Анықталған және анықталмаған критерийлер. Мах саны

Анықтайтын парамертлер болып физикалық тұрақтылар жəне сыртқы қамтамасыз етілген ерекше мəндер кіретін критерилер болып табылады.

Сыртқы қамтамасыз етілген ерекше мəндер – бұл шекаралық шарттарға кіретін сипаттамалар.

Анықтамайтын параметрлер немесе ұқсастық критерилері болып ең болмағанда ішкі қамтамасыз етілген мəндері бар критерилерді айтады.

Екі қозғалыс бір біріне ұқсас болуы үшін , олар бірдей H0, Fr, Eu, Re, De сандарынан тұруы керек. Бұл сандар ұқсасатық кретерийлері болып табылады және екі топқа бөлінеді: айқындаушы және айқындаушы емес.

Сұйықтың физикалық қасиеттерін сипаттайтын, сырттай шамалармен және константалармен қамтамасыз етілген ұқсастық кретерийлері айқындаушы кретерийлері деп аталады. Сырттай қамтамасыз етілген шамаларға қозғалы элементтерінің шектік шарттарын қайта түрлендіру арқылы жасалған мөлшерсіз сандарының өрнектеріне кіретін мәндері жатады. Ауаның физикалық тұрақтысы болып соларға тән тығыздық жіне тұтқырлықтыңкинематикалық коэф/ті табылады.

Жердің бұрыштық айналымы және ауырлық күшінің үдеуі де айқындаушы параметрлерге жатады. Қалған шамалар іштей қамтамасыз етілген б.т.

Ең болмағанда бір, іштей қамтамасыз етілген шамалардан тұратын ұқсастық критерийлері айқындаушы емес критерийлер б.т. Олар тек тәжірибе нәтижелерін болмыстыққа қайта санау үшін ғана қажетті.

Ұқсастық критерийлерін қолдана отырып атмосфера қозғалысының мөлшерсіз теңдеулерін мына түрде жазуға болады:

1/H0 + u + ʋ + ⱳ = - 1/F + 1/ De - Eu* 1/ ρ + 1/ Re ( + + ) + 1/ 3Re ( + + )

Сонда қозғалыстың мөлшерсіз теңдеуін талдау барысында мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Fr саны үлкен болған сайын, қозғалыстың қасиеттеріне ауырлық күшінің әсері аз болады.

2. De саны үлкен болған сайын, қозғалысқа Жер айналымының ауытқу күші аз болады.

3. De санының үлкен мәндерінде , қозғалыстың қасиеттеріне теңдеулердегі конвективті мүшелермен анықталатын, инерция күшінің әсері үлкен болады.

4. Re саны үлкен болған сайын , қозғалыстың қасиеттеріне тұтқырлық күшінің әсері аз болады.

Үздіксіздік теңдеуінен шығатын ұқсастық критерийі болып , Мах саны деп аталатын ,ауа қозғалысы жылдамдығының дыбыс жылдамдығына қатынасы табылатынын көруімізге болады: Ма = V/c .

Мах саны кіші болғанда, ауа үшін жазылған үздіксіздік теңдеуінің сығылмайтын сұйықтық үшін жазылатын үздіксіздік теңдеуінен аз айырмашылығы болады. Дыбыс жылдамдығына жақын ауа қозғалысының үлкен жылдамдығында , қозғалысқа ауаның сығылуы айтарлықтай әсер етеді және Мах саны маңызды критерий болып табылады.

Жәй қозғалыстар кезінде , ауаның сығылуын ескермеседе болады және сығылмайтын қозғалыс үшін жазылған үздіксіздік теңдеуін қолдануға болады, сол кезде әрбір бөлшектің тығыздығы оның қозғалу прцесінде өзгермейді. Вертикаль б/ ша ұзындыққа тән масштабтардың үлкеюі кезінде , вертикальды бағытта тығыздықтың өзгеруінің масштабы горизонтальдығы қарғанда айтарлықтай үлкен болып келеді. Бұл кездерді үздіксіз теңдеуінде тығыздықтың биіктік б/ ша өзгеріуін ескеру керек.

Ауаның сығылуының атм/қ проце/ге әсерін ескеруі үшін үздіксіз теңдеуін жалпы қысқартусыз қарастырады.