Бауырдың біріншілік билиарлы циррозына

 

 

! 66 жастағы ер адам, соңғы екі ай бойы ентігу, әлсіздік, тәбетінің нашарлауы, эпигастрий аймағындағы ауыртпалық, ішінің кебуі, зәрінің бөлінуінің азаюына шағымданады. Бір жыл бойы терісінің қышуы мазалаған. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүдеу. Тері және шырышты қабаттары аздап сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см төмен, тығыз, ұшы үшкір. Көкбауыры 2-3 см ұлғайған, тығыз. Қанда: Нв - 108 г/л, тромбоциттер – 182 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Бұл дерттің БАРЫНША ерте белгісіне жатады:

* асцит

Терінің қышуы

* спленомегалия

* дене салмағының төмендеуі

* диспепсиялық көріністер

 

! 58 жастағы ер адам, эпигастрийдің оң жақ бөлігіндегі ауыру сезімі, іштің ұлғаюы, ентігу, іш қату, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Жағдайының нашарлағанына 2-3 ай болған: біртіндіеп іші ұлғайып, ауыру сезім пайда болып, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету эпизодтары байқалған. Қарағанда: склералары сарғайған. Іші ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Айқын спленомегалия.

Емдік шаралардың қайсысы барынша тиімді?

* эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер

* витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер

* гепатопротекторлар, ілмектік диуретиктер, прокинетиктер

* вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер

Альдостерон антагонисттері, гепатопротекторлар, эубиотиктер

 

! 76 жастағы ер адам дефекациядан соң жоғалатын іштің төменгі бөлігіндегі сыздаған тұйық ауыру сезімі мен бес күнге дейін созылатын іш қатпасына шағымданып түсті. Бұрында іш қату болған, бірақ соңғы жылдары қатпа мерзімі ұзарған. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, тоқ ішектің бойымен ауыру байқалады, түйілген. Копрология: көптеген шырыштар, нәжіс құрғақ «қой құмалағындай», микроскопияда өзгеріссіз. Колоноскопияда - катаральды проктосигмоидит анықталды. Минеральды сулар мен кебек косылған емдәм тағайындалды.

Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді:

* но-шпа, церукал

* форлакс, мотилиум

* фортранс, мотилиум

* сенна экстракты, маалокс

Регулакс, холестирамин

 

! 56 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Гемоглобин - 110 г/л.

Емдік шаралардың қайсы жоспары барынша тиімді?

* вазопрессинді енгізу

* плазмаферез жасау гептрал

* өңештің баллонды тампонадасы

* эритроцитарлы массаны құю

Аминокапрон қышқылын енгізу

 

! 59 жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрийдегі ауырлық сезім, айқын терінің қышуына шағымданады. Соңғы 1,5 жыл бойы терінің қышуы мазалайды. Тері және склералары сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, ұшы үшкір. Спленомегалия.

Терінің қышуын емдеу үшін қолдану барынша тиімді:

* аллохолды

* хофитолды

* холензимді

* хологогумды

Холестираминді

 

! Қандай препарат бауырдың біріншілік билиарлы циррозымен ауыратын науқаста аурудың дамуын баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы

барынша мүмкін?

* гептрал

* хофитол

Урсофальк

* эссенциале

* холестирамин

 

! Интоксикация, тремор, гипотония, гипогликемия, гипоксемия, гипоксия, электролитті баланстың бұзылуы, ТШҚҰ-синдромы, протеолитикалық ферменттердің активациясы мынаған барынша тән:

* цитолитикалық синдромға

* холестатикалық синдромға

Жедел бауыр энцефалопатиясына

* дисциркуляторлы энцефалопатияға

* резорбциялық-некротикалық синдромға

 

! Созылмалы вирусты гепатиті бар 39 жастағы әйелдің қанында билирубин - 148 ммоль/л, тікелей билирубин – 102 ммоль/л, АСТ - 64 Б./л, АЛТ - 78 Б./л, сілтілі фосфатаза - 210 Б., холестерин - 5,2 мкмоль/л.

Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

* ЛИВ-52

* карсилді

* легалонды

Урсофалькті

* эссенциалені

 

! Айқын интоксикациялық синдромы бар созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын ер адамның емдік шараларының жоспарына қосу барынша тиімді:

Глюкоза, лактулозаны

* 2,5% глюкоза, Рингер ерітіндісі

* 0,9% NаCL ерітіндісі, К витамині

* 10% глюкоза, фолий қышқылы

* Рингер ерітіндісі, А тобының витаминдері

 

! Осмостық диареяның дамуымен жүретін мальабсорбция мынаған барынша тән:

* дисбактериозға

Крон ауруына

* жаралы колитке

* жедел дизентерияға

* ішек туберкулезіне

 

! Дисахарозотапшылықты энтеропатиямен ауыратын науқасқа көрсетілген ферментті препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

* оразаны

* креонды

* фесталды

Лактейдті

* панзинормды

 

! Өңештің қатерлі ісігі кезінде төменде келтірілген екіншілік симптомдардың қайсысының анықталуы БАРЫНША мүмкін?

* дисфагия, диареяның

* птоз, миоз, энофтальмнің

* жұтынған кездегі ауыру сезімі, қыжылдаудың

* көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, ықылықтың

* төс артындағы толып тұру сезімі, метеоризмнің

 

! 72 жастағы ер адам, 10 күн үлкен дәреттің болмауына, барлық іш аймағындағы жағымсыз сезіміне, іштің кебуіне шағымданады. Қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі астеникалық. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кіндік және сол жақ мықын аймағы сезімтал. Құрсақ қуысының тартылу симптомы күмәнді.

Келесі көрсетілген жүргізу тәсілдерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* амбулаторлы емге жіберу