Парламент палаталарын құру

Әдетте парламенттің төменгі палатасының мүшелері депутаттар, халық өкілдері

деп, ал жоғарғы палатаның мүшелері сенаторлар деп аталады.Кейбір кездеріпарламенттің кұрамына олардың орынбасарлары да кіреді (мысалы, Бразилияда әрбір сенатор үшін оның екіорынбасары сайланады), ал кейбір федеративтік мемлекеттерде(АКШ) федерация субъектісі болып табылмайтын аумақтардың,иеліктердің, федералдык округтың, кауымдасқан штаттардың (мемлекетгердің) делегаттары кіреді. Бүл тұлғалардыңпарламенттегі орындарды иелену тәртібіжәне олардың құқықтық жағдайы бірдей емес.Төменгі палатаның және бір палаталы парламенттіңдепутаттары әдетте төрт-бес жылға (АҚШ-та – екіжылга,Австрияда, Жаңа Зеландияда - үш жылга және т.б.) азаматтармен тікелей немесе көп сатылы сайлау жолымен (қазіргі кезде Кытайда) сайланады. Парламент мүшелерінің бір бөлігі жанама сайлау аркылы сайлануы мүмкін (Бутан, Свазиленд және т.б.).Кейбір елдерде белгілі бір діндерді және ұлттарды жактаушыларүшін, сонымен қатар әйел адамдар үшін орындар бөлінеді. Бұлорындарды иелену де төте емес сайлау арқылы жүргізіледі (Бангладеште – әйел адамдар үшін, Пәкістанда – индуизмдінін жактаушылар үшін, Иранда - ассириялыктар және басқада тұлғалар үшін және т.б.). Египетте орындардыңжартысыжумысшы және шаруа депутаттар үшін бөлінеді, оларды барлықазаматтар халықтың басқа топтарының делегаттарымен қатар сайлайды. Данияның бір палаталы парламентінде Фарер аралдары(екі орын), Гренландия (екі орын) үшін белгіленген өкілдікбар, ал Қьггайда әскер үшін өкілдік белгіленеді. Кейбір кездеріпрезидент бір палаталы парламентке отан алдында ерекше енбекеткен бірнеше түлғаны тағайындауы мүмкін (мысалы, Египетте 10 адамнан аспауы тиіс). Бутан, Тонга, Бруней елдерінде корольүшін кызмет ететін тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері қызметбабымен бір палаталы парламенттегі орындардың басым бөлігіниеленеді. Зимбабведе 10 тайпа көсемі, Индонезиядаоблыстардың8 губернаторы, Ботсванада бас прокурор өз лауазымы бойынша бірпалаталы парламенттің мүшелері болып табылады. СингапурдаПрезидент іріктеукомитетінің усынысы бойынша Парламентке өту үшін қажетті дауыс жинай алмаған оппозициялықпартиялардыңтөрт өкілін Парламенттің кұрамына енгізеді.Депутаттарды сайлаудың дұрыстығын парламент (тәжірибеде –палаташақыратын мандаттық комиссия) немесе конституциялык бакылау органының шағымдары мен наразылықтарыныңнегізінде жоғарғы сот, арнайы сайлау трибуналы тексереді.Жоғарғы палата түрлі тәсілдермен құрылады: төте жәнежанама сайлау жолымен, тағайындау аркылы, орынды лауазымыбойынша иелену арқылы және т.б. Сенаторларды азаматтардың төте сайлауы АҚШ-та (әрбір штаттан екі сенатордан), соныменкатар Жапонияда, Румынияда, Польшада және көптеген өзгеде елдерде көзделген. Бұл ретте сенаторлардың бір бөлігімажоритарлық, екінші бөлігі тепе-теңдік жүйе бойынша сайлануы мүмкін (Италия). Жанама сайлау аркылы Франциядағы Сенат құрылады, бұл елдің әрбір аймағында (ең ірі әкімшілік-аумактык бірлікте) сайлау алқасын сол аймақтан сайланған төменгі палата мүшелері және түрлі муниципалдык органдардыңкеңесшілері кұрайды. Үндістанда жоғарғы палатаның мүшелерінштаттардың заңшығарушы жиналыстары, Австрияда – жерлердің жиналыстары, Нидерландта, ОАР-да-провинциялық жиналыстар(кеңестер) сайлайды. Испанияда төте жәнежанама сайлауүйлестіре отырып, пайдаланылады: сенаторлардың бір бөлігіназаматтар тікелей сайлайды, екінші бөлігін автономиялардың өкілдік органдары сайлайды. Канада, Иордания, Таиланд,Ямайка, Барбадос, Белиз мемлекеттеріндемемлекет басшысыжоғарғы палата мүшелерін толығымен өзі тагайындайды.Олардың басым бөлігінде бұл өкілеттікті Ұлыбритания Тәжінің өкілі – генерал губернатор атқарады. Малайзияда жоғарғы палатамүшелерінің басым бөлігін – 40депутатты король тагайындайды(барлыгы 70 депутат). Германияда жоғарғыпалатаның мүшелерінжерлердің үкіметтері тағайындайды. Кейбір елдердежоғарғыпалатаның бірнеше мүшесін мемлекет басшысы тагайындауы мүмкін (Италия мен Хорватияда-5, Қазакстанда- 15, Үндістанда-12). ҰлыбританиядаЛордтар палатасындагы87 орындардыМинистрлер кабинетінің ұсынысыбойынша бароннан төмен872006 жылы жоғарғы палатаның мүшелері (лордтар) сайланады деп белгіленді. Алайда ол заңмен емес, осы сипаттағы резолюциялардың бірімен белгіленді.Немесе дворяндық атаққа ие тұлғалар (олар атағын және палатадағыорындарын мұрагерлік жолымен бере алмайды). 2005 жылғы заң бойыншаапелляциялык (сот) лордтар бұл палатадан бөлек шығарылып,2009 жылдан бастап Қолөнершілердің жоғарғы сотын кұрды.Кейбір елдерде бұрынғы президенттер өмір бойғы сенаторрларғаайналады(Италия).Кейбір кездері жоғарғы, сонымен қатар төменгі палатаныкұру кезінде корпоративтік өкілдік қағидасы ішінарапайдаланылады. Мысалы, Словениядажоғарғы палатаның төртмүшесі - жұмысшылардың қатарынан, төрт мүшесі – жұмысберушілердің қатарынан, төрт мүшесі - ұсақ шаруалар менқолөнершілердің қатарынан, алты мүшесі - денсаулык сақтау,мәдениет, білім кайраткерлерінің қатарынан сайланады, ал қалғанмүшелерді муниципалдықкұрылымдардың кеңестері сайлайды.Ирландияда Сенаттың мүшелерін бес кәсібитоп, соның ішіндеауыл шаруашылығы, балық аулау саласының өкілдері және т.б.сайлайды. Сонымен қатар Мароккода да корноративтік қағидапайдаланылады (кәсіпкерлер өкілдерінің бестен үш бөлігі,жумысшылардың - бестен екісі). Латын Америкасының кейбір елдерінде Сенаттағы федерация субъектісінің екі орны жеңіске жеткен партияға, алүшіншісі ірі оппозициялық партияға (жинаған дауыстарыныңсаны бойынша) беріледі.Норвегия, Исландия, Босния жәнеГерцеговинадағы жоғарғыпалата (ол ресми түрде парламенттің басқа бөлігі ретіндеқарастырылады) өзгеше түрде сайланады: Норвегияда жоғарғы палатаныңбүкіл құрамын төменгі палата мүшелері өз қатарынан сайлайды (бұл жагдайда жоғарғы палата депутаттарының санытөменгі палатаның төрттен бір, үштен бір бөлігін құрайды);Босния және Герцеговинада ұлттық және діни белгі ескеріледі:сербгердің үлесі палата құрамының үштен бір бөлігін құрауы тиіс.Исландияда,Пәкістанда жоғарғы палата мүшелерінің бір бөлігін (бүкіл құрамын емес) төменгі палата сайлайды. Федерациялардажоғарғы палата партитеттік негізде құрылады,ягни, белгілібір аймактардан сенаторлардың бірдей саны сайланады,тағайындалады, жіберіледі (АҚШ, Бразилия, Швейцария жэне т.б.) немесе палатадағы өкілдік федерация субъектілеріндегі тұрғындардың санына байланысты болады (Германияда – әрбіржерден 3-6 мүшеден, Үндістанда – бір штаттан 1-34 мүшеден).Бельгияда бұл палатаны валлон, фламанд, француз тілді, немістілді аймактар сайлайды жэне тағайындайды, сонымен қатарсенаторлардың кұрамына король отбасының мүшелері енеді.Біртұтас мемлекетте көп жагдайларда сенаторлардың саныаймақ халкының санына байланысты болады (Польшада – эрвоеводстводан 2-3 сенатор, Францияда Сенат мүшелерінің санынарттыруды көздейтін реформаларға дейін - әрбір департаменттен2-6 сенатордан).Сайланбалы төменгі палата және бір палаталы парламент толығымен қайта сайланады (тагайындалатын мүшелердіесептемегенде). Кейбір кездері жогарғыпалатага катыстыротация кағидасы колданылады: сенаторлар төменгі палатаныңмүшелеріне қарағандаәлдеқайда ұзақ мерзімге сайланады және жоғарғы палата біртіндеп жаңартылып отырады (Францияда 2008 жылдан бастап, АҚШ-та, Жапонияда Сенат алты жылғасайланады жэне оның үштен бір бөлігі екі жыл сайын жаңартылыпотырады). Көптеген елдерде ротация жоқ: жоғарғы палата ментөменгі палатаның сайлану мерзімі бірдей болады (Италия,Польша жэне т.б.).Палаталардыц өкілеттіктерініц тоқтатылуы жэнепарламентті алмастыратын органдар.Парламент өз қызметін жаңа кұрам сайланып, жұмысқа кіріскен сәттен бастаптоктатады (кейбір елдерде депутаттар ант бергенсоң). Парламентмерзімінен бұрын таратылуы мүмкін. Өте сирек жағдайлардамемлекет басшысы үкіметтің талабы бойынша қос палатаныда тарата алады(Италия). Әдетте тек төменгі палата және бірпалаталы парламент таратылуыжатады, ал жоғарғы палататөменгі палата таратылған уақытта өз өкілеттіктерінтоқтататұрады (Польша), бірақ жоғарғы палатаны король таратуы мүмкін(Марокко). Егер жоғарғы палата төменгі палатаға қарағандаұзак мерзімгесайланса, онда төменгі палатаның жақа құрамысайланған соң жоғарғы палата өзқызметін жалғастыра береді.Сирек жағдайларда жоғарғы палата төменгі палатажоқ кезде деөз өкілегтіктерін жүзеге асыруға, тіпті президенттің заң күшіне ие уакытша актілерін қабылдауына келісім беру (немесе бермеу)аркылы төменгі палатаның орнына әрекет етуге құқылы болады.Бір палаталы парламентті немесе төменгі палатаны таратубірқатар шарттармен шектелген. Парламентті (палатаны) әскеринемесе төтенше жағдайлар кезінде, оньң өкілеттіктерінің мерзіміаякталғанға дейінгі немесе бірінші отырысы басталған соңбірнеше айдын ішінде(әдетте алты айдың ішінде, Беларустің1996 жылғы Конституциясы бойынша -бір жылдың ішінде)таратуға болмайды. Сонымен қатар президент өзөкілеттіктеріаяқталғанға дейінгі бірнеше айдын ішінде (әдетте алты ай),парламент президентке импичмент жариялау немесе үкіметкеқарсылықрезолюциясын қою туралы мәселені талқылау кезіндепарламентті таратаалмайды. Парламент таратудың санышектеледі (Румынияда Парламент біржылдың ішінде тек бір реттаратылуы мумкін). Сирек жағдайларда президент парламенттітарату мәселесін референдумға шығаруы мумкін (Египет).Парламентті тарату түрлі негіздер бойынша жузеге асырылады: парламенттің бастамасымен үкіметке сенімсіздік білдірілген жагдайда (карсылык резолюциясы); үкімет сенімбілдіру туралы мәселені қойған кезде одан бас тарткан жагдайда;егер парламент белгілі бір мерзім ішінде үкіметті кұра алмаса(Польша), алты айдың ішінде үш мәрте талпыныстан соң кұра алмаса (Словакия); егер 30 күн ішінде көпшілік коалициясын құра алмаса жэне пленарлык отырыстарды бастай алмаса (Украина);егер парламент белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік бюджеттікабылдамаса; егер ол белгіленген мерзім ішінде үкіметкебірнеше рет сенімсіздік білдірсе (Венгрияда бір жылдың ішіндетөрт рет); егер ол шешім қабылдауға дәрменсіз болса (Чехия);егер ол өзі құрған үкіметке сенім білдірмесе; егер президентұсынған премьер-министрдің кандидатурасынан бірнеше ретбас тартса (Беларусьтің 1996 жылгы Конституциясына сәйкес - екі рет). Нидерландта парламент Конституцияға түзету енгізгенсоң таратылады.Жапонияда 2009 жылы парламента тарату«джентльмендік негіз» бойынша жүргізілді: билік етуші партияастананың (Токио) кеңесіне сайлану барысында ұтылған соң,билік басында әрі қарай қалуды жөн емес деп санап, жаңа сайлаудыбелгілей отырып (мемлекет басшысы аркылы), биліктен кетті.ФранциядаПарламентті тарату - президенттің жеке құқығы.Ол парламентті кандай да бірнегіздерді көрсетпестен таратаалады. Барлық демократиялық елдерде парламентмерзіміненбұрын тарату тек сайлау күнін белгілеу аркылы жүргізілуі тиіс.Сондыктан қазіргі кезде парламентті тарату конституциялык кукыкта ерікті әрекет ретінде емес, жаңа сайлау арқылы халықтыңпарламент пен үкіметтің, билік етуші партия мен оппозицияныңарасындағы дауды шешуіне мүмкіндік беретін тәсіл ретіндеқарастырылады.Парламенттік мемлекеттерде(республикаларда жэнемонархияларда: Италия, Франция, Ұлыбритания, Жапонияжәне т.б.) парламент мерзімінен бұрын тарату және тиісінше мерзімінен бұрын сайлау жиі орын алады. Парламент құрамысирек жағдайларда ғана өз қызметінтолық мерзімде жүзегеасырады. Билік басындағы партия (оның көшбасшысы, премьер-министр) партия сайлаушылардың ыкыласына бөленді деп есептеп, мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауда парламенткеодан да көп орын алатынына сеніп, парламентті мерзіміненбұрын таратуы мүмкін. Тәжірибеде сәтсіздіктер деорын алыпжатады. Мысалы, Ұлыбритания, Франция және өзге де бірқатарелдерде билік етуші партия саясаттанушылардың кеңестерімен парламентті мерзімінен бурын таратып, нәтежесінде үміті ақталмай, керісінше, сайлауда жеңіліске ұшыраған.Аталған жагдайларда мемлекет басшысы парламентті тарата алады, бірақ оны таратуға міндетті емес. Мысалы, парламентүкіметке сенімбілдіруден бас тартқан жағдайда ол парламенттіемес, үкіметті таратуы мүмкін, ал парламент бюджеттібекітпеген жағдайда мемлекет басшысы өткен жылғы бюджеткүшіне енгізуі мүмкін (мұны үкімет тез жүзеге асыра алады).Дуалистік монархияларда және президенттік-парламенттікреспубликаларда мемлекет басшысы парламенті тарата отырып,өз еркі бойынша әрекет етеді, парламенттік монархияларда жәнереспубликаларда (ерекше жагдайларды есептемегенде) үкіметтіннұскауы бойынша әрекет етеді. Президенттік республикалардапарламентті мерзімінен бұрын таратуға конституциямен рүқсат етілмейді, алайда мемлекеттік төңкерістер жағдайында орыналуы мүмкін.Кейбір елдердепарламенттің мерзімінен бұрын өзін-өзітаратуына тыйым салынған, ал баска елдерде оған рұқсатетілуі мүмкін (мысалы, Польшада екі палата мүшелерінің үштенекісінің шешімі бойынша).Егер парламент қызмет етпесе (парламенттікканикулдар,сессия аралық кезең, тарату және т.б.) мемлекеттің кейбір жоғарыоргандары оның өкілеттіктерін атқаруы мүмкін. Испанияда бұлүшінпарламенттің әрбір палатасының мүшелері өздерінің ерекшеорганын тұрақтыдепутацияны,Португалияда-біртұтас тұрақты депутацияны, Мексикада—тұрақты комиссияны, Германияда(тек тотенше жагдайларда ғана) - бірлескен комитетті сайлайды.Депутациялар тек кейбір ұйымдастырушылык мәселелербойынша парламентті алмастырады. Парламенттер сайлайтынКубадағы Мемлекеттік кеңес, Қытайдағы Тұрақты комитет,Ветнамдағы Тұрақты комитет маңызды мәселелерді шешеді.Төтенше жагдайлар кезінде іс жүзіндегі парламентті түрлікоғамдық күштердің өкілдерінен кұрылатын және сайланбайтынуакытша парламенттер (жиналыстар, ассамблялар) алмастыруымүмкін (Иракта 2004 жылы және т.б.).