Тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар балалар

Тірек-қимыл-қозғалысындағы (ТҚҚ) жарақаттар және туа біткен немесе жүре пайда болған аурулар 5-7% балаларда байқалады. Тірек-қимыл-қозғалыстағы ауытқулардың түрлері:

1. Жүйке жүйесінің аурулары: балалық церебральды сал ауруы (БЦС), полиемиелит.

2. ТҚҚ ауытқуларының туа біткен дерті: омыртқа дамуындағы кемістік (сколиоз), аяқ-қолдың толық жетілмеуі, туа жаңбас сүйегің шығып кетуі, қол саусақтарының кемтар дамуы.

3. ТҚҚ -нің жарақаттануынан болған аурулар мен кемістіктер: бас мидың және аяқ - қолдың жарақаттануы: полиартрит; қаңқа ауруы (туберкулез, сүйектегі ісік, остеомиелит); қаңқаның жүйелі ауруы (рахит).

ТҚҚ кемістігі бар балалардың жетекші тірек-қимылындағы қызметінің толық жетілмеуі, бұзылуы маңызды ерекшелігі болып табылады. Олардың негізгі тобын орталық церебральді сал аурумен ауыратын балалар (89%) құрайды, ол балалар қимылындағы кемістік психикалық және сөйлеу тіліндегі ауытқушылықтармен үйлеседі. Сондықтан да, бұл топтағы балалардың көбісі емдік - әлеуметтік көмекті, логопедиялық түзетуді және психологиялық-педагогикалық қолдауды қажетсінеді. Ал басқа тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалардың таным әрекеті қалыпты дамыған, олар арнайы оқыту мен тәрбиесіз өмірге бейімделеді. Бірақ сонымен қатар, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалардың барлығына өмір суру үшін, қоғамға бейімделіп, қосылу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Аталмыш балаларды әлеуметтік бейімдеудің екі бағыты бар:

1.Қоршаған ортаны бала кажеттілігіне бейімдеу (арнайы техникалық
құралдар мен жабдықтар арқылы).

2.Баланың әлеуметтік орта жағдайына бейімделуі.

Соңғы жылдары жүйке аурулар ішінде сал аурулары ең жиі кездеседі. Дүниеге келген мың нәрестенің алтауында БЦС байқалады. Ерте онтогенез кезіндегі мидың толық жетілмеуі немесе жарақаттануынан пайда болады. Әсіресе мидың «жас» бөліктері - үлкен жарты шарлар қатты зақым алады, сондықтан қимыл, психика, сөйлеу тілінде ақаулар пайда болады. Қимылдағы кемістік психика және тіл кемістігімен, баска да анализатордың ауытқуымен үйлеседі. БЦС пайда болу кезінде мидың жарақаттану уақытына назар аудару қажет. Нақты әр 100 БЦС жағдайдың себебі: 30 ана құрсағында, 60 толғақ кезінде, 10 туылғаннан кейін. Балаға ана құрсағында зиян келтіретін факторлар:

- жұқпалы аурулар

- жүрек тамыр аурулар

- уыттану

- резус-жанжал

- психикалық жарақат

- дене факторы (суық, ыстық алу, радиация нұры, ультрафиолет т.б.с.с.)

- бірқатар дәрі препараты;

- экологиялық қолайсыздық.

БЦС туылғаннан кейінде пайда болуы мүмкін нейроинфекциялар мен мидың жарақат алу себептер салдарынан.

БЦС кезіндегі қимыл кемістігінің құрылысы

1. Бұлшық ет тонусының жоғарылауы байқалады. Қимылдағанда бұлшық ет тонусынын ұлғаюы тән. Сіреспелік кезінде бұлшық ет қысылады да, сіреспе жағдайында болады. Бұлшық ет әрекетінің ырғағы бұзылады. Қысымның төмендеуі кезінде аяқ-қол және дене бұлшық еттері әлсізденіп, салғырт тартады. Қысым төмендегенде бәсен қозғалыс көлемі қалыпты уақыттан біршама артып кетеді. Құбылмалылық - бұлшық ет тонусының ауытқуы.

2. Қозғалыстың шектеулілігі, көбінесе бұлшық ет күшінің төмендеуімен үйлеседі (сал, парездер). Мидың зақымдалу терендігіне байланысты кейбір қозғалыстар өте шектеулі (парез), немесе мүлде болмауы мүмкін- сал. Бұл жағдайдағы бала аяқ, қолын еркін қимылдата алмайды. Парезде көбінесе ұсақ қимыл-қозғалыстар зардап шегеді.

3. Күшпен қимыл қозғалыстың болуы

Гиперкинез – бұлшық ет тонус ауысуынан болған күштеп қозғалу гиперкинез бен тремор ретінде көрініс береді.

Гипернезия – бұлшық етінің құбылмалы тонусына тәуелді қимыл-қозғалысты еріксіз күшпен жасалу сипатын білдіреді. Гиперкинезиялар демалу және қозғалыстада бірдей болады. Бұл балаларда күшпен қозғалу мойын, бас, аяқ-қол дене бұлшық еттерінде байқалады.

Тремор – аяқ қол, саусақтарымен, дауыстың, тілдің еіксіз ырғақты тербелесі. Тремор нақты әрекет жасауда анық көрінеді, мысалы: жазуда.

4. Тепе-теңдік пен қозғалысты реттеу, ұйымдастыруының ауытұуы (атаксия) . Бұл жерде дене атақсиясы отыру, түру және жүру кезінде дене тұрақсыздығы арқылы білінеді. Демеусіз тұра алмайды, жүрісінде аяқтарын кең қояды.

5. Қозғалыс сезімнің бұзылуы (кинестезиялар). Өзінің денесін ұстау сезімі қиындайды. Қимыл-қозғалысты сезінуді бұлшық еттерде, бұындарда, сіңірлерде орналасақан арнайы сезімтал денежасушандар (проприорецептірлер) қамтамасыз етеді. Проприорецептірлер жоғары жүйке жүйесіне дене мүшелері, аяқ, қолдардың орналасуы, қимылы туралы ақпарат жеткізуге жауапты. Сал ауруы бар балалардың барлығында қимыл-қозғалысты проприорецептер арқылы реттеу бұзылған, сондықтан олар қимыл-қозғалыстары жайлы сезімдерің ажырата білмейді.

6. Тізбектеп қойылған түзету рефлексінің толық жетілмеуі. Статокннестикалық рефлекстер денені тік ұстау, еркін моторикасын дамыту үшін маңызды. Бұл ауытқушылықтың салдарынан бала өзін күту, еңбек ету және оқуда көптеген қиындыктармен кездеседі.

7. Синкинезия – бір қолды бүккенде екінші қолдың еріксіз бүгілуі.

8. Патологиялық тоникалық рефлекстер, олардың көрінісі БЦС ауруының негізгі кемістігі ретінде қарастырылады. Қалыпты дамуда аса байқалмайтын тоникалық рефлекстер бірінші айдан пайда болуы мүмкін. Олар уақытымен азайып, жоғалған кезден бастап, позотоникалық рефлекстер қалыптасады. Бала қалыпты дамыған жағдайда позотоникалық рефлекстер үш айдан кеійн болмайды.

Ал БЦС ауру жағдайында барлық туа, журе пайда болған рефлекстердің уақыты тыс өзгеруіне байланысты қимыл-қозғалыс дамуы бұзылады. Бес-он жастағы баланың қимылының дамуы бір жасар деңгейіне сай болуы мүмкін.

Жалпы сал ауру жағдайындағы балалардың қимыл-қозғалысында көптеген ауыр кемістік пен ақаулар пайда болады. Сол кемістіктердің тереңдігі де түрлі деңгейде болғандықтан, балалар өзіне қызмет ету, жүріс тұрысында, әлеуметтік бейімделу мен еркін жүруінде қатты қиналады.