Қазіргі кезде Сіздің жүрегіңіздің жақсы жұмыс жасауына және\немесе оның дұрыс соғуына әсер етеін ауырлықсыз электрлік импульстер жіберетін жоғарғы технологиялы құрылғылар бар. Бұл құрылғылар симптомдарды басумен қатар, ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді.

Құрылғылар үнемі жаңарып отырады: көлемі кішірейген, әсері жоғарылаған, қуаты ұзақ уақытқа сақталған. Бұл құрылғыларды жергілікті жансыздандырып, бұғана астына салады, сондықтан олар қатты көрініп тұрмайды. Құрылғылардың көбісі амбулаторлы жағдайда кезеңді түрде ауыстырылып (жылына 1 рет) отырады.

Кейбір заманауи имплант құрылғылар электрлік импульстерді жіберумен қатар, дәрігерге науқастың медициналық көрсеткіштерін алыстан бақылауға көмек беріп тұрады. Байланыс кәдімгі телефон арқылы немесе сымсыз жүйе арқылы орнатылады. Осы көрсеткіштер көмегімен емдеуші дәрігеріңіз Сіздің жағдайыңыз туралы біліп, асқынулардың алдын алып отырады.

 

Хирургиялық араласулар.

Көптеген жағдайда, жүрек жетіспеушілігіне арналған, дұрыс таңдалған препараттар науқастарды ұзақ жыл өмір сапасын қанағаттанарлық жағдайда ұстап тұрады. Бірақ, кейде жүрекке операция керек жағдайлар да болып қалады. Хирургиялық операция жүрек жетіспеушілігі бар науқастардың жағдайын жақсартады, бірақ операциялар пайда әкелумен қатар, үлкен қауіппен бірге жүреді. Жүрекке жасалатын радикальді хирургиялық араласулар әрқашан белгілі бір үлкен қауіппен байланысты болады.

Сіздің жағдайыңызды жақсартатын хирургиялық операцияларға тәж артерияларын шунттау, жүрек қақпақшаларын протездеу және жүрек қондыру жатады. Бұл операциялар соңғы кездері медицинаның өрлеуіне байланысты кең таралды. Бірақ, жүрекке сәтті жасалған операцияның өзі, жүрек жетіспеушілігіне арналған препараттарды қабылдаудың маңызын төмендетпейді.

 

Дәрігерге қойылатын сұрақтарыңыз

Дәрігер алдына келгенде өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды, жүрек жетіспеушілігінің емі жайлы бүкіл анықтаманы алуды ұмытпаңыз.

Жүрек жетіспеушілігін бақылауға алу үшін не істеуіңіз керек.

30 жыл бұрын жүрек жетіспеушілігін тек қана медициналық заттармен емдеген. Басқа сөзбен айтқанда, басты рөлде дәрігер тұрды. Ал қазіргі кезде жүрек ауруын бақылауда ұстап тұратын ең жақсы әдіс, медициналық ем мен салауатты өмір салтын бірге байланыстыру. Сондықтан, дәрігердің ақыл - кеңесін тыңдап, өзіңіздің өмір салтыңызды өзгерту үшін, барлық мүмкіндігіңізді пайдаланғаныңыз жөн: өйткені ол Сіздегі жүрек жетіспеушілік симптомдарын азайтады және оның өршуін болдыртпайды.

Бұл тарауда біз Сіздерге жүрек жетіспеушілігімен қалай күресуге болатынын айтамыз. Ең қарапайым өмір салтын ұстау (мысалы, күнделікті серуендеу, тағамдағы тұз мөлшерін бақылау, салмақ өлшеп тұру) Сіздің жалпы жағдайыңызға оң әсер беріп, аурудың белгілерін әлдеқайда төмендетеді.

 

Мір салтын өзгерту

Жүрек жетіспеушілігі — бұл созылмалы ауру. Яғни, ұзақ уақыт емді қажет етеді деген сөз. Жүрек жетіспеушілігі мен жүрек - қантамыр ауруларын бақылауға алу үшін өмір салтыңызды өзгертуге дайын болыңыз.

Дәрігер Сізге жүрек жетіспеушілігінен ем жазып бергенімен, емнен барынша пайда алу үшін, өзіңіздің өмір салтынызды, яғни тамақтануды, физикалық белсенділік дәрежесін, темекі тарту, алкоголь қабылдауды өзгертуге тура келеді .

Бұл тарауда аталған өмір салтын құрайтын әрекеттердің жүрек жетіспеушілігіне қалай алып келетінін және олардың Сіздің ағзаңызға кері әсерін төмендету үшін қалай күресу керектігі айтылады.