Кезіндегі төтенше жағдайлардың сипаттамасы

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлар әсер етеді: соққы толқыны, жарықтың сәуле шығаруы, өткіш радиация, жердің радиоактивті ластануы және электромагниттік импульс.

Соққы толқынынегізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша 1 Мгт ядролық оқтұм-сықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта 5 километрге, 22 секундта 10 километрге жетеді.

Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, ғимаратты қиратады және адамдарды зақымдайды.

Мысалы, ауадағы ядролық жарылыс кезінде қабылдау бетінің алаңы 500 см2 , тұрған адамға артық қысымы 0,5 кг/см2. соққы толқыны 2500 кг күшпен әсер етеді.

Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді:

Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қи- раушылық) сыртқы шекараға 0,5 кг/см2. жоғарырақ артық қысыммен соққы толқынының әсеріне ұшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады.

Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 – 0,3 кг/ см2. соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттардың толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 – 0,2 кг/см2. соққы толқы- нының артық қысымымен, ғимараттар мен тұрақжайлардың ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көп- теген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зар- дап шекпейді. Қорғаныс ғимараттарының сыртында қалған адамдар- дың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 – 0,1 кг/см 2. толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта ғимарат-тар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

Жарықтың сәуле шығаруы – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт қана әсер етеді.

Жарық сәулесі күннен әлде қайда күшті, ал ядролық жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстіңгі беттегі 1 см2. сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2. алынады. 2 – 4 кал/см2, жарық серпіні кезінде қорғанбанған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4 – 7,5 кал/см2. кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы), 7,5 – 12 кал/см2. кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 -нан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті.

Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды.

Өткіш радиация – ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторы. Ө.Р-нің көзі – ядролық реакция. Ө.Р.-нің әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды (ядролық реакцияның ұзақтығы). Ө.Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле алуын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Ө.Р. әсерінен күрт әлсіретеді.

Жердің радиоактивті ластануы – ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады.

Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша элипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан.

Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.

Радиация деңгейі укақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді.

Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жары-лыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 7 сағаттан кейін он есеге азаяды.

Радиоактивті заттармен зақымданған жерде тұрған адам әрдайым сыртқы сәулеге немесе сәуле ауруына ұшырауы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.

Электромагниттік импульс – ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер. Э.И.-тің байланыс аппараттарына, зиян келтіріп сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жұмысын бұзуы мүмкін. Әсіресе жартылай өткізгіштерде жұмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И. әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет.

Адамға радиацияның әсері .

Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға

әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаны, азонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ. шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0,1 бэр).

Табиғи көздерден адамның сыртқы сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен коректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.

Сағаттың жарқырауық циферблаты АЭС-тегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдық дозаны береді.

Циферблаттан 1 м қашықтықтағы сәулелену 1 см қашықтықтан гөрі 10000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдармалар-ды жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0,5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30 мбэр доза, флюрография кезінде – 370 мбэр доза алады. Сөйтіп, жердің әрбір тұрғыны жыл сайын орташа 200-300 мбэр сәулелену алады.

Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүліншіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзге де объектілері радиациялық қауіпті объектілер деп аталады. Оларға: әр түрлі мақсаттағы атом станциялары, ядролық отын циклындағы кәсіпорын- дар, атом су асты қайықтары, ядролық оқ-дәрілер жатады.

РҚО (радиациялық қауіпті объектілер)-дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адам- дарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу өнімдері, уранмен байытылған – 235 уран қос тотығы –238), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай-ақ адам денесі үстіңгі жағының осы заттармен ластану салдарымен анықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.

Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ)

ҚӘУЗ – бұл өнеркәсіпте, көлікте, үлкен көлемде қолданылатын, объектілердегі қираушылық (авариялар) жағдайында атмосфераға оңай өтуге және жұмыс істеуші қызметкерлер мен іргелес елді ме-кендегі халықты жаппай зақымдауға қабілетті улы химиялық қосы-лыстар.

ҚӘУЗ-дің адамдарға әсері өнеркәсіп өндірісі, сақтау мен тасымал-дау, сондай-ақ соғыс уақытында жаудың химия (мұнайхимиясы) мұ-най өндеу, тоқыма, қағаз және өнеркәсіптің өзге салаларын, объекті-лерін, қоймалар, қуатты тоңазытқыштарды және су тазалау ғимарат-тарын, сондай-ақ осы салалар мен объектілерде қызмет көрсететін көлік құралдарын қасақана қирату барысында туындайтын авария- лық жағдайда ғана ықтимал.

Бұл заттар өздерінің қасиеттері бойынша әр түрлі болып келеді. Барлық ҚӘУЗ-ді мынадай топтарға бөлуге болады:

а) тұншықтырғыштық әсері басым заттар;

б) жалпы улылық әсері басым заттар;

в) тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттар;

г) өсіп-өнуге, жүйке түрткісін өткізуге және беруге әсер ететін заттар (нейтропты улар);

д) тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттар;

е) метаболдық улар;

ж) заттардың алмасуын бұзатын заттар.

Тұншықтырғыштық әсері басым заттарға улы қосылыстар (хлор, фосген, хлорпикрин және басқалар) жатады, олар үшін организмге әсер ететін басты объекті тыныс алу жолдары болып табылады. Зақым-данудың бүкіл процесі шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді: затпен байла-ныс кезеңі, жасырын кезең, өкпенің уланудан қабыну кезеңі және асқыну кезеңі. Әр кезеңнің созымдылығы ҚӘУЗ-дің улылық ерекше-лігімен және экспозициялық дозаның көлемімен анықталады. Көбірек жинақталған бірқатар заттардың буының әсері кезінде терінің ашық жерлерінің, кілегейлі жоғары тыныс алу жолдары мен өкпенің химия- лық күйігінен туындаған тосын жағдайдан адам қаза болуы мүмкін.

Жалпы улылық әсері басым заттарғаэнергетикалық алмасудың күрт бұзылуын тудыруға қабілетті, ауыр жағдайларда зақымданушы-ның қаза болу себебі болып табылатын қосылыстар (көміртегі тотығы, цианды сутегі және басқалар) жатады.

Тұншықтырғыштық және жалпы улылық әсері бар заттарға ингаляциялық әсер кезінде өкпені удан қабындыруға, ал сіңу кезінде энергетикалық алмасуды бұзуға қабілетті ҚӘУЗ-дің едәуір бөлігі жа-тады (амил, акрилонитрил, азот қышқылы мен азот тотығы, күкірттің қос тотығы, фторлы сутегі және басқалар) жатады. Осы топтың көп-теген қосылыстарының күшті күйдіргіштік әсері бар, бұл өз кезегінде алғашқы көмекті көрсетуді қиындатады.

Нейтропты уларғажүйкені реттеу механизмі, сондай-ақ жүйке жүйесінің ұйыстыру күйін бұзатын заттар (тетраэтилқорғасын, кү-кіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар және басқалар) жатады, осындай әрекеттің негізінде олардың синтез, сақтау, шығару, нейромедиаторлар синаптикалық қуысындағы белсенділікті төменде-ту процестеріне араласу нейромедиаторлар рецепторларымен ықпал-дасу, қозған мембраналардың иондық арналарының өткізушілігін өз-герту қабілеті жатыр.

Тұншықтырғыштық және нейтроптық әсері бар заттарға ингаля-циялық зақымдану кезінде өкпенің удан қабынуын тудыратын қосы-лыстар (аммиак, гептил, гидразин және басқалар) жатады, соның сал-дарынан жүйке жүйесі қатты зақымданады.

Метаболдық уларғаорганизмдегі заттардың метаболзимнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар (этилен тотығы, дихлорэтан және басқалар) жатады. Бұлармен улану уға қатты қарсылықтың жоқтығымен сипатталады, организм әдеттегідей біртіндеп дамиды және ауыр жағдайда бірнеше күннің бойында өліммен аяқталады.

Осы заттармен зақымданудың патологиялық процесіне көптеген органдар мен организмдер жүйесі, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесі, үлпершікті ағзалар, ал кейде қан жүйесі тартылады.

Заттардың алмасуын бұзатын заттарға галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы қосылыстар (диоксин, поли- хлорланған бензофурандар және басқалар) жатады. Осы заттар өкпе, ас қорыту жолымен тері ұлпалар арқылы әсер ете отыра, өте ұзаққа созылатын ауруды тудыруға қабілетті. Бұл жағдайда осы процеске іс жүзінде барлық органдар мен организм жүйелері тартылады. Осы заттардың әсерінің өзіндік ерекшеліктері заттың алмасуын бұзу болып табылады, бұл ақыр аяғында тіпті өлімге ұшыратуы мүмкін.

Кесте