КЕСТЕ ҚӘУЗ-бен зақымданған кезде алғашқы

Дәрігерге дейінгі) көмек шаралары

ДӘРІС ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҰЙЫМДАР

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Ұйым жұмысы тұрақты негіздері.

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік объектілерінің жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдармаларды іске асыру болып табылады.

Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

- өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік меха- низмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технология- лық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

- негізгі өндірістік қорлардың жылдам тозуы, сонымен қатар олар- ды жаңарту қарқынының төмендеуі;

- өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, мате- риалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өн- діріс қалдықтарының жинақталуы;

- шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіп- сіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне тал- даудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

- мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

- әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болу ықти- малдығы.

Шаруашылық объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығыретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номен-клатурадағы өнімдерді шығаруға авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларға шаруашылығы объектілердің жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қыз-метшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; объектінің инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, объектілі өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикі зат, отын, электрэнергия, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар саны олардың құдірет немесе тәртіп деңгейі, объектінің сипаты, шығары- латын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақ- тылығы мен үзіліссіздігі; объектіні күрделі және өзге шұғыл , сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық объектінің тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

Осы талаптар инженерлік-техникалық шараларды жобалау (ИТЖ) нормасында, сондай-ақ олар үшін әзірленген салаға қатысты қолда- рындағы норма талаптарын толықтыратын және дамытатын ведом- стволық нормативтік құжаттар негізінде қаланған.

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзір-леу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

· ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

· төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

· авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

· азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактерио-логиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шаралар-ды өткізу мен ұйымдастыру.

Төтенше жағдайы немесе қазіргі адам өлтіру қару жарақтарын

қолданған кезінде салалы және аумақты басқарма тұрақты жұмыс істеу мақсатында, арнаулы әскери экономикалық оқулары өткізіледі.

 

Төтенше жағдайдағы инженерлік-техникалық шараларын

Жобалау нормалары.

 

Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді және саралай өткізу мақсатында, халықты қорғау деңгейін төмендетпей, аумақ пен ұйым-ның маңызды деңгейін ескере отыра, қалаларды, топтарға, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс категориясы бойынша аумақ пен ұйымдардың маңыздылық деңгейін ескере отырып жүргізіледі.

Қалаларды, топтарды, ұйымдарды Азаматтық қорғаныс бойынша категорияларға жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

- Категорияланған объектілер - үлкен экономикалық және қор-

ғаныстық маңызы бар өнеркәсіп орындары мен өзге де ұйымдар. Үш категорияға бөлінеді: аса маңызды, бірінші және екінші категориялар.

“Категорияланбаған объектілер” – барлық қалған ұйымдар (ны-сандар).

Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорға-ныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) норма-лары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қорға-ныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұс-қаулықты әзірлейді.

Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орта-лық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.

1.2-4-98 ҚНжЕ сәйкес 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында сейсмобелсенді аудандарда жобалау мен құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:

· халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және

әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қира- туды төмендету;

· соғыс уақытында шаруашылық объектілері жұмысының тұ-

рақтылығын көтеру;

· зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік

авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүргізу үшін қажетті жағдай.

ИТЖ нормалары мынаны ескереді:

· аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа кате-

горияланған қалалар мен объектердегі бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге объектерді егжей-тегжейді жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды;

· ықтимал қираулар аумағында орналасқан жұмыс істеп жат-

қан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында катего-рияланған қалалардың тіршілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;

· бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және

кеңейту кезінде.